Сыныптан тыс іс-шара Тақырыбы: "Тіл-ұлттың жаны" Мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі123,51 Kb.
#32506
Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: "Тіл-ұлттың жаны"

Мақсаты:оқушылардың үш тілді қатар меңгеруге, ізденуге дағдыландыру,сөздік қорын молайту,көпшілік алдында көп сөйлеуге өз пікірін жеткізе білуге ынталандыру,ойын барысында оқушылардың ауызша ой-өрісін дамыту,туған тілін сүюге,қадірлеуге,мақтан етуге тәрбиелеу.

 Көрнекіліктер:мақал-мәтелдер,тіл туралы нақыл сөздер. Іс-шараның барысы:

Құрметті оқушылар,қадірлі қонақтар!Біздің сайысқа қош келдіңіздер!Тақырыбымыз “Тіл ұлттың жаны”, іс-шарамыздың мақсаты –үш тілдің мәртебесін көтеру.Оқушылардың  тілге,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

        Мұғалім:  - Біздің Отанымыз –Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы,Гимні,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конститутциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол-әрине,қазақ тілі. 


Мұғалім:  Қазақстанда мемлекеттік тіл өз қызметін толық атқару үшін Тіл Заңын қабылдау қажет болды.1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды.Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.

      Мұғалім: -1997 жылы 11 шілдеде “Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы” қабылданып,оның 4 бабында”Қазақстан Республикасыны мемлекеттік тілі –қазақ тілі” екені жазылған.

Тақпақтар:Жанель,Темірлан,Наргиз.(қазақша,орысша,ағылшынша).   

М.Мақатаев.Үш бақытым



Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Ағылшынша тақпақ:

Мой край (стихи о Казахстане)

 Цвети, мой край родной!

Цвети,мой Казахстан!

Живи мечтой одной,

Красив твой величавый стан!

Шумные реки,высокие горы,

Бескрайны твои земные просторы.

Озера и степи,густые леса-

Все это есть,мой край, у тебя.

Поэты великие тебя воспевали!

Природу твою они описали, 

Но словом не выразить сущность твою!

За это тебя,мой край, и люблю.

Тебя я запомню на долгие годы,

Твой ветер порывистый,горные воды,

Как от озер отражается заря,

И как весной цветут поля.

Я ни на что тебя не променяю.

Ты будешь долго жить,я это знаю!

Цвети и дальше,процветай!

Тебя люблю, родной мой край!

   Сайыстың кезеңдерімен таныстыру:  



1.Өзін-өзі таныстыру.

2.      “Жедел жауап”

3.      “Сөз мәйегі мақал”

4.      “Полиглот”

5.      “Қызықты ұйқастар”

Оқушылар үш топқа бөлінген.



Әр топ өзін-өзі таныстырады.

1-топ:Топтың аты: «Тапқырлар»

Топтың ұраны:Нақтылы жауап,саналы шешім бере біл,

Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл!



2-топ:Топтың аты: «Алғырлар»

Топтың ұраны:Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.



3-топ:Топтың аты: «Шешендер»

Топтың ұраны:Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

 

l бөлім “Жедел жауап”

      Бұл бөлімде әр топқа  10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

           l топ: 

             1. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? ( Астана)

             2. Қ.Р.туының авторы (Ш.Ниязбеков)

             3. Бір тәулікте неше сағат бар?(24)

             4.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)

             5.Қазақстанның  ел басшысы кім? (Н.Назарбаев)

             6.Жеңіс күні (9 мамыр)

             7.Тышқаннан қорқатын аң (піл)

             8. Абай Құнанбаев кім? (ақын)

             9.Қазақстан туының түсі қандай? (көгілдір)

            10. Қыстың бірінші айы( қаңтар)

          ll топ:

            1.Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)

            2.Әнұранның авторы ? ((Н.Назарбаев,Ж.Нәжімеденов)

  3. Сәби дүниеге келгенде не жасайды?(шілдехана)

  4.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері(Тоқтар Әубәкіров)

            5.Бір жылда неше күн бар? (365)

            6.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

            7. Ағылшын алфавитінде неше әріп? ( 26)

            8.Қазақстан Республикасының рәміздері (ту,елтаңба,әнұран)

            9.Қазақстанның бірінші астанасы (Орынбор)

           10.Абайдың шын аты (Ибраһим)



ІІІ-топ:

1Астананың символына айналған монумент.(бәйтерек)

2Қазақтың үш биі.(Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би)

3Елтаңбаның авторы кім?(Ж.Мәлібеков )

4Кеше қандай мереке болды?(ғарышкерлер күні)

5Ы.Алтынсарин кім?(ұстаз,ақын,ағартушы т.б.)

6 Бір аптада неше күн.(7)

7Не ауыр 1кг темір әлде 1кг мақта ма?(бірдей)

8Орыс алфавитінде неше әріп бар?(33 )

9 Бала оқытатын адам (мұғалім)



10.Көктемнің бірінші айы (наурыз)

Қанатты сөздер:

Тіл туралы қанатты сөздер:

Дамира:

-Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

Даниял:Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. Нұртас:Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.
Медина: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.

Ерәлі:Тіл тазалығы дегеніміз- ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен шұбарламау 

Бекзат.Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.

Аружан:Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.

Жания:Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Мәди:Тіл– атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Мерей:Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем, Тіл – асыл ойдың бұлағы».

Альбина:Өз тілін сезбеген бала — ана сүтін татпаған жетіммен тең.

Томирис:Анамыздың ақ сүтімен боймызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды ұмыту.

Ерасыл:Тілдің тілден кеңдігі болғанымен, кемдігі болмайды. Айша:Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
Ән:Хоровод(қазақ және орыс тілдерінде орындалатын аралас ән)
Көрініс: «Ең қымбат қазына»
Автор:-  Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
       Қария:«Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті.

Автор:-Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты.

Бала:-Ассалаумағалейкүм! Маған әкем асыл қазына тастап кетіп еді ары-бері таба алмадым.

Автор:-Әлгі дана қарт тыңдап болып:
     Қарт қария-«Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» -

Автор:деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.

ll бөлім  “Сөз мәйегі-мақал”

    Келесі сайысымыз, аумақты ойды бір ауыз сөйлемге сыйдыратын мақал –мәтелдерге кезек береміз.Мақалдардың  жалғасын табу.

      l топ:

     1.Ең тәтті де-тіл, ең….. (ащы да-тіл).

     2.Отансыз адам- .(ормансыз бұлбұл).

     3.Тіл- қылыштан.….(да өткір).

  4.Өнер алды- …(қызыл тіл).

     5.Отан оттан да.( ыстық).

   6. Оқусыз-білім жоқ, білімсіз…..( күнің жоқ).

7.Жыланның уы тісінде ,адамның (уы тілінде)



8.В гостях хорошо а дома…. .(лучше)

9.Человек без Родины-что соловей …. (без песни)

10.На языке густо,а на деле(пусто)

ll топ:

     1.Тіл тас жарады,тас жармаса,(бас жарады)

     2.Ер жігіт елі үшін туады,…..(елі үшін өледі).

     3.Білім таппай мақтанба,…..(өнер таппай баптанба).

    4.Мектеп- кеме,……(білім теңіз).

    5.Жақсы жолдас- жанға серік,…..(жаман жолдас- малға серік).  

  6.Шебердің қолы- ортақ,шешеннің…..(тілі ортақ).

7.Шешеннің тілі-(қызыл тіл)

8.Ешь пироги с грибами,а язык держи ......(за зубами)

9.На языке медок,а на сердце ...(ледок)

10.Ласковым словом и камень ........(растопишь).

ІІІ-топ:

1.Жүз теңгең болғанша,жүз ...(досың болсын)2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).


3.Оқу-білім бұлағы,(білім өмір шырағы)4. Айтылған сөз, .атылған.. (оқпен тең)5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
6. .Көре-көре көсем боларсың...сөйлей сөйлей ( шешен боларсың) 7.Оқу инемен (құдық қазғандай)8.За худые слова слетит и (голова)9.Слово-серебро,а молчание (золото)10.Старый друг лучше новых (двух)

Ұлдардың орындалуында ағылшын тілінде ән орындалады. «Эвридей»

 lll бөлім  “Полиглот”

   Мұғалім:Ең бай адам-көп тілді меңгерген адам.Көп тіл білген адамды ғылым тілінде “полиглот”дейді.Келесі сайысымыз жұмбақтарды орыс,қазақ,ағылшын тілінде шешу.

      l топ:  

      1.Темір тілді,

         Күміс үнді. (қоңырау,звонок bell,…)

       2.Қыста келген,көктемде еріген. (қар,снег,snow…..)

        3.Үй үстінде алтын тас,

         Алайын десем табылмас. (жұлдыз,звезда,star…..)

       4.Қабат-қабат қаттама,

        Ақылың болса аттама. (кітап,книга,book…….)

5.Iлулi тұр кең алаң,

Керегiмдi мен одан.

Жазып алам көшiрiп,

Сүртем сосын өшiрiп.   (Тақта,доска,bord)
6Кто за стенкою шуршит, Тонким голосом пищит,

Сыр от них не утаишь. Всем ворам воришка ...(мыш,тышқан,mouse )

 

7..Чтобы ты была здорова,



Даст нам молока.(корова,сиыр ,cow)
 ll топ:

        1.Сырты тәтті,іші тәтті,

            Ортасы сүйек қатты. (алма,яблоко,apple….)

        2. Табаныма байладым,

            Қос таяқпен айдадым. (шаңғы,лыжи,ski…..)

        3.Тұмсығымен қозғалар,

           Артында аппақ із қалар.(бор,мел,chalk )

       4.Аспанға ұшар бу болып,

          Жерге қайтар су болып. (бұлт,облако,claud…….)
5.Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі.(сызғыш,линейка,ruller)


6Обитает в речке Нил Злой, зубастый...(крокодил,қолтырауын, crocodile )
7.Чьи ужимки без труда Повторяет детвора?

Кто живет среди лиан? Стая диких...(обезьяна,маймыл , monkey)



ІІІ-топ:

1..Түк білмей барасың,

            Тәлімін аласың. (мектеп,школа,school…)

2.Жесең ащы,

  Көзіңнен шығар жасы.(пияз,лук,onion……)



3.Асыл сөзді ақ алаңға,

Түсіруден шаршаған.(қалам,ручка,pencil )



4.Доп сынд келбеті,

Онда бар түп-түгел,

Әлемнің әлпеті.(глобус,жер шары , gloub)

5.Оқу-білім аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесі де бірнешеу,

Тиегі бар ашпалы.(сөмке,портфель,schoolbag)


6.Будит рано поутру Без разбору всю семью,

Пением ласкает слух Деревенский наш...(петух,әтеш ,cock)

7.Два ведра речной воды Загружает он в горбы.

Уважает всякий труд Флегматичный пан ...(верблюд,түйе,camel)

 Ән: «Песня о дружбе»

     


  ІV бөлім    “Қызықты ұйқастар”

     1-жүргізуші: Бұл сайыста екі топтың әр оқушысы жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.

          l топ:

        1. Жизнь-өмір,уголь-көмір.

        2. Таможня-кеден,пол-еден.

        3. Рыба-балық,народ –халық.

        4. Зуб-тіс,дело-іс.

        5. Лето-жаз,гусь-қаз.

         ll топ: 

        1.Город-қала,ребенок –бала.

        2.Игра-ойын,шея-мойын.

        3.Число-сан,кровь-қан.

        4.Человек-адам,шаг-қадам.

        5.Дверь-есік,колыбель-бесік.

ІІІ-топ:

1.Белка-тиін,береза-қайың.

2.Пить-ішу,плавать-жүзу.

3.Топор-балта,оценка-баға,

4.Чистить-тазалау,смотреть-қарау.

5.Яблоко-алма,чисто-таза.



Мұғалім: 

-Құрметті ұстаздар,оқушылар,көрермендер!Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды.Жарыс болған соң,жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.Марапаттау, мадақтау.

№ 19 орта мектебі

Сыныптан тыс жұмыс



Тақырыбы: «Тіл-ұлттың жаны»

Өткізген:Муханбетжанова А.Ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет