Сыныптант тыс іс-шараның тақырыбы


Сыныптант тыс іс-шараның тақырыбы



бет2/2
Дата17.12.2019
өлшемі0,98 Mb.
#53680
1   2
Байланысты:
Латын тілі


Сыныптант тыс іс-шараның тақырыбы: Latyn tili arqyly - bastaly'y men

ashyqtyq'y



Мақсаты:

Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу

Көрнекілік: қима қағаздар, слайд, бейнебаян, билет т.б. 
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка 
Іс-шараның барысы: 
Іс-шара ережесі: («Құбыр» әдісі арқылы ережемен таныстыру) https://www.youtube.com/watch?v=3JtkneHO1R8

- Бірін-бірі тыңдау
- Өзгенің пікірін сыйлау
- Сөзін, ісін бөлмеу
- Уақытқа бағыну
- Шапшаңдық
- Бірлестік

Іс-шараның тақырыбы, түрі , әдісі , өтілу барысы түсіндіріледі.

Кіріспе сөз

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі керектігін қадап айтты...

Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі.  Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс.   Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер етеді.



Іс-шараның жоспарымен таныстыру

1. «Өнер алды – қызыл тіл»

2. «Кім жүйрік?»

3. «Өнер көзі халықта»

4. «Кітап – алтын қазына»

5. «Кітап – алтын қазына»

6. «Алтын алма, білім ал»



1-жүргізуші:

Сайысқа алты адамнан құралған екі топ қатысады. Сайыс соңында әр жүргізілген кезең бойынша әділқазылар бағалайды.

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
2-жүргізуші:

"Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық"- деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.

1-кезең. «Өнер алды – қызыл тіл»

Оқушылар өз топтарын және ұрандарын айтады.

2-кезең. «Кім жүйрік?»

Ауызша оқушыларға сұрақтар қойылады.
Сұрақтар: 
-Көп тіл білетін адам? (Полиглот)

-Қазақ тілінде неше сөз табы бар? ( 9)

-Шоқанның шын аты? (Мұхаммедханафия )

-Әнұранның авторлары? (Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев)

-Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар ?  (Құтты білік -1069ж Жүсіп Баласағұн жазған)

-Фонетика нені зерттейді? (Тіл дыбыстарын)

-Латын алфавиті Қазақстанда қашан қолданыла бастады? ( 1928-1929жж)

-Қазақ тілі тарихында алфавит неше рет ауысты? (3 рет, араб ,латын, орыс)

— Қазақстан Тәуелсіздікті қай жылы алды? (19991ж)

-Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? (Түркі)

-Киіз үй неден тұрады? (кереге, уық, шаңырақ)

3-кезең. «Өнер көзі халықта»

«Біздің әсер» тренингі арқылы.

Оқушылар А4 қағазын алып, қағазды музыка үнімен жырта бастайды. Әуен біткеннен соң, қағаздар қиындысымен латынша кез келген сөз жазады. Келесі топ мүшелері сол сөз бойынша латын тілінде эссе жазу керек.
3-кезең. «Кітап – алтын қазына»
«Жүгірме диктант» әдісі арқылы

Әр топ мүшелеріне бірдей диктант жазу ұсынылады. Әр топтан диктантты оқушы және диктантты жазушы оқушылар таңдалады. Диктант мәтіні топ мүшелерінен алыс жерге ілінеді. Диктант оқитын оқушы мәтіндегі сөздерді не сөйлемдерді жаттап, топ мүшелеріне жазғызады (Диктант мәтініне бірнеше рет баруға болады).



Диктант мәтіні

Rýhanı jańǵyrý

    Elbasynyń  "Rýhanı jańǵyrý" baǵdarlamasy - tarıhı qujat. Bul qujatta latyn álіpbıіne kóshý týraly naqty mіndet qoıyldy. Jańa álіpbı - jańǵyrtýdyń qaınary. Álіpbı arqyly ulttyq sana kúsheıedі. Álemde bolyp jatqan jańalyqtar osy jazý arqyly qabyldanady. Sondaı-aq, bul álіpbı qazaq tіlіnіń tól tabıǵatyn saqtaýǵa múmkіndіk beredі. El  bolashaǵy jas urpaqtyń qolynda. Latyn qarpіne kóshý olardyń bіlіm jáne ǵylym jolyndaǵy іzdenіsterіne jol ashady. Bul - Qazaqstan úshіn damyǵan otyz eldіń qataryna qosylý baǵytyndaǵy ıgі qadam. Rýhanı jańǵyrý - qazaq elіnіń jarqyn bolashaǵy.
Сонымен кезеңімен тапсырмаларымыз аяқталды. Ендігі сөзді әділқазы алқаларына береміз.

« Қолқа салу»
Енді жеңілген топ қарсыластарының қолқа салуы бойынша бір өнер көрсетеді.
Қорытынды сөз

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Ә. Тәжібаев.

Жүргізушілер : Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл – арым, иманым,

Аманат, саған, аманат.



М. Әлімбаев.

Құрметті  қонақтар, оқушылар! Латын тіліне арналған сайысымызды жабық деп жариялаймыз!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет