Жасушаның тіршілік циклі деп оның пайда болуы, құрылысының күрделенуі, атқаратын кызметіне икемделуі, бөлінуі немесе тіршілігін жою (өліп қалу) кезеңдері жиынтығын айтамыз яғни жасушаның циклі оның пайда болуынан бөлінуіне немесе өлуіне дейінгі уақытты қамтиды, мысалы, ұдайы бөлінетін жасушалардың тіршілік жиынтығын митоздық цикл (5-сурет) деп атауға болады. Сонымен, митоздық цикл дегеніміз жасушаның митоздық жолмен екі бөлінуі арасындағы байқалатын құбылыс-тар жиынтығы. Ол 4 кезеңге бөлінеді: 1-пресинтездік (G1,); 2-синтездік (S); 3) постсинтездік(G2,); 4) митоз (М).
Пресинтездік (G1,) кезенде жаңадан пайда болған жас жасуша өсіп аналық жасушаның мөлшеріне дейін жетеді. Ол үшін жасушада құрылыс материалдары - көмірсулар, майлар, ақуыздар көптеп синтезделуі қажет. Тұқым қуалаушылық материалы бұл кезеңде 2п 2с күйінде болады.
Синтездік (S) кезенде ДНҚ молекуласы синтезделінеді де тұқым куалаушылық материалы 2п 4с күйінде кездеседі.