Сыртқы тыныс алу патофизиологиясы


Өкпенің инкрециялық қызметі



бет6/9
Дата05.11.2023
өлшемі88,5 Kb.
#189885
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
stud.kz-63935

Өкпенің инкрециялық қызметі.
Өкпенің организм тіршілігі үшін өте маңызды,тыныс алу қызметінен басқа,организмнің ішкі тұрақтылығын ұстап тұруға бағытталған үлкен инкрециялық қызметі бар.
Өкпеде АПУД-жүйесіне (ағылш.amine precursor uptake decarboxilation-амин құрушыларының артық декарбоксилденуі) жататын және биологиялық белсенді заттар өндіретін 40-қа жуық жасушалардың түрлері бар.Бұл жасушалар ұрық пен жаңа туған нәрестелердің өкпелерінде ересек адамдарға қарағанда көбірек болады.Бұл жасушаларды апудоциттер деп атайды.Апудоциттер кеңірдекшелер мен бронхиолалардың эпителий жасушаларында бірден немесе топтарымен орналасқан және нервтік аяқшалармен жақсы жабдықталған.Өкпедегі кейбір арнайы эндокриндік жасушалар гипофиздің,ұлтабардың,ұйқы бездің,қалқанша бездің жасушаларымен ұқсас болып келеді.Сол себепті өкпеде өндірілетін нейропептидтердің арасында лей-энкефалин,кальцитонин,бомбезин,вазобелсенді интестиналдық пептид,Р-заты ж.б. кездеседі.
Бауырдағыдай өкпеде де усыздандыру жүйесінің ферменттері өндіріледі.Олар тотығу-тотықсыздану,метилдеу,ацетилдеу т.с.с. құбылыстарды қамтамасыз етеді.Сонымен бірге өкпеде бауырдағы сияқты усыздандырудың бейспецификалық цитохромдардан,НАДФ Н2 және флавопротеиннен тұратын оксидаздық жүйесі бар.
Өкпенің метаболизмдік қызметі лейкоциттер мен тробоциттердің белсенділігімен тығыз байланысты.Өкпеден минутіне мөлшермен 70 млрд.қан жасушалары өтеді.Оның қан тамырларында көптүрлі ядролы лейкоциттерді арнайы ұстап қалатын қақпалар бар.Бұл қақпаларда лейкоциттердің ұсталып қалуынан әртүрлі биологиялық белсенді заттар,солардың ішінде лизосомалық ферменттер өкпеден қанға түседі.
Сонымен,өкпеде қанайналым жүйесінің ерекшілігі,онда эндотелий жасушаларының көптеп жинақталуы,АПУД-жүйесі жасушаларының болуы,ферменттік жүйелердің,биологиялық белсенді заттардың әсерлерін қабылдайтын рецепторлардың өкпеде көп болуы,өкпе құрылымдарының лейкоциттермен тығыз өзара әсерлерде болуы өкпенің метаболизмдік қызметін өте жоғары пәрменді етеді.Өкпенің метаболизмдік қызметінің өзгерістеріне алвеолалық вентиляциясының азаюы,жалпы қан айналымының және өкпе қан айналымының бұзылыстары (өкпе перфузиясының төмендеуі) т.б. жағдайлар әкеледі.Өкпенің бұл қызметінің бұзылыстары көптеген өкпе ауруларында,соның ішінде эндокриндік белсенділігі бар жасушалардың өспелерінде (апудомаларда) байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет