Сыртқы тыныс алу патофизиологиясы


Өкпе перфузиясының бұзылыстары



бет3/9
Дата05.11.2023
өлшемі88,5 Kb.
#189885
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
stud.kz-63935
Бизнес жоспар 1-2 бөлім (копия), 1 ҚМЖ 10 сынып Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі, Scan 04 нояб. 23 · 22·55·44
Өкпе перфузиясының бұзылыстары.

Өкпеде қанайналымының (перфузиясының)бұзылыстары мына жағдайларда дамуы мүмкін:


1.жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кездерінде;
2.туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек кемістіктерінде (атриовенкулалық қақпақшалардың тарылуы,жүрекшелердің арасындағы сопақша тесіктің бітпей қалуы,Ботал өзекшесінің бітпеуі т.с.с.);
3.өкпе артерияларында қан қатпаларының (тромбылар)құрылуы немесе эмболдар тұрып қалуы;
4.шок,коллапс кездерінде қан тамырлары қызметтерінің жеткіліксіздігінен өкпеге аз қан келуінен.
Қалыпты жағдайда қызмет атқаратын өкпе ұяшықтарына қан жақсы келеді де,қызмет атқармайтын алвеолаларға оның келуі шектеледі(Эйлер рефлексі).Вентиляция мен өкпе перфузиясының сәйкессіздігі кейде ауа алмасатын алвеолаларда перфузия болмауы,перфузиясы бар алвеолаларда вентиляция болмау мүмкіншіліктеріне әкеледі.Осыларға байланысты сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі дамиды.Ол обструкциялық және рестрикциялық болып 2 ге бөлінеді.
Обструкциялық тыныс алу жеткіліксіздігі тыныс жолдарының тарылғанында (лат.obstructio- бөгеттелу,бітелу)болады.Бұл кезде ауа қозғалысына кедергі жоғары және төменгі тыныс алу жолдарында пайда болады.Жоғарғы тыныс жолдары саңылауларының тарылуы немесе толық бітеліп қалуы мына себептерден болады:1.оған бөтен заттыфң түсуі; 2.тыныс алу жолдары қабырғаларының мұрынның,тамақтың,кеңірдектің шырышты қабықтарының қабынудан ісінуі немесе өспе дамуынан тарылуы; 3.тамақ еттерінің жиырылуы (ларинго спазм); 4.тыныс алу жолдарын сыртынан ісінген қалқанша безбен,айналасындағы тіндердің ісігімен қысып қалуы т.с.с. жағдайлар есептеледі.
Төменгі тыныс алу жолдарының тарылуы: 1.ұсақ кеңірдекшелермен бронхиолалардың саңылауларына әртүлі сұйықтардың (құсық,су,ірің,шырыш,транссудат) түсуінен; 2.қабыну кезіндегі ісіну мен гиперемия даму нәтижесінде төменгі тыныс жолдарының шырышты қабықтарының қалыңдауынан; 3.бронхиолалардың тегіс еттерінің әртүрлі алергендердің және химиялық қоздырғыштардың әсерлерінен жиырылуынан (бронхыспазм) ж.б. жағдайлардан болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет