Ситуациялық есеп № 1 24 жасар әйел 5 мамыр күні ФАП акушеріне қаралды. Шағымдары: етеккірінің кешігуі, жүрек айнуы, күніне 10 ретке дейінгі құсу, тәбетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, дене қызуының 37, 50 С дейін көтерілуі.
Анамнезі: Соматикалық аурулары жоқ. Жыныстық өмірі 22жастан бастап, тұрмыс құрған. Етеккір қызметі өзгеріссіз. Соңғы етеккірі 15-19 наурыз күндері болған. Бұл екінші жүктілігі. Бірінші жүктлігі 9 апта мерзімінде өздігінен түсікпен аяқталған, жүктіліктің бірінші жартысында токсикоз фонында өткен.
Обьективті: бойы 160 см, салмағы 56 кг. АҚ 100/60; 90/50 мм с.б., Рs 96 рет./мин., ритмді. Тері қабаты қалыпты түсте.
Айнамен қарау: жатыр мойны және қынаптың шырышты қабаты көгерген. Қынабы босанбаған.
Бимануальді: жатыры 7-8 апталық жүктілікке сәйкес келеді, жұмсақ консистенциялы, ауырсынусыз. Бөліністер сұрғылт, шырышты сипатта.
Сұрақтар : Болжам диагноз қойыңыз.