Ситуациялық есеп № 6 32 жасар алғашқы жүктілік, маманығы бойынша педагогикалық колледжде әдебиеттен мұғалім, әйелдер кеңес орнына жүктілікке күдікпен келді. Шағымдары: етеккірінің 3 айға кешігуі. Соңғы етеккіріне дейін 13 жасынан бастап тұрақты түрде әр 28күнде 5күннен келіп тұрған. Некеде жыныстық қатынаста 4 айдан бері . Қатты ұйқышыл және жүрек айну. Сұрау барысында әйел 5 жылдан бері ІІІ дәрежелі гипертониялық аурумен ауыратыны анықталды, жергілікті терапевтте «Д» есепте тұрады. Қарағанда: дене бітімі нормостатикалық , әлсіз тамақтану, тері қабаты таза. АҚ 180/100 мм с.б. Пульс 89 рет\мин.
Айнамен қарағанда: қынабы босанбаған әйелдікі, қынаптың шырысшы қабаты және жатыр мойны көгерген. Бимануальді: жатыр жүктіліктің 8 апталығына сәйкес ұлғайған, жұмсақ, ауырсынусыз.
Сұрақтар : Болжам диагноз қойыңыз.
Диагнозды негіздеңіз.
Акушер тактикасын көрсетіңіз.
Гипертониялық ауруы бар әйелді бақылаудағы ерекшелігі қандай.
Гипертониялық ауруы бар әйелде кездесетін асқынуларды атаңыз .
Ситуациялық есеп № 7 Перзентханаға жүктілік мерзімі жеткен, босануы 2-рет 28 жастағы әйел түскен, бақылауда болмаған. Толғағы 6 сағаттан кейін басталған. Жамбас өлшемдері қалыпты, бүкіл денесі ісінген, тамыр соғуы 90 рет минутына, қ/қ 165/100 с.б., көру қабілеті анық, басының ауырғанына шағымданған. Зәрін қайнатқанда бірден ұйыған. Нәресте ұзынша орналасқан, басы үлкен сегментпен жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында. Нәрестенің жүрек соғуы минутына 140. Толғақ әрбір 2-3 минут сайын, қарқынды. Перзентхананың қабылдау бөлмесіне қағанақ суы кеткен, мөлшері 300 мл, тұнық. Қынаптық зеттеуде: жатыр мойны толық ашылған. Қағанақ қуығы жоқ. Нәресте басы кіші жамбас қуысында. Төбе жігі оң қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жағында.
1. Диагнозы?
2. Талқылау, дәрігердің тактикасы.