Ситуациялық есеп №1



бет1/6
Дата06.02.2022
өлшемі19,3 Kb.
#79861
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сит.есептер


Ситуациялық есеп № 1
24 жасар әйел 5 мамыр күні ФАП акушеріне қаралды. Шағымдары: етеккірінің кешігуі, жүрек айнуы, күніне 10 ретке дейінгі құсу, тәбетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, дене қызуының 37, 50 С дейін көтерілуі.
Анамнезі: Соматикалық аурулары жоқ. Жыныстық өмірі 22жастан бастап, тұрмыс құрған. Етеккір қызметі өзгеріссіз. Соңғы етеккірі 15-19 наурыз күндері болған. Бұл екінші жүктілігі. Бірінші жүктлігі 9 апта мерзімінде өздігінен түсікпен аяқталған, жүктіліктің бірінші жартысында токсикоз фонында өткен.
Обьективті: бойы 160 см, салмағы 56 кг. АҚ 100/60; 90/50 мм с.б., Рs 96 рет./мин., ритмді. Тері қабаты қалыпты түсте.
Айнамен қарау: жатыр мойны және қынаптың шырышты қабаты көгерген. Қынабы босанбаған.
Бимануальді: жатыры 7-8 апталық жүктілікке сәйкес келеді, жұмсақ консистенциялы, ауырсынусыз. Бөліністер сұрғылт, шырышты сипатта.
Сұрақтар :

  1. Болжам диагноз қойыңыз.

  2. Диагнозды негіздеңіз.

  3. Дәрігерге дейінгі көмек.

  4. Осы жағдайдағы емдеу принциптерін атаңыз.

  5. Жүктілікті үзуге көрсеткіштерді атаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет