Ситуациялық есеп №3 Зайнанова Марварид ЖМ-716
60 жастағы зейнеткер әйел, емхана дәрігеріне келесі шағымдармен қаралды: қол саусақтарының шаншып ауыруы мен ұюы, білезік, тізе, тобық буындарындағы ауырсыну, үдей түскен жалпы әлсіздік, соңғы жылда 10 кг. салмақ жоғалту, ентігу, жүрек соғуы.
Өзін соңғы бір жылда науқас санайды. Мезгіл-мезгіл дене қызуы суб-фебрильді көрсеткіштерге көтеріліп, буындарында ауырсыну, қолдарында тоңғыштық пайда болып, тәбеті жоғалған, жүдей бастаған. Өзінің ауруын суықтаумен байланыстырады. Объективті: қарағанда беті мимикасыз, аузы "қалта аузындай". Қолының саусақтарының терісі балауыз түстес, терісі жалтыр. Қол басы ісіңкі, терісі қыртысқа жиналмайды. Өкпе үстінде әлсіреген везикулалық тыныс, бірлі-жарым құрғақ сырылдар. Жүректің шала тұйық дыбыс шектері: оң - 0,5 см төс қырынан оңға; жоғары - ІІІ қабырға; сол – сол 1 см тысқа. Жүрек тондары әлсіреген ырғақты. Іші жұмсақ, ауырсыну жоқ. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Қанның жалпы анализі: Нв-130 г/л, эр. 3,9х1012/л , т/к-1,0. л. 10х109/л, лейкограммада өзгеріс жоқ. ЭТЖ 30 мм/сағ. Сұрақтар:
1.Синдромдарды анықтаңыз:
2. Диагнозды құрастырыңыз
3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу
Жауабы:
Буындық синдромы- буындарының ауыруы, Рейно синдромы- саусақтардың ұюы мен кенет мұздауы, Интоксикация синдромы, Тыныс жетіспеушілік синдрмы, Терілік синдромы- ісінуі, жылтырауы, қыртыстардың болмауы.
Диагноз: жүйелік склеродермия. Диагнозды қоюға себеп: барлық клиникалық белгілер және лабораториялық белгілер жүйелік склеродермияны көрсетеді.
Сырқаттың шағымдарына және клиникалық белгілеріне сүйене отырып диагноз қойылады. Негізгі диагноз қоюға жататын белгілер: тығыз ісік, терінің семуі, Рейно синдромы, жұмсақ тіндердің кальцинозы, буын бұлшық еттердің зақымданып сіресуі, ішкі мүшелердің зақымданулары (ірі ошақты кардиосклероз, ас қорыту мүшелерінің әсіресе өңештің зақымдануы, бүйрек жеткілісіздігінің дамуы) жатады. Қосымша белгілеріне терінің түсінің өзгеруі, трофикалық өзгерістер, тері мен кілегей қабаттарының құрғақтығы, буынның сырқырауы, дене қызуының көтерілуі, арықтау, ЭТЖ ның көтеріңкілігі жатады.
Базистік ем.
1.Д-пенцицилламин
2.Колхицин
3.Мадекасосол
4.Диуцифон
5.Диметилсульфоксид
Иммундепрессанттармен ем
1.Глюкокортикоидтар
2.Цитостатиктер
3.Аминохолиндік дәрмектер
Достарыңызбен бөлісу: |