Сызықты электр тізбектерін зерттеу (пассивті төртполюстік) Жұмыстың мақсаты



бет5/5
Дата25.01.2020
өлшемі141 Kb.
#56471
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 лабораториялық жұмыс

арақатынасына шығыс амплитудасы тәуелді болатыны 10-суретте көрсетілген.
Um

1,0

0,2



0

1- τн/tu=0,1; 2- τн/tu=0,2; 3- τн/tu=1,0; 4- τн/tu=5,0
10-сурет. Тізбектің уақыт тұрақтысы мен импульс ұзақтығының әртүрлі арақатынасындағы интегралдайтын тізбектің шығысындағы сигнал түрлері.
Сыйымдылықтан алынатын шығыс импульстің ұлғаю уақыты (маңдайшасының ұлғаюы) кіріс tU импульстің ұзақтығына тең болады. Ал жалпы шығыс импульстің ұзақтығы 3 болады деп ұйғарғамыз. Сонда tUшығ tUкір +3U>>tU жағдайда tUшығ 3. Сонымен, интегралдайтын тізбекте мынадай теңсіздіктер орындалуы керек.
ж = RC> tu (22)

Rг< (23)

Rж >> 1/С. (24)


Uкір R С Uшығ



11-сурет. Интегралдайтын тізбектің бір түрі.

11-суретте келтірілген схема жоғарыда қарастырылған (8-сурет) тізбекке пара-пар. Сондықтан, бұл да интегралдайтын тізбек болып табылады (ұзартатын RC- тізбек). Шығыс импульстің түрлері және заңдары бірдей болып жоғарыдағы барлық айтылған ой-түйіндер бұл тізбекке де жарайтынын дәлелдеп көрсетуге болады.


3 Жұмыстың орындалу тәртібі
3.1 Жұмысқа қажет бұйымдар
3.1.1 С1-5 типті импульсті синхроскоп;

3.1.2 Синусоидалды сигнал беретін генератор;

3.1.3 г5-15 типті тікбұрышты сигнал беретін генератор;

3.1.4 Г5-6А немесе Г5-7А типтес тікбұрышты сигнал беретін генераторлар;

3.1.5 Резистор мен конденсаторлардың жиынтығы;

3.1.6 Паяльник (дәнекерлегіш).



Жұмыстық тапсырма
3.2 Кернеу бөлгішті зерттеу
3.2.1 Алдын ала оқытушы берген бөлу коэффициентіне сәйкес және (2), (3) теңсіздіктерді ескере отыра, тізбектегі R1 мен R2 кедергілерін есептеп шығару керек. Ол үшін генератордың ішкі кедергісін RГ және осциллографтың кірістік кедергісін білу қажет. Оларды аспаптардың түсініктемелерімен анықтайды.

3.2.2 Есептеп шығарған бөлгішті бір монтажды платаның үстіне құрастырыңыз.

3.2.3 Белгілі бір жиілігі бар f0 синусоидалды сигналды өтпелі тізбектің кірісіне түсіріп кернеу жеткізу коэффициентін KU0 өлшеңіз.

3.2.4 Екі түрлі жиілікті: f1>> f0 және f2<< f0 тізбекке беріп, олардың KU1 және KU2 коэффициенттерін өлшеп KU0 мен салыстырыңыз. Айрмашылығын түсіндіріңіз.

3.2.5 Г5-6А немесе Г5-7А генератордан әртүрлі ұзақтығымен (бірнеше мкс-тан 100 мкс-ға дейін) тікбұрышты сигналды тізбектің кірісіне түсіріңіз. Кірісі мен шығысындағы импульстердің түрлерін бақылап, суретін салыңыз (амплитуда мен уақыт координатасы қатал бір масштабта болсын). Барлық жағдайда шыққан айырмашылықтарды тізбектің өтпелі процесс тұрғысынан қарап түсіндіріңіз.

3.2.6 Барлық 3.3.5 бабындағы жағдайлар бойынша өтпелі процестің ұзақтығын өлшеңіз.


3.3 Реактивті шығысы болатын RC-тізбекті (интегралдайтын) зерттеу
3.3.1 Берілген импульс ұзақтығы (110) мкс үшін интегралдайтын тізбектің параметрлерін есептеу. Мұнда С > Сосц.кір, R >> RГ,   (24) tU теңсіздіктерді ескере отыру керек.

3.3.2 Бұл тізбекті монтажды платаға құрастырып орнықтыру.

3.3.3 Г5-15 генератордан ұзақтығы белгілібір тікбұрышты импульстітізбекке жіберіңіз. Тізбектің екі жағындағы импульстердің түрлерін бақылап суретін салып алыңыз. Ұзақтығын, амплитудасын, ұлғаю уақытын өлшеңіз. Жеткізу коэффициентінде өлшеңіз.

3.3.4 Ұзақтығы tU сигналдың жеткізу коэффициентін есептеп шығарыңыз. Оны тәжірибеде алынған мәнімен салыстырыңыз.

3.3.5 Өтпелі процестің ұзақтығын есептеп, тәжірибемен салыстырыңыз.
4. Есеп беру
Есепті мына баптар бойынша беру керек:


    1. Барлық баптар бойынша тапсырманың орындалуын және құрастырылған схемаларды өлшеу аспаптарға тіркеу.

    2. Зерттелетін тізбектердің есебі.

    3. Тізбектің екі жағындағы кернеу эпюрі және сигналдың өлшенетін параметрлері.

    4. Есептелген мәліметтерді тәжірибемен тексеру.


5. Сынақ сұрақтары


    1. Кернеуді дұрыс жолымен жеткізу үшін, төртполюстікте қандай шарттар орындалу керек?

    2. Өтпелі процесс ұғымы. Оның ұзақтылығы неге тәуелді?

    3. Нақтылы кернеу бөлгішін қарастыру үшін қандай шарттар орындалу керек? Егер бұл шарттар орындалмаса, бөлу коэффициенттің өрнегі қалайша өзгереді?

    4. Реалды бөлгіште тікбұрышты сигналдыңбұрмалануы қандай түрде болады? Ондағы өтпелі процестің ұзақтығы неге тәуелді?

    5. Өтпелі тізбек не үшін қажет? Оның параметрлері қандай шарттарға сәйкес болу керек?

    6. Қандай жиілікте өтпелі тізбектің кернеу жеткізу коэффициенті бірден төмен түседі?

    7. Өтпелі тізбектен тікбұрышты сигнал қай түрінде бұрмаланып шығады?

    8. Дифференциалдайтын тізбек деген не? Оның шығысындағы импульстің түрі қандай?

    9. Шығыс импульстің ұзақтығы мен амплитудасы неге тәуелді?

    10. Интегралдайтын тізбек деген не? Шығыс импульстің түрі қандай?

    11. Шығысындағы импульстің ұзақтығы мен амплитудасы неге тәуелді?


6. Әдебиет
6.1 Манаев В.И. Основы радиоэлектроники.- М.: Радио и связь, 1990. -512 с.

6.2 Основы радиоэлектроники /Под редакцией Г.Д.Петрухина. М.: МАИ, 1993. -416 с.

6.3 Степаненко И.П. Основы микроэлектроники. -М.: Лаборатория базовых знаний, 2000. -488 с.

6.4 Каяцкас А.А. Основы радиоэлектроники. -М.: Высшая школа, 1988. -464 с.

6.5 Булычев А.Л., Лямин П.М., Тулинов Е.С. Электронные приборы. -М.: Лайт ЛТД., 2000. -415 с.

6.6 Нефедов В.И. Основы радиоэлектроники. -М.: Высшая школа, 2000. -399 с.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет