тізбектің өтпелі процесінің ұзақтығы деп атайды.
Кернеу жеткізу коэффициенті сигналдың барлық гармониялық құраушыларына бірдей болу үшін практикада орнын толтырып теңелтетін бөлгіштер (аттенюатор) қолданылады (4-сурет).
3-сурет. Реалды бөлгіштің кіріс және шығыс сигналдары.
4-сурет. Аттенюатор схемасы.
Бұл жерде Са –компенсациялайтын (жөніне келтіретін) айнымалы сыйымдылық. Егер сигналдың барлық құраушыларына
R1Ca=R2C3 (8)
және КU= R2/(R1+R2) теңдіктері орындалса, мұндай бөлгіштің жеткізу коэффициенті жиілікке тәуелсіз болады.
2.2 Өтпелі және дифференциалдайтын RC-тізбек
Күшейткіш каскадтарын (сатыларын) бір-біріне жалғастыру үшін көбінесе айырғыш конденсатор С және шығысында актив кедергісінен құрастырылған өтпелі тізбектер қолданылады (5-сурет).
Ср
Uкір Rс Uшығ
5-сурет. Өтпелі RC- тізбек
Өтпелі тізбек сигналды бұзбай (амплитудасы мен түрін өзгертпей) бір каскадтан (сигнал көзі) екінші каскадқа (сигнал қабылдағыш) жеткізу және сигнал кернеуінің тұрақты құраушысын өткізбеу үшін керек.
Егер өтпелі тізбекке жиілігі f синусоидалды кернеу түсірілсе, онда кешенді (комплексті) кернеу жеткізу коэффициенті мына түрде өрнектеледі:
, (9)
Достарыңызбен бөлісу: |