Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары Сүйек пен бұлшықет жүйесінің аурулары



бет2/13
Дата14.05.2024
өлшемі62,35 Kb.
#202200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
14 апта

Патологиялық анатомиясы. Калқанша маңы безінде көбіне аденома өседі, кейде бездегі жасушалар көбейеді, карцинома өте сирек байқалады. Ісік бұл безден тыс дамып, қалқанша безде немесе кеуде қуысында, кеңірдектің немесе өңештің артында жайғасуы да мүмкін.
Қаңқалық сүйектер остеодистрофияның даму кезеңі мен мерзіміне сәйкес өзгереді. Аурудың алғашқы кезеңінде немесе паратгормонның әсері онша болмаған жағдайда, сүйектердің кескіні де тым өзгере қоймайды. Ал ауру меңдеген кезде, әдетте күш көбірек түсетін аяқ пен қол сүйектері, омыртқа жотасы мен қабырғалар қалыпты сиқынан таяды. Олар жұмсарып, кеуектеніп (остеопороз), оңай кесіледі, құрамында ісіктәрізді құрылымдар пайда болып, қалыпты сиқынан таяды. Бұл құрылымдарда сарғыш аймақтар мен қызғылт қоңыр және қоңыр түсті аймақтар, кисталар аралас жайғасып, сүйектердің кесіндісі тарғыл тартады.
Микробейнесі. Сүйек тінінде лакуналар қалыптасып (243-сурет), фиброзды тін өсіп, кейде остеоидтық табақшалар түзіледі. Ісіктәрізді құрылымдарға алып жасушалы гранулемалар, эритроциттер мен гемосидерин шоғырланады, кисталар болады.
Ы ВЕРСТКА! Вставить рисунок «Рис. 243. Паратиреоидная остеодистрофия». Ы

243-сурет. Паратиреоидтық остеодистрофия: сүйек лакуналы ыдырап (нұсқалған), жаңа фиброзды тін түзілген ( М. Эдер мен П. Гедиктен).
Науқастар көбіне кахексиядан немесе бүйректері бүрісіп, уремиядан өледі.

Остеомиелит


Остеомиелит (грекше: оstеоn — сүйек, mуеlоs — ми) — сүйек кемігінің қабынуы; үдеріс сүйектің тығыз және кеуекті заты мен қабығына жайылады. Остеомиелит ағымына қарай, жедел және созылмалы, ал инфекцияның түсу механизмі тұрғысынан, гематогендік біріншілік остеомиелитке және салдарлық остеомиелитке (түрлі жарақаттар, әсіресе оқ жарақаты асқынып, қабыну үдерісі сүйектің төңірегінен өрістейді) жіктеледі. Басты орынды гематогендік біріншілік остеомиелит алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет