Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары Сүйек пен бұлшықет жүйесінің аурулары



бет9/13
Дата14.05.2024
өлшемі62,35 Kb.
#202200
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
14 апта

Микроскоппен зерттегенде сүйек тінінің қалыпты құрылысы өзгергені және осы ауруға тән басқа да бірқатар ерекшеліктер байқалады. Остеолиз бен остеосинтез үздіксіз қабаттасып отыратындықтан, сүйек тінінің құрылысы өрнекті келеді. Бұл Педжет ауруына тән (246-сурет). Сүйектегі ұсақ бөлікшелер бір-бірімен ирек сұлбалы, айқын бейнелі, базофилді жалпақ жолақтар арқылы бірігеді. Сүйектің өрнек түзетін бөлікшелері ретсіз жайғасады, әдетте толық ізбестеніп, жіңішке талшықты немесе табақша тәрізді болады. Терең ойықты жерлеріне остеокластылар шоғырланып, сүйек ыдырап, кеуектенеді. Нәзік талшықты тін жайлап сүйектің кеңістіктері кеңи түседі. Құрамындағы қан тамырлары, көбіне ұлғайып, иректеледі.
Ы ВЕРСТКА! Вставить рисунок «Рис. 246. Болезнь Педжета». Ы

246-сурет. Педжет ауруы. Сүйектің құрылысы өрнекті (Т.П. Виноградовдан).
Асқыну зардаптары. Сүйектің гемодинамикасы бұзылады. Патологиялық өзгерістерден сүйек сынғыш келеді; саркома өседі. Зақымдалған сүйек пен оның тұсындағы терінің қан тамырлары кеңіп, жалпы гемодинамика да өзгереді. Сүйектерінің 1/3-нен астамы зақымдалғандар кейде жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен өледі. Патологиялық өзгеріске ұшыраған сүйек, әдетте аурудың белсенді кезеңінде сынады. Деформациялы остоздың 1—10-ы остеосаркомаға ұласады. Ол көбіне ортан жілік пен асықты жілікте, жамбас пен бет сүйектерінде, жауырында дамиды, кейде бірнеше сүйекті қамтиды.

Буын аурулары


Буынның құрамындағы элементтерде дистрофия (артроз) дамуы немесе қабыну үдерісі (артрит) өрістеуі мүмкін. Буындағы синовийлік қабықша мен шеміршектерден кейде ісік туындайды («Ісіктерді» қара). Артрит инфекциялық және ревматизмдік аурулардың («Дәнекер тіннің жүйелік ауруларын» қара), заталмасулық үдеріс бұзылуының (мыс., подагралық артрит, «Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуын» қара) және бірқатар басқа да аурулардың (мыс., псориаздық артрит) салдары болады.
Артроздардың ең маңызды нысаны остеоартроз болса, артриттерден — ревматоидтық артрит.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет