Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары Сүйек пен бұлшықет жүйесінің аурулары



бет11/13
Дата14.05.2024
өлшемі62,35 Kb.
#202200
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
14 апта

Ревматоидтық артрит


Ревматоидтық артрит — ревматизмдік аурулардың айқын бейнелі бір нысаны («Дәнекер тіннің жүйелік ауруларын» қара).

Қаңқалық бұлшықеттердің аурулары


Қаңқаның көлденең жолақты бұлшықеттерінде көбіне дистрофия дамиды (миопатия) немесе қабыну үдерісі (миозит) өрістейді. Бұлшықеттен бірқатар ісіктер туындайды «Ісіктерді» қара). Миопатиялардың көңіл аударарлықтай нысандары —бұлшықеттік өршімелі дистрофия (өршімелі миопатия) мен миастениялық миопатия.

бұлшықеттің өршімелі дистрофиясы


Бұлшықеттің өршімелі дистрофиясы (өршімелі миопатия) деген ұғым көлденең жолақты бұлшықеттердің әртүрлі біріншілік тұқымқуалайтын созылмалы ауруларына қатысты (жұлын мен шеткі жүйкелік сабақтар зақымдалмайды, сондықтан ол біріншілік деп аталады). Әдетте, бұлшықеттер жұбы симметриялы семіп, тез арада күшін жоғалтып, кейде сырқат адам мүлдем қозғала алмай қалады.
Этиологиясы мен патогенезі аз зерттелген. Ауру бұлшықет жасушаларындағы белоктық құрылымдар мен саркоплазмалық ретикулумның, жүйкелік және ферменттер белсенділігінің аномалиялығымен байланысты сияқты. Бұл мәселе талқылануда. Қан сарысуында бұлшықеттік ферменттер көбейіп, соған сәйкес электр-физиологиялық өзгерістер қалыптасады және креатинурия байқалады.
Классификациясы. Бұлшықеттік өршімелі дистрофияның тұқымқуалайтын типіне, науқастың жас шамасына, үдерістің орны мен ағымына қарай, 3 негізгі нысанға жіктеледі: Дюшеннің бұлшықеттік дистрофиясына, Эрбтің және Лейденнің бұлшықеттік дистрофиясына. Олардың морфологиялық бейнесі ұқсас.
Дюшеннің бұлшықеттік дистрофиясы (ерте нысан) Х-хромосомамен байланысты, рециссивті туқымқуалайды. Әдетте, 3—5 жаста білінеді; ер балаларда жиірек. Жамбас белдеуінен және сан мен балтыр бұлшықеттерінен басталып, кейін иық белдеуі мен тұлғаның бұлшықеттерін қамтиды. Эрбтің бұлшықеттік дистрофиясы (жеткіншектік нысан) аутосомды-доминантты тұқымқуалайды, жыныстық жетілу кезеңінде басталады. Көбіне кеуде мен иық белдеуінің, кейде беттің бұлшықеттері зақымдалады (миопатиялық бет — науқастың көзі толық жұмылмайды, маңдайы тегіс, ерні қалың келеді). Кейде арқаның, жамбас белдеуінің, аяқтың жоғарғы бөлімінің бұлшықеттері семеді. Лейденнің бұлшықеттік дистрофиясы аутосомды-рецессивті дамып, балалық шақта немесе жыныстық жетілу кезеңінде басталып, жеткіншектік нысанға (Эрб) қарағанда жеделдеу, ал ерте нысанынан (Дюшен) жеңілдеу дамиды. Үдеріс жамбас белдеуі мен саннан басталып, біртіндеп тұлға мен қол-аяқтың бұлшықеттерін қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет