Ішкі органдар қызметі бұзылысы (бүйрек, бауыр, өкпе, жүрек қантамыр жүйесі) Белсенді инфекция Жалпы соматикалық статустың төмен болуы Химиотерапияға резистенттілік Тромбоциттер трансфузиясына рефрактерлік Трансплантация кезінде донорлық бағаналы жасушалар қалай таңдалады? Жеке белоктардың антигенді тіндік сәйкестігін (гистосәйкестік немесе НLA- сәйкестік) анықтайды. Оны арнайы қан анализдері арқылы анықтайды. Астана қаласында “Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығында” жасалады. Сүйек кемігін алу әдістері
Миелоэксфузия
Перифериялық қан
Кіндік қан
Перифериялық қандағы бағаналы жасушалар алу кезінде донорға қауіптілік туу мүмкін бе? Кері әсері жоқ. Сирек жағдайда минимальды дискомфорт тудырады: бас айналу, ерінде сезімталдықтың жоғалуы болуы мүмкін.
Ал, донорға берілетін стимуляциялық препараттар бұлшық еттер мен сүйектердегі ауырсыну тудыруы мүмкін. Бұл жағымсыз белгілер препаратты қабылдауды тоқтатқан соң 2-3 күнге созылуы мүмкін.
Перифериялық қандағы бағаналы жасушаларды трансплантация үшін қалай алады? Бағаналы жасушаларды қаннан алады. Бұл процедура аферез немесе лейкафарез деп аталады. 3-4 күн бойы бұл процедура алдында донорға бағаналы жасушалар санын көбейтетін арнайы препараттар береді. Аферез кезінде қанды венадан немесе орталық веналық катертер арқылы алады. Іріктелген бағаналы жасушаларынан босаған қан қайтадан донарға құйылады , бөліп алынған жасушалар мұздатылып сақталанады. Аферез 4-6 сағатқа созылады.
Кіндік қанынан бағаналы жасушаларды трансплантация үшін қалай алады? Ол үшін бала дүниеге келмес бұрын анасы кіндік қанының банкымен келісімге отыруы керек. Нәресте туғаннан кейін кіндік кесілгенен соң, қан кіндіктен және плацентадан алынады. Бұл процедура анамен балаға қауіпті емес, алынған қанды банктарда мұздатып сақтауға болады