Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Ұзақ жаншылу синдромы. Клиникасы. Емдеу әдістері



бет6/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
619-621 травма
Экологиялық факторлар, Сакралды Атырау (1), 36. Бейімбет Майлинні пьесалары. «Майдан» пьесасыны о и асы, т (1)
Ұзақ жаншылу синдромы. Клиникасы. Емдеу әдістері.

Ұзақ жаншылу синдромы (ҰЖС) құрылыс сынықтары астында, шахта жарылысында, жарылу жұмыстары кезінде жер астында ұзақ қалып қойған адамдарда байқалады. Босап шыққан адамдардың жалпы жағдайы айтарлықтай қорқыныш тудырмайды, бірақ аз уақыт ішінде шок тәрізді көріністерден науқастар тез қайтыс болады.Аяқ-қолдың жаншылу синдромы гипстік байламды дұрыс салмау нәтижесінде де дамуы мүмкін.
ҰЖС-ң клиникалық көрінісі жалпы және жергілікті бұзылыстар түрінде көрініс береді. Жаншылған аяқ-қолдардың терісі басында өзгеріссіз болады, бірақ 3-4 сағаттан кейін олардың жұмсақ тіндері ісінеді, 12 сағаттан кейін ісіну максималды деңгейге жетеді. Бұл уақытта аяқ-қол суып кетеді, оның терісі серозды немесе геморрагиялық сұйықтыққа толы көпіршіктері бар қызғылт көкшіл түрге боялады. Бұлшықеттерде, тамырлар мен жүйкелерде трофикалық бұзылыстар өршиді, шеткері тамырларда пульсация әлсірейді және жоғалады, аяқ-қолдардың қызметінің бұзылуымен қатар, жүйкелердің өткізгіштігі күрт бұзылады. Науқас қатты ауырсынуға шағымданады. Артериялық қан қысымы төмендейді, пульс әлсірейді және жиілейді. Патогенезіне көптеген факторлар қатысатын, жедел бүйрек жеткіліксіздігі (ЖБЖ): нәруыздар ыдырауынын және бейорганикалық заттардың өнімдерімен бүйректің дисталды түтікшелері эпителиінің зақымдануы; тұнбаға түсетін миоглобинмен түтікшелердің блокадасы; қантамырларының спазмы; ауырсынудың рефлекторлы әсері дамиды.
Шеткері артерияларда пульсацияның болмауы күретамырлардың (магистралды тамырлардың) блокадасын көрсетеді. Зәрдің тіпті алғашқы порция- лары қою қоңыр түсті (мио- және гемоглобинурия) болады, нәруыздардың (60-120 г/л), цилиндрлердің, көп қабатты эпителидің және гематин кристалдарының құрамы жоғарылайды. Қанда гематокрит санының, гемоглобин, эритроцит құрамының, қалдық азоттың, несепнәрдің, креатининнің, калийдің, фосфордың саны жоғарылайды. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі дамуын қанда билирубин санының артуы, ферменттер белсенділігі (сілтілі фосфатаза, креатинфосфокиназа, аспартатаминотрансфераза, аланинамино- трансфераза, лактатдегидрогеназа) көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет