Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Термиялық күйіктер. (күйіктік шок кезіндегі инфузиялық терапия жүргізудің принциптері)



бет2/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
619-621 травма

Термиялық күйіктер. (күйіктік шок кезіндегі инфузиялық терапия жүргізудің принциптері).

Ауыр термиялык жарақат және соның әсерінен пайда болатын болатын бірқатар өзгерістерді күйік ауруы деп атайды, ол дене бетінің 10% нен астамы күйікке ұшырағандарда дамиды.Күйік ауруының ағымында 4 кезеңді ажыратады:
* Күйік шогы (2 тәулікке дейін)
* Токсемия (9 тәулік)
* Септикосемия (21 тэулік)
* Реконвалесценция (1 -1,5 ай)
Күйік шогының себебі: өте қатты ауыру сезімі, қорқыныш. Шоктың патогенезіндегі негізгі буыны термодинамиканың басты реттеушісі ОЖЖ – қатты қозуы болып саналады.
Күйік шогының клиникалық көрінісі зақым алған соң дереу қөріне бастайды, олар қатты қозу, мазасыздық, қатты ауру сезімі, тыныс және пульстің жиілеуі.
Декомпснсациялық сатыға өкен кезде – науқастың қозуы апатияға ауысады.
Клиникалық көрінісінде бірінші кезекте ауыру сезімі болмайды. Тері бетінің бозаруы, шырыш қабаттар мен мұрын ұшының цианозы. Артериалдық қан қысымы төмендейді, пульс жиілейді, аяқ-қолдардың тоңуы күшейеді. Тыныс жиілейді және беткей болады. Күйік шогының декомпенсациялық сатысының ең маңызды белгісі —қатты шөлдеу. Егер құсық пайда болса, ол науқастың жағдайының ауырлағанын көрсетеді. Бүйреіггің қанмсн қамтамасыз етілуінің бұзылуы нәтижесінде – айқын олигоанурия пайда болады.
Күйік шогы кезіндегі жедел жәрдем:
20 мл/кг 6% полиглюкин ерітіндісін құю; 0,25% новокаин ерітіндісі және 10% глюкоза ерітіндісі 1:1 қатынаста.- 4%натрий гидрокарбонаты 1,5-2,0 мл/кг есебімен инфузия жүргізу.
Ш- IV дәрежелі шокта преднизолонды Змл/кг есебімен енгізу керек.
Тыныс жолдарының күйігі кезінде алдымен тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету керек.

  1. Вишневский әдісімен мойын вагосимпатикалық блокадасын жасау техникасы.

Вагосимпатикалық блокада жасау үшін ауруды шалқалай жатқызып, мойынынын астынан жастықша қойып, басын артка карай шалкалатып,бетін сау жағына қарай бұрып жаткызып, күре тамырдың үстіндегі төс-бұғана емізікше бұлшықетінің орта тұсынан, сұқ саусақпен айтылған етті күре тамыр мен негізгі жүйке талшығын алға қарай итере басып, саусақтың ұшынан инені кіргізіп сол жерге 0,25% новокаин ерітіндісін аздап жіберіп, біртіндеп инені тереңге кіргізе береді, ауық-ауық поршынды өзіне карай тартып, ине кан тамырына кірген кірмегенін байқап тұру керек. Сөйтіп инені мойын омыртқаның көлденең қанатына тигенше кіргізе береді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет