Күйік аумағын және дәрежесін анықтау.
Күйіктің ауданын анықтау.
А. Уоллестің әдісі (1951 ж.). Бұл әдіс «тоғыздық ережесі» деген атпен белгілі болды. Бұл ережеге сәйкес дененің негізгі бөліктері 1-2 тоғыздықтан тұрады (дененің жалпы ауданының 9%) – тиісінше 9-18 %. Балаларда бұл қатынас өзгешелеу және жасына сәйкес өзгеріп отырады.
«Тоғыздық ережесіне» сәйкес бас пен мойын 9%, қолдың ауданы 9 ■ 2 =18%, кеуденің алдыңғы беті – 9 ■ 2 =18%, кеуденің артқы беті – 9 ■ 2 =18%, сандардың ауданы – 9 ■ 2 =18%, балтыр аяқ басымен – 9 ■ 2 =18%, шап аралығы -1%. Уоллестің жобасы дәл болмағанмен күйіктің ауданын тез де қарапайым түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Зақымдану тереңдігіне байланысты күйікті 4 дәрежеге айырады:
I дәрежелі күйік. Зақымдану тек эпидермисті қамтиды. Терінің қызаруы, ісінуі, ашыған ауырсыну сезімімен көрініс береді. Бұл құбылыстардың негізінде тұрақты артериялық гиперемия мен қабынулық экссудация жатыр.
II дәрежелі күйік. Тері тереңірек зақымданады, бірақ бүртікті қабаты сақталады. Эпидермис дермадан ажырап, мөлдір, сары түсті сұйық толған көпіршіктер пайда болады.
ІII а дәрежелі күйік терінің ішінара (бүртікті қабаттың ұштарының) өлі еттенуімен сипатталады, әйтседе терінің тереңдегі қабаттары мен оның туындылары (шаш қапшықтары, тер мен май бездері) сақталады.
ІІІ б дәрежелі күйік. Терінің толық өлі еттенуімен сипатталады. Кейде тері астындағы шел қабаттары да зақымдануы мүмкін.
IV дәрежелі күйік. Тері мен тері астындағы шел қабаттары ғана емес, тереңде орналасқан тіндер де өлі еттенеді (бұлшық ет, сіңірлер, сүйек пен буындар).
Сыртқа қан кету кезіндегі уақытша және тұрақты қан тоқтату әдістері.
Қан кетуді уақытша тоқтату.
Қан ағуды уақытша тоқтатудың бірнеше тәсілдері бар.
Таңғышпен қысып байлау. Қысып таңғыш салу және аяқ қолдардың көтеріңкі жағдайлары көк тамырлардан және кішкене қызыл тамырлардын қан ағуды уақытша тоқтатудың жақсы әдісі болып есептеледі. Жараға зарарсыздандырылған мәрліні бірнеше қабаттап, оның үстіне зарарсыздандырылған мақта салынады, ол мәрлімен бірге аяқ-қолдарды орап бинттеу арқылы бекітіледі.
Аяқ-қолдардың буынынан бүгілуі. Тақым артериясының, шынтақтың бүгілуінде иық артериясының, шат иілісіндегі сан артериясының жарақаттануда пайда болатын қан ағу, кейде аяқ-қолдарды осы жағдайда қатты иіп бекіту немесе оларды керу арқылы тоқтатылуы мүмкін.
Жара ішіндегі тамырды қысу. Бұнда залалсыздандырылған резеңке қолғап киіледі немесе қол спирт, йодпен тазаланады және жараға кіргізілген сұқ саусақпен қанның ағымы сезіліп, тамыр қысылады.
Жараның қуысын тығындау (тампонада). Бұл үшін тампон алынады және корнцангпен бүкіл жара қуысын тығыз етіп тығындайды. Әдетте бұл тереңдегі жараларда қолданылады.
Қан ағып тұрған тамырға қысқыш салу. Бұл аяқ-қолдардың, жамбастан, іш қуысындағы тамырлардан қан ағуын тоқтату мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады.
Тамырды бойлап қысу. Бұл кейбір ірі тамырдан қан ағуды тоқтатуға мүмкіншілік береді: а) бұғана сүйек асты артериясы басты бұрушы бұлшық еттің төс тұтқасына жабысқан жерінің сыртынан бұғана сүйектің үстінде орналасқан жерде бірінші қабырғаға қысылып басылады: б) күре тамырды VI мойын омыртқасының көлденең өскініне қысып басу керек, ол басты бұрушы бұлшық еттің ұзындығының ішкі жағының ортаңғы жеріне сәйкес келеді. Сан қызыл қан тамыр қасаға сүйегінің көлденең өскініне қысылады: в) тақым қызыл қан тамыры тізе бүгілу жағдайында тақым шұңқырына қысылады: г) иық қызыл қан тамырын тоқпақ жіліктің ішкі бетіне қысу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |