Сұйық дәрілік формалар



Дата23.09.2023
өлшемі100,91 Kb.
#182150
Байланысты:
stud.kz 17230

Stud.kz – қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады




Сұйық дәрілік формалар
1 билет
Рецепті жазу тәсілінің негізгі ережелері.
1. Әрбір ресми документ сыяқты, рецепті анық және таза етіліп, ешқандай жөндеусіз, бір рет қағаздың 116 бөлегіне тең 8 х 16 см-лік көлемі бар бланкіге сыямен жазылады. Кейбір айрықша жағдайда рецепті сыялы карандашпен де жазуға болады. 2. Әрбір дәрілік зат латын әріпімен, Жана жолдан басталып ілік септігінде жазылады. Керекті заттың аты бір жолға сыймаса, оның жалғасы келесі жолдың оң жағынан сәл аттап түсіп барып жазылады.3. Дәрілік заттын салмағы граммен көрсетіліп, ондық бөлшек түрінде жазылады. Бүтін сандар үтір арқылы нолмен аяқталады, ал бөлшек сандар бір бірінен үтір арқылы ажыратылады. Мысалы: 0,5; 2,5; 5,0; 20,0. Заттың дозасы араб цифрларымен жолдың оң жағына жазылады. Егер заттың дозасы туралы нұсқау бір жолға сыймаса, оны келесі жолдың оң жағына үстіңгі жолдағы зат дозасының астына дәл келетіндей жазу керек. Кейде керекті заттың мөлшері қарасөзбен жазылады.Жекеленген жағдайларда дәрілік заттардың мөошері миллилитрмен (мл), литрмен (л), килограммен (кг) немесе әсерлік бірлігі (Ә.Б.) түрінде беріледі.4. Бірнеше затты тең мөлшерде жазуы жиі-жиі кездесіп тұрады, бұл жағдайда соңғы заттың жанына āā яғни ana –тепе-тең (бірдей мөлшерде) деген сөз жазылады, егер ертінді құйылса, онда ad ( мөлшерге дейін) деген сөз жазылады. 5. Сонымен, рецепт recipe деген сөзден signetur дейін латын тілінде жазылады. Содан кейін дәрінің қолдану тәсілі (signatura) мен оның кімге тағайындалғандығы (nomen aegroti) орыс тілінде немесе жергілікті халық тілінде жазылады.9. Рецептінің аяғына дәрігердің немесе фельдшердің қолы қойылады (nomen medici), егер улы немесе күшті әсер ететін зат жазу керек болса, рецептіге дәрігердің немесе емдеу мекемесінің мөрі басылады.6. Рецепт кейде бланкінің бір жағына сыймайды, мұндай жағдайда бланкінің төменгі жағына verte – аударып қара деген сөз жазылады да, рецептіні екінші бетінен жалғастырып жаза береді. 7. Дәріні тез алу керек болған жағдайда бланкінің оң жақ бұрышының жоғарға жағына cito (тез) немесе statim (дереу), немесе citissime (мүмкінділігінше тезірек) деген сөздер жазып, олардың асты сызылып, леп белгісі қойылады (Cito !). 8. Кейбір заттар жарық, ылғал, ауа тағы басқалардың ықпалымен өзгереді, ондай жағдайда аптекаға дәріні қандай затқа орап жіберу туралы рецептіде нұсқау көрсеткен жөн. Егер дәріні күңгірт шөлмекке салып жіберу керек болса, detur деген сөзден кейін in vitro nigro, немесе парфиндалған қағазға in charta paraffinata, яғни ad chartam paraffinatam т.с. сыяқты сөздер жазылады. 9. Бір рецепт бланкесіне бірнеше рецепт жазу жиі кездесіп тұрады, ондай жағдайда олардың арасына айыру белгісі қойылады#.10. Бір рецептік бланкіде бір ғана улы дәрілік зат немесе 2-3 жай әсер ететін дәрілік заттар жазылады. Әрбір рецепт жаңа жолдан Rp: деген сөзден басталып сигнатурамен аяқталады. 11. Жоғарыдағы аталған ережелерге сай емес, немесе құрамында керегер әсер етуші заттары бар рецептер жарамсыз деп табылады.
2. Галендік және жаңа галендік заттардың жазу ережелері және оның сипаттамасы. Тұнба- настойка - (tincturae). Тұнбашалар деп өсімдіктер мен жануалардан алынатын дәрілік заттардың спирттік, эфирлік және сулық сығындыларын атайды. Бұл форм заводтарда дайындалатын тұрақты, боялған, тұнық сұйықтар. Оларды былай дайындайды: материалды ұсатып бакке салады, сонсоң сорып алатын сұйықты құйып араластырады: бакті жауып 16-20° температурада 7-10 күнбойы тұндырады. Содан сұйығын құйып алып, қоюын пресспен сығады: алынған тұндырманы тұндырып сүзеді. Егер рецептіде сорып шығаратын сұйық көрсетілмесе, онда спиртті настойка жіберіледі (70° спиртте), бұл тұндырманы кейде tinctura simplex деп атайды.Тұнбашаларды жалғыз заттан жасалған қарапайым (tincturae simplices) және бірнеше тұнбашалардан тұратын немесе басқа дәрілік формалар, препараттар, заттар кіретін күрделі (tincturae compositae) түрлері бар.Тұнбашаларды жақсылап жабылған ыдыста әдеттегі үй температурасында сақтайды. Тұнбашаларды таза күйінде (per se) немесе түрліше дәрілік формаларда сыртқы және ішке тамшылап мөлшерлейді, сондай-ақ, олардың атын атап жазады. Сірінділер: сұйық (extacta fluida), жұмсақ (extacta molla), қою(extacta spissa), және құрғақ(extacta sicca); спиртті(extacta Spirituosa), эфирлі (extacta aetherea) және сулы (extacta aguosa) түрлерге бөлінеді.Оларды перколяция әдісімен заводтарда дайындайды; ең алдымен сұйық сірінді алып, содан кейін оны керекті қоюлық дәрежесне жеткенше қайнатады.Сұйық сірінділерді тұндырма ретіне, қою және құрғақ ерітінділерді-ұнтақ және басқа дәрілік формаларда қолданады. Шырыштар – mucilagines (жекеше, атау жалғауы mucilago жекеше, ілік жалғауы – mucilaginis). Бұл өсімдік материалдарынан су күшімен шырыш шығарып алу, немесе ағаш шайырын (смоланы) суда еріту арқылы өндірілетін сұйық дәрілік форма. Шырыштар тітіркендіргіш заттарды ішке және тікішекке (per rectum) тағайындағанда олардың жергілікті әсерін бәсеңдету үшін қолданылады. әдетте шырыштарды сумен тең мөлшерде,немесе суға қарағанда жартылай мөлшерде алу керек. Рецептіде шырыштардың дайын түрін көрсетеді, немесе оларды фармакопея нұсқауларына сәйкес даярлауға. Жұпар иісті сулар – Aquae өсімдік материалдарын қайнатып жатқан суға қосып айдау арқылы немесе кейбір дәрілік заттарды суда еріту арқылы алынған эфирлі майлардың ертінділері. Жұпар иісіті сулар ветеринарияда аз тараған. Официналдық сулар: 1) Aqua Amygdalarum amararum – ашы бадам суы 2) Aqua Cinnamomi spirituosa – даршын спиртті суы, 3) Aqua Foeniculi – укроп суы, 4) Aqua Menthae piperitae - жаншылған бұрыштың суы, 5) Aqua Picis - қарамайлы суы, 6) Aqua Plumbi – қорғасынды суы, 7) Aqua Calcis – ізбесті су. Сироптар – sirupi. Бұл қантты суда, ашыған жеміс шырышында, настойкаларда, қайнатындыларда еріту арқылы алынатын қоюлау, тұнық сұйықтар. Олардың құрамына 62- 64 % қант кіреді. Официналдық сироптар: 1) Sirupus Althaeae – жалбызтікен сиропы, 2) Sirupus Ferri iodati – иодті темір сиропы, 3) Sirupus Glucyrrihizae – мия тамыр сиропы, 4) Sirupus Ipecacuanhae – ипекакуан сиропы, 5) Sirupus Rhei – ақ рауағаш сиропы, 6) Sirupus Rubi Idaei – таңқурай сиропы, 7) Sirupus simplex- кәдімгі қант сиропы. Спирттер - spiritus. Бұл заттарды этил спиртінде еріту арқылы немесе спиртті эфирлі майларға қосып айдау арқылы алынатын спирттік препараттар. Құрамындағы затқа қарай спирттерді сыртқа және ішке қолданылады. Оларды официналдық препарат ретінде жібереді. Мұның қатарына: 1) Spiritus camphoratus – камфорлы спирт, 2) Spiritus saponatus – сабынды спирт, 3) Spiritus Sinapis- қыша спирті т.б. кіреді. Сабындар - sapones. Ветеринарияда сабындар таза күйінде (per se) adiuvans (линменттер жасағанда) ретінде және constituens (болюстер жасағанда қолданылатын көк сабындар) ретінде қолданылады.
3. Уақытша фармакологиялық мақалалар мен мемлекеттік фармакопея. Қазақстан Республикасындағы дәрі-дәрімек препараттардың дайындау технологиясының негізгі міндеттері және оның маңызы. Фармакопея (гр. pharmakon — дәрі және poieo — жасаймын), дәрілік заттардың сапасына деген талаптарды көрсететін стандарттар мен нормативті құжаттар жиынтығы. Мемлекеттік фармакопея - уәкілетті федералды органдар арқылы мемлекеттік бюджет есебінен құрылып, 5 жылда бір рет өңдеуден өтеді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының фармацефтикалық нарығында жеті мыңға жуық дәрілік заттардың аталуы бар. Олардың сапасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Фармакопеясының стандарттары мен нормалары бойынша регламенттелуі керек. Фармакопеялық мақала (ФМ) дегеніміз- федералды органдар арқылы бекітілген, мемлекеттік стандарт болып табылатын, дәрілік заттар мен дәрі жасайтын шикізаттардың сапасына, қаптамасына, сақтау мерзіміне және жағдайына талаптар орнататын нормативті-техникалық құжат. Фармакопеялық мақала құрамына өсімдік тектес дәрілік шикізаттың ана тіліндегі және латын тіліндегі аталуы кіреді. Яғни ветеринариялық бағытта қолданылатын дәрілік заттардың сапасын көрсететін әдістердің тізімі. Мақала түрлері: Кәсіпорындық фармакопеялық мақала – нарықтық атаудағы дәрілік заттың сапалық стандарты, ол белгілі кәсіпорын өндіретін дәрілік заттардың сапасын бақылаудың көрсеткіштері мен әдістемелерінің жиынтығынан тұрады. Бұл мақалада сонымен қатар Мемлекеттік Фармакопеяның тәртібіне сәйкес экспертизадан және тіркеуден өткен осы өндіріс орнының технологиялық негізі есепке алынады. Кәсіпорындық фармакопеялық мақаланың қызмет уақытын сол өндірістің технологиялық процесінің дәрежесін есепке ала отырып 5 жылдан кем емес уақытқа бекітеді. Жалпы фармакопеялық мақала – құрамына дәрілік формаларға деген негізгі талаптар мен дәрілік заттардың сапасын бақылаудың стандартты әдістерінің сипаттамасы кіретін дәрілік заттардың сапасының мемлекеттік стандарты. Жалпы фармакопеялық мақала жүйесіне – белгілі дәрілік форманы тексеруден өткізудің нормалық әдістемелері мен талаптарының тізімі, дәрілік заттарды анализдеудің микробиологиялық, биохимиялық, физико-химиялық, физикалық және химиялық әдістерінің сипаттамасы, сонымен қатар осы зерттеу әдістерінде қолданылатын ерітінділерге, реактивтерге және индикаторларға қойылатын талаптар кіреді. Жеке фармакопеялық мақала – дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен сапасын регламенттейтін нормативті-техникалық құжат. Фармакопеялық мақала құрылымы: Кіріспе бөлімі. Бұл бөлімде мыналар көрсетіледі: шикізатты (дәрілік зат жасалатын) жинау уақыты (вегетациялық фаза, кейде күнтізбелік уақыт) және шикізаттың технологиялық өңдеу режімінің сипаттамасы; -кептірілген, жаңадан жиналған, жаңадан мұздатылған және т.б.; -жабайы және мәдени өсімдіктер; -олардың даму формалары;өңделетін өсімдіктің және оның тұқымының атауы ана тілінде және латын тілінде; Сыртқы белгілері. Шикізаттың жалғандығының маңызды көрсеткіші. Бұл бөлімде мыналар көрсетіледі:-шикізат құрамы; -шикізаттың өзіне тән диагностикалық белгілері, дәмі, түсі және көлемі;
Сиырға кофеин натрий бензоаттың дозасы 6 г. Ампулада 20 % - 10 мл ерітіндісі бар. Бір инъекцияға рецепт жаз. ( Coffeini natrii benzoas). Есеп: 1) 20%(г)-100ml Х г - 10ml X= 20г*10ml100ml=2 г 2) 1 амп.-2 г Х амп.-6г Х=6г*1амп2 г=3амп. Сиырға Rp.: Sol.Coffeini natrii benzoati 20%-10ml D.t.d. №3 in ampillis S. 1 инъекцияга 30 мл Бұзауға сульфатонның дозасы 1г. Таблеткада 0,5 сульфатон бар. Бір мезгілден 7 күнге жаз. (sulfatonum). Есеп: 1) 1таб.-0.5 Х таб.-1.0 Х=2 таб. 2) 2 таб*1мез.*7кун=14таб. Бұзауға Rp.: Tab.Sulfatoni 0.5 D.t.d. №14 S.ішке 2таблеткадан 1 мезгілден 7 күнге Шошқа майына жасалған 10% ихтиол майын жаз. Осы майда 4 г ихтиол болсын. (Ichthyolum). Есеп: 10%-4 г 100%-Х г Х=40 г Rp.: Unq.Ichthyoli 10%-40,0 D.S. сыртқа Rp.: Ichthyoli 4,0 Vaselini 36,0 M.f. unquentum D.S. сыртқа Калий бромидтың (Kalium bromidum) дозасы 3 г және натрий бромидтың (Natrium bromidum) дозасы 6 г пилюляны жаса, мысыққа күніне 3 мезгілден 10 тәулікке рецепты жаз. Мысыққа Rp.: Kalii bromidi 3,0 Natrii bromidi 6,0 Farinae secalinae et. Aqua fantanae q.s Ut.fiat pilula D.t.d. № 30 S. күніне 3 мезгілден 10 тәулікке Аминизинның (Aminazynum) дозасы сиырға 0,1 мг бір кг салмаққа (салмағы 300 кг), бір ампулада 2,5% 2 мл аминазин бар. Бір инъекция рецепті жаз. Есеп: Есеп: 1) 1) 0,1мг*300кг=30мг=0,03г 2) 2,5%(г) )-100ml Х г - 2ml X=2,5г*2ml100ml=0,05 г 3) 1 амп.- 0,05 г Х амп.-0,03г X~1 амп Сиырға Rp.: Sol.Aminazini 2,5%-2 мл D.t.d. №1 in ampillis S. тері астына 1 инъекцияга 2 мл

2 билет
1.Пасталарды дайындау технологиясы. Пасталар – Pastae. (Pastae, Pasta, Pastae.)


Пасталар дегеніміз құрамына 25 проценттен және одан да көп процент ұнтақ тәрізді заттар кіретін қою сүртпе майлар. Оларды сүртпе майлар сыяқты, сонда көрсетілгендей сonstituens қосып жібереді. Пасталардың сілтілік (pastae causticae) және терілік (pastae dermaticae) түрлері бар. Сілтілік пасталардың құрамына: Kalium causticum, Acidum arsenicosum, Hydrargyrum bichloratum, Zincum chloratum, Calcaria usta т.б. кіреді. Пасталар дәрілік және форма түзгіш заттардан тұрады. Егер пастаның құрамында 25 проценттен ұнтақ заттар аз болса, онда индифференттық заттарды қосады: цинк тотығың (Zincum oxidum), бидай крахмалды, (trictii Amylum) талкті (Tallcum), т.б. ұнтақ заттарды. Пасталарды былай жазады: официналдық пастаның құрамындағы заттарды айтпай-ақ, атын ғана көрсетеді; магистральдық пастаның құрамындаға барлық заттарды тізіп, рецептіні
2. Күрделі ұнтақтарды жазу, дайындау технологиясы және жалпы сипаттамасы. Ұнтақтар – pulveres. (Pulvis, pulveris, pulveres).Ұнтақтар- құрғак, сусымалы дәрілік зат формасы. Бұл форма ірі, қатты өсімдік заттар мен құрғақ минералдық заттарды келсаппен (ступкада) ұсатып, соңынан әдейі електермен елеу арқылы алынады. Үйкеп ұстаудан басқа ұнтақтарды жасаудың тұндырып (pulveres praecipitati), айдап (pulveres sublimati) және майлап (pulveres laevigati) алу түрлері бар. Ұнтақтар ішке де, сыртқа да тағайындалады. Бір ғана заттан тұратын ұнтақ қарапаиым, ал екі және одан да көп заттан тұратын ұнтақ күрделі ұнтақ деп аталады. Ірі (pulvis grossus), ұсақ (pulvis subtilis), өте ұсақ (pulvis subtilissimus) ұнтақтар бар. Ішке ұсақ ұнтақтар қолданылады, бұл туралы рецептіде әдейі көрсетпесе де болады. Кілегей қабықтарға, жара немесе іріңді жара бетіне жағу үшін ұсақ ұнтақтар жазу керек. Ішке қабылданатын ұнтақтардың салмағы 0,2-дан 2,0-ға дейін, ал ірі малдар үшін 20,0 – 25,0 және одан да көпке жетеді. Әсер етерлік негіздер аз мөлшерде жіберілген жағдайда, форма беру үшін мал сүйсіне қабылдайтын индиференттік ұнтақ қосылады. Олардың қатарына: қант (saccharum), қызылмыя түбірінің ұнтағы (pulvis radicis Glucyrrihizae), жалбызтікен түбірінің ұнтағы (pulvis radicis Аlthaeae), ас тұзы (Natrium chloratum) жатады. Басқа дәрілік формадағыдай, күрделі ұнтақтарға: basis (міндетті түрде), adjuvans, corrigens, constituens кіреді. Жәй ұнтақтарда бір ғана зат – basis болады. Дозаланған және дозаланбаған ұнтақтар бар. Дозаланған ұнтақтарға жазбада әрбіреуінің салмағы көрсетілген ұнтақтар жатады. Дозаланбаған ұнтақтардың жалпы салмағы көрсетіліп қана жазылады, оларды малдарға шай қасықпен немесе ас қасығымен, шай стақанымен т.б. береді. Ұнтақтардың бұл түрінде қауыпсыз, бәсең әсер ететңн, индиференттік дәм беретін заттар ғана тағайындалады, ал күшті әсер ететін және улы заттар қолданылмайды. Ұнтақтарды жазудың екі әдісі: рецептіде заттың барлық ұнтақтар санына жеткілікті мөлшері көрсетіліп жазылатын дивизиондық және бір ғана ұнтаққа жеткілікті мөлшері көрсетіліп жазылатын диспензациялық әдістері бар.
3. Аэрозолді заттарды қолдану және оның сипаттамасы. Аэрозоль ( немісше: sol — ерітінді) — газды ортада (ауада) қалықтаған сұйық не қатты бөлшектерден тұратын дисперстік жүйелер. Терминді алғаш1945 жылы ағылшын химигі Ф.Дж. Доннан енгізген. Аэрозоль - шашырату жүйесінің газдық ортада өлшенген жағдайда болатын сұйық тамшысы немесе қатты дененің бөлшегінен тұрады. Аэрозольдің мөлшері оның массасы мен бөлшек саны бойынша анықталады. Олардың сұйық бөлшегінің радиусы 10-5 — 10-1 см, ал қатты бөлшектерінікі 10-8 — 10-3 см болады. Аэрозоль дисперстену (ірі бөлшектердің ұсағырақ бөлшектерге айналуы, мысалы, шахта шаң-тозаңы) және конденсаттану (ұсақ бөлшектердің ірірек бөлшектерге бірігуі, мысалы, тұманнан бұлт пайда болуы) салдарынан түзіледі. Дисперстену жолмен көбінде полидисперстік және тұрпайы дисперстік аэрозоль түзіледі, ал жоғары дисперстік және біртекті (монодисперстік) аэрозоль конденсаттану арқылы алынады. Көбінесе аэрозольдың түзілуі зиянды болады. Мысалы, өндірістік процестерде қажетті заттар тозаңмен бірге кетеді (металлургия, цемент, химия өндірістері); атмосферадағыаэрозольмен азық-түлік ластанады; кейбір аэрозольдар ауамен қосылып қопарылғыш қоспалар түзеді (көмір, қант, ұн тозаңдары). Аэрозоль медицинада (организмге дәрі-дәрмекенгізуде, жұқпалы микробтарды залалсыздандыруда), метеорологияда (тұманды сейілту, жасанды жаңбыр жауғызуда) ауыл шаруашылығында (инсектицидтер шашуда) тұрмыста т.б. қолданылады. Аэрозольдер дегеніміз дисперстік фазасы не сұйық, не қатты дене, ал дисперстік ортасы газ, әдетте, ауа болып келетін дисперстік системалар. Бұған тұман, түтін, шаң сияқтылар мысал болады. Аэрозольдердщ дисперстілігі коллоидты бөлшектікінен кіші , ондағы бөлшектер ірілеу және біркелкі бола бермей; Мысалы, темекі түтініндегі бөлшек өлшемі 0,1 —1,0 мкм, Құрмы тағы түтіндікі — 0,1 —100,0 мкм, тұмандікі (Н2О)—0,5 мкм
Қойға болюс ретінде 10 г фталозол бер (Phtalosolum). Күніне бір мезгілден 6 тәулікке рецепты жаз. Rp.: Phtalosoli 10,0 Farinae secalinae et. Aqua fantanae q.s Ut.fiat bolus D.t.d. № 6 S.Ішке күніне 1 рет 6 тәулікке
Сиырдың желініне жағу үшін 10 % анестезиннен (Anaesthesinum) және 5% дерматолдан (Dermatolum) тұратын 20 г сүртпе май жаз.
Есеп: 1) 20г-100% Хг-10% Х=2 г 2) 20г-100% Хг-5% Х=1 г Сиырға Rp.: Anaesthesini 2,0 Dermatoli 1,0 Vaselini ad 20,0 M.f. unquentum D.S. сыртқа
3 литр калий перманганаты (Kallium permenganatis) ерітіндісін 1: 5000 қатынаста, сиырдың қынабын жууға жаз. Сиырға Rp.: Kalii permenganati 1:5000 D.s. қынабын жууға
Жылқыға венаға глюкозаның (Glucosum) дозасы 40 г, ампулада 20 мл 40% ерітіндісі бар. Есеп: 1) 40%(г) )-100ml Х г - 20ml X=8 г 2) 1 амп.- 8 г Х амп.-40г X=5 амп Жылқыға Rp.: Sol.Glucosi 40%- 20 мл D.t.d. №5 in ampillis S. венаға 100 мл
Жылқыға тері астына 6 г кофеиннің натрий бензоатын (Coffeinum natrii-benzoatis) бер. 1 ампулада 20% 10 мл ерітіндісі бар. Есеп: 1) 20%(г) )-100ml Х г - 10ml X=2 г 2) 1 амп.- 2 г Х амп.-6г X=3 амп Жылқыға Rp.: Sol.Coffeini natrii benzoati 20%-10ml D.t.d. №3 in ampillis S. тері астына 30 мл

3 билет


1.Болюстерді жазу, дайындау технологиясы және оның маңызы. Болюстер –bolus. (Bolus, boli, boli). Болюстер- дөнгелектеу немесе сопақша келген, консистенциясы- жұмсақ, ішке беруге арналған дәрілік зат формасы. Бұл әсер беретін заттарды құрамында шырыш кездесетін өсімдік ұнтақтарымен және су немесе басқа сұйықтармен араластырып жасайтын дөңгелек яки жұмыртқа тәрізді қатты дәрілік форма. Болюстерді бальзамдар мен ағаш шайырын көк сабынмен араластырып жасайды. Болюстер бір немесе бір неше дәрілік заттардан және форма түзгіш (беретін) заттардан (contituens) тұрады. Форма түзгіш зат ретінде: қара бидай ұны (farina Secalina), бидай ұны (farina Tritici), жабызтікен тамырының ұнтағы (pulvis radicis Althaeae), орал мия тамырының ұнтағы (pulvis radicis Alycyrrhizae), ақ саз (pulvis alba), глинозем (argilla alba), сондай-ақ көк сабын (sapo viridis), глицерин сүртпе майы (unguentum Glucerini) т.б. қолданылады. Тез кебетіндіктен (көгеріп кетеді), болюстерді 1-2 күнге жететіндей етіп қана дайындайды. Оларды көбінесе ірі малдарға тағайындайды. Болюстердің ең жоғарғы салмағы 50,0 –ға, орташа салмағы 25,0-30,0 –ға тең болады.
2.Ветеринарлық дәріханаға тускен дәрілік заттарды сақтау, пайдалану және жою талаптары. Дәрі-дәрмектерді өртке, бақытсыздық оқиғаларға немесе қасақаналықпен істелетін әрекетке қарсы шараларды ескере отырып сақтайды. Дәрі-дәрмектер сақталатын шкафтарда құлып салынуға тиіс. Жұмыс біткеннен кейін улы заттар сақтайтын шкафтың аузына сургучті мөр немесе басқа мөр басылады.
Дәріні дайындап болғаннан кейін жұмыс столының үстінде ешқандай дәрі-дәрмек, әсіресе А мен Б тобына жататын дәрілерді қалдырмау керек. Дәрі-дәрмектер сақталатын шкафтардың кілттері оларға жауапты адамның қолында болуға тиіс.
Дәрі-дәрмек салынған шөлмектер мен банкілерге анық етіп латынша жазылған этикеткалар жапсырылады, улы заттар үшін қараның үстіне ақпен, күшті әсер ететін заттар үшін – ақтың үстіне қызылмен, ал қалған дәрілер үшін – ақтың үстіне қарамен жазу керек. Улы және күшті әсер ететін заттар салынған әрбір ыдысқа арнаулы этикеткалар жапсырылады (бассүйектің үстінде айқастырып салынған жілік сүйектердің суреті мен у деген жазу болуға тиіс).
Жарықтың ықпалымен ажырайтын заттар салынған ыдыстың сыртына: қараңғыда сақталсын, оттан тұтанғыш заттар үшін – оттан қауыпты, жылу ықпалымен бұзылатын заттар үшін – салқын жерде сақталсын деген этикеткалар жапсырылады.
Дәрі-дәрмектерді төмендегідей етіп сақтау керек: 1. гигроскопиялық (ылғал тартқыш) заттарды құрғақ үйде, мықтап тығындалған шөлмек ыдыста: 2. жарықта ажырайтын заттар – қараңғы үйде немесе күнгірт шөлмектерде; 3. оттан қауыпты заттар (олар аз мөлшерде болуға тиіс) – керосин шамынан, пештерден қашық жерде, ал олардың қоры - өртке қарсы шаралардың ережесіне сәйкес келетін жеке үйде; 4. күйдіргіш сілтілер мен күшті қышқылдар – қолдан келген сақтықпен бірыңғай жерде; 5. жылу ықпалымен бұзылатын дәрілік заттар – құрғақ, салқын жерде сақталады. Дезинфекциялық заттардың көп мөлшердегі запасы құлып салынған жеке бөлмеде сақталады. Аптека жылылығы 9 градустан төмен болмауы керек, өйтені сұйық формалы заттардың бірқатары салқын әсерінен кристалға айналып кетеді.
3. Спирттерді, шырындарды қолдану және оның сипаттамасы. Сироптар – sirupi. Бұл қантты суда, ашыған жеміс шырышында, настойкаларда, қайнатындыларда еріту арқылы алынатын қоюлау, тұнық сұйықтар. Олардың құрамына 62- 64 % қант кіреді.Сироптар ұзақ уақыт сақтауға төзімді. Ветеринарияда олар carrigens ретінде қолданылады.Фармакопеяның 8 рет басылуына сәйкес қарапайым сироп (sirupus simplex s. sirupus saccharatus) қантты суда еріту жолымен дайындалады (640 бөлек қант және 360 бөлек су). Тотығу салдарынан қараңғы жерде қоңыр тартып түсі өзгеретін, сондықтан да өте жарық жерде сақталатын Sirupus Ferri iodati сиропынан басқа сироптардың барлығы қараңғы, салқын жерде сақталады.Официналдық сироптар: 1) Sirupus Althaeae – жалбызтікен сиропы, 2) Sirupus Ferri iodati – иодті темір сиропы, 3) Sirupus Glucyrrihizae – мия тамыр сиропы, 4) Sirupus Ipecacuanhae – ипекакуан сиропы, 5) Sirupus Rhei – ақ рауағаш сиропы, 6) Sirupus Rubi Idaei – таңқурай сиропы, 7) Sirupus simplex- кәдімгі қант сиропы. Спирттер - spiritus. Бұл заттарды этил спиртінде еріту арқылы немесе спиртті эфирлі майларға қосып айдау арқылы алынатын спирттік препараттар. Құрамындағы затқа қарай спирттерді сыртқа және ішке қолданылады. Оларды официналдық препарат ретінде жібереді. Мұның қатарына: 1) Spiritus camphoratus – камфорлы спирт, 2) Spiritus saponatus – сабынды спирт, 3) Spiritus Sinapis- қыша спирті т.б. кіреді.
Сиырға кофеин натрий бензоаттың дозасы 6 г. Ампулада 20 % - 10 мл ерітіндісі бар. Бір инъекцияға рецепт жаз. ( Coffeini natrii benzoas). Есеп: 1) 20%(г)-100m Х г - 10ml X= 20г*10ml100ml=2 г 2) 1 амп.-2 г Х амп.-6г Х=6г*1амп2 г=3амп.Сиырға Rp.: Sol.Coffeini natrii benzoati 20%-10ml D.t.d. №3 in ampillis S. 1 инъекцияга 30 мл
Жараны жуу үшін 500 мл ертіндісінде 2,5 г хлорамин болсын. Рецепті магистралды әдіспен (қысқа түрінде) жаз. (Chloramini) Rp.: Chloramini 2,5 Aq.dest.ad 500 ml M.f. soluti D.s.cыртқа жараны жуу үшін
Бұзауға сульфатонның дозасы 1г. Таблеткада 0,5 сульфатон бар. Бір мезгілден 7 күнге жаз. (sulfatonum). Есеп: 1) 1таб.-0.5 Х таб.-1.0 Х=2 таб. 2) 2 таб*1мез.*7кун=14таб.
Бұзауға Rp.: Tab.Sulfatoni 0.5 D.t.d. №14 S.ішке 2таблеткадан 1 мезгілден 7 күнге
Шошқа майына жасалған 10% ихтиол майын жаз. Осы майда 4 г ихтиол болсын. (Ichthyolum). Есеп: 10%-4 г 100%-Х г Х=40 г Rp.: Unq.Ichthyoli 10%-40,0 D.S. сыртқа # Rp.: Ichthyoli 4,0 Vaselini 36,0 M.f. unquentum D.S. сыртқа
Ипекакуана тамыранан ( А-тізім) 200 мл. Қайнатпаны жаз. (Ipecacyanae) Rp.: Decocti redicies Ipecacyani 20,0-200 ml D.S.ішке
4 билет
1.Рецепт және оның бөлімдері. Рецепт- дәрігердің дәрі жасап беру туралы дәріханаға немесе фармацевке жазбаша түрдегі өтініші. Рецепт – қандай заттарды қанша мөлшерде алу қажеттігін, дәріні қандай формада дайындау керек екенін, дәрі кімге арналғандығын және оны қалай қабылдау керек екенін көрсетіп, дәрігердің немесе фельдшердің аптекаға жазған қолжазбасы.
Рецептің құрамдас бөлімдері.Рецепт алты құрамдас бөлімнен тұрады:І- бөлім – Кіріспе – InscriptioРецептіде ең алдымен дәрігердің мекем жайы, телефон номері, күні, айы, жылы көрсетіледі, ауру мал туралы деректер (түрі, жасы, иесінің аты-жөні, т.б.) егер рецепт емдеу мекемесінен жазылған болса, жоғарыда көрстетілген мәліметтердің орнына оның мөрі басылады. Рецептін бөлімі (inscriptio), орыс тілінде немесе жергілікті ұлттық тілінде жазыладыII- бөлім – Дәрігердің фармацевке өтініші – PraepositioҚағаздың сол жақ бетінен 1 ½ - 2 см қалдырып, жаңа жолдан recipe, яғни – ал, қысқаша екі әріппен белгіленген (Rp.:) деген сөз жазылады, содан кейін міндетті түрде қос нүкте қойылады. Рецептін бұл бөлімі (praepositio) яғни invocatio, яғни өтіну деп аталады. Recipe сөзден кейін жаңа жолдан бастап немесе әдепкі жолдың бойымен керекті заттардың аттарын ілік септік жалғауында міндетті түрде бас әріппен жалғастырып жаза береді.III – бөлім – дәрілік заттардың атаулары - Designatio materiarum Рецептін құрамында дәрілік заттар белгілі бір тәртіппен, ретпен жазылады. Күрделі рецептін құрамында заттар былай жазылады: 1) негізгі әсер ететін (basis), 2) негізгі заттың әсерін күшейтетін (adjuvans), 3) дәмін жақсартатын (corrigens), 4) форма беретін (constituens) заттар кіруі мүмкін.Кейбір дәрілік формаларын дайындаған кезде қажетті форма беретін заттың керекті мөлшерін көрсету өте қиынға соғады, ондай жағдайда дәрінің керекті формасын жасау үшін фармацептке дәрілік затты керегінше алу туралы нұсқау беріледі. Бұл нұсқау q. s. (quantum satis - керегінше) деген екі әріппен белгіленеді. Мысалы:IV- бөлім – дәрі жасау және оны босату туралы нұсқау беріледі – Subscriptio Қандай затты қанша мөлшерде алу керек екенін көрсеткеннен кейін жаңа жолдың сол жағынан қысқаша М әріпімен белгіленген misce (араластыр) деген сөз жазылады. Қандай дәрілік форма алу керек екенін көрсеткенде қысқаша f әріпімен белгілеп, fiat (жаса), деген сөз жазып, латынша керекті форма көрсетіледі.Мүнан әрі жаңа жолдың сол жағынан da немесе detur яғни dentur, бер, мейлі берілсін, мейлі олар берілсін деген және signetur мейлі белгіленсін, яғни signa белгіле ( қысқаша D. S.) деген сөздер жазылады. Қандай дәрілік форма дайындау керек екенін көрсеткісі келмесе, рецептіні M. D. S. әріптерімен аяқтайды. Бұны аударғанда: ал йодоформды 5,0, ксероформды 1,0 араластыр жаса ұнтақты, бер сондай мөлшермен бес рет. Белгіле (тағайында).V- бөлім – тағайындау – Signatura (қысқаша S.) Бұл бөлімде дәрілердің қолданылу тәсілі, қанша мөлшерде және қанша рет беру керектігі көрсетіледі. Сигнатура ауру иесі алатындай тілде жазылуы керек. VI- бөлім – дәрігердің қолы -Nomen medici : Бүл бөлім рецептің ең жауапты бөлімі (дәрігер қол қояр алдында жазылған рецепті мүқият тексеріп шығуы керек). Рецептін жазу сызбалары. Схемалары.Рецепт құрамына қанша дәрілік заттар кіреді және олардың жалпы салмақтық немесе жеке дозалармен көрсетілуіне байланысты рецепт жазудың бес схемасы бар:
І – схема: қарапайым дозаланбаған рецепт.Rp.: lodoformii 150,0 D.S. Жараға себу үшін. ІІ- схема: қарапайым дозаланған рецепт. Rp.: Streptocidi 0,5 D.t.d.N 10 S. Күніне 2 рет 5 тәулікке. ІІІ- сxема: күрделі дозаланбаған рецепт. Rp.: lodoformii 50,0 Xeroformii 10,0M.f. pulvis D.S. Жараға себу үшін. IV- схема: күрделі дозаланған диспензациялық (бөлінген) әдіс:Rp.: Natrii bromidi 1,0 Kalii bromidii 0,5 M.f. pulvis D.t.d.N 5 S. Күніне бір рет 5 тәулікке 1 ұнтақтан ішкізілсін. V – схема: күрделі дозаланған дивизиялық (бөлінбеген) әдіс:Rp.: Natrii bromidi 5,0 Kalii bromidii 2,5M.f. pulveres N 5 D. S. Күніне бір рет 5 тәулікке 1 ұнтақтан ішкізілсін. Дәрілік формалардың І -ші схема бойынша: ұнтақтар, сүртпе майлар, ертінділер, эмульсиялар, түнбалар, қайнатпалар және кейбір басқа формалар жазылады. ІІ- схема бойынша – ұнтақтар, таблеткалар, ампулдағы ертінділер жазылады.ІІІ – схема бойынша – ұнтақтар, дәрілік жиынтық заттар, ботқалар, сүртпе майлар, пасталар, линименттер, ерінділер, микстуралар, эмульсиялар жазылады.ІV және V схемалар бойынша ұнтақтар, пилюлалар, болюстер, суппозиторийлер жазылады.
2. Тұнбаны жазу тәртібі және тағайындау. Тұнбаларды тек ғана официоналдық әдіспен дозаланбаған рецепт бойынша жазады. Рецепте қанша зат, қанша мөлшерде тұнбалар алу қажеттігін көрсету керек. Тұнбаларды проценттік қатынаста жазуға болмайды. Мысалы: Сиырға шалфей шөбінен тұнба жаса дозасы 50грамм.Сиырға Rp.: Herba Salvie 50,0-500mlD.S. ішке
3. Улы дәрілік препараттарды босату және сақтау ережелері. Улы және қатты әсер ететін дәрілік заттардан басқа дәрілер (жай әсер ететін) кәдімгі шкафтарда жалпы ережелер бойынша сақталады. Шөлмектін сыртындағы жазу ақ фонда, қара түсті әріптермен жазылады. Дәріханаларда дайындалған дәрілік зат формаларының жапсырма қағазы (этикетка) да әр түсті болады; ішуге арналған дәрілердің жапсырма қағазы ақ сыртқа қолданылатын дәрілердікі көк түсті болып келеді.
Тері астына папаверин гидрохлоридтің (Papaverini hydrochloridum) дозасы 0,8 бер. 1 ампулада 2% 2 мл ерітіндісі бар. Есеп: 1) 2%(г)-100mlХ г - 2ml X= 0.04 г 2) 1 амп.-0.04 г Х амп.-0.8гХ=20 амп.Rp.: Sol.Papaverini hydrochloridi 2%-2ml D.t.d. №20 in ampillis S. тері астына 1 инъекцияга 40 мл
Амидопириннің (Amidopyrinum) дозасы 6,0, бір таблеткада 0,5 амидопирин бар. Қойға 3 мезгілден 4 күнге рецепті жаз.Есеп: 1) 1таб.-0.5Х таб.-6.0 Х=12 таб. 2) 12 таб*3мез.*4кун=144таб.Қойға
Rp.: Tab.Amidopirini 0.5D.t.d. №144S.ішке 12таблеткадан 3мезгілден 4күнге
10% - тық 400 г мырыш тотығынан (Zinci oxydum) тұратын паста жаз. Rp.: Pastae Zinci oxide 10%-400.0 D.S.сыртка # Rp.: Zinci oxide 40.0 Talki 60.0 Vaselini 300.0 M.f.pastae D.S.сыртка Есеп: 1) 400г-100% Хг-10% Х=40г 2) 400г-100%
Хг-15% Х=60г 3) 400г-(40г+60г)=300г
Итке 5 күнге бір мезгілден чай қасықпен ішуге меруерт гүл тұнбасын (Convallariae majalis) жаз. (Доза – 5 г) Итке Rp.:Infusi Convallariae majali 5,0 D.s. ішке күніне 1 шай қасықпен 5 күнге
Сиырға 9 г креолиннен (Creolinum) тұратын домалақ жаз. Сиырға Rp.: Creolini 9,0 Oleum cacao M.f. globulus D.s. қынапқа
5 билет
Микстураларды дайындау технологиясы және оның маңызы. Микстуралар – mixtura. ( Mixtura, mixturae ).Еріткіште екі және одан да көп заттарды еріту арқылы немесе бірнеше сұйық препараттарды араластыру арқылы алынады.Микстуралардың тұнық және шөгіп тұнатын (mixtura agitanda) түрлері бар.Микстуралар сулы ертінділерді спиртті тұндырмалар мен сірінділерге араластыру арқылы алынады. Шөгіп тұнатын микстуралар ерімейтін (өсімдіктерден алынған), немесе нашар еритін (минералдық) ұнтақтарды суға араластырғанда пайда болады. Тұнған дәрілерді сұйықпен араластыру үшін оларды қолданар алдында жақсылап шайқау керек. әрине, мұндай микстураларды құрайтын заттарды дәл мөлшерлеу өте қыйын; сондықтан заттардың ең жоғарғы дозалары немесе А мен Б тобына жататын заттар мұндай микстуралық формада әдетте тағайындалмайды. Микстуралар үшін еріткіш ретінде көбінесе су қолданылады.Тұнық микстураларды ішке қолдануға да, сондай-ақ енгізу мақсатымен де тағайындауға болады; опалесценциялық және шөгіп тұнатын микстуралар көбінесе ішке қолданылады.Микстуралар алу үшін әдетте күрделі рецептілер жазылады; оларды M. D.S. формуласымен аяқтайды. Рецепт үлгісі: Rp.: Cocaini hydrochlorici 0,1Solutionis Adrenalini hydrochlorici1 : 1 000 gtts XZinci sulfurici 0,05Acidi borici 0,3Aquae destillatae 10,0 M. D. S. 2-4 тамшыдан жылқының көзіне
Официоналдық микстуралар: Mixtura oleosae balsamica (Гофман бальзамы), Mixtura sulfurica acida (галлер элексирі, яғни күкірт қышқылы мен спирт қоспасы).
Пилюлдерді жазу, дайындау технологиясы. Пилюлдер – pilulae. (Pilula, pilulae, pilulae).Пилюлдер- домалақ дәрілер, ұсақ жануарларға ішке беруге арналған, дозаланған дәрілік форма. Салмағы 0,1-ден 0,5-ке дейін қою тұтқыр қамырдан иленген шар сыяқты дәрі. Бұл ұзақ уақыт сақтау үшін даярланатын тұрақты әзірлік форма. Пилюлалар көбінесе ұсақ малдарға (құстарға, итке, мысыққа), тағайындалады. Пилюла формасында аз мөлшерде әсер ететін (улы және күшті әсер ететін), тітіркендіретін, дәмі мен исі бар, ащы заттар қолданылады. Олардың әсері бәсең пайда болады.Пилюлалар рецептерде диспензиялық (бөлінген) және дивизиялық (бөлінбеген) әдістермен жазылады. Форма (беретін) түзгіш зат салмағы көрсетілмейді, тек қана q.s.- қанша керек Ut. f. pilulae - пилюля болу үшін деп жазылады.Форма түзгіш (беретін) зат ретінде: қызылмыя тамырының ұнтағы (pulvis radicis Glycyrrhizae), бақбақ тамырының ұнтағы (pulvis radicis Taraxaci), көкгүл тамырының ұнтағы (pulvis radicis Gentianae), сондай-ақ оларға сәйкес сұйық немесе қою сірінділер немесе құрғақ сірінділер мен су қосылып тағайындалады. Рецептіде мөлшері немесе заттың барлық пилюлге жетерлік мөлшері көрсетіледі; форма құрағыш заттарды мөлшерлеу фармацевтке жүктеледі (q.s.); су мөлшері рецептіде көрсетілмейді.Пилюлялар жабысып қалмау үшін оларға талк, крахмал, магний карбонаты т.б. ұнтақтарды себеді, ол туралы кейде рецептіде Ut.f. pilulae № ...consperge Talcum; Ut. f. pilulae № .. consperge Amylum т.б. формулары арқылы нұсқау беріледі. Пилюлдер қарында ажырамайды: ішекте ажырау үшін оларды кератин, салол т.б.-ға орайды; бұл туралы да рецептіде әдейі нұсқау беріледі Ut.f. pilulae №..., odduce Keratinum Ut.f. pilulae №..., obduce Salolo т.б. Рецепт үлгілері:Пилюлдарды коробкаға, ал күшті иісті және ылғал тартқыш пилюлдарды жақсылап жабылған шөлмектерге салып жібереді. Жарықта ажырайтын пилюлдер күңгірт шөлмектерге салынып беріледі.
Ветеринарлық дәріхана. Дәрілік препараттардың технологиялық ұғымдары және негізгі терминдер. Әрбір малдәрігерлік емханалар, фельдшерлік пункттер жанында малдәрігерлік аптекалар бар; оларда тиісті емдеу мекемесінің дәрігерлер мен фельдшерлері қызмет істейді. Тек айрықша бағыттағы азын-аулақ клиникалар мен емдеу мекемелерінің ғана фармацевт басқарған аптекалары болады. Осыған сәйкес малдәрігерлік аптекалардың құрылысымен жабдықталуын әрбір емдеу мекемесі өзінің мүмкіндігі мен қызмет бағытына қарай белгілейді. Малдәрігерлік емхана жанындағы аптеканың құрғақ және жарығы жеткілікті үш бөлмесі, шоланы, подвалы немесе мұздақ суық бөлмесі болғаны жөн. Бірінші бөлме – рецепт қабылдайтын, дайындалған дәріні жіберетін рецептуралық, екінші бөлме – жуып шайып тұратын, үшіншісі – заттар тұратын, дәрі-дәрмектер сақтайтын бөлме болуға тиіс.
1) биологиялық белсенді заттар - жануарлар мен адам ағзасының физиологиялық функцияларының өзгеруіне әкелетін және дәрілік заттар алудың ықтимал көздері болып табылатын әртүрлі тектегі заттар; 2) биоэквиваленттік - олардың бірдей тиімділігі мен қауіпсіздігіне сенім артуға мүмкіндік беретін, бірдей дозада және бірдей жағдайда енгізгеннен кейін бірдей биожетімділігін (жылдамдығы мен сіңірілу дәрежесін) растайтын екі дәрілік заттың салыстырмалы сипаттамасы; 3) гомеопатикалық дәрілік заттар - дәстүрлі емес емдеу әдістері кезінде гомеопатикалық ережелер бойынша қолданылатын, арнаулы технология бойынша дайындалған немесе өндірілген, құрамында өсімдік, жануар, минерал текті заттардың мөлшері тым аз, бір немесе көп құрамдас дәрілік заттар; 4) дәрілік заттар - аурулардың алдын алуға, оларды диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ ағзасының күйі мен функцияларының өзгеруіне арналған фармакологиялық белсенді заттарды білдіретін немесе олардан тұратын құралдар: дәрілік зат, дәрілік субстанция, табиғи текті дәрілік шикізат, дәрілік ангро - және балк өнімдері, дәрілік препараттар, иммунобиологиялық медициналық препараттар. 5) дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау - фармацевтикалық қызметті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің бұзылуын анықтауға әрі жолын кесуге және фармацевтикалық қызметті Қазақстан Республикасының дәрілік заттар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған іс-қимылдар кешені; 6) дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілер - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар; 7) дәрілік заттарды орау - дәрілік заттар айналымы процесін, оларды бұзылу мен жойылудан қорғау жолымен, сондай-ақ қоршаған ортаны ластанудан қорғауды қамтамасыз ететін құралдар немесе құралдар жиынтығы; 8) дәрілік заттарды дайындау - дәрігерлердің рецептілері бойынша дәріханаларда дәрілік түрлерді дайындаумен, сондай-ақ дәрілік субстанциялар алумен, дайындалған дәрілік заттарды сақтаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен және өткізумен байланысты фармацевтикалық қызмет; 9) дәрілік заттарды жіктеу - физикалық-химиялық, уыттылық, фармакологиялық немесе өзге де теңдес қасиеттері бойынша дәрілік заттарды жекелеген топтарға жүйелеу немесе бөлу; 10) дәрілік заттарды сақтау мерзімі - дәрілік заттар сақталудың белгілі бір шарттары жағдайында талдамалық нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес келетін уақыт кезеңі; 11) дәрілік заттарды сертификаттау - дайындаушыға (сатушыға) және тұтынушыға (сатып алушыға) тәуелді болмайтын органның дәрілік заттардың нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша растауы;
12) дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган) - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқару, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ дәрілік заттар айналымы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган; 13) дәрілік заттардың бөлшек саудасы - мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды алумен (әкелуден басқа), сақтаумен, бөлумен, халыққа өткізумен (әкетуден басқа) байланысты фармацевтикалық қызмет; 14) дәрілік заттардың жарамдылық мерзімі - уақыты біткеннен кейін дәрілік заттарды қолдануға болмайтын күні; 15) дәрілік заттардың көтерме саудасы - көлемі шектелмей, мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды сатып алумен, сақтаумен, әкелумен, әкетумен және өткізумен (дәрілік заттарды халыққа өткізуді қоспағанда) байланысты фармацевтикалық қызмет; 16) дәрілік заттардың қауіпсіздігі - адам денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігіне байланысты жол беруге болмайтын тәуекелдің жоқтығы; 17) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы - қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеушіден және (немесе) өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу процесінде жүзеге асырылатын қызмет; 18) Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі - Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттарды есепке алу құжаты;
19) дәрілік заттардың саудалық атауы - дәрілік зат тіркелетін патенттелген атау; 20) дәрілік заттар өндірісі - шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар сатып алумен, технологиялық процеспен, соның ішінде оның сатыларының бірінде жүзеге асырумен - өндірілген өнімді сақтаумен, өткізумен, сондай-ақ оларды бақылаумен қатар жүретін барлық түрлерімен байланысты, дәрілік заттарды топтап шығару үшін қажетті жұмыстардың бүкіл жиынтығын қамтитын фармацевтикалық қызмет; 21) дәрілік затты жасаушы - дәрілік затқа құқығы Қазақстан Республикасының патенттік заңнамасына сәйкес қорғау құжаттарымен қорғалған жаңа дәрілік зат жасаушы жеке немесе заңды тұлға; 22) дәрілік затты мемлекеттік тіркеу - дәрілік заттың фармацевтика нарығында болу қажеттігін, оның қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының бағалануын айқындау рәсімі және дәрілік затты белгілі бір мерзімге Қазақстан Республикасы Дәрілік заттарының мемлекеттік тізіліміне енгізу; 23) дәрілік заттың балк-өнімі - соңғы ораудан басқа, дәрілік препарат дайындаудың технологиялық процесінің барлық сатысынан өткен мөлшерленген дәрілік зат; 24) дәрілік заттың сапасы - дәрілік заттың мақсаты бойынша әрекет етуші қабілетіне әсер ететін қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы; 25) дәрілік заттың сараптамасы - физикалық-химиялық, клиникаға дейінгі сынаулар, клиникалық зерттеулер өткізу жолымен дәрілік затты қауіпсіздігі, тиімділігі және сапасы тұрғысынан зерттеу немесе сынау, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркеуге ұсынылған дәрілік заттың нормативтік құжаттарын зерделеу; 26) дәрілік заттың сәйкестік сертификаты - бірдейлендірілген дәрілік заттың техникалық регламенттер, стандарттар немесе өзге де нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келетіндігін көрсететін, белгіленген нысандағы құжат; 27) дәрілік заттың тиімділігі - аурудың клиникалық көріністеріне (дертті жай-күйіне) және себептеріне дәрілік заттың әсер ету деңгейінің сипаттамасы; 28) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дәрілік заттың атауы; 29) дәрілік өсімдік шикізаты - құрамында биологиялық белсенді заттар бар және дәрілік зат ретінде, сондай-ақ дәрілік заттарды өндіру және дайындау үшін пайдаланылатын өсімдіктердің бөліктері (тамырлары, түп тамырлары мен түбірлері, шөбі, гүлдері, жемісі мен тұқымдары, сабақтары, қабығы, жапырақтары); 30) дәрілік препарат - белгілі бір дәрілік түрдегі дәрілік зат; 31) дәрілік субстанция - дәрілік препараттарды өндіру үшін пайдаланылатын дәрілік заттар
Итке 10 ұнтақ жаз. Әрбір ұнтақта 0,1 г кофеин фосфаттан (Codeini phosphas) және 0,25 г қант (Saccharum) болсын. Күніне бір ұнтақтан 3 мезгіл бер. Итке Rp.: Codeini phosphti 0,1 Saccharumi 0,25 M.f. pulvis D.t.d. № 10 S.ішке 1 ұнтақтан 3 рет
Калий бромидтың (Kalium bromidum) дозасы 3 г және натрий бромидтың (Natrium bromidum) дозасы 6 г пилюляны жаса, мысыққа күніне 3 мезгілден 10 тәулікке рецепты жаз. Мысыққа
Rp.: Kalii bromidi 3,0 Natrii bromidi 6,0 Farinae secalinae et. Aqua fantanae q.s Ut.fiat pilula D.t.d. № 30 S. күніне 3 мезгілден 10 тәулікке
4% калий бромидтан (Kalium bromidum), 0,5% натрий бромидтан (Natrium bromidum) және судан тұратын 150 мл сұйық қоспа жаз. Есеп: 1) 4%(г)-100ml Х г - 150ml X=6г 2) 0.5%(г)-100ml Х г - 150ml X=0.75г Rp.: Kalii bromidi 6.0 Natrii bromidi 0.75 Aq.dest. ad 150 ml M.f.mixture D.S. ішке
Аминизинның (Aminazynum) дозасы сиырға 0,1 мг бір кг салмаққа (салмағы 300 кг), бір ампулада 2,5% 2 мл аминазин бар. Бір инъекция рецепті жаз. Есеп: Есеп: 1) 1) 0,1мг*300кг=30мг=0,03г 2) 2,5%(г) )-100ml Х г - 2ml X=2,5г*2ml100ml=0,05 г 3) 1 амп.- 0,05 г Х амп.-0,03 X~1 амп Сиырға Rp.: Sol.Aminazini 2,5%-2 мл D.t.d. №1 in ampillis S. тері астына 1 инъекцияга 2 мл
0,9% натрий хлоридтан (Natrium chloridum) ертіндісінің 250 мл сиырға жаз.Есеп:0,9% (г) – 100 ml X г- 250 ml x-2,25 г Cиырға
Rp.: Natrii chloridi 2,25 Aq.dest.ad 250 ml M.f.solutio D.s.венаға #
Rp.: Sol.Natrii chloride 0,9%- 250 ml D.s.венаға
6 билет
Дражелерді жазу, дайындау технологиясы және оның сипаттамасы. Драже (Dragee) домалақ, ішке қолдануға арналған қатты дәрілік форма. Оларды завоттарда гранулдарға дәрілік заттар мен қосымша заттарды бірінен кейін бірін қаптау(дражжелеу) арқылы жасайды. Қосымша заттар ретінде қант, крахмал, бидай ұны, какао, бояғыштар т.б. қолданылады. Әрбір драже салмағы 1г-нан көп емес.Дражелердің ерекшелігі – осы формада 10 немесе одан да көп әртүрлі дәрілік заттарды бірінен бірін қосымша заттар арқылы оқшаулап шығаруға болады. Бұл бірімен бірі сәйкес келмейтін дәрілік заттарды асқорыту жолы арқылы дәйекті қолдануға мүмкіншілік береді.
Құрамы бойынша дражелер қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Қарапайым дражелер тек 2-ші схема бойынша жазылады.Итке Rp.: Dragee Diazolini 0.5 D.t.d. N 10S. ішке. 1 дражеден 2 рет, 5күн. Күрделі драже ретінде витаминді препараттар шығарылады. Оларды күрделі таблетка ретінде, арнайы аттармен шығарады.
Пластырлердін жазу, сипаттамасы және оның маңызы. Пластырлар – (emplastura) бұл кенепке жағып, сыртқа, терінің керекті жеріне жапсыратын балауызға ұқсас дәрілік форма. Пластырлар дәріханада дайын күйінде болады: оларды кесектеп немесе кенепке жағып жібереді. Кесектеп жіберген жағдайда пластырды кенепке жағу ауру мал иесінің міндеті, ол туралы нұсқау беріледі.Көп қолданылатын пластырлар: Emplasturm adhaesivum- жұққыш пластырьі, Emplasturm Cantharidis- шпан шыбынының пластырі, Emplasturm Hydrargyri – сынап пластырі.
Дәріханада пластырь алғанда кенепке жағылған пластырдың көлемін: ұзындығын (longitudo), енін (lattudo) немесе жалпы шамасын (magnitudo) көрсету керек; кенепке жағылмаған пластырдың салмақ мөлшері ғана көрсетіледі.
Экстракт ерітіндісін дайындау технологиясы. Сірінділер-extacta (жекеше атау жалғауы- extactum, жекеше ілік жалғауы- extacti).Сірінділер: сұйық (extacta fluida), жұмсақ (extacta molla), қою(extacta spissa), және құрғақ(extacta sicca); спиртті(extacta Spirituosa), эфирлі (extacta aetherea) және сулы (extacta aguosa) түрлерге бөлінеді.Оларды перколяция әдісімен заводтарда дайындайды; ең алдымен сұйық сірінді алып, содан кейін оны керекті қоюлық дәрежесне жеткенше қайнатады. Сұйық сірінділерді тұндырма ретіне, қою және құрғақ ерітінділерді-ұнтақ және басқа дәрілік формаларда қолданады.Официналдық сірінділер:1) Extractum Aloes - сабур сіріндісі, 2) Extractum Belladone-беладонна сіріндісі, 3) Extractum Gentianae- көкгүл сіріндісі, 4) Extractum Glycyrrhizae – қызылмия түбірінің сіріндісі, 5) Extractum Granati fluidum- анар ағашының сұйық сіріндісі, 6) Extractum Hyoscyami- меңдуана сіріндісі, 7) Extractum Opii – апыйын сіріндісі, 8) Extractum Rhri- аұрауағаш сіріндісі, 9) Extractum Rhei compositum – күрделі ақрауағаш сіріндісі, 10) Extractum Secalis cornuti – қастауыш сіріндісі, 11) Extractum Secalis cornuti fluidum – қастауыштың сұйық сіріндісі, 12) Extractum Strychni – чилибуха сіріндісі, 13) Extractum Taraxaci – пия сіріндісі, 14) Extractum Valerianae – валериана сіріндісі.
Қойға болюс ретінде 10 г фталозол бер (Phtalosolum). Күніне бір мезгілден 6 тәулікке рецепты жаз. ҚойғаRp.: Phtalosoli 10,0 Farinae secalinae et.Aqua fantanae q.s Ut.fiat bolus D.t.d. № 6 S.Ішке күніне 1 рет 6 тәулікке
Сиырдың желініне жағу үшін 10 % анестезиннен (Anaesthesinum) және 5% дерматолдан (Dermatolum) тұратын 20 г сүртпе май жаз.Есеп: 1) 20г-100% Хг-10% Х=2 г 2) 20г-100% Хг-5% Х=1 г Сиырға Rp.: Anaesthesini 2,0 Dermatoli 1,0 Vaselini ad 20,0 M.f. unquentum D.S. сыртқа
Сиырға венаға натрий хлоридтың (Natrium chloridum) дозасы 20г 10% ерітінді түрінде жаз.Есеп:1)10% (г) – 100 ml 20 г- x ml x- 200 ml Cиырға Rp.: Natrii chloridi 20,0 Aq.dest.ad 200 ml
M.f. solutio D.s.венаға
3 литр калий перманганаты (Kallium permenganatis) ерітіндісін 1: 5000 қатынаста, сиырдың қынабын жууға жаз.Сиырға Rp.: Kalii permenganati 1:5000 D.s. қынабын жууға #Есеп: 1гр – 5000мл Хгр – 3000мл Х=0,6гр Rp.: Kalii permenganati 0,6 Aq.dest.ad 3000 ml M.f. solutio D.s. қынабын жууға
8 г ментолдан (Mentolum) 90 мл спирттен (Spiritus aethylicus) және 1 литр суға қоспа түрінде сиырға бер.Сиырға Rp.: Mentoli 8.0 Spiriti aethylici 90 ml Aq.dest. ad 1000ml M.f.mixture D.S. ішке
7 билет
Дәрілік заттардың әсер түрлері (синергизм, антагонизм, потенциялау, куммуляция, толерантность). Синергизм (syn – бірге, ergo – жұмыс істеймін) – дәрілік заттардың физиологиялық бір бағыттағы әсері. Синергизм бойынша қоспаға кіретін жеке құранды бөліктердің әсері жай ғана жыйнақталуы немесе жеке дәрілердің әсерін жыйнақталған дәрі нәтижесімен салыстырғанда сай келмей көбейіп кеткенде потенциялануы мүмкін. Тікелей және жанама синергизмдер бар: тікелей синергизмге әсер ететін бір ғана нүктелік дәрілер, ал жанама синергизмге әсер ететін түрліше нүктелік дәрілер жатады. Антогонизм (anti – қарсы, agon – күрес)- бір дәрілік заттың әсерін екінші дірілік заттың бәсеңдетуі немесе мүлдем тоқтатуы; химиялық және физиологиялық антогонизм болады. Химиялық антогонизм екі заттың химиялық өзара ықпал етуі нәтижесі болып табылады, мысалы, қышқылдарды сілтілер оқшаулайды, алкалойдтарды таннин тұндырады т.б. физиологиялық антогонизм екі зат бір түрлі (тікелей антогонизм), немесе әр түрлі (жанама антогонизм) ткань элементтеріне қарама-қарсы бағытта әсер еткен жағдайда кездеседі. Тікелей антогонизмге орталық нерв системасының стрихнин, кофеин, коразол туғызған қозуын наркотиктердің (хлороформмен, эфирмен, хлорамидтермен) жоюы мысал бола алады; наркотиктер орталық нерв системасын әлсіретеді, ал стрихин, кофеин және коразол оны қоздырады. Жанама антогонизмге хлорлы баридың ішекке тигізген әсерін адреналиннің жоюы мысал бола алады; хлорлы барий ішек қабілетін арттырады және ішектің тегіс мускулатурасына тікелей әсер ете отырып, оның перитальтикасын көбейтеді; адреналин симпатикалық нерв системасын қоздыра отырып, перистальтикаға бөгет болады. Сонымен ішекке әсер етуіне қарағанда хлорлы барий мен адреналин - антагонистер; бұл тікелей антогонизм емес, өйткені олардың әсер етерлік нүктесі әртүрлі болып келеді.Сондай-ақ бір жақты және екі жақты физиологиялық антогонизмдер болады; біржақты антогонизм бір заттың әсерін екінші заттың әсері қайтарған кезде байқалады; мысалы, атропин ареоколиннің әсерін қайтарады, бірақ атропиннің әсерін ареколин жоя алмайды. Екі жақты антогонизм дәрі әсерлерінің өзара бірін бірі жоюы нәтижесінде пайда болады; мысалы, стрихнин мен хлорформ бірінің әсерін бірі жояды. Дәрілердің қайталап қолданғандағы тигізетін әсері. Дағдылану. (толеранттық, иммунитет). Кейбір дәрілерді ұзақ уақыт қолданғанда организмнің оларға тигізетін реакциясы бірте-бірте әлсірейтіндігі байқалады. Бастапқы әсерге жету үшін енгізілетін заттың дозасын көбейтуге тура келеді. Дағдыланбаған организмді өлтірерліктей дәрі мөлшерін дағдыланған организмдер көтере алуы мүмкін. Бұл құбылысты дәрінің баяу сіңіуімен, тез бұзылуымен және оның тез бөлініп шығуымен, оған организмнің өзіне тән иммунитет жасап шығаруымен түсіндіруге болады. Иммунитет бір жерде және жалпы болады. Мал мен адамның морфинге дағдылануы бір жерлік иммунитетке мысал бола алады; оның кейде түрлік сыйпаты болады, мысалы, құстар стрихнинді көп сезбейді. Бір жерлік иммунитет (ішектегі) мышьякты ішке ұзақ уақыт қолданғанда пайда болады; бұнда жалпы иммунитет кездеспейді, өйткені көрсетілген тәсілмен енгізілген дәрінің мал көтере алатын дозасын тері астына немесе қан жүйесіне жібергенде мал өледі. Кумуляция, немесе шоғырлану, жиналу дәрілерді тіпті ең аз емдеу дозасымен қайталап енгізгенде байқалады; мұнымен қатар күшті фармакологиялық немесе уытты әсер ету белгілері көрінеді.
Кумуляция- материалдық және функционалдық яғни физиологиялық түрлерге бөлінеді. Материалдық кумуляция дәрінің денеден шығуы оның енуінен анағұрлым қалып қойған жағдайда, мысалы, ауыр металл тұздарын, стрихнинді, кейбір ұйықтатын заттарды т.б. қолданған кезде пайда болады. Физиологиялық кумуляция деп белгілі органдардың немесе тканьдердің сезгіштігінің күшеюін айтады. Дегенмен наперстянка, қорғасын тұздарын т.б. қайталап қолданғандағыдай, бұл жағдайда да дәрі организмде жыйналып қорланбайды.
Жұпар иісті суларды, суларды қолдану және оның сипататмасы. Жұпар иісті сулар – Aquae. Жұпар иісті сулар дегеніміз өсімдік материалдарын қайнатып жатқан суға қосып айдау арқылы немесе кейбір дәрілік заттарды суда еріту арқылы алынған эфирлі майлардың ертінділері. Жұпар иісіті сулар ветеринарияда аз тараған. Официналдық сулар: 1) Aqua Amygdalarum amararum – ашы бадам суы 2) Aqua Cinnamomi spirituosa – даршын спиртті суы, 3) Aqua Foeniculi – укроп суы, 4) Aqua Menthae piperitae - жаншылған бұрыштың суы, 5) Aqua Picis - қарамайлы суы, 6) Aqua Plumbi – қорғасынды суы, 7) Aqua Calcis – ізбесті су.
Таблеткаларды жазу тәртібі және сипаттамасы. Таблеткалар –– tabuletta, tabulettae.Таблеткалар- престеу арқылы алынған, дөнгелек, сопақша, беті тегіс немесе екі жағы доғалы пластинка тәріздес, дозаланған қатты дәрілік формасы. Олардың барлығы официналдық, дәл дозаланған, сондықтан да қолайлы болады, заводта жасалатын дәрілердің қатарына жатады.Таблетка бір рет қабылдауға арналады, бірақ кейде оларды 2-4 бөлшекке бөлу қолайлы болу үшін (аурудың жасы мен қалына байланысты) олардың үстіне әдейі кертпелер салынады.Таблеткалар сыртқа және ішке қолдану үшін тағайындалады, сыртқа қолдану үшін таблеткаларды (мысалы, Tabulettae Hydrargyri bichlorati) еріту керек. Оларды ішке таза күйінде (per se) немесе болюс қойыртпағына және нанға қосып береді. Таблеткалардың жәй және біріккен түрлері бар. Таблеткалар құрамына асқазанның кілегей қабығын тітіркендіретін және күйдіретін қоспалар кіргізбейді.Таблеткалардың құрамына дәрілік заттар және олардың салмағына 20 пайыздай құрайтың көмекші заттар (қант, крахмал, желатин т.б.) кіреді.Фармакопеяның 8 рет басылуына сәйкес таблеткалар дақсыз болуға және ұнталмауға тиіс, формасы дұрыс және жиектері бүтін болуы керек 1-1,5 м биіктіктен ағаш еденге түскенде таблеткалар сынбауға тиіс. Олардың салмағы орташа салмақпен ± 5 проценттен артық болмау керек.
Жылқыға венаға глюкозаның (Glucosum) дозасы 40 г, ампулада 20 мл 40% ерітіндісі бар.Есеп: 1) 40%(г) )-100ml Х г - 20ml X=8 г 2) 1 амп.- 8 г Х амп.-40г X=5 амп Жылқыға Rp.: Sol.Glucosi 40%- 20 мл D.t.d. №5 in ampillis S. венаға 100 мл
Жылқыға тері астына 6 г кофеиннің натрий бензоатын (Coffeinum natrii-benzoatis) бер. 1 ампулада 20% 10 мл ерітіндісі бар.Есеп: 1) 20%(г) )-100ml Х г - 10ml X=2 г 2) 1 амп.- 2 г Х амп.-6г X=3 амп Жылқыға Rp.: Sol.Coffeini natrii benzoati 20%-10ml D.t.d. №3 in ampillis S. тері астына 30 мл
70 г бор қышқылынын (Acidum boricum) 20 г йодоформнан (Iodoformium) және 10 г стрептоцидтан (Streptosidum) тұратын, жараға өте ұсақ ұнтақ жаз. Rp.: Acidi borici 70,0 Iodoformi 20,0 Streptosidi 10,0 M.f. pulvis subtillisimi D.s.сыртқа
20% глюкоза ерітіндісін (Glucosum) 250 мл қойға жаз. Есеп: 20% (г) – 100 ml x г- 250 ml x- 50 г Қойғат Rp.:Sol.Glucosi 20 % - 250 ml D.s.тамырға #Rp.: Glucosi 50,0 Aq.dest.250 ml M.f. solutio D.s.тамырға
200,0 дәрілік жалбыз тікен тамырының (Radix Althaeae) қайнатпасын жаз.Rp.: Decocti redicies Althaeae 200,0-2000 ml
D.S.ішке
8 билет
Ботқалардың жазу, дайындау технологиясы және оның маңызы. Ботқалар – electuaria. (Electuaria, Electuarium, Electuarii). Ботқалар- бұл қоюлық немесе жұмсақ қамыр тәріздес консистенциялы, ішке қолдануға арналған дәрілік зат форма. Негізгі заттан басқа, ботқалардың құрамына оның дәмін жақсартатын және әсерін күшейтетін заттар кіруі мүмкін. Constituens ретінде: қызылмыя тамырының ұнтағы (pulvis radicis Glycyrrhizae), зығыр ұны (farina Lini), қарабидай ұны (farina secalina), жалбызтікен тамырының ұнтағы (pulvis radicis Althaeae), бал (mel), сироп (sirupus), ақ саз (bolus alba), глинозем (argilla alba), су (aqua), майлар (olea) қолданылады.
Форма түзгіш заттың мөлшері рецепте жазылмайды, тек қана қанша керегінше ал q.s. деп көрсетіледі. Ботқаның консистенциясы рецепте көрсетілуі тиіс. Консистенциясы көрсетілмеген жағдайда қою ботка (spissum) дайындайды.
Ботқа формаларында бір жерге тигізетін тітіркендіргіш және күйдіргіш әсері жоқ өсімдіктер мен минералдардан алынатын дәрілік заттарды тағайындайды. Бұл форманы дәл дозалауға болмайтындықтан ботқа ретінде күшті әсер ететін және улы заттардан тағайындамайды; сондай-ақ жеңіл тотығатын және ажырайтын анорганикалық заттардан да тағайындалмайды. Бұл формада дәрі шошқаларға жиі тағайындалады, ол үшін оны қантты сиропқа, балға, арша шырышына т.б. тәтті заттарға араластырып жасайды. Жылқыларға ботқаларға ас тұзын, ал мүйізді малға- ашқылтым заттар қосып беру керек.
Ботқаларды жазып бергенде формаға түзгіш заттардың мөлшерін көрсетпей-ақ, қандай ботқа жасау керектігін көрсете салады. Ботқаларды жазып бергенде олардың құрамына кіретін барлық заттар тізіліп жазылады. Олар күрделі дозаланбаған рецепт бойынша жазылады (магистралдік әдіспен).
Ветеринарлық дәріхананың құрылуы және оның маңызы. Дәрілік препараттарды сақтау мерзілімі және оның маңызы. Әрбір малдәрігерлік емханалар, фельдшерлік пункттер жанында малдәрігерлік аптекалар бар; оларда тиісті емдеу мекемесінің дәрігерлер мен фельдшерлері қызмет істейді. Тек айрықша бағыттағы азын-аулақ клиникалар мен емдеу мекемелерінің ғана фармацевт басқарған аптекалары болады. Осыған сәйкес малдәрігерлік аптекалардың құрылысымен жабдықталуын әрбір емдеу мекемесі өзінің мүмкіндігі мен қызмет бағытына қарай белгілейді. Малдәрігерлік емхана жанындағы аптеканың құрғақ және жарығы жеткілікті үш бөлмесі, шоланы, подвалы немесе мұздақ суық бөлмесі болғаны жөн. Бірінші бөлме – рецепт қабылдайтын, дайындалған дәріні жіберетін рецептуралық, екінші бөлме – жуып шайып тұратын, үшіншісі – заттар тұратын, дәрі-дәрмектер сақтайтын бөлме болуға тиіс.
Рецептуралық бөлмеде: 1) кеңсе құралдарымен жабдықталған стол, 2) линолеуммен немесе шынымен жабылған және түрегеліп тұрып қызмет істеуге қолайлы дәрілерді жасайтын стол; 3) улы заттар мен оларға керекті ступкаларды, пестиктерді, гирлермен жабдықталған қолтаразыларды, өлшеуіш цилиндр мен мензуркаларды, воронколарды, капсул жасағыштарды, совочкалар мен сүзгіш қағазды сақтайтын шкаф; 4) күшті әсер ететін дәрілер шкафы және 5) басқа заттарды сақтайтын шкафтар болуға тиіс.
Заттар қоятын бөлмеде дәрі-дәрмектер сақтайтын шкафтар болға тиіс. Олардың саны әрбір жеке жағдайға сәйкес белгіленеді. Кір жуатын бөлмеде қазанмен жабдықталған плита, дистилденген су құйылатын алмалы-салмалы қазан және ыдыс жуылатын жабдықтар болады.Ветфельдшерлік пункт аптекасы үшін жұмыс столмен, үлкенді-кішілі екі шкафпен жабдықталған бір ғана кең бөлме, сондай-ақ дезинфекциялық және оттан қауыпты заттардың қорын сақтайтын шоланың болуы жеткілікті. Аптека мебелі қарапайым, мықты, ақ бояумен боялуға тиіс. Бөлмелердің қабырғалары майлы немесе эмальді бояумен, мүмкіндігінше ақ бояумен сырланған болғаны жөн.
Дәрі-дәрмектерді өртке, бақытсыздық оқиғаларға немесе қасақаналықпен істелетін әрекетке қарсы шараларды ескере отырып сақтайды. Дәрі-дәрмектер сақталатын шкафтарда құлып салынуға тиіс. Жұмыс біткеннен кейін улы заттар сақтайтын шкафтың аузына сургучті мөр немесе басқа мөр басылады.
Дәріні дайындап болғаннан кейін жұмыс столының үстінде ешқандай дәрі-дәрмек, әсіресе А мен Б тобына жататын дәрілерді қалдырмау керек. Дәрі-дәрмектер сақталатын шкафтардың кілттері оларға жауапты адамның қолында болуға тиіс.Дәрі-дәрмек салынған шөлмектер мен банкілерге анық етіп латынша жазылған этикеткалар жапсырылады, улы заттар үшін қараның үстіне ақпен, күшті әсер ететін заттар үшін – ақтың үстіне қызылмен, ал қалған дәрілер үшін – ақтың үстіне қарамен жазу керек. Улы және күшті әсер ететін заттар салынған әрбір ыдысқа арнаулы этикеткалар жапсырылады (бассүйектің үстінде айқастырып салынған жілік сүйектердің суреті мен у деген жазу болуға тиіс). Жарықтың ықпалымен ажырайтын заттар салынған ыдыстың сыртына: қараңғыда сақталсын, оттан тұтанғыш заттар үшін – оттан қауыпты, жылу ықпалымен бұзылатын заттар үшін – салқын жерде сақталсын деген этикеткалар жапсырылады. Дәрі-дәрмектерді төмендегідей етіп сақтау керек: 1. гигроскопиялық (ылғал тартқыш) заттарды құрғақ үйде, мықтап тығындалған шөлмек ыдыста: 2. жарықта ажырайтын заттар – қараңғы үйде немесе күнгірт шөлмектерде; 3. оттан қауыпты заттар (олар аз мөлшерде болуға тиіс) – керосин шамынан, пештерден қашық жерде, ал олардың қоры - өртке қарсы шаралардың ережесіне сәйкес келетін жеке үйде; 4. күйдіргіш сілтілер мен күшті қышқылдар – қолдан келген сақтықпен бірыңғай жерде; 5. жылу ықпалымен бұзылатын дәрілік заттар – құрғақ, салқын жерде сақталады. Дезинфекциялық заттардың көп мөлшердегі запасы құлып салынған жеке бөлмеде сақталады. Аптека жылылығы 9 градустан төмен болмауы керек, өйтені сұйық формалы заттардың бірқатары салқын әсерінен кристалға айналып кетеді
Сабындар қолдану және оның сипаттамасы.Сабындар - sapones. Ветеринарияда сабындар таза күйінде (per se) adiuvans (линменттер жасағанда) ретінде және constituens (болюстер жасағанда қолданылатын көк сабындар) ретінде қолданылады. Сабындар қатты және жұмсақ, сілтілі және нейтралды түрлерге бөлінеді.Мал майы мен күнбағыс майының қоспасын натр сілтісінің ертіндісімен сабындау арқылы алынатын нейтралды медицина сабыны (Sapo medicatus) – официналдық сабын болып саналады. Медицина сабынының құрамында қосымша бос қышқылдар мен басқа қосымшылар кездеспейді. Бұл суда еритін ақ түсті ұнтақ. Көк сабынды да (Sapo viridis s. Sapo kalinus) медицина сабыны сыяқты етіп дайындайды, бірақ оның құрамына калий сілтісі кіреді; ол жұмсақ суда оңай еритін сабын.Бұдан басқа құрамына дезинфекциялайтын заттар кіретін қатты сабындар бар: құрамына 2-5% фенол кіретін карбол сабыны, 5 % қарамай кіретін сабыны, 5 -10 % ихтиол кіретін ихтиол сабыны, 5-10% күкірт кіретін күкірт сабыны, 5 -10 % бор қышқылы кіретін бор сабыны, 10 % күкірт пен 5-10 % қарамай кіретін күкіртті – қарамай сабыны.Ветеринарияда Sapo viridis Sapo medicatus сабындарының тәжрибелік маңызы бар; олар per se немесе түрліше дәрілік формаларда официналдық препараттар ретінде жазылады.
Жылқыға жараны жуу үшін 200 мл емен қабығының (Corticus Quercus) қайнатпасын, 20 мл глицеринен (Glycerinum) тұратын сұйық қоспа жаз. ЖылқығаRp.: Decoctа cortici Querci 200ml Glicerini 20 ml M.f.mixture D.S. сыртка
10 мл 5% эфидрин гидрохлорид (Ephedrini hydrochloridum) ерітіндісін жаз. Иттің танауына күніне 3 мезгіл 5 тамшыдан тамызғанға рецепті (магистралды жолмен) жаз. Есеп: 5% (г) – 100 ml x г- 10 ml x- 0,5 г Итке Rp.: Ephedrini hydrochloridi 0,5
Aq.dest. 10 ml M.f. solutio D.s. танауына күніне 3 мезгіл 5 тамшыдан
Тері астына папаверин гидрохлоридтің (Papaverini hydrochloridum) дозасы 0,8 бер. 1 ампулада 2% 2 мл ерітіндісі бар. Есеп: 1) 2%(г)-100ml Х г - 2ml X= 0.04 г 2) 1 амп.-0.04 г Х амп.-0.8г Х=20 амп. Rp.: Sol.Papaverini hydrochloridi 2%-2ml D.t.d. №20 in ampillis S. тері астына 1 инъекцияга 40 мл
Амидопириннің (Amidopyrinum) дозасы 6,0, бір таблеткада 0,5 амидопирин бар. Қойға 3 мезгілден 4 күнге рецепті жаз.Есеп: 1) 1таб.-0.5 Х таб.-6.0 Х=12 таб 2) 12 таб*3мез.*4кун=144таб. Қойға Rp.: Tab.Amidopirini 0.5 D.t.d. №144 S.ішке 12таблеткадан 3мезгілден 4күнге
200 г 10% тетрациклин (Tetracyclinum) сұртпе майын, магистралды жолмен жаз Есеп: 200г-100% Х г- 10% Х= 20 гRp.: Tetracyclini 20,0 Vaselini ad 200,0 M.f. unquentum D.S. сыртқа
9-билет
1. Әртүрлі дәрілік заттарды дайындау үшін қолданылатын көмекші заттардың технологиясы. Заводтар мен ірі дәріханаларда жасалынатын және фармакопеяға енгізілген дәрілік заттарды ресми официналдық (officina – дәрігерлік), ал дәрігерлердің өтініш – ңұсқаулары (рецепті) негізінде дайындалатың дәрілік формалар магистралдық (Magister - оқытушы, жетекші) формалар деп аталынады, яғни аптекалық (Apateca) заттар дейді. Олар төмендегі түрде болуы мүмкін; 1) өсімдіктер мен жануарлардан өндірілетін дәрілік шикізат (medicamenta cruda) шөптер, жапырақтар, гүлдер, ұрықтар, қабық, өсімдік тамырлары, түбіріштер, қастауыш, шикі майлар, сүртпе майлар т.б.; 2) фармазаводтарда дайындалатын синтетикалық және өсімдітерден өндірілетін заттар мен препараттар (medicamenta chemica pharmaceutica); 3) күрделі фармацевтикалық, яғни ертедегі рим оқымыстысы Клавдий Галеннің құрметіне оның есімімен аталған галендік препараттар (praeparata gaienica s. praeparata composita ); олар өсімдік шикізатынан алынады, мысалы, бұған настойка, сірінді, спирт сыяқты тағы басқалар кіреді; 4) фармацевтикалық заводтарда күрделі тәсілмен шығарылған жаңа галендік препараттар; бұлардың қатарына құрамына болар-болмас қосымша заттар кірген өсімдіктердің әсерлі негіздерінің сулы сығындылары – адонилен, конваллен, эрготин, тағы басқа препараттар кіреді.
2. Ампулды ертінділірді жазу тәртібі. Денеге жіберу үшін ампулаға құйылған ертінділерді алған жөн: өйткені олардың барлығы стерилденген, әрі официаналдық дәрілерге жатады; әрбір ампулдың дозасы және керегіне сай қанша ампул жіберу қажеттігі көрсетіліп, олар тек қарапайым рецептімен ғана жазылады; Енгізу мақсатымен медициналық ампулаға құйылған препараттарды пайдалануға болады: ол үшін 1 рет енгізу мақсатымен бірнеше ампула жазу керек.
3. Капсулаларды жазу ережелері және оның маңызы. Капсулалар – capsullae. (Capsula, capsulae, capsulae).Бұл ішке тағайындалатын ұнтақ тәрізді немесе сұйық заттарға толтыру үшін қолданылатын қабықтар. Капсулалар крахмалдан (capsulae amylacae s. oblatae), желатинадан (capsulae gelatinosae), кератиннен, (capsulae keratinosae) жасалады. Крахмал және желатина капсулалары қарын шырынында кератин капсуласы ішекте ериді.
Капсула формасында дәрілік заттарды жылқыларға, ірі және ұсақ малға; иттерге, құстарға тағайындайды. Капсулалар арналы капсула бергіш арқылы малға беріледі немесе көмекейіне салып жұтқызады. Әдетте официналдық капсулалар дозаланған әдіс бойынша жазылады.

2,Рецепт: 1.10% - тық 400 г мырыш тотығынан (Zinci oxydum) тұратын паста жаз.Rp.: Pastae Zinci oxide 10%-400.0D.S.сыртка # Rp.: Zinci oxide 40.0Talki 60.0Vaselini300.0M.f.pastaeD.S.сырткаЕсеп: 1) 400г-100Хг-10%Х=40г 2) 400г-100% Хг-15% Х=60г 3) 400г-(40г+60г)=300г


2.Итке 5 күнге бір мезгілден чай қасықпен ішуге меруерт гүл тұнбасын (Convallariae majalis) жаз. (Доза – 5 г)Итке Rp.:Infusi Convallariae majali 5,0 D.s. ішке күніне 1 шай қасықпен 5 күнге
3. Сиырға 9 г креолиннен (Creolinum) тұратын домалақ жаз. Сиырға Rp.: Creolini 9,0 Oleum cacao M.f. globulus D.s. қынапқа
4. 180мл жалынгүл шөбі тұнбасы. (Herba adonidis vernalis).Rp.: Infusi Herba adonidi vernali 18,0- 180 ml D.s. ішке
5. 500,0 крахмал шырышты жаз.(Amylum)Rp.: Muciloginis Amyli 500,0 D.s.тік ішекке

10-билет
Галендік және жаңа галендік заттардың жазу ережелері және оның сипаттамасы. Тұнба- настойка - (tincturae). Тұнбашалар деп өсімдіктер мен жануалардан алынатын дәрілік заттардың спирттік, эфирлік және сулық сығындыларын атайды. Бұл форм заводтарда дайындалатын тұрақты, боялған, тұнық сұйықтар. Оларды былай дайындайды: материалды ұсатып бакке салады, сонсоң сорып алатын сұйықты құйып араластырады: бакті жауып 16-20° температурада 7-10 күнбойы тұндырады. Содан сұйығын құйып алып, қоюын пресспен сығады: алынған тұндырманы тұндырып сүзеді. Егер рецептіде сорып шығаратын сұйық көрсетілмесе, онда спиртті настойка жіберіледі (70° спиртте), бұл тұндырманы кейде tinctura simplex деп атайды.Тұнбашаларды жалғыз заттан жасалған қарапайым (tincturae simplices) және бірнеше тұнбашалардан тұратын немесе басқа дәрілік формалар, препараттар, заттар кіретін күрделі (tincturae compositae) түрлері бар.Тұнбашаларды жақсылап жабылған ыдыста әдеттегі үй температурасында сақтайды. Тұнбашаларды таза күйінде (per se) немесе түрліше дәрілік формаларда сыртқы және ішке тамшылап мөлшерлейді, сондай-ақ, олардың атын атап жазады.


Сірінділер-extacta (жекеше атау жалғауы- extactum, жекеше ілік жалғауы- extacti).Сірінділер: сұйық (extacta fluida), жұмсақ (extacta molla), қою(extacta spissa), және құрғақ(extacta sicca); спиртті(extacta Spirituosa), эфирлі (extacta aetherea) және сулы (extacta aguosa) түрлерге бөлінеді.Оларды перколяция әдісімен заводтарда дайындайды; ең алдымен сұйық сірінді алып, содан кейін оны керекті қоюлық дәрежесне жеткенше қайнатады.Сұйық сірінділерді тұндырма ретіне, қою және құрғақ ерітінділерді-ұнтақ және басқа дәрілік формаларда қолданады.Шырыштар – mucilagines (жекеше, атау жалғауы mucilago жекеше, ілік жалғауы – mucilaginis). Бұл өсімдік материалдарынан су күшімен шырыш шығарып алу, немесе ағаш шайырын (смоланы) суда еріту арқылы өндірілетін сұйық дәрілік форма. Шырыштар тітіркендіргіш заттарды ішке және тікішекке (per rectum) тағайындағанда олардың жергілікті әсерін бәсеңдету үшін қолданылады. әдетте шырыштарды сумен тең мөлшерде,немесе суға қарағанда жартылай мөлшерде алу керек. Рецептіде шырыштардың дайын түрін көрсетеді, немесе оларды фармакопея нұсқауларына сәйкес даярлауға болады.Жұпар иісті сулар – Aquae өсімдік материалдарын қайнатып жатқан суға қосып айдау арқылы немесе кейбір дәрілік заттарды суда еріту арқылы алынған эфирлі майлардың ертінділері. Жұпар иісіті сулар ветеринарияда аз тараған. Официналдық сулар: 1) Aqua Amygdalarum amararum – ашы бадам суы 2) Aqua Cinnamomi spirituosa – даршын спиртті суы, 3) Aqua Foeniculi – укроп суы, 4) Aqua Menthae piperitae - жаншылған бұрыштың суы, 5) Aqua Picis - қарамайлы суы, 6) Aqua Plumbi – қорғасынды суы, 7) Aqua Calcis – ізбесті су.Сироптар – sirupi. Бұл қантты суда, ашыған жеміс шырышында, настойкаларда, қайнатындыларда еріту арқылы алынатын қоюлау, тұнық сұйықтар. Олардың құрамына 62- 64 % қант кіреді. Официналдық сироптар: 1) Sirupus Althaeae – жалбызтікен сиропы, 2) Sirupus Ferri iodati – иодті темір сиропы, 3) Sirupus Glucyrrihizae – мия тамыр сиропы, 4) Sirupus Ipecacuanhae – ипекакуан сиропы, 5) Sirupus Rhei – ақ рауағаш сиропы, 6) Sirupus Rubi Idaei – таңқурай сиропы, 7) Sirupus simplex- кәдімгі қант сиропы. Спирттер - spiritus. Бұл заттарды этил спиртінде еріту арқылы немесе спиртті эфирлі майларға қосып айдау арқылы алынатын спирттік препараттар.
Құрамындағы затқа қарай спирттерді сыртқа және ішке қолданылады. Оларды официналдық препарат ретінде жібереді. Мұның қатарына: 1) Spiritus camphoratus – камфорлы спирт, 2) Spiritus saponatus – сабынды спирт, 3) Spiritus Sinapis- қыша спирті т.б. кіреді.Сабындар - sapones. Ветеринарияда сабындар таза күйінде (per se) adiuvans (линменттер жасағанда) ретінде және constituens (болюстер жасағанда қолданылатын көк сабындар) ретінде қолданылады.
2.Дәрілік препараттарды орау, буып түю, пайдалану және жою талаптары. Дәрі-дәрмек салынған шөлмектер мен банкілерге анық етіп латынша жазылған этикеткалар жапсырылады, улы заттар үшін қараның үстіне ақпен, күшті әсер ететін заттар үшін – ақтың үстіне қызылмен, ал қалған дәрілер үшін – ақтың үстіне қарамен жазу керек. Улы және күшті әсер ететін заттар салынған әрбір ыдысқа арнаулы этикеткалар жапсырылады (бассүйектің үстінде айқастырып салынған жілік сүйектердің суреті мен у деген жазу болуға тиіс). Жарықтың ықпалымен ажырайтын заттар салынған ыдыстың сыртына: қараңғыда сақталсын, оттан тұтанғыш заттар үшін – оттан қауыпты, жылу ықпалымен бұзылатын заттар үшін – салқын жерде сақталсын деген этикеткалар жапсырылады.
3. Линименттерді жазу, дайындау технологиясы. Линименттер - Linimenta. (Linimenta, Linimentum, Linimenti).Линименттер - бұл қоюлық, сұйықтық немесе іркілдек тәріздес, сыртқы ағзаларға қолдануға арналған жұмсақ дәрілік зат формасы. Олар жұққыш майларды сілтілердің судағы ертінділерімен немесе дәрілік заттардың сабынды – спирттік немесе сулы – сабынды ертінділерімен араластыру арқылы, сол сыяқты қатты майлар мен май тәрізді заттарды керекті еріткіште (хлороформда, скипидарда т.б.) еріту арқылы анықталады.Линименттер сыртқа (теріге жағу) қолданылады, олар теріге тез сіңеді, бірақ олардың бір жерге тигізетін әсері қысқа болып келеді. Линимент формасында қотырға қарсы қолданылатын (күкірт, қарамай, сабындар), қабынуға қарсы қолданылатын (көмір қышқылы сілтілер), теріні тітіркендіретін (скипидар, мүсәтірлі спирт), арнаулы заттарды (салицил қышқылының препараттары) т.б. тағайындайды. Рецептіде официналдық линименттер атын ғана көрсетеді, ал магистральдық линименттерді олардың құрамына кіретін заттарды түгел тізу және олардың мөлшерін көрсету арқылы жазады: M.f. linimentum D.S формуласымен аяқталады.Официналдық линимент біреу- Linimentum ammoniatum s. Linimentum volatile бұл ұшқыш линименттің құрамы: 25 бөлек аммиактан, 74 бөлек күнбағыс майынан және 1 бөлек олеин қышқылынан тұрады. Фармакопеяға кірмеген, бірақ аттары көрсетіліп жазылатын линименттер төмендегілер: 1)Linimentum Calcis – тең мөлшерде алынған известь суы мен зығыр майынан тұратын известі линмент:
2) Linimentum ammoniato – camphoratum – 3 бөлек камфор майынан, 1 бөлек күнжіт майынан және 1 бөлек мүсәтірлі спирттен тұратын күрделі камфорлы линимент: 3) Linimentum saponato- camphoratum -40 бөлек медицин сабынан, 20 бөлек спирттен, 10 бөлек камфорадан, тең екі бөлектен алынған лимон және розмарин майынан, 1 бөлек зире майынан және 25 бөлек мүсәтірлі спирттен тұратын сабынды – камфоралы ұшқыш линимент;4) Linimentum saponis rubefaciens s. Balsamum Weimarense – 1 бөлек шпан шыбынынан (көк шыбыннан), 20 бөлек тазартылған скипидардан, 80 бөлек камфоралы спирттен, 208 бөлек сабынды спирттен, 12 бөлек мүсәтірлі спирттен тұратын веймар бальзамы.5) Vasolinimentum s. Vasogenum- 30 бөлек олеин қышқылынан, 10 бөлек аммиактың спирті ертіндісінен, 60 бөлек вазелин майынан тұратын вазолинимент, яғни сұйық вазоген; 6) Vasogenum iodatum- 10 бөлек таза иодтан және 90 бөлек вазолинименттен тұратын иод- вазоген.
2.Рецепт
70 мл скипидардан (Oleum Terebinthinae), 80 мл мүсәтір спиртінен (Liquor Ammonium causticum), 30 мл мендуана майынан (Oleum Hyosciami), 50 мл спирттен (Spiritus aethylicus) тұратын линимент жаз. Rp.: Oleum Terebinthini 70 ml Liquor Ammoni caustici 80 ml Oleum Hyosciami 30 ml Spiritus aethylici 50 ml M.f. linimentum D.S. сыртка
Торпаққа 2 мг бір кг салмаққа новокаинды (Novocainum) 5% ерітінді түрінде тері астына енгізгенге рецепті жаз. ( малдың салмағы 200 кг). Есеп:1)2мг x 200 кг = 400 мг = 0,4 г 2) 5% (г) – 100 ml x г- 2 ml x- 0,1 г 3)1 ампула – 0,1г X ампула – 0,4 г X – 4 ампула Торпаққа Rp.: Sol. Novocaini 5 % - 2 ml D.t.d. № 4 in ampullis S. тері астына 8 мл
Сиырға болюс ретінде натрий бромид (Natrium bromidum) жаз, дозасы 30 г.Күніне 2 болюстан 2 тәулікке рецепті жаз. Сиырға Rp.: Natrii bromidi 30,0 Farinae secalinae et. Aq.dest. q.s Ut.fiat bolus D.t.d. № 4 S.Ішке күніне 2 рет 2 тәулікке
Жылқыға венаға аналгиннің (Analginum) дозасы 2 г, бір ампулада 50%- 1 мл ерітінді бар.Есеп: 1) 50%(г) )-100ml Х г - 1ml X=0.5 г 2) 1 амп.- 0,5 Х амп.-2г X=4 амп Жылқыға Rp.: Sol.Analgini 50%- 1 мл D.t.d. №4 in ampillis S. венаға 4 мл
Итке натрий барбиталдың (Barbitalum natrium) дозасы 0,6 г. Бір таблеткада 0,3 натрий барбитал бар, 2 мезгілден 5 күнге рецепті жаз. Есеп: 1) 1таб.-0.3 Х таб.-0.6 Х=2 таб. 2) 2 таб*2мез.*5кун=20таб. Итке Rp.: Tab.Natrii barbitali 0.3 D.t.d. №20 S.ішке 2таблеткадан 2 мезгілден 5 күнге
Дәрі түрлерін жіктеу. Дәрі-дәрімек және көмекші заттар. Дәрілік затқа берілген қолайлы форманы дәрі деп атайды. Сонымен, дәрі және дәрілік форма – тең мағыналы ұғым. Дәрілік заттар деп белгілі бір әдіспен дәрі жасауға болатын әр түрлі тектес заттарды айтады.
Заводтар мен ірі дәріханаларда жасалынатын және фармакопеяға енгізілген дәрілік заттарды ресми официналдық (officina – дәрігерлік), ал дәрігерлердің өтініш – ңұсқаулары (рецепті) негізінде дайындалатың дәрілік формалар магистралдық (Magister - оқытушы, жетекші) формалар деп аталынады, яғни аптекалық (Apateca) заттар дейді. Олар төмендегі түрде болуы мүмкін; 1) өсімдіктер мен жануарлардан өндірілетін дәрілік шикізат (medicamenta cruda) шөптер, жапырақтар, гүлдер, ұрықтар, қабық, өсімдік тамырлары, түбіріштер, қастауыш, шикі майлар, сүртпе майлар т.б.; 2) фармазаводтарда дайындалатын синтетикалық және өсімдітерден өндірілетін заттар мен препараттар (medicamenta chemica pharmaceutica); 3) күрделі фармацевтикалық, яғни ертедегі рим оқымыстысы Клавдий Галеннің құрметіне оның есімімен аталған галендік препараттар (praeparata gaienica s. praeparata composita ); олар өсімдік шикізатынан алынады, мысалы, бұған настойка, сірінді, спирт сыяқты тағы басқалар кіреді; 4) фармацевтикалық заводтарда күрделі тәсілмен шығарылған жаңа галендік препараттар; бұлардың қатарына құрамына болар-болмас қосымша заттар кірген өсімдіктердің әсерлі негіздерінің сулы сығындылары – адонилен, конваллен, эрготин, тағы басқа препараттар кіреді.
Фармакопеяға енгізілген барлық препараттар үш топқа бөлінеді:
1) А – тобы – улы заттар (улар – venena); олар аузына құлып салынған жеке шкафта сақталады. Улы дәрілік заттар қүйылған шөлмектің сыртындағы қара қағазға ақ түсті әріптермен жазылады. Шкафтардың (сейфтердің) ішкі қабырғасына сақтаулы тұрған улы дәрілік заттардың тізімі мен қанша бар екендігі жазылып қойылуы керек;
2) Б – тобы – күшті әсер ететін заттар (heroica); бұлар да құлып салынған жеке шкафта сақталады. Күшті әсер еткіш заттар қүйылған шөлмектін сыртындағы ақ қағазға қызыл түсті әріптермен жазылады;
3) Улы және қатты әсер ететін дәрілік заттардан басқа дәрілер (жай әсер ететін) кәдімгі шкафтарда жалпы ережелер бойынша сақталады. Шөлмектін сыртындағы жазу ақ фонда, қара түсті әріптермен жазылады. Дәріханаларда дайындалған дәрілік зат формаларының жапсырма қағазы (этикетка) да әр түсті болады; ішуге арналған дәрілердің жапсырма қағазы ақ сыртқа қолданылатын дәрілердікі көк түсті.
2.Жиынтықтарды жазу, дайындау технологиясы. Жиынтықтар – species. (Species, specei, specerum). Бұл дәрілік форма құрамына әсер ететін заттар кіретін қабықтар, өсімдік тамырлары, түбіршелер, шөптер, гүлдер, жапырақтар, ұрықтар, тұқымдар сыяқты ұсақ өсімдіктерден немесе уытылған бөлектерінен дайындайды. Ауру малдың иесі немесе оны бағатын адамның өздері жиынтықтардан тұнбалар, тұнбашалар, қайнатпалар, булау дәрілерді жасайды.Қабықты, өсімдік тамырлары, түбіршелерді, жапырақтарды және гүлдерді жинағаннан кейін, оларды елеп, ұнтағынан айырады; ұсақ тұқымдарды, ұрықтарды, ал сол сыяқты аюқұлақ және розмарин жапырақтарын түйіп ірі ұнтаққа айналдырады. Жиынтықтарға қазтабан, лаванда, ермен-жусан, роза, аюбадам, және аюқұлақ гүлдері бүтін күйінде қосылады.Жиынтықтарды құрғақ жерде, ал жұпар иісті заттардан жасалған жиынтықтарды, нығыз жабылған қаңылтыр коробкаларда сақтайды. Дәріханада жиынтықтарды әрбір қабылдау мөлшеріне бөліп немесе бөлмей қағаз қапшықтарға немесе коробкаларға салып жібереді. Жиынтықтарға минералдық тұздарды, жұпар иісті және басқа заттарды қосуға болады; оларды рецепт жазбасының аяғына жазады. Өңдеу тәсілін көрсету қажет болса, concisa (немесе contunde) M. f. species тұра (немесе ұнта), араластыр, жиынтықты жаса деген сөздер жазылады. Егер бұл екі тәсіл бірдей керек болса, concisa et contunda деп жазады. Әдетте жиынтықтардан 1: 10 сығындылар және қайнатпалар, 1:3 және 1 : 5 тұнбалар жасалынады. Дәрігердің ұйғаруы бойынша басқа да қатынастар болуы мүмкін.Официналдық құрандылар: 1) іш жүргізетін жиынтық – Species laxans, яғни пішен жапырақтарының, анис және укроп ұрықтарының, аюбадам гүлдерінің және сегнет тұзының қоспасы. 2) көкірекке жағатын жиынтық - Spexies pectoralis, яғни ана-өгей ана жапырақтарының, аюқұлақ гүлдерінің, анис ұрықтарының, жалбызтікен тамырының т.б. қоспасы;
Эмульсиялар – emulsa. Бұл май және шырыш (коллоид) бөлшектері біркелкі езінді ретінде жүзіп жүретін сүт тәрізді сұйық дәрілік форма. Ұрықтық және майлық эмульсиялар бар. Ұрықтық шын эмульсия төмендегі жолмен дайындалады. Керекті мөлшерде ұрықты ступкада үнтап, аз ғана су қосып араластырады. Қалған суды біртіндеп қосып, ступкадағы затты ұдайы пестикпен үйкеп, араластырып біркелкі сүт тәрізді сұйық жасайды. Сонсоң кенеп немесе екі қабат марля арқылы сүзеді. Сонымен, ұрықтық эмульсиялар жасағанда ұрықтардан май, шырыш т.б. белок, ағаш шырышы, желім сыяқты эмульсияғыш заттар алынады. Егер эмульсия нағыз қабығы бар ұрықтардан олардың қабығын жоқ қылады, тек содан кейін ғана жоғарыда көрсетілген тәсілмен эмульсия жасайды. әдетте ұрықтық эмульсияларды ұрықтың 1 бөлегін 10 бөлек суға қосып жасайды. Әсіресе, зығыр, қызғалдақ, тәтті миндаль, кендір т.б. ұрықтардан жасалған эмульсиялар көп тараған. Оларды сумен қандай мөлшерлік қатынаста алынғанын көрсетпей-ақ жазады.Қазіргі уақытта практикада ультраэмульсия деп аталатын, немесе дыбыстанған, яғни, секундіне 8 000 және одан да көп жылдамдықпен ультрадыбыстық тербеліс беретін установкада арнаулы тәсілмен жасалатын эмульсиялар қолданылады; олардың ішінде май өте ұсақ бөлшектерге ажыраған; мұндай эмульсияларды венаға жіберуге болады. Мысалы, камфора майының судағы ультраэмульсиясының – Emulsum Camphorae oleo-aduosum жазбасы белгілі; оған 2 процент камфора кіреді; оны 2 мл сыйымдылығы бар ампулаларға құйып венаға және тері астына жіберу үшін жасап шығарады. Ультраэмульсияларды қараңғы жерде бөлме температурасындай жылылықта сақтайды. Майлы эмульсия дайындау. Керекті мөлшерде эмульгатор өлшеп алып, оны келі (ступкаға салады). Фарфор тигельшеге немесе басқа осыған қолайлы ыдысқа өлшеп алып аз ғана су құяды, судың бетіне майдың керекті мөлшерін қосып қалқытады. Сонсоң осының барлығын жылдам (келі) ступкаға құйып, (келсап) пестикпен үйкеген уақытта тысырлап шытынайтын, қаймақ тәрізді зат пайда болғанша үйкеп араластырады. Өстіп, майы біркелкі суда араласқан алғашқы эмульсия алынады. Мұндай зат алынбаған жағдайда эмульгатор қосқан жөн. Сонсоң жайлап, майды өлшеген кезде алынған судың мөлшерін шегеріп тастап, порциялап су қосады да, бұл сұйықты әрдайым пестикпен араластырады. Пайда болған сұйық бетінде май түйіршіктері жоқ сүт тәрізді болуы керек; оны шөлмек ыдысқы немесе құмыраға құйып, тығындап оған сәйкес этикетка жапсырады.Дәрі майлы эмульсия формасында ішке, сирегірек сыртқа қолдану үшін тағайындалады. Эмульсиялар 1-2 күнге жететіндей мөлшерде дайындалады; оларды салқын жерде сақтап, қолданар алдында міндетті түрде шайқау керек.Басқа заттар эмульсияларға пайдалану процесі кезінде қосылады. Мысалы: суда еритін заттарды алдымен судың керекті мөлшерінде, ал майда еритін заттарды май салынған ступкада ерітеді. Сонсоң эмульгатор қосып, эмульсияны көрсетілген тәсілмен дайындайды. Май мен суда ерімейтін заттарды алдын ала ступкада эмульгатормен араластыру керек.Майлық эмульсиялар тағайындау арқылы дәрігер дәрілік заттардың тітіркендіргіш әсерін бәсеңдетеді, олардың ұнамсыз дәмі мен иісін басады, ерімейтін заттардың біркелкі араласуын көздейді, сөйтіп оларды дәл мөлшерлеуге тырысады: эмульсия формасында дәрі беру нәтижесінде қою майларды қабылдау оңайлап, оған қосылған заттардың сіңуі жылдамдайды. Қандай эмульсия қанша мөлшерде керек екендігі көрсетіліп, майлық эмульсиялар көбінесе қарапайым рецепт ретінде жазылады.
2. Эмульсиялар – emulsa. Бұл май және шырыш (коллоид) бөлшектері біркелкі езінді ретінде жүзіп жүретін сүт тәрізді сұйық дәрілік форма. Ұрықтық және майлық эмульсиялар бар. Ұрықтық шын эмульсия төмендегі жолмен дайындалады. Керекті мөлшерде ұрықты ступкада үнтап, аз ғана су қосып араластырады. Қалған суды біртіндеп қосып, ступкадағы затты ұдайы пестикпен үйкеп, араластырып біркелкі сүт тәрізді сұйық жасайды. Сонсоң кенеп немесе екі қабат марля арқылы сүзеді. Сонымен, ұрықтық эмульсиялар жасағанда ұрықтардан май, шырыш т.б. белок, ағаш шырышы, желім сыяқты эмульсияғыш заттар алынады. Егер эмульсия нағыз қабығы бар ұрықтардан олардың қабығын жоқ қылады, тек содан кейін ғана жоғарыда көрсетілген тәсілмен эмульсия жасайды. әдетте ұрықтық эмульсияларды ұрықтың 1 бөлегін 10 бөлек суға қосып жасайды. Әсіресе, зығыр, қызғалдақ, тәтті миндаль, кендір т.б. ұрықтардан жасалған эмульсиялар көп тараған. Оларды сумен қандай мөлшерлік қатынаста алынғанын көрсетпей-ақ жазады.Қазіргі уақытта практикада ультраэмульсия деп аталатын, немесе дыбыстанған, яғни, секундіне 8 000 және одан да көп жылдамдықпен ультрадыбыстық тербеліс беретін установкада арнаулы тәсілмен жасалатын эмульсиялар қолданылады; олардың ішінде май өте ұсақ бөлшектерге ажыраған; мұндай эмульсияларды венаға жіберуге болады. Мысалы, камфора майының судағы ультраэмульсиясының – Emulsum Camphorae oleo-aduosum жазбасы белгілі; оған 2 процент камфора кіреді; оны 2 мл сыйымдылығы бар ампулаларға құйып венаға және тері астына жіберу үшін жасап шығарады. Ультраэмульсияларды қараңғы жерде бөлме температурасындай жылылықта сақтайды. Майлы эмульсия дайындау. Керекті мөлшерде эмульгатор өлшеп алып, оны келі (ступкаға салады). Фарфор тигельшеге немесе басқа осыған қолайлы ыдысқа өлшеп алып аз ғана су құяды, судың бетіне майдың керекті мөлшерін қосып қалқытады. Сонсоң осының барлығын жылдам (келі) ступкаға құйып, (келсап) пестикпен үйкеген уақытта тысырлап шытынайтын, қаймақ тәрізді зат пайда болғанша үйкеп араластырады. Өстіп, майы біркелкі суда араласқан алғашқы эмульсия алынады. Мұндай зат алынбаған жағдайда эмульгатор қосқан жөн. Сонсоң жайлап, майды өлшеген кезде алынған судың мөлшерін шегеріп тастап, порциялап су қосады да, бұл сұйықты әрдайым пестикпен араластырады. Пайда болған сұйық бетінде май түйіршіктері жоқ сүт тәрізді болуы керек; оны шөлмек ыдысқы немесе құмыраға құйып, тығындап оған сәйкес этикетка жапсырады.Дәрі майлы эмульсия формасында ішке, сирегірек сыртқа қолдану үшін тағайындалады. Эмульсиялар 1-2 күнге жететіндей мөлшерде дайындалады; оларды салқын жерде сақтап, қолданар алдында міндетті түрде шайқау керек.Басқа заттар эмульсияларға пайдалану процесі кезінде қосылады. Мысалы: суда еритін заттарды алдымен судың керекті мөлшерінде, ал майда еритін заттарды май салынған ступкада ерітеді. Сонсоң эмульгатор қосып, эмульсияны көрсетілген тәсілмен дайындайды. Май мен суда ерімейтін заттарды алдын ала ступкада эмульгатормен араластыру керек.Майлық эмульсиялар тағайындау арқылы дәрігер дәрілік заттардың тітіркендіргіш әсерін бәсеңдетеді, олардың ұнамсыз дәмі мен иісін басады, ерімейтін заттардың біркелкі араласуын көздейді, сөйтіп оларды дәл мөлшерлеуге тырысады: эмульсия формасында дәрі беру нәтижесінде қою майларды қабылдау оңайлап, оған қосылған заттардың сіңуі жылдамдайды. Қандай эмульсия қанша мөлшерде керек екендігі көрсетіліп, майлық эмульсиялар көбінесе қарапайым рецепт ретінде жазылады.
2.рецепт
1.Нилвермді (Nilvermium) сұйық ботқа түрінде 6 шошқаға жаз, дозасы 0,1г.Шошқаға Rp.: Nilvermi 0,1 Farinae secalinae et. Aq.dest.q.s Ut.f. electuarum tenua D.t.d. № 6 S.ішке
2.160 г стрептоцидтен және талктен (Streptocidum, Talcum) тұратын өте ұсақ ұнтақ жаз.Rp.: Streptocidi 160,0 Talcum 160,0 M.f. pulvis subtillisimi D.s.сыртқа
3. 20 г эуфиллиннен (Euphyllinum) тұратын 10 суппозиторий жаз. Rp.: Sup. Euphyllini 20,0 D.t.d.№10 S. Ішке # Rp.: Euphyllini 20,0 Oleum cacao q.s. M.f.suppositorium D.t.d.№10 S. тік ішекке
4. Тері астына папаверин гидрохлоридтің (Papaverini hydrochloridum) дозасы 0,8 бер. 1 ампулада 2% 2 мл ерітіндісі бар. Есеп: 1) 2%(г)-100ml Х г - 2ml X= 0.04 г 2) 1 амп.-0.04 г Х амп.-0.8г Х=20 амп.Rp.: Sol.Papaverini hydrochloridi 2%-2ml D.t.d. №20 in ampillis S. тері астына 1 инъекцияга 40 мл
5.4% калий бромидтан (Kalium bromidum), 0,5% натрий бромидтан (Natrium bromidum) және судан тұратын 150 мл сұйық қоспа жаз. Есеп: 1) 4%(г)-100ml Х г - 150ml X=6г 2) 0.5%(г)-100ml Х г - 150ml X=0.75гRp.: Kalii bromidi 6.0 Natrii bromidi 0.75 Aq.dest. ad 150 ml M.f.mixture D.S. ішке

12-билет
1. Көлемі бойынша сұйықтықтарды мөлшерлеу үшін, ветеринарлық дәріханаларда қолданылатың өлшеуіш құралдар. Өлшегіш ыдыстарға өлшегіш цилиндрлар, пробиркалар, пипеткалар, колбалар жатады. Бұл ыдыстардың ішіндегі ең көбірек қолданылатыны әртүрлі пішінді, әртүрлі материалдардан дайындалған пробиркалар. Олар цилиндр тәрізді, түбі доғалданған, әртүрлі көлемді, әртүрлі шынылардан дайындалған түтіктер. Кәдімгі лабораториялық пробиркаларды жеңіл балқитын шынылардан дайындайды. Бірақта жоғарғы температурада қолданылатын пробиркаларды қиын балқитын немесе кварцтан дайындайды. Қарапайым пробиркалардан басқа градуспен белгіленген және цетрифугаға арналған пробиркалар бар. Пробиркалар сапалы реакцияларда, өте терең микро анализдерде пайдаланылады. Пробиркаларда реакция қою үшін реактивтерді аз мөлшерде алған жөн. Оларда аз мөлшерде сұйықты қайнатуға болады. Тек оның жоғарғы жағынан ұстағышпен ұстау керек. Сұйықты қыздыруды жоғарғы жағынан бастайды, төменгі жағынан бастағанда сұйық қатты қайнайды да төгілуі мүмкін. Қайнатқан уақытта пробирканың ашық аузын оператордан қарсы жаққа қаратып ұстайды. Ал аздап жылыту керек болған жағдайда пробирканы сұйықпен ыстық суға салып қою керек.


Пипеткалар сұйықтың белгілі бір дәл мөлшерін анықтау үшін қолданылады. Олар сұйықтың және мөлшерін анықтайтын
пипеткалар болып бөлінеді.
Кәдімгі пипеткалар Мордың пипеткалары\-ортасында кеңейтілген жері бар,диаметрі онша емес түтікше.Оның төменгі ұшы сүйірленген,диаметрі 1мм-ге жуық.
Сыйымдылығы 1-10мл болатын,шлифті тығынды немесе тығынсыз автоматты пипеткалар да қолданылады.Аз мөлшердегі сұйықтарды өлшеу үшін микропипеткалар пайдаланылады.Оларды әрбір бөлігі 0,01 мл-ге тең бөліктерге бөліп белгілейді.Онда микропипеткалар арқылы сұйықтың мөлшерін 0,002-0,005 мл дәлдікпен алуға болады.
Бюреткалар-дәріханаларда сұйықты,газды титірлеу және олардың көлемін дәл өлшеуге арналған арнайы шыны түріктер.
Сұйыққа арналған бюреткалардың диаметрі бірдей, тек үш жағы сүйірленіп барып шыны кранмен немесе Мор қысқышымен жабдықталған резина түтікпен аяқталады. Қысқыштың орнына кейде түтікшенің ішіне еңгізілген шыны шарды пайдалануға болады. Ол үшін шарды екі саусақпен қысып шар мен түтікшенің ішкі қабырғасының арасында саңылау тудырады. Сұйықтың мөлшерін тіпті дәлірек анықтау үшін резина түтікшеге үші сүйірленген шыны түтікше жалғайды.
Бюретканың сиымдылық өлшемін көрсететін бөлшектенген бөлігі 10-25, 50-100 мл болады. Оны толтыру үшін қолданылатын және сұйықтың деңгейін нолге келтіретін арнайы құралдар бар. Сұйықтың мөлшері оның төменгі менискісі арқылы алынады. Тек қатты боялған сұйықтың мөлшері жоғары мениск арқылы алынады (калий марганец тотығы, йод және т.б. ).
Артқы қабырғасында ортасында жіңішке көк сызықты ақ. Жолағы бар бюреткаларда өлшеу нәтижесі дәлірек болады. Сілтілік ертінділердің мөлшерін анықтауға шыны кранды бюреткаларды қолданбаған жөн. Олар кранның шлифін бұзады да, олар оңай ашылып-жабылмайды.
Аз мөлшердегі сұйықтар үшін микробюреткалар қолданылады. Олардың сиымдылығы 1-5 мл, калибрі 0,01 мл. 0,001-0,5 мл көлемдегі сұйыққа анализ жасау үшін сол мөлшердегі микропипеткаларды қолдануға болады.
Өлшегіш цилиндрлар - қалың қабырғалы, қабырғасының сыртында көлемді мл мөлшерінде көрсететін бөлік белгілері бар ұзынша келген шыны ыдыс. Цилиндрлерді қолдану мақсатында мензуркалар да қолданылады. Олардың пішіні конус тәрізді, қабырғаларында өлшеу көлемінің белгілері бар. Олар ылай сұййықтардан тұнба жинауға қолайлы. Тұнба мензурканың төменгі тарылған бөлігінде жиналады.
Өлшегіш колбалар-көптеген аналитикалық жұмыстарға қажетті ыдыстар. Түбі жадағай, әртүрлі сиымдылықтағы колбалар. Көптеген колбалардың шлифті шыны тығындары болады. Олардың кең және тар ауыздылары бар. Онда оның көлемі цифр арқылы белгіленеді.
Өлшегіш колбалар белгілі бір көлемдегі сұйықтықты сұйылту үшін немесе белгілі көлемдегі еріткіште затты еріту үшін пайдалы.
Әртүрлі заттардың тығыздығын анықтау үшін және шынылармен жұмыс істеу үшін қолданылатын шыны приборлар да бар. Оған жататындар; тығыздықты анықтайтын пикнометррлер (Гей-Люссактың, Райшауердің, Раньенің, Менделеевтің приборлары); қатты заттардың ұнтағының тығыздығын анықтауға арналған волюмометрлер; сұйық заттың тығыздығын анықтау үшін ареометрлер; дәнекер оттығы шыныларды кесетін пышқылар; шыны үрлеуге арналған аспаптар және т.б.
2. Қатты дәрілік формалар. Ұнтақтардың сипаттамасы және жазу ережелері. Қатты дәрілік формаларға таблеткалар, ұнтақтар, болюстер, брикеттер, пилюлялар жатады. Ұнтақтар – pulveres. (Pulvis, pulveris, pulveres). Ұнтақтар- құрғак, сусымалы дәрілік зат формасы. Бұл форма ірі, қатты өсімдік заттар мен құрғақ минералдық заттарды келсаппен (ступкада) ұсатып, соңынан әдейі електермен елеу арқылы алынады.Үйкеп ұстаудан басқа ұнтақтарды жасаудың тұндырып (pulveres praecipitati), айдап (pulveres sublimati) және майлап (pulveres laevigati) алу түрлері бар. Ұнтақтар ішке де, сыртқа да тағайындалады. Бір ғана заттан тұратын ұнтақ қарапаиым, ал екі және одан да көп заттан тұратын ұнтақ күрделі ұнтақ деп аталады. Ірі (pulvis grossus), ұсақ (pulvis subtilis), өте ұсақ (pulvis subtilissimus) ұнтақтар бар. Ішке ұсақ ұнтақтар қолданылады, бұл туралы рецептіде әдейі көрсетпесе де болады. Кілегей қабықтарға, жара немесе іріңді жара бетіне жағу үшін ұсақ ұнтақтар жазу керек. Ішке қабылданатын ұнтақтардың салмағы 0,2-дан 2,0-ға дейін, ал ірі малдар үшін 20,0 – 25,0 және одан да көпке жетеді.Әсер етерлік негіздер аз мөлшерде жіберілген жағдайда, форма беру үшін мал сүйсіне қабылдайтын индиференттік ұнтақ қосылады. Олардың қатарына: қант (saccharum), қызылмыя түбірінің ұнтағы (pulvis radicis Glucyrrihizae), жалбызтікен түбірінің ұнтағы (pulvis radicis Аlthaeae), ас тұзы (Natrium chloratum) жатады. Басқа дәрілік формадағыдай, күрделі ұнтақтарға: basis (міндетті түрде), adjuvans, corrigens, constituens кіреді. Жәй ұнтақтарда бір ғана зат – basis болады.Дозаланған және дозаланбаған ұнтақтар бар. Дозаланған ұнтақтарға жазбада әрбіреуінің салмағы көрсетілген ұнтақтар жатады. Дозаланбаған ұнтақтардың жалпы салмағы көрсетіліп қана жазылады, оларды малдарға шай қасықпен немесе ас қасығымен, шай стақанымен т.б. береді. Ұнтақтардың бұл түрінде қауыпсыз, бәсең әсер ететңн, индиференттік дәм беретін заттар ғана тағайындалады, ал күшті әсер ететін және улы заттар қолданылмайды.Ұнтақтарды жазудың екі әдісі: рецептіде заттың барлық ұнтақтар санына жеткілікті мөлшері көрсетіліп жазылатын дивизиондық және бір ғана ұнтаққа жеткілікті мөлшері көрсетіліп жазылатын диспензациялық әдістері бар. Бірінші жағдайда рецепт M. f. pulvis D. t. d. № -диспензиялық әдіс, екінші жағдайда - M.f. pulveres № - дивизиялық әдіс, формуласымен аяқталады Гигроскопиялық, майлы немесе құрамында ұшқыш заттар кездесетін ұнтақтарды алу үшін рецептіде оларды парафиндаған немесе жылтыр қағазға орау туралы нұсқау беру керек: күрделі ұнтақтар жазу үшін мұндай рецепт: M. f. pulvis D. t. d. №.. in charta parffinata; M. f. pulvis D. t. d. №.. in charta немесе M. f. pulvis ad chartan ceratam: M. f. pulvis D. t. d. №.. ad chartam paraffinatan: формуласымен аяқталады, қарапайым ұнтақ жазғанда рецепт D.t. d. № .. in charta paraffinata; D. t. d. №... in charta D.t. d. № .. ad chartam paraffinatan; D. t. d. №... ad chartam ceratam формуласымен ақталады, өте ылғал тартқыш (гигроскопиялық) ұнтақтар мықтап тығындалған шөлмектерге салынып жіберіледі.
3.Дәрілік заттарды беру жолдары. энтералды жолы. Дәрілерді ауыз арқылы (peros) енгізу – көп тараған тәсілдердің бірі, бірақ түрлерін кеңінен таңдап алуға мүмкіндік береді, өйткені бұл жолмен еритін де, ерімейтін де дәрілерді енгізуне болады. Олар асқазанда тиісті өзгерістерге ұшырап, өздерінің әсер етерлік күшін не жояды, не уыттық әсер етеді ( каломельдің мүйізді малға тигізетін әсері). Қан жүйесіне сіңіп, дәрі ең алдымен бауырға түседі; бұнда дәрінің бір бөлігі, немесе түгелінен зарарсызданады немесе қор болып жыйналады. Дәрінің асқазан каналынан бойға сіңу жылдамдығы екі жағдайға: оның асқазан каналы шырындарында еру және қарынның тоқтық дәрежесіне байланысты. Демек бұл тәсіл дәрілердің әсер ететін уақытын есепке алуды және оларды лайықтап өлшеп беруді қыйындатады. Мал сүйсініп жейтін дәрілік заттатр ірі қараға күшті жемге, немесе суға, ал ит пен мысыққа нанға, етке, сүтке қосылып беріледі.
Капсулалар корнцангпен беріледі; түрегеліп тұрған малдың аузын ашып, капсуланы тілдің түбіне корнцангтың көмегімен салады да, корнцангты ауыздан жедел шығарады.
Ботқаларды тіл түп жағына шпательмен жағады. Пилюлдарды ит пен мысыққа ет немесе нанға қосып тағайындайды, немесе корнцангтың көмегімен береді, құстарға сол күйінде тағайындайды.
Тікішек (per rectum) аарқылы енгізгенде дәрілер күштірек әсер етеді,өйткені олар қанға сіңгеннен кейін бауырға бармайды, бұл тәсілмен енгізілген затқа ішек-қарын ферменттерінің әсері тимейді; ол тікішектен тезірек сіңеді. Көрсетілген әдіспен дәрілер сұйық (клизма) және жұмсақ (балауыз) формада енгізіледі. Тітіркендіретін препараттарға шырыш қосылады. Дәрі толығынан сіңу үшін тік ішекті фекалиядан тазарту керек.
2.рецепт
1. Ланалиннан (Lanalinum) жасалған 100 г сұртпе май жаз. Осы майда йод (Iodidum) 2 болік, калий йодид (Kalium iodidum) 6 болік, ланалин 12 болік болсын. Есеп: 1) 2б+6б+12б=20б 2) 20б-100г 2б-Хг Х=10г 3)6б=30 г 12б=60 г Rp.: Iodidi 10,0 Kalii iodide 30,0 Lanolini 60,0 M.f. unquentum D.S. сыртқа
2. 100 г өте ұсақ ұнтақ жаз, осы ұнтақта квасцы (Alumen) 60 %, салицил кышқылы (Acidum salicilicum) 10%, талк (Talcum) 30% болсын.Rp.: Alumeni 60,0 Acidum salicilicumi 10,0 Talci 30,0 M.f. pulvis subtillisimi D.s.сыртқа
3. Сиырға аминазинның (Aminazinum) дозасы 0,1 мг бір кг салмаққа (салмағы 300 кг) тері астына бір инъекцияға рецепті жаз. Бір ампулада 2,5 % 2 мл аминазин бар.Есеп: 1) 1) 0,1мг*300кг=30мг=0,03г2) 2,5%(г) )-100ml Х г - 2ml X=2,5г*2ml100ml=0,05 г 3) 1 амп.- 0,05 г Х амп.-0,03г X~1 ампСиырға Rp.: Sol.Aminazini 2,5%-2 мл D.t.d. №1 in ampillisS. тері астына 1 инъекцияга 2 мл
4.Шошқаға 180 г линименты жаз, осы линиментта 2 болік кастор майы (Oleum Ricini), 3 болік мендуана майы (Oleum Hyosciami), және 1 болік хлороформ (Chlorohpormium) болсын.Есеп: 1) 2б+3б+1б= 6б 2) 6 б-180 г 1б-Хг Х=30.0 2б=60.0 3б=90.0 Шошқаға Rp.: Oleum Ricini 60,0 Oleum Hyosciami 90,0 Chlorohpormi 30,0 M.f. linimentum D.S. сыртка
5. Итке 10 пилюля жаз, оның ішінде болсын синтомицин (Synthomycinum), норсульфазол (Norsulfasolum), стрептоцид (Streptocidum) дозалары бірдей 1 г. Ішке күніне 2 пилюлядан 5 тәулікке.Итке Rp.: Synthomycini 1,0 Norsulfasoli 1,0 Streptocidi 1,0 Farinae secalinae et. Aqua fantanae q.s Ut.fiat pilula D.t.d. № 10 S.Ішке күніне 2 пилюлядан 5 тәулікке

19 – билет


1.Фармакодинамикасының сипаттамасы. Фармакодинамика дәрілік заттардың биологиялық әсері, олардың әсер ету орны және механизмі жөнінде фармакологияның бөлімі:Дәрілік заттар қолданылатын жеріне және жалпы (резорбтикалық; resorptio – сору) әсерін тигізеді. Дәрілік препарат қандай да болса тканьмен (терімен, кілегей қабықпен) жанасып, көбінесе жанасқан жерінде осыған сәйкес өзгерістер туғызатын жағдайда, қолданылған жеріне тигізетін әсері байқалады.Қолданылған жеріне әсер тигізетін заттардың көпшілігін шағын мөлшерде қан сорып алады. Бұл сорылған заттың мөлшері аз болады, сондықтан қандай да болсын органдардың қызметіндегі өзгерістерді жәй қарағанда көруге болмайды.
Дәрілік заттың жалпы әсері ол қанға, демек, барлық органдар мен тканьдерге түскенде көрінеді. Жалпы әсер тигізетін химиялық заттар кейбір жағдайларда барлық тканьдерге, бірақ түрліше дәрежеде (протоплазмалық әсер); екінші жағдайда жеке органдарға (таңдап әсер ету) ықпалы болатыны анықталады.
Қолданылған жеріне және жалпы әсер тигізгенде: 1) зат байланыс жасайтын қандайда болсын тканьге, органға немесе системаға тікелей бағытталған тура бірден әсер ететін және 2) тура емес яғни жанама, айнымалы түрлері бар, бұл кейінгі түрі тура әсер ететін түрдің салдары болып келеді.Жанама әсердің ерекше түрі- нерв жолымен жүзеге асырылатын рефлекторлық әсер болып келеді. Мысалы, аммиакпен деп алғанда тыныс және жүрек қызметі уақытша тоқтауы мүмкін; мыс сульфаты қарын кілегейін тітіркендіріп құстыруы ықтимал т.б. Фармакологияда ауру қоздырғыштарға әсер тигізетін заттардың зор маңызы бар; оларды этиотроптық, яғни каузальдық деп атайды; бұған фенол, креолин т.б. микробтарды өлтіретін (бактерицидтық) және олардың өсуін тежейтін сульфаниламидтық дәрілер жатады. Емдеудің мұндай әдісін каузальдық емдеу әдісі деп атайды.Сондай-ақ, дәрілік заттардың қайтатын және қайтпайтын әсері болады. Қайтатын әсерде орган функцияларындағы өзгеріс уақытша сыйпатта болады; енгізілген дәрілерден арылуына қарай функция қызметі қалпына келеді. Егер енгізілген зат түзілмейтін шұғыл морфологиялық және функциялық өзгерістер туғызса, мұны қайтпайтын әсер деп атайды. Клеткаларға, тканьдерге, органдарға және системаларға фармакологиялық заттардың тигізетін әсерінен: қозу, меңдеу және функция параличтері пайда болады. Бұл реакцияларды бірінен бірін бөліп алып, оқшау қарауға болмайды, оларды органдар нервтік және гуморалдық өзара қатынаста болғандықтан бүкіл организмнің жауап реакцияларының күрделі комплексі деп қарау керек. Орган функциясының күшеюін қозу, ал оның әлсіреуін меңдеу деп түсіну керек. Мысалы, карбохолин ішектердің перистальтикасын, сілекей, қарын, ішек және тер бездерінің серекциясын күшейтеді, антропин ішек перистальтикасын баяулатып, бұл бездердің серекциясын әлсіретеді.
2. Қатты, тұтқыр және сұйық заттарды өлшеу үшін, ветеринарлық дәріханаларда қолданылатын өлшеуші құралдар.
Өлшегіш ыдыстарға өлшегіш цилиндрлар, пробиркалар, пипеткалар, колбалар жатады.Бұл ыдыстардың ішіндегі ең көбірек қолданылатыны әртүрлі пішінді, әртүрлі материалдардан дайындалған пробиркалар. Олар цилиндр тәрізді, түбі доғалданған, әртүрлі көлемді, әртүрлі шынылардан дайындалған түтіктер. Кәдімгі лабораториялық пробиркаларды жеңіл балқитын шынылардан дайындайды. Бірақта жоғарғы температурада қолданылатын пробиркаларды қиын балқитын немесе кварцтан дайындайды. Қарапайым пробиркалардан басқа градуспен белгіленген және цетрифугаға арналған пробиркалар бар. Пробиркалар сапалы реакцияларда, өте терең микро анализдерде пайдаланылады. Пробиркаларда реакция қою үшін реактивтерді аз мөлшерде алған жөн. Оларда аз мөлшерде сұйықты қайнатуға болады. Тек оның жоғарғы жағынан ұстағышпен ұстау керек. Сұйықты қыздыруды жоғарғы жағынан бастайды, төменгі жағынан бастағанда сұйық қатты қайнайды да төгілуі мүмкін. Қайнатқан уақытта пробирканың ашық аузын оператордан қарсы жаққа қаратып ұстайды. Ал аздап жылыту керек болған жағдайда пробирканы сұйықпен ыстық суға салып қою керек.Пипеткалар сұйықтың белгілі бір дәл мөлшерін анықтау үшін қолданылады. Олар сұйықтың және мөлшерін анықтайтын пипеткалар болып бөлінеді.Кәдімгі пипеткалар Мордың пипеткалары\-ортасында кеңейтілген жері бар,диаметрі онша емес түтікше.Оның төменгі ұшы сүйірленген,диаметрі 1мм-ге жуық.Сыйымдылығы 1-10мл болатын,шлифті тығынды немесе тығынсыз автоматты пипеткалар да қолданылады.Аз мөлшердегі сұйықтарды өлшеу үшін микропипеткалар пайдаланылады.Оларды әрбір бөлігі 0,01 мл-ге тең бөліктерге бөліп белгілейді.Онда микропипеткалар арқылы сұйықтың мөлшерін 0,002-0,005 мл дәлдікпен алуға болады.Бюреткалар-дәріханаларда сұйықты,газды титірлеу және олардың көлеміндәл өлшеуге арналған арнайы шыны түріктер.
Сұйыққа арналған бюреткалардың диаметрі бірдей, тек үш жағы сүйірленіп барып шыны кранмен немесе Мор қысқышымен жабдықталған резина түтікпен аяқталады. Қысқыштың орнына кейде түтікшенің ішіне еңгізілген шыны шарды пайдалануға болады. Ол үшін шарды екі саусақпен қысып шар мен түтікшенің ішкі қабырғасының арасында саңылау тудырады. Сұйықтың мөлшерін тіпті дәлірек анықтау үшін резина түтікшеге үші сүйірленген шыны түтікше жалғайды.Бюретканың сиымдылық өлшемін көрсететін бөлшектенген бөлігі 10-25, 50-100 мл болады. Оны толтыру үшін қолданылатын және сұйықтың деңгейін нолге келтіретін арнайы құралдар бар. Сұйықтың мөлшері оның төменгі менискісі арқылы алынады. Тек қатты боялған сұйықтың мөлшері жоғары мениск арқылы алынады (калий марганец тотығы, йод және т.б. ).Артқы қабырғасында ортасында жіңішке көк сызықты ақ. Жолағы бар бюреткаларда өлшеу нәтижесі дәлірек болады. Сілтілік ертінділердің мөлшерін анықтауға шыны кранды бюреткаларды қолданбаған жөн. Олар кранның шлифін бұзады да, олар оңай ашылып-жабылмайды. Аз мөлшердегі сұйықтар үшін микробюреткалар қолданылады. Олардың сиымдылығы 1-5 мл, калибрі 0,01 мл. 0,001-0,5 мл көлемдегі сұйыққа анализ жасау үшін сол мөлшердегі микропипеткаларды қолдануға болады.
Газдың көлемін анықтауға арналған бюреткалардың сұйықтың көлемін анықтайтын бюреткалардан айырмашылығы оларда кран бюретканың жоғарғы жағында болады. Өлшегіш цилиндрлар - қалың қабырғалы, қабырғасының сыртында көлемді мл мөлшерінде көрсететін бөлік белгілері бар ұзынша келген шыны ыдыс. Цилиндрлерді қолдану мақсатында мензуркалар да қолданылады. Олардың пішіні конус тәрізді, қабырғаларында өлшеу көлемінің белгілері бар. Олар ылай сұййықтардан тұнба жинауға қолайлы. Тұнба мензурканың төменгі тарылған бөлігінде жиналады.Өлшегіш колбалар-көптеген аналитикалық жұмыстарға қажетті ыдыстар. Түбі жадағай, әртүрлі сиымдылықтағы колбалар. Көптеген колбалардың шлифті шыны тығындары болады. Олардың кең және тар ауыздылары бар. Онда оның көлемі цифр арқылы белгіленеді.Өлшегіш колбалар белгілі бір көлемдегі сұйықтықты сұйылту үшін немесе белгілі көлемдегі еріткіште затты еріту үшін пайдалы.Әртүрлі заттардың тығыздығын анықтау үшін және шынылармен жұмыс істеу үшін қолданылатын шыны приборлар да бар. Оған жататындар; тығыздықты анықтайтын пикнометррлер (Гей-Люссактың, Райшауердің, Раньенің, Менделеевтің приборлары); қатты заттардың ұнтағының тығыздығын анықтауға арналған волюмометрлер; сұйық заттың тығыздығын анықтау үшін ареометрлер; дәнекер оттығы шыныларды кесетін пышқылар; шыны үрлеуге арналған аспаптар және т.б.
3.Микстураларды дайындау технологиясы және оның маңызы. Микстуралар –mixtura. ( Mixtura, mixturae ).Еріткіште екі және одан да көп заттарды еріту арқылы немесе бірнеше сұйық препараттарды араластыру арқылы алынады.Микстуралардың тұнықжәне шөгіп тұнатын (mixturaagitanda) түрлері бар.Микстуралар сулы ертінділерді спиртті тұндырмалар мен сірінділерге араластыру арқылы алынады. Шөгіп тұнатын микстуралар ерімейтін (өсімдіктерден алынған), немесе нашар еритін (минералдық) ұнтақтарды суға араластырғанда пайда болады. Тұнған дәрілерді сұйықпен араластыру үшін оларды қолданар алдында жақсылап шайқау керек. әрине, мұндай микстураларды құрайтын заттарды дәл мөлшерлеу өте қыйын; сондықтан заттардың ең жоғарғы дозалары немесе А мен Б тобына жататын заттар мұндай микстуралық формада әдетте тағайындалмайды. Микстуралар үшін еріткіш ретінде көбінесе су қолданылады.Тұнық микстураларды ішке қолдануға да, сондай-ақ енгізу мақсатымен де тағайындауға болады; опалесценциялық және шөгіп тұнатын микстуралар көбінесе ішке қолданылады.Микстуралар алу үшін әдетте күрделі рецептілер жазылады; оларды M. D.S. формуласымен аяқтайды.
Рецепт :1.Активты көмір (Carbo activatus) 20% ерітіндісін жаса.Дозасы итке 5 г.Бер ішке қой уланғанда.Есеп :ИткеRp.: Carbo activatus 20% - 5,0 D.s.ішке

2. 20% глюкоза ерітіндісін (Glucosum) жаса.Қойға дозасы 20 г.Күре тамырға стерилденген ертіндіні жаз.Есеп:ҚойғаRp.:Sol.Glucosi 20 %- 20,0 D.s. Күре тамырға


3.Furacillinum - фурацилин ерітіндісін сиырға 500 мл асқазанды тазарту үшін жаса. Сумен қатынасы 1: 1500Рецепті екі әдіспен жаз. Сиырға
Rp.: Furacillinum 1: 1500 D.s. қынабын жууға
4. Су тегі тотығы концентрациясы 33 %. Solytio Hydrogenii peroxydatum - су тегі тотығы сұйылтылған 1% - 100 мл ерітіндісін жаса. Рецепті екі әдіспен жаса. 5.Solutio Lugolii - люголь ерітіндісін 200 мл жаса.Осы рецепте 1 бөлік иоды - iodidum, 2 бөлік калий иоды kalium iodidum , 17 бөлік су - aqua destillatae болсын.Сыртқа кілегей қабықтарды тазарту үшін.
18 – билет
1.Көлемі бойынша сұйықтықтарды мөлшерлеу үшін, ветеринарлық дәріханаларда қолданылатың өлшеуіш құралдар. Өлшегіш ыдыстарға өлшегіш цилиндрлар, пробиркалар, пипеткалар, колбалар жатады.Бұл ыдыстардың ішіндегі ең көбірек қолданылатыны әртүрлі пішінді, әртүрлі материалдардан дайындалған пробиркалар. Олар цилиндр тәрізді, түбі доғалданған, әртүрлі көлемді, әртүрлі шынылардан дайындалған түтіктер. Кәдімгі лабораториялық пробиркаларды жеңіл балқитын шынылардан дайындайды. Бірақта жоғарғы температурада қолданылатын пробиркаларды қиын балқитын немесе кварцтан дайындайды. Қарапайым пробиркалардан басқа градуспен белгіленген және цетрифугаға арналған пробиркалар бар. Пробиркалар сапалы реакцияларда, өте терең микро анализдерде пайдаланылады. Пробиркаларда реакция қою үшін реактивтерді аз мөлшерде алған жөн. Оларда аз мөлшерде сұйықты қайнатуға болады. Тек оның жоғарғы жағынан ұстағышпен ұстау керек. Сұйықты қыздыруды жоғарғы жағынан бастайды, төменгі жағынан бастағанда сұйық қатты қайнайды да төгілуі мүмкін. Қайнатқан уақытта пробирканың ашық аузын оператордан қарсы жаққа қаратып ұстайды. Ал аздап жылыту керек болған жағдайда пробирканы сұйықпен ыстық суға салып қою керек.Пипеткалар сұйықтың белгілі бір дәл мөлшерін анықтау үшін қолданылады. Олар сұйықтың жәнемөлшерін анықтайтынпипеткалар болып бөлінеді.Кәдімгі пипеткалар Мордың пипеткалары\-ортасында кеңейтілген жері бар,диаметрі онша еместүтікше.Оның төменгі ұшы сүйірленген,диаметрі 1мм-ге жуық.Сыйымдылығы 1-10мл болатын,шлифті тығынды немесе тығынсыз автоматты пипеткалар да қолданылады.Аз мөлшердегі сұйықтарды өлшеу үшін микропипеткалар пайдаланылады.Оларды әрбір бөлігі 0,01 мл-ге тең бөліктерге бөліп белгілейді.Онда микропипеткалар арқылы сұйықтың мөлшерін 0,002-0,005 мл дәлдікпен алуға болады. Бюреткалар-дәріханаларда сұйықты,газды титірлеу және олардың көлемін дәл өлшеуге арналған арнайы шыны түріктер.Сұйыққа арналған бюреткалардың диаметрі бірдей, тек үш жағы сүйірленіп барып шыны кранмен немесе Мор қысқышымен жабдықталған резина түтікпен аяқталады. Қысқыштың орнына кейде түтікшенің ішіне еңгізілген шыны шарды пайдалануға болады. Ол үшін шарды екі саусақпен қысып шар мен түтікшенің ішкі қабырғасының арасында саңылау тудырады. Сұйықтың мөлшерін тіпті дәлірек анықтау үшін резина түтікшеге үші сүйірленген шыны түтікше жалғайды.Бюретканың сиымдылық өлшемін көрсететін бөлшектенген бөлігі 10-25, 50-100 мл болады. Оны толтыру үшін қолданылатын және сұйықтың деңгейін нолге келтіретін арнайы құралдар бар. Сұйықтың мөлшері оның төменгі менискісі арқылы алынады. Тек қатты боялған сұйықтың мөлшері жоғары мениск арқылы алынады (калий марганец тотығы, йод және т.б. ).Артқы қабырғасында ортасында жіңішке көк сызықты ақ. Жолағы бар бюреткаларда өлшеу нәтижесі дәлірек болады. Сілтілік ертінділердің мөлшерін анықтауға шыны кранды бюреткаларды қолданбаған жөн. Олар кранның шлифін бұзады да, олар оңай ашылып-жабылмайды. Аз мөлшердегі сұйықтар үшін микробюреткалар қолданылады. Олардың сиымдылығы 1-5 мл, калибрі 0,01 мл. 0,001-0,5 мл көлемдегі сұйыққа анализ жасау үшін сол мөлшердегі микропипеткаларды қолдануға болады.Өлшегіш цилиндрлар - қалың қабырғалы, қабырғасының сыртында көлемді мл мөлшерінде көрсететін бөлік белгілері бар ұзынша келген шыны ыдыс. Цилиндрлерді қолдану мақсатында мензуркаларда қолданылады. Олардың пішіні конус тәрізді, қабырғаларында өлшеу көлемінің белгілері бар. Олар ылай сұййықтардан тұнба жинауға қолайлы. Тұнба мензурканың төменгі тарылған бөлігінде жиналады.Өлшегіш колбалар-көптеген аналитикалық жұмыстарға қажетті ыдыстар. Түбі жадағай, әртүрлі сиымдылықтағы колбалар. Көптеген колбалардың шлифті шыны тығындары болады. Олардың кең және тар ауыздылары бар. Онда оның көлемі цифр арқылы белгіленеді.Өлшегіш колбалар белгілі бір көлемдегі сұйықтықты сұйылту үшін немесе белгілі көлемдегі еріткіште затты еріту үшін пайдалы.Әртүрлі заттардың тығыздығын анықтау үшін және шынылармен жұмыс істеу үшін қолданылатын шыны приборларда бар. Оған жататындар; тығыздықты анықтайтын пикнометррлер (Гей-Люссактың, Райшауердің, Раньенің, Менделеевтің приборлары); қатты заттардың ұнтағының тығыздығын анықтауға арналған волюмометрлер; сұйық заттың тығыздығын анықтау үшін ареометрлер; дәнекер оттығы шыныларды кесетін пышқылар; шыны үрлеуге арналған аспаптар және т.б.Куммуляция және оның сипаттамасы. Кумуляция,немесе шоғырлану, жиналу дәрілерді тіпті ең аз емдеу дозасымен қайталап енгізгенде байқалады; мұнымен қатар күшті фармакологиялық немесе уытты әсер ету белгілері көрінеді. Кумуляция- материалдық және функционалдық яғни физиологиялық түрлерге бөлінеді. Материалдық кумуляция дәрінің денеден шығуы оның енуінен анағұрлым қалып қойған жағдайда, мысалы, ауыр металл тұздарын, стрихнинді, кейбір ұйықтатын заттарды т.б. қолданған кезде пайда болады. Физиологиялық кумуляция деп белгілі органдардың немесе тканьдердің сезгіштігінің күшеюін айтады. Дегенмен наперстянка, қорғасын тұздарын т.б. қайталап қолданғандағыдай, бұл жағдайда да дәрі организмде жыйналып қорланбайды.
2.Дәрілік заттарды мөлшерлеу қағидалары
Дәрілік заттарды мөлшерлеу қағидалары оларды өлшеуден (взвешывания) және мөлшерлеуден (отмерывания) тұрады. Дәрілік заттарды өлшеу - таразылардың көмегімен, мөлшерлеу – мензурка, бюретка, пипетка, каплемерлердің көмегімен іске асады.
Дәріханалық практикада көбінесе өлшеу үшін қол таразыларын, тарирлі таразыларды және техникалық квадратты таразыларды қолданады.
Қол таразыларында құрғақ ұнтақ тәрізді заттарды 0,02 ден 100 г –ға дейін өлшейді.
Тарирлі таразыларда (Беранже, Мора таразылары) 200 г, 1 кг және 5 кг –ға дейін өлшеуге болады. Тарирлі таразылар құрғақ, қою, сұйық дәрілік заттарды 10 г-нан жоғары мөлшерде өлшеуге арналған. Құрғақ, қою заттарды тараға арнайы қағазға салып өлшейді. Сұйықтықтарды –цилиндрлерде, стакандарда өлшейді.
Техникалық квадратты таразыларды ұнтақтарды тез өлшеу үшін пайдаланылады. ±10 артық, кемімен өлшенеді. Мөлшерлеу үшін мензуркалар, бюретка, пипеткалар, каплемерлер, дистилденген су, қантты сироп, ағызғыш(сливательная) чашка, тарирлі таразы қажет. 1. Шәй қасық (көлемі 5 мл) - 5г су, 4г май, 6г сироп, 1,5 г –ға жуық өсімдік текті ұнтақ, 2,5 г күрделі ұнтақ сыяды. 2. Десерттік қасықта (көлемі 10 мл) – 10 г су, 9 г май, 13 г сироп сыяды. 3. Ас қасық (көлемі 15 мл) – 15 г су, 12 г май, 20 г сироп, 7,5 г –ға жуық күрделі ұнтақтар сыяды. Дәрілік заттың мөлшері, яғни дозасы, демек, дәрілік заттың клеткаға әсер ететін концентрациясы, қолданылатын жеріне әсер еткенде ертіндінің концентрациясы, жалпы әсер еткенде – қандағы концентрация ескеріледі. Дозаның екі түрі: бір мезгілдік (pro dosi), яғни малға бір рет берілетін немесе бір рет енгізілетін дәрінің мөлшері; күн тәуліктік (pro die), яғни малға бір күнге, күн тәулік ішіне арналып берілетін дәрінің мөлшері бар. Енгізілетін заттың мөлшерін оның әсер ету сипатын анықтайды. Өте үлкен дозалар малды өлтіруі мүмкін, сондықтан да оларды өлтіретін дозалар деп атайды; дәрінің малды улайтын дозасын уытты (зәрлі) доза деп, ал емдік нәтиже беретін дозасын емдеу дозасы деп атайды. 1 гр 20 тамшы бар. 1 шай қасықта 5-10мл еріткіш су бар. Ас қасықта 20-25мл 1 рюмкада 50 мл. 1 стаканда 250 мл. 1 шелекте 10-15 л. Рецептурада қабылданған салмақ және өлшеуіштер аптекалық істе салмақ мөлшері ретінде- грамм, ал көлем мөлшері ретінде- миллилитр қабылданған. Осы уақытқа дейін сұйық заттардың салмағы ғана көрсетіліп келген еді, мұны ескеру керек, мемлекеттік фармокопеяның сегізінші рет басылуына сәйкес, аптекалар кейбір заттарды көлем өлшеуіштері арқылы жазып береді және жұмсайды.
Салмақ және көлем өлшеуіштерін белгілеу
1 грамм ... ... ... ... ...1,0 1 декаграмм ... ... ... ... 10,0
1 дециграмм ... ... ... ...0,1 1 гектограмм ... ... ... ...100,0
1 сантиграмм ... ... ... .0,01 1 килограмм ... ... ... ... 1001,0
1 миллиграм ... ... ... ..0,001 1 миллилитр ... ... ... ... 1 мл
1000 миллилитр ... ... ... 1 л (L)
Мөлшерленбеген сұйықтар шай, десерттік, асқасықтармен, стақан және құмыралармен тағайындалады. Шай қасыққа 4,0-5,0, десерттік қасыққа- 8,0-10,0, ас қасыққа- 16,0-20,0, стақанға – 200,0-250,0, құмыраға- 650,0, шелекке –10-12 л, 15°-20° жылылығы бар су сыяды деп есептеледі. Суға қарағанда майлардың сыйымдылығы 20-25 пайыз кем, ал концентрацияланған ертінділер 20-40 пайыз екендігін ескеру керек.
Сұйық заттарға қарағанда қатты заттардың көлемін анықтау үшін бұдан да гөрі қыйынырақ, бұл жағдай заттардың табиғи қасиеттеріне және қандай түрде кездесетіндігіне (құрғақтығы немесе ылғалдығы), қасық қалай толтырылғандығы, тағы басқаларға байланысты.
Рецепт тағайындау үшін 1 қабылдауға дозаны білу қажет. Ерітінділерді қасықтармен (шәй, десертке арналған, үлкен қасықтар), тамшылап, градуирленген кіші стакандармен, стакандармен, бутылкалармен дозалайды. Алайда дозалаудың бұл әдістері нақты болмайды. Қасықтардың сыйымдылықтары әр түрлі болады және қасықты қаншалықты толтыруына байланысты да дозалар мөлшері әртүрлі болады. Үлкен қасыққа 15 ... 20 мл су ерітіндісі, десертке арналған қасыққа 10-40, шәй қасыққа – 4...5 мл сияды деп есептеледі. Тамшылап дозалау кезінде тамшының көлемі, осыған
• орай оның мөлшері ауа температурасына және тамырдың саңылауының формасы мен қалыңдығына байланысты болып келеді. 20 0С 1 мл дистилденген су құрамында 20 тамшы, 95 % этил спиртінде-52 тамшы; 70% спиртте -50 тамшы, әр түрлі майларда 40-50 тамшы, эфирде 60...6 тамшы болатындығы белгілі. Тағайындалатын ерітіндінің мөлшері дәрілік заттың дозасына және жануар түріне тәуелді болады. Ұсақ жануарларға ерітінділерді – аз мөлшерде, ал ірі жануарларға көп мөлшерде тағайындайды. Егер де дәрілік заттың 1 қабылдауға арналған дозасы 1 мл-ден төмен болса, онда ерітіндіні тамшы түрінде, егерде одан көп болса –қасықпен, стаканмен, бөтелкемен, тағайындайды.
Ішке қолдануға арналған ерітінділерді дозаламай, дивизионды әдіспен, қысқа не толық түрде тағайындайды. Рецептті толық түрде жазғанда, дәрілік зат пен еріткіштің мөлшерін көрсетіп, барлық құрамдас бөліктерін тізбектеп жазады. Сигнатурада ерітіндіні немен дозалау керектігі және қанша рет беру қабылдауға арналғандығы көрсетілуі керек.
Малдың жасына қарай дәрі дозасын есептеудің бағыт беруші таблицасы ( Мозгов бойынша)
3. Пасталарды дайындау технологиясы. Пасталар – Pastae. (Pastae, Pasta, Pastae.)Пасталар дегеніміз құрамына 25 проценттен және одан да көп процент ұнтақ тәрізді заттар кіретін қою сүртпе майлар. Оларды сүртпе майлар сыяқты, сонда көрсетілгендей сonstituens қосып жібереді.
Пасталардың сілтілік (pastae causticae) және терілік (pastae dermaticae) түрлері бар. Сілтілік пасталардың құрамына: Kalium causticum, Acidum arsenicosum, Hydrargyrum bichloratum, Zincum chloratum, Calcaria usta т.б. кіреді.Пасталар дәрілік және форма түзгіш заттардан тұрады. Егер пастаның құрамында 25 проценттен ұнтақ заттар аз болса, онда индифференттық заттарды қосады: цинк тотығың (Zincum oxidum), бидай крахмалды, (trictii Amylum) талкті (Tallcum), т.б. ұнтақ заттарды.
Пасталарды былай жазады: официналдық пастаның құрамындағы заттарды айтпай-ақ, атын ғана көрсетеді; магистральдық пастаның құрамындаға барлық заттарды тізіп, рецептіні M. f. pasta D.S. формуласымен аяқтайды.
Официналдық паста – біреу – Pasta Zinci salicylata Lassari s. Unguentum Zinci salicylatum Сиырға:
Rp.: Kalii caustici Rp.: Pastae Zinci salicylatae100,0
Calcii hypochlorosi, āā 15,0 D. S.
Amyli trictii 5,0
Aquae destillatae ad 100,0
ut. f. pasta
D. S
1.Solutio Thiamini bromati (Vitamini B) in ampullis – тиамин бромидінің (В витаминінің) ампуладағы 3% - 1мл ерітіндісі бар, дозасы сиырға 0,03 г. Бұлшық етке күніне 1 рет 5 тәулікке рецепті жаз.Есеп: 1) 3% (г) – 100 mlX г – 1 мл Х = 3 г * 1 мл100 = 0,032) 1 амп. – 0,03г Х амп . – 0,03 гХ = 0,03 г*1 амп.0,03= 1 амп.Сиырға Rp.: Solutio Thiamini bromati 3% - 1млD.t.d. №1 in ampillisS. Күніне 1 рет ,5 тәулікке
2. 200 мг калий бромидтан ( Kalii bromidum) және 50мг натрий бромидтан (Natrii bromidum) тұратын ерітіндіні торайға жаз.Ішке бір ас қасықпен күніне 3 рет 5 тәулікке.3.Нафтизин (Naphthyzinum) 0,1 % ерітіндісін жаса.Мұрын қуысына 3 тамшыдан күніне 3 рет 5 тәулікке.4.Solutio Unithiolum in ampullis – унитиолдың ампулаға құйылған 5 % - 5мл ерітіндісі бар.Дозасы сиырға бұлшық етке 0,015 г бір кг салмағына салмағы 250 кг, бір инъекцияға рецепті жаз. 5.Solutio Strychnini nitrici in ampullis – стрихнин нитритінің ампулға құйылған 0,1 % - 1 мл ерітіндісі бар,дозасы итке 0 ,001 г тері астына .Рецепті бір инъекцияға жаз.

17- билет.


1.Сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрі түрлерін дайындау технологиясы.Ертінділер: ішке (per os), клизма ретінде (per rectum), денеге енгізу ретінде, ал дененің сыртына- спринцовкамен және ертіндімен жуу ретінде қолданылады. Басқа, формаларға қарағанда, ертінділердің мынадай артықшылары бар, оларды дайындау оңай, әрі ертінді ретінде көптеген заттарды малдардың барлық түріне қолдануға және дәл мөлшерлеп беруге болады, олардың фармакологиялық әсері тез шығады, әдетте еріткіш препараттың әсерін өзгертпейді және қосымша әсер көрсетпейді. Зат толық еріп, ертінділер тұнық болу керек.Спирттік ертінді жасау үшін, егер спирттік концентрациясы көрсетілмесе, еріткіш ретінде 90° спирт алынады. Еріткіш таңдағанда заттың еріткіштік дәрежесін, еріткіштің фармакологиялық қасиеттерін және ертіндінің кімге тағайындалғанын ескеру керек.
Кейбір еріткіштерді қайсы бір тағайындау тәсілімен қолдануға болмайды, мысалы, хлороформ, эфир көп мөлшерде ішке,күшті спирт венаға немесе тканьдерге енгізуүшін қолданылмайды. Ертінділердің мынадай түрлері бар: еріткіште бұдан әрі ерімейтін қанық ертінділер (solutio saturata), ертіндінің қандырылу дәрежесі мол болғанмен, оның ішінде бұдан әрі зат ери алатын концентрацияланған ертінділер (solutio concentrats), заттың қоюлық дәрежесі орташа немесе шамалы болып келген сұйылған ертінділер (solutio diluta).
Ертінділердің концентрациясы процентпен (1%, 2%, 4%) немесе пропорциямен белгіленеді: 1: 100,1 :50, 1: 25 т.б. Бірінші жағдайда 100,0 ертінді жасау үшін 1,0 затжәне 99,0 еріткіш, 2,0 зат және 98,0 еріткіш, 4,0 зат және 96,0 еріткіш алынады, екінші жағдайда- 1,0 г зат100 мл ертінді алғанша, 1,0 г зат 50 мл ертінді алғанша ертіледі.
2. Ұнтақтарды орау,буып түю, пайдалану және жою талаптары.Ұнтақтар – pulveres.(Pulvis, pulveris, pulveres).Ұнтақтар- құрғак, сусымалы дәрілік зат формасы. Бұл форма ірі, қатты өсімдік заттар мен құрғақ минералдық заттарды келсаппен (ступкада) ұсатып, соңынан әдейі електермен елеу арқылы алынады. Дәрілік препараттарды орау, буып түю, пайдалану және жою талаптары. Дәрі-дәрмек салынған шөлмектер мен банкілерге анық етіп латынша жазылған этикеткалар жапсырылады, улы заттар үшін қараның үстіне ақпен, күшті әсер ететін заттар үшін – ақтың үстіне қызылмен, ал қалған дәрілер үшін – ақтың үстіне қарамен жазу керек. Улы және күшті әсер ететін заттар салынған әрбір ыдысқа арнаулы этикеткалар жапсырылады (бассүйектің үстінде айқастырып салынған жілік сүйектердің суреті мен у деген жазу болуға тиіс). Жарықтың ықпалымен ажырайтын заттар салынған ыдыстың сыртына: қараңғыда сақталсын, оттан тұтанғыш заттар үшін – оттан қауыпты, жылу ықпалымен бұзылатын заттар үшін – салқын жерде сақталсын деген этикеткалар жапсырылады. Ұнтақтарды қағаз пакеттерде ,қорапшада, аузы кең ыдыстарда шығарады. Сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар жарақаттарға ,кілегейлі қабықтарға сеппе түрде пайдаланамыз.3.Дәрілік заттардың ,олардың,олардың концентрациясын дәрілік пішініне байланысты әсер ету ерекшеліктері. Дәрілік затқа берілген қолайлы форманы дәрі деп атайды. Сонымен, дәрі және дәрілік форма – тең мағыналы ұғым. Дәрілік заттар деп белгілі бір әдіспен дәрі жасауға болатын әр түрлі тектес заттарды айтады.Заводтар мен ірі дәріханаларда жасалынатын және фармакопеяға енгізілген дәрілік заттарды ресми официналдық (officina – дәрігерлік), ал дәрігерлердің өтініш – ңұсқаулары (рецепті) негізінде дайындалатың дәрілік формалар магистралдық (Magister - оқытушы, жетекші) формалар деп аталынады, яғни аптекалық (Apateca) заттар дейді. Олар төмендегі түрде болуы мүмкін; 1) өсімдіктер мен жануарлардан өндірілетін дәрілік шикізат (medicamenta cruda) шөптер, жапырақтар, гүлдер, ұрықтар, қабық, өсімдік тамырлары, түбіріштер, қастауыш, шикі майлар, сүртпе майлар т.б.; 2) фармазаводтарда дайындалатын синтетикалық және өсімдітерден өндірілетін заттар мен препараттар (medicamenta chemica pharmaceutica); 3) күрделі фармацевтикалық, яғни ертедегі рим оқымыстысы Клавдий Галеннің құрметіне оның есімімен аталған галендік препараттар (praeparata gaienica s. praeparata composita ); олар өсімдік шикізатынан алынады, мысалы, бұған настойка, сірінді, спирт сыяқты тағы басқалар кіреді; 4) фармацевтикалық заводтарда күрделі тәсілмен шығарылған жаңа галендік препараттар; бұлардың қатарына құрамына болар-болмас қосымша заттар кірген өсімдіктердің әсерлі негіздерінің сулы сығындылары – адонилен, конваллен, эрготин, тағы басқа препараттар кіреді.
Фармакопеяға енгізілген барлық препараттар үш топқа бөлінеді:
1) А – тобы – улы заттар (улар – venena); олар аузына құлып салынған жеке шкафта сақталады. Улы дәрілік заттар қүйылған шөлмектің сыртындағы қара қағазға ақ түсті әріптермен жазылады. Шкафтардың (сейфтердің) ішкі қабырғасына сақтаулы тұрған улы дәрілік заттардың тізімі мен қанша бар екендігі жазылып қойылуы керек;
2) Б – тобы – күшті әсер ететін заттар (heroica); бұлар да құлып салынған жеке шкафта сақталады. Күшті әсер еткіш заттар қүйылған шөлмектін сыртындағы ақ қағазға қызыл түсті әріптермен жазылады;
3) Улы және қатты әсер ететін дәрілік заттардан басқа дәрілер (жай әсер ететін) кәдімгі шкафтарда жалпы ережелер бойынша сақталады. Шөлмектін сыртындағы жазу ақ фонда, қара түсті әріптермен жазылады. Дәріханаларда дайындалған дәрілік зат формаларының жапсырма қағазы (этикетка) да әр түсті болады; ішуге арналған дәрілердің жапсырма қағазы ақ сыртқа қолданылатын дәрілердікі көк түсті.
1.Жылқыға глюкозаның (Glucosum) дозасы 80 г.ішке мал уланғанда 40% ерітіндісін бер.рецепті екі әдіспен жаз.Rp.: Glucosum 40 %- 80,0 D.s. ішке
2.Мұзды сірке су қышқылының 96 % өте әлсіз концентрациялы 1% -100мл сірке су қышқылды дайында.3. Solutio Novocaini in ampullis – новокаиннің ампулаға құйылған 2% -1 мл ер% -1 мл ертіндісі бар.дозасы итке 4 мг бір кг салмагына салмағы 50 кг .Бір инъекцияға рецепт жаз.
4. Solutio Scopolamini hydrobomici in ampullis- тұз қышқылды скополаминнің ампулаға құйылған 0,05 % - 1 мл ертіндісі бар,қойға дозасы бұлшық етке 0,0005 г, бір инъекцияға рецепт жаз.
5. Solutio Omnoponi in ampullis – омнопонның ампулға құйылған 1% - 1 мл ерітіндісі бар, итке дозасы 0,01 г бір инъекция рецепт жаз.\
20- билет.
Ұнтақтарды дайындау технологиясының сипаттамасы.Ұнтақтар – pulveres.(Pulvis, pulveris, pulveres).Ұнтақтар- құрғак, сусымалы дәрілік зат формасы. Бұл форма ірі, қатты өсімдік заттар мен құрғақ минералдық заттарды келсаппен (ступкада) ұсатып, соңынан әдейі електермен елеу арқылы алынады.Үйкеп ұстаудан басқа ұнтақтарды жасаудың тұндырып (pulveres praecipitati), айдап (pulveres sublimati) және майлап (pulveres laevigati) алу түрлері бар. Ұнтақтар ішке де, сыртқа да тағайындалады. Бір ғана заттан тұратын ұнтақ қарапаиым, ал екі және одан да көп заттан тұратын ұнтақ күрделі ұнтақ деп аталады. Ірі (pulvis grossus), ұсақ (pulvis subtilis), өте ұсақ (pulvis subtilissimus) ұнтақтар бар. Ішке ұсақ ұнтақтар қолданылады, бұл туралы рецептіде әдейі көрсетпесе де болады. Кілегей қабықтарға, жара немесе іріңді жара бетіне жағу үшін ұсақ ұнтақтар жазу керек. Ішке қабылданатын ұнтақтардың салмағы 0,2-дан 2,0-ға дейін, ал ірі малдар үшін 20,0 – 25,0 және одан да көпке жетеді.Әсер етерлік негіздер аз мөлшерде жіберілген жағдайда, форма беру үшін мал сүйсіне қабылдайтын индиференттік ұнтақ қосылады. Олардың қатарына: қант (saccharum), қызылмыя түбірінің ұнтағы (pulvis radicis Glucyrrihizae), жалбызтікен түбірінің ұнтағы (pulvis radicis Аlthaeae), ас тұзы (Natrium chloratum) жатады. Басқа дәрілік формадағыдай, күрделі ұнтақтарға: basis (міндетті түрде), adjuvans, corrigens, constituens кіреді. Жәй ұнтақтарда бір ғана зат – basis болады.Дозаланған және дозаланбаған ұнтақтар бар. Дозаланған ұнтақтарға жазбада әрбіреуінің салмағы көрсетілген ұнтақтар жатады. Дозаланбаған ұнтақтардың жалпы салмағы көрсетіліп қана жазылады, оларды малдарға шай қасықпен немесе ас қасығымен, шай стақанымен т.б. береді. Ұнтақтардың бұл түрінде қауыпсыз, бәсең әсер ететңн, индиференттік дәм беретін заттар ғана тағайындалады, ал күшті әсер ететін және улы заттар қолданылмайды.Ұнтақтарды жазудың екі әдісі: рецептіде заттың барлық ұнтақтар санына жеткілікті мөлшері көрсетіліп жазылатын дивизиондық және бір ғана ұнтаққа жеткілікті мөлшері көрсетіліп жазылатын диспензациялық әдістері бар.
Соңғытәсіліріқолайлы, әріоңайжәнеондақатеазболады.
майлынемесеқұрамындаұшқышзаттаркездесетінұнтақтардыалуүшінрецептіде
2.Экстракт ерітіндісін дайындау технологиясы. Сірінділер-extacta (жекеше атау жалғауы- extactum, жекеше ілік жалғауы- extacti).Сірінділер: сұйық (extacta fluida), жұмсақ (extacta molla), қою(extacta spissa), және құрғақ(extacta sicca); спиртті(extacta Spirituosa), эфирлі (extacta aetherea) және сулы (extacta aguosa) түрлерге бөлінеді.Оларды перколяция әдісімен заводтарда дайындайды; ең алдымен сұйық сірінді алып, содан кейін оны керекті қоюлық дәрежесне жеткенше қайнатады.Сұйық сірінділерді тұндырма ретіне, қою және құрғақ ерітінділерді-ұнтақ және басқа дәрілік формаларда қолданады.Официналдықсірінділер:1)Extractum Aloes - сабурсіріндісі, 2)Extractum Belladone-беладоннасіріндісі, 3) Extractum Gentianae- көкгүлсіріндісі, 4) Extractum Glycyrrhizae – қызылмиятүбірініңсіріндісі, 5) Extractum Granati fluidum- анарағашыныңсұйықсіріндісі, 6) Extractum Hyoscyami- меңдуанасіріндісі, 7) Extractum Opii – апыйынсіріндісі, 8) Extractum Rhri- аұрауағашсіріндісі, 9) Extractum Rhei compositum – күрделіақрауағашсіріндісі, 10) Extractum Secalis cornuti – қастауышсіріндісі, 11) Extractum Secalis cornuti fluidum – қастауыштыңсұйықсіріндісі, 12) Extractum Strychni – чилибухасіріндісі, 13) Extractum Taraxaci – пиясіріндісі, 14) Extractum Valerianae – валерианасіріндісі.
3. Ветеринарлық дәріхана бөлмелерге және аспаптарға арналған талаптар. Малдәрігірлік-санитарлық бөлмелерді жинастыру және дәріханалық құралдардың күтімге арналған талаптары. Тазартқан ыдыстардың сапалығын бақылау.Малдәрігерлік емхана жанындағы аптеканың құрғақ және жарығы жеткілікті үш бөлмесі, шоланы, подвалы немесе мұздақ суық бөлмесі болғаны жөн. Бірінші бөлме – рецепт қабылдайтын, дайындалған дәріні жіберетін рецептуралық, екінші бөлме – жуып шайып тұратын, үшіншісі – заттар тұратын, дәрі-дәрмектер сақтайтын бөлме болуға тиіс.Рецептуралық бөлмеде: 1) кеңсе құралдарымен жабдықталған стол, 2) линолеуммен немесе шынымен жабылған және түрегеліп тұрып қызмет істеуге қолайлы дәрілерді жасайтын стол; 3) улы заттар мен оларға керекті ступкаларды, пестиктерді, гирлермен жабдықталған қолтаразыларды, өлшеуіш цилиндр мен мензуркаларды, воронколарды, капсул жасағыштарды, совочкалар мен сүзгіш қағазды сақтайтын шкаф; 4) күшті әсер ететін дәрілер шкафы және 5) басқа заттарды сақтайтын шкафтар болуға тиіс.Заттар қоятын бөлмеде дәрі-дәрмектер сақтайтын шкафтар болға тиіс. Олардың саны әрбір жеке жағдайға сәйкес белгіленеді. Кір жуатын бөлмеде қазанмен жабдықталған плита, дистилденген су құйылатын алмалы-салмалы қазан және ыдыс жуылатын жабдықтар болады.Ветфельдшерлік пункт аптекасы үшін жұмыс столмен, үлкенді-кішілі екі шкафпен жабдықталған бір ғана кең бөлме, сондай-ақ дезинфекциялық және оттан қауыпты заттардың қорын сақтайтын шоланың болуы жеткілікті.Аптека мебелі қарапайым, мықты, ақ бояумен боялуға тиіс. Бөлмелердің қабырғалары майлы немесе эмальді бояумен, мүмкіндігінше ақ бояумен сырланған болғаны жөн.Аптека жабдығы: 1) тек техникалық таразылардан, 5 кг –дық стол үстіне қойылатын таразылардан, өлшеуіш тастармен жабдықталған түрліше безбендер, 2) металдан жасалған ступка мен пестиктерден, фарфордан жасалған үлкенді-кішілі ступкалар мен пестиктерден, 3)электрлі немесе жай булы моншадан, 4) электр плитасынан, 5) қабықтан тығын жасайтын пресстен, 6) дистилденген су алуға керекті айдамалы кубтен, 7) әртүрлі шөлмек воронкалар мен бір үлкен фарфор воронкадан, 8) шөлмектен жасалған бірнеше өлшеуіш құралдар мен әртүрлі мензуркалардан, 9) пилюля жасайтын машинкадан, 10) бикстер мен жабдықталған инфундир аппаратынан, 11) перкулятор немесе үлкен бөлгіш воронкадан, 12) әртүрлі пипеткалардан, сондай-ақ көз пипеткаларынан, 13) әртүрлі сыйымдылығы бар материалдық банкілерден, совочкалардан, қасықтардан, металл мен мүйізден жасалған немесе пластмассадан жасалған шпательдерден, капсул жасағыштардан, тағы басқа шөлмек ыдыстармен жабдықталған лабораториялық бұйымдардан құрылады. Бұдан басқа, аптекада фармакопеяның соңғы басылып шыққаны, дәрілердің фармацевтикалық мануал жазбасы, рецептуралық журнал, дәрі-дәрмектерді есепке алу және жұмсау журналы, сондай-ақ олардың катологі болуға тиіс.Аптекадағы ыдыстарды таза ұстап, олардың дұрыстап жуылуына ерекше көңіл бөлу керек. Шөлмек және фарфор ыдыстарды алғаш рет кәдімгі суда сулап, содан кейін жылы сілтімен немесе жылы сабын ертіндісімен жуады. Оларды қыл немесе сым щеткалардың көмегімен жуып, ал содан соң жылы таза судың немесе кран суының ағынымен әбден шаю керек. Оларды төңкерілген күйінде аша ағашқа іліп кептіреді, ал бұл ыдыстар сілтілер ықпалымен бұзылатын дәрілерге арналса, онда оларды 0,5 процент тұз қышқылымен шаяды. Бұрын қолданылған және сырттан түске (ауру малдардың инелерінен т.б.) ыдысты алдын ала бір тәулігі ішінде алмас ертіндісімен дезинфекциялайды. Содан кейін оны сілтіге немесе сабын ертіндісіне салып қайнатады, осыдан кейін ғана барып жоғарыда көрсетілген тәсілмен жуады.Металдан, мүйізден немесе пластмассадан жасалған қалақтарды, совочкаларды, капсул жасағыштарды жылы сабынды суда жуып, содан кейін жылы таза сумен немесе кран суының ағынымен шаяды, содан соң бұларды арнаулы таза орамалмен сүртеді.
Қол таразыларының табақшалары таза орамалмен, ал қажет болса спитрпен жуып сүртіледі.
3. Сиырға болюс ретінде натрий бромид (Natrium bromidum) жаз, дозасы 30 г. Күніне 2 болюстан 2 тәулікке рецепті жаз Сиырға Rp.: Natrii bromidi 30,0
Farinae secalinae et. Aq.dest. q.sUt.fiat bolus D.t.d. № 4S.Ішке күніне 2 рет 2 тәулікке
5. Итке натрий барбиталдың (Barbitalum natrium) дозасы 0,6 г. Бір таблеткада 0,3 натрий барбитал бар, 2 мезгілден 5 күнге рецепті жаз. Есеп: 1) 1таб.-0.3 Х таб.-0.6Х=2 таб. 2) 2 таб*2мез.*5кун=20таб.ИткеRp.:Tab.Natrii barbitali 0.3D.t.d. №20 S.ішке 2таблеткадан 2 мезгілден 5 күнге

21-белет.Тұнбаны дайындау технологиясы. ?Тұнба- Tinctura деп өсімдіктерден, жануарлардан алынатын дәрілік заттардың спирттік эфирлік немесе сулық сығындыларын айтады.Бұл форма заводтарда дайындалады. Тұрақты боялған тұнық материалдарды ұсатып, үлкен ыдысқа салады да сорып алатын сұйықтықтарды құйып араластырады. Үлкен ыдысты жауып 16-20 температурада 7-10 күн бойы араластырып тұндырады. Содан сұйығын құйып алып, қоюын преспен сығады. Алынған тұндырманы тұндырып сүзеді. Күшті әсер етпейтін заттардан алынған тұнбаны 1:5 концентрациясында қосып жасайды. Күшті әсер етеін тұнбаларды перколяциялық әдіспен 1:10 қатынасында дайындайды. Тұнбаларды жапырақтардан, гүлден, шөптен ал кейде өсімдіктерден, тамырлардан, түбіршілерден жасайды. Тұнбаларды жасау үшін әдетте құрамына кіретін гликокортикодтар кіретін өсімдіктерден кейбір алколоидтар эфирлік майлар ұзақ қыздырғанда ажырайтын және әсерлік негіздері оңай шығарып алынатын заттар қоладанылады.Тұнбалар тұрақсыз ұзақ уақыт сақтауда бұзылады. Сондықтан оларды 2-5 күн жететіндей жасап сақтайды. Тұнбалардың 3 түрлі концентрациясы бар: Күшті әсер ететін зат ол үшін тұнбаларды жасағанда сумен қатынасы 1: 400 тиіс, Сена тамыры, валеринака түбіршесі, қастауыш оларды жасағанда сумен қатынасы 1:30 болуы керек, ал бұдан басқа концентрациясы және сумен қатынасы 1:20, 1:10 жәй өсімдіктерден жасалған тұнбаларды жасау керек. Құрамында алколоидтар кездесетін заттар тұнбаларды жасағанда ұсатылған материалдарды алдын ала оның ішіндегі алколоидтардың мөлшеріне сәйкестеліп алынған лимон қышқылының ерітіндісімен шаяды. Содан кейін тұнбаларды су құйып жасайды.


Капсулаларды жазу ережелері және оның маңызы. Капсулалар – capsullae. (Capsula, capsulae, capsulae).Бұл ішке тағайындалатын ұнтақ тәрізді немесе сұйық заттарға толтыру үшін қолданылатын қабықтар. Капсулалар крахмалдан (capsulae amylacae s. oblatae), желатинадан (capsulae gelatinosae), кератиннен, (capsulae keratinosae) жасалады. Крахмал және желатина капсулалары қарын шырынында кератин капсуласы ішекте ериді. Капсула формасында дәрілік заттарды жылқыларға, ірі және ұсақ малға; иттерге, құстарға тағайындайды. Капсулалар арналы капсула бергіш арқылы малға беріледі немесе көмекейіне салып жұтқызады. Әдетте официналдық капсулалар дозаланған әдіс бойынша жазылады. Рецепт үлгілері:Қойға:Rp.: Carbonei, tetrachlorati 2,0D. t. d. № 2 in capsullis gelatinosis S. 1 капсуладан қойға бір рет қабылдау үшін.
Сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрі түрлерін дайындау технологиясы. Ертінділер: ішке (per os), клизма ретінде (per rectum), денеге енгізу ретінде, ал дененің сыртына- спринцовкамен және ертіндімен жуу ретінде қолданылады. Басқа, формаларға қарағанда, ертінділердің мынадай артықшылары бар, оларды дайындау оңай, әрі ертінді ретінде көптеген заттарды малдардың барлық түріне қолдануға және дәл мөлшерлеп беруге болады, олардың фармакологиялық әсері тез шығады, әдетте еріткіш препараттың әсерін өзгертпейді және қосымша әсер көрсетпейді. Зат толық еріп, ертінділер тұнық болу керек.Спирттік ертінді жасау үшін, егер спирттік концентрациясы көрсетілмесе, еріткіш ретінде 90° спирт алынады. Еріткіш таңдағанда заттың еріткіштік дәрежесін, еріткіштің фармакологиялық қасиеттерін және ертіндінің кімге тағайындалғанын ескеру керек.Кейбір еріткіштерді қайсы бір тағайындау тәсілімен қолдануға болмайды, мысалы, хлороформ, эфир көп мөлшерде ішке,күшті спирт венаға немесе тканьдерге енгізуүшін қолданылмайды. Ертінділердің мынадай түрлері бар: еріткіште бұдан әрі ерімейтін қанық ертінділер (solutio saturata), ертіндінің қандырылу дәрежесі мол болғанмен, оның ішінде бұдан әрі зат ери алатын концентрацияланған ертінділер (solutio concentrats), заттың қоюлық дәрежесі орташа немесе шамалы болып келген сұйылған ертінділер (solutio diluta).Ертінділердің концентрациясы процентпен (1%, 2%, 4%) немесе пропорциямен белгіленеді: 1: 100,1 :50, 1: 25 т.б. Бірінші жағдайда 100,0 ертінді жасау үшін 1,0 затжәне 99,0 еріткіш, 2,0 зат және 98,0 еріткіш, 4,0 зат және 96,0 еріткіш алынады, екінші жағдайда- 1,0 г зат100 мл ертінді алғанша, 1,0 г зат 50 мл ертінді алғанша ертіледі. 1.Шошқаға:Нилвермді (Nilvermium) сұйық ботқа түрінде 6 шошқаға жаз, дозасы 0,1 г.Rp.:Nilvermi 0,1Farinae secalinae et. Aq.dest.q.sUt.f. bolus D.t.d. № 6 S.ішке . 160 г стрептоцидтен және талктен (Streptocidum, Talcum) тұратын өте ұсақ ұнтақ жаз.Rp.: Streptocidi 160,0Talcum 160,0M.f. pulvis subtillisimiD.s.сыртқа
22-белет.Қайнатпаны дайындау технологиясы.Қайнатпалар–decoctа. (Decocta, Decoctum, Decocti).Бұлнастойсыяқтыдәрілікформа, олардыңайырмашылығымынада: қайнатындыларжасауүшінөсімдіктердіңқұрлысыжөніндеірібөліктері (тамырлар, түбіршілер, қабық, ағашсүрегі) алынады. Қайнатындытүріндеқайнағандаажырамайтынжәнеұшыпкетпейтінзаттаралынады. Қайнатындыдайындауүшінөсімдікматериалынасалқынсуқосып, сулынемесебулымоншада 30 минутбойытұндырып, ыстықкүйіндесүзеді. Бұданәріжүргізілетінпроцесснастойжасағандағыдайболады.Егеррецептідеқайнатындыжасауүшінқаншаматериалалукеректігікөрсетілмесе, оны 1: 10 концентрациядажасайды, алтеңізжуасыныңұрықтары, валерианатүбіршесі, қастауыштар, сенагатүбіріүшін 1:30; күштіәсерететінзаттарүшін 1: 400 концентрациясындадайындайды. Қайнатындыжазбаларынастойкажазбасыменбірдей.
Ішке қолдануға арналған сұйық дәрі түрлерін дайындау технологиясы. Ертінділер: ішке (per os), клизма ретінде (per rectum), денеге енгізу ретінде, ал дененің сыртына- спринцовкамен және ертіндімен жуу ретінде қолданылады. Басқа, формаларға қарағанда, ертінділердің мынадай артықшылары бар, оларды дайындау оңай, әрі ертінді ретінде көптеген заттарды малдардың барлық түріне қолдануға және дәл мөлшерлеп беруге болады, олардың фармакологиялық әсері тез шығады, әдетте еріткіш препараттың әсерін өзгертпейді және қосымша әсер көрсетпейді. Зат толық еріп, ертінділер тұнық болу керек.Мензуркаға немесе химиялық стақанға еріткіштің ⅓- ½ -ін құйып, дәрілік заттың керекті мөлшерін қосады, қоспаны толық ерігенше шайқайды немесе таяқшамен араластырады. Сонсоң шөлмек таяқшаны еріткішпен шайып, еріткіш қалдығын қосады, ертіндіні басқа бір шөлмек ыдысқа сүзеді. Зарарсызданбаған ертінді құйылған кіші-гірім шөлмек ыдысты тығындап, оған сәйкес этикетка жапсырылады.Коллоидтық (протаргол), белоктік ертінділер мен таннин ертінділерін былай дайындайды: затты еріткіштің үстіне сеуіп, әбден ерігенше тыныш қалпында қалдырады, әйтпесе ұнтақ ыдыстың түбіне жабысып қалады. Құрғақ сірінділер мен ұнтақтарды ступкада пестикпен араластырып және үйкеп, аз мөлшерлі ертіндімен еріту керек: біркелкі езінді немесе ертінді пайда болғаннан кейін қалған еріткішпен араластырады.
Пилюлдерді жазу, дайындау технологиясы. Пилюлдер – pilulae. (Pilula, pilulae, pilulae).Пилюлдер- домалақ дәрілер, ұсақ жануарларға ішке беруге арналған, дозаланған дәрілік форма. Салмағы 0,1-ден 0,5-ке дейін қою тұтқыр қамырдан иленген шар сыяқты дәрі. Бұл ұзақ уақыт сақтау үшін даярланатын тұрақты әзірлік форма. Пилюлалар көбінесе ұсақ малдарға (құстарға, итке, мысыққа), тағайындалады. Пилюла формасында аз мөлшерде әсер ететін (улы және күшті әсер ететін), тітіркендіретін, дәмі мен исі бар, ащы заттар қолданылады. Олардың әсері бәсең пайда болады.Пилюлалар рецептерде диспензиялық (бөлінген) және дивизиялық (бөлінбеген) әдістермен жазылады. Форма (беретін) түзгіш зат салмағы көрсетілмейді, тек қана q.s.- қанша керек Ut. f. pilulae - пилюля болу үшін деп жазылады.Форма түзгіш (беретін) зат ретінде: қызылмыя тамырының ұнтағы (pulvis radicis Glycyrrhizae), бақбақ тамырының ұнтағы (pulvis radicis Taraxaci), көкгүл тамырының ұнтағы (pulvis radicis Gentianae), сондай-ақ оларға сәйкес сұйық немесе қою сірінділер немесе құрғақ сірінділер мен су қосылып тағайындалады. Рецептіде мөлшері немесе заттың барлық пилюлге жетерлік мөлшері көрсетіледі; форма құрағыш заттарды мөлшерлеу фармацевтке жүктеледі (q.s.); су мөлшері рецептіде көрсетілмейді.Пилюлялар жабысып қалмау үшін оларға талк, крахмал, магний карбонат т.б. ұнтақтарды себеді, Пилюлдарды коробкаға, ал күшті иісті және ылғалт артқыш пилюлдарды жақсылап жабылған шөлмектерге салып жібереді. Жарықта ажырайтын пилюлдер күңгірт шөлмектерге салынып беріледі.
Итке 10 пилюля жаз, оның ішінде болсын синтомицин (Synthomycinum), норсульфазол (Norsulfasolum), стрептоцид (Streptocidum) дозалары бірдей 1 г. Ішке күніне 2 пилюлядан 5 тәулікке.Итке:Rp.: Synthomycini 1,0Norsulfasoli 1,0Streptocidi 1,0Farinae secalinae et. Aqua destillatae q.sUt.f.pilulaD.t.d. № 10S.Ішке күніне 2 пилюлядан 5 тәулікке
100 г өте ұсақ ұнтақ жаз, осы ұнтақта квасцы (Alumen) 60 %, салицил кышқылы (Acidum salicilicum) 10%, талк (Talcum) 30% болсын.Rp.:Alumeni 60,0Acidum salicilicumi 10,0Talci 30,0 M.f. pulvis subtillisimiD.s.сыртқа

23-белет.Таблеткаларды жазу тәртібі және сипаттамасы. Таблеткалар –– tabuletta,tabulettae.Таблеткалар- престеу арқылы алынған, дөнгелек, сопақша, беті тегіс немесе екі жағы доғалы пластинка тәріздес, дозаланған қатты дәрілік формасы. Олардың барлығы официналдық, дәл дозаланған, сондықтан да қолайлы болады, заводта жасалатын дәрілердің қатарына жатады.Таблетка бір рет қабылдауға арналады, бірақ кейде оларды 2-4 бөлшекке бөлу қолайлы болу үшін (аурудың жасы мен қалына байланысты) олардың үстіне әдейі кертпелер салынады.Таблеткалар сыртқа және ішке қолдану үшін тағайындалады, сыртқа қолдану үшін таблеткаларды (мысалы, Tabulettae Hydrargyri bichlorati) еріту керек. Оларды ішке таза күйінде (per se) немесе болюс қойыртпағына және нанға қосып береді. Таблеткалардың жәй және біріккен түрлері бар. Таблеткалар құрамына асқазанның кілегей қабығын тітіркендіретін және күйдіретін қоспалар кіргізбейді.Таблеткалардың құрамына дәрілік заттар және олардың салмағына 20 пайыздай құрайтың көмекші заттар (қант, крахмал, желатин т.б.) кіреді.Фармакопеяның 8 рет басылуына сәйкес таблеткалар дақсыз болуға және ұнталмауға тиіс, формасы дұрыс және жиектері бүтін болуы керек 1-1,5 м биіктіктен ағаш еденге түскенде таблеткалар сынбауға тиіс. Олардың салмағы орташа салмақпен ± 5 проценттен артық болмау керек.


Суспензияларды жазу ережелері және оның маңызы.Суспензия — қатты дисперстік фазаның сұйық дисперстік орта-да таралған микрогетерогенді система. Ондағы қатты бөлшектердің өлшемі 0,1 мкмг10 мкм. Егер бөлшектердің дисперстік дәре-жесі төмен болса, онда оның радиусы үлкейіп, тұрақтылығы төмен-дейді де тез тұнбаға шөгеді. Суспензиялардың дисперстілігін мик-роскоп, электронды микроскоп сияқты оптикалық немесе седимен-тациялық анализ көмегімен анықтауға болады.
Суспензиялар да коллоидты ерітінділер сияқты конденсациялық немесе дисперсиялық тәсіл арқылы алынады. Осы процесс кезінде алынатын бөлшекті дисперстілік дәрежесі қажетті шекте болатындай етіп жүргізеді. Сондай-ақ, суспензиялар да коллоидты ерітінділер тәрізді өзінен өтетін жарықты шашыратады және жұтады, осы тұста ескертетін жай, жарық өткен коллоидты ерітінді мөлдір болып көрінеді. Оның электрокинетикалық қасиеттері коллоидты ерітіндінікіне ұқсас келеді. Сол секілді суспензиядағы бөлшектердің дзета-по-тенциалы зольдегімен шамалас. Егер суспензияға электролит енгізсе, онда онын ұю құбылысы байқалады. Кейбір жағдайда суспензияға беттік активті заттар немесе жоғары молекулалық қосылыстарды қосу арқылы оны тұрақтандыруга болады. Мұнда тиксотропия құбылысы коллоидты ерітіндідегіден гөрі артық.Суспензиялардың табиғаттағы алар орны ерекше. Айталық геологиядағы және жер қыртысындағы көптеген процестер суспензия құбылысымен байланысты: седиментациялық құбылыс салдарынан таутастан түрлі жыныстардың пайда болуы, әзен сулары арнасы-нан асқанда олар өзімен бірге көптеген сазды балшық пен құмды, қоқысты сыртқа шығарады және олар қоюлана келіп, қатты дене-ге айналады. Сол сияқты суспензиялар техникада да үлкен роль атқарады. Мысалы, табиғи не синтетикалық каучуктен резина алу үшін әуелі күкірттің каучуктегі суспензиясын дайындау керек; түр-лі құрылыс және баспа бояулары олифа майында не органикалық еріткіштерде тұрақталған суспензия. Ал құрылыста жиі қолданы-латын цемент пен ізбестің судағы “ерітінділері” де суспензия; саз балшықтын судағы суспензиясы керамика өндірісінін, негізгі шикі-заты.Офининалдық және магистралдық, дозаланған жазбалармен жазылады. Рецепт үлгілері. Қойға: Итке: Rp.: lchtyoli 0,5 Butyroli q.s. M.f. suppositorium № 12 D.S.тіқ ішекке күніне 2 рет 6 тәулікке S.қынапқа енгізуге пайдаланылады.
Болюстерді жазу, дайындау технологиясы және оның маңызы.Болюстер –bolus.(Bolus, boli, boli).Болюстер- дөнгелектеу немесе сопақша келген, консистенциясы- жұмсақ, ішке беруге арналған дәрілік зат формасы. Бұл әсер беретін заттарды құрамында шырыш кездесетін өсімдік ұнтақтарымен және су немесе басқа сұйықтармен араластырып жасайтын дөңгелек яки жұмыртқа тәрізді қатты дәрілік форма. Болюстерді бальзамдар мен ағаш шайырын көк сабынмен араластырып жасайды. Болюстер бір немесе бір неше дәрілік заттардан және форма түзгіш (беретін) заттардан (contituens) тұрады. Форма түзгіш зат ретінде: қара бидай ұны (farina Secalina), бидай ұны (farina Tritici), жабызтікен тамырының ұнтағы (pulvis radicis Althaeae), орал мия тамырының ұнтағы (pulvis radicis Alycyrrhizae), ақ саз (pulvis alba), глинозем (argilla alba), сондай-ақ көк сабын (sapo viridis), глицерин сүртпе майы (unguentum Glucerini) т.б. қолданылады. Тез кебетіндіктен (көгеріп кетеді), болюстерді 1-2 күнге жететіндей етіп қана дайындайды. Оларды көбінесе ірі малдарға тағайындайды. Болюстердің ең жоғарғы салмағы 50,0 –ға, орташа салмағы 25,0-30,0 –ға тең болады.Болюстарды жазудың екі әдісі: рецептіде заттың барлық ұнтақтар санына жеткілікті мөлшері көрсетіліп жазылатын дивизиондық және бір ғана ұнтаққа жеткілікті мөлшері көрсетіліп жазылатын диспензациялық әдістері бар. Бірінші жағдайда рецепт U. f.bolus D. t. d. № ( болюс жаса, осындай дозалардың ... санын бер), -диспензиялық әдіс, екінші жағдайда - U.f. boli № (болюстерді жаса ... санын бер)- дивизиялық әдіс, формуласымен аяқталады
24-белет.Әртүрлі ертінді заттарды дайындау үшін қолданылатын еріткіш заттардың технологиясы және сипаттамасы. Ертінділер - solutio, ( solutionеs, solutio, solutionis) (жекеше, тарау жалғауы - solutio, жекеше ілік жалғауы- solutionis). Ертінді – мал дәрігерлігінде кең тараған дәрілік форма. Оны қатты немесе сұйық затты су, спирт, эфир хлороформ, тағы басқа сол сияқты еріткіштерде еріту арқылы алады. liquor дегеніміз арнаулы құрамды және айрықша мақсатқа қолданылатын дәрігерлердің сұйық формасы, мысалы, Буров сұйығы, Дакен сұйығы т.б. Көбінесе еріткіш ретінде: кәдімгі (aqua fontana қарапайым (aqua communis),қайнаған (aqua cocta), дестилденген (adua destillata) және екі рет дестилденген (adua destillata немесе adua redestillata) сулар қолданылады. Егер еріткіш көрсетілмесе, оның орнына дестилденген, ал денеге енгізу үшін – екі рет дестилденген су қолданылады деп түсіну керек.
Суппозиторилерді дайындау технологиясы және оның маңызы.Суппозиторийлар - бұл конус, цилиндр немесе сигар тәрізді тікішекке енгізу үшін тағайындалатын және дене ыстығының әсерімен еритін қатты дәрілік форма. Форма түзгіш (Constituens) ретінде: Какао майы (Oleum Cacao s. Dutyrum Cacao), бутироль (Butyrolum) немесе глицеринмен бірлестіріп гидрогенизделген май, желатин – глицерин қойыртпағы (Massa gelatino – glycerinosa), ланолин қосылған парафин, мал майы т.б. алынады. Суппозиториялардың формасында дезинфекциялайтын, жеңіл тітіркендіретін қабынуға қарсы қолданылатын, жансыздандыратын т.б. заттар тағайындалады. Кейбір жағдайларда жалпы әсер ететін заттар тағайындалады. Суппозиториялардың салмағы 2,0 ден 4,0 –ге дейін, конус диаметрі 2,5 нан 4 см-ге дейін. Суппозиторияларды төмендегі тәсілдермен жасайды: 1) дәрілік заттардың керекті мөлшерін constituens пен біркелкі қойыртпақталғанша әбден нығыздайды немесе ерітіп, әдейі форма беретін қалыпқа құяды: 2) жасалған біркелкі қойыртпақты керегінше кесектерге бөліп, оның әрбіреуінен керекті формада шырақ жасайды. Әрбір шырақты парафиндалған немесе жылтыр қағазға орайды. Оларды коробкаға салып береді. Шырақ жазып бергенде олардың диаметрі, салмағы және негіз мөлшері көрсетілмейді, бірақ аптека олардың әрбіреуінің салмағын 3,0 етіп дайындайды. Егер суппозиторияларды бұл салмақ пен мөлшерден артық етіп жасау керек болса, ол туралы рецептіде көрсету керек. Рецептерде бұл дәрілік форма офининалдық және магистралдық, дозаланған жазбалармен жазылады. Рецепт үлгілері. Қойға: Иттке: Rp.: lchtyoli 0,5 Rp.: lchtyoli 0,5 Butyroli q.s. Butyroli q.s. M.f. suppositorium M.f. suppositorium № 12 D.t.d. № 12 D.S.тіқ ішекке күніне 2 рет 6 тәулікке S.қынапқа енгізуге пайдаланылады.
Көзді емдеуге арналған дәрі түрлерін дайындау технологиясы және жалпы сипаттамасы. Көз тамшылары:2% Амидопирин ерітіндісі:Амидопирин 0,2 г;Натрий хлориді 0,06 г;Тазартылған су 10 мл дейін;
0,25%;0,5%;1% Атропин сульфат ерітіндісі:Атропин сульфаты 0,025 г; 0,05 г; 0,1 г; Натрий хлориді 0,088 г;0,085 г; ,08 г; Тазартылған су 10 мл дейін
0,5%,1%Гоматропин гидробромиді ерітіндісі:Гоматропин гидробромиді 0,05 г; 0,1 г;Натрий хлориді 0,082 г;0,074 г;Тазартылған су 10 мл дейін
0,25%; 0,5%; 1% Дикаин ерітіндісі:Дикаин 0,025 г; 0,05 г; 0,1 г;Натрий хлориді 0,085 г; 0,081 г; 0,072 г,:Тазартылған су 10 мл дейін
0,5%;1%; 2%; 3% Дикаин ерітіндісі:Дикаин 0,05%, 0,1 г; 0,2 г; 0,3 г;Натрий хлориді 0,081 г;0,072 г; 0,053 г; 0,035 г;Натрий тиосульфаты 0,005 г;Тазартылған су 10 мл дейін
Шаюға арналған офтальмологиялық ерітінділер:Тұзды офтальмологиялы ерітінді:
Натрийя хлориді 5,3 г;Калий хлориді 0,75 г;Кальций хлориді (сусызға шаққанда) 0,48
Г;Натрий ацетаты (сусызға шаққанда) 3,9 г;Глюкоза (сусызға шаққанда) 0,8 г; Сұйытылған хлорсутекті қышқыл (8%) 0,05 мл; Тазартылған су 1 л дейін
Тұзды офтальмологиялық ерітінді (магний хлоридімен):Натрий хлориді 5,3 г
Калий хлориді 0,75 г;Кальций хлориді (сусызға шаққанда) 0,48 г; Натрий ацетаты
(сусызға шаққанда) 3,9 г; Глюкоза (сусызға шаққанда) 0,8 г;Магний хлориді (сусызға шаққанда) 0,3 г;Сұйытылған хлорсутекті қышқыл (8%) 0,05 мл;Тазартылған су 1 л дейін
Көз тамшыларын дайындауға арналған концентрацияланған ерітінділер: 20% Калий йодиді ерітіндісі; 2%; 5%; 10% Аскорбин қышқылының ерітндісі; 4% Бор қышқылының ерітіндісі; 1% Натрий тиосульфаты ерітіндісі;
0,02% Рибофлавин ерітіндісі; Рибофлавин 0,02 г
Аскорбин қышқылы 2 г немесе 10 г
Жаңа қайнатылған тазартылған су 100 мл дейін. Т.б.
1.Итке:Rp:Kalii bromidum0,5Natrii bromidum0,1Radicis althaeaAguae destillatae g.sUt.f.pilluliD.T.D N10S Ішке 500мг-хгр1000-хгрх=0,5 100мг-хгр1000-хгрх=0,1
2.Итке: Rp:Tabullatae Amidopyrinum0,25D.T.D N4 S.Ішке итке күніне 2рет 2тәулікке 1таб-0,25хтаб-1х=4
3.Жылқыға:Rp: Ammonium chloridum40,0Farina Scalina etAguae Destillatae g.sUt.f.BolusD.T.D N6S. 2болюстен 3тәулікке
25 - билет
1. Әртүрлі жұмсақ заттарға дайындау үшін қолданылатын көмекші препараттардың технологиясы және сипаттамасы.
Ботқалар – electuaria. Бұл қоюлық дәредесі мен құрамдық тегі әртүрлі дәрілік және индиференттік форма құрағыш заттарды араластыру арқылы алынатын қамыр тәрізді форма. Ботқалар жасағанда төмендегі ережелерді басшылыққа алады: 1. Егер негізгі зат өсімдік тектес болса, форма құрағыш зат ретінде: шырыштардың ⅓ - ½ бөлегін, сироп пен балдың ½ - ¾ бөлегін, майлардың 1 бөлегін алады. 2. Егер әсерлік негізі анорганикалық заттар немесе бальзам және жұққыш май болса, форма құрағыш зат ретінде, шырыштардың ½ -⅓ бөлегін, өсімдік сірінділерінің ½ - ¾ бөлегін, сироп және балдың 1 бөлегін алады. Ботқалар тұрақсыз дірілік формаға жатады. Олардың 1-3 күнге ғана даярлайды, глицерин қосып, оларды шіруден сақтайды. Ботқаларды салқын жерде сақтау керек. Ботқа формаларында бір жерге тигізетін тітіркендіргіш және күйдіргіш әсері жоқ өсімдіктер мен минералдардан алынатын дәрілік заттарды тағайындайды. Бұл форманы дәл дозалауға болмайтындықтан ботқа ретінде күшті әсер ететін және улы заттардан тағайындамайды; сондай-ақ жеңіл тотығатын және ажырайтын анорганикалық заттардан да тағайындалмайды. Бұл формада дәрі шошқаларға жиі тағайындалады, ол үшін оны қантты сиропқа, балға, арша шырышына т.б. тәтті заттарға араластырып жасайды. Жылқыларға ботқаларға ас тұзын, ал мүйізді малға- ашқылтым заттар қосып беру керек. Ботқалар дайындау. Алдымен ботқа құрамына кіретін ұнтақтарды араластырып, сонсоң сұйқылтым және сұйық заттарды қосып, оларды біркелкі қойыртпаққа айналдырғанша былғайды. Егер ботқа құрамына қою сірінділер кірсе, оларды сұйық заттармен араластырады, сонсоң бұл қоспаны өсімдік тамырларына қосады. Ботқаның құрамында еритін тұздар болса, оларды суда ерітеді немесе ұнтаққа айналдырады: тұтқыш заттар біртіндеп қана қосылады. Ботқаларды дәріханада немесе іші айналдыра парафиндалған, жылтыр немесе құрғақ қағаз төселген коробкаларға салып жібереді. Ботқаларды жазып бергенде формаға құрағыш заттардың мөлшерін көрсетпей-ақ, қандай ботқа жасау керектігін көрсете салады. Сүртпе майлар – unguenta. Бұл қоюлық дәрежесі шыжғырған майдың, сыйыр майының, вазелиннің қоюлығына ұқсас дәрілік форма. Constitens ретінде: шошқа майы (Adeps suillus s. Axungia porcina), ланолин- қой жүнінің шуашы (оның екі түрі бар: сусыз - Lanolinum anhydricum және сулы ланонин –(Lanolinum hydricum), вазелин (оның да екі түрі бар; ақ - Vaselinum album және сары- Vaselinum flavum), қатты және жұмсақ парафин (Paraffinum solidum et molle), сары және ақ балауыз (Cera flava et alba), сыйыр майы (Butyrum Vaccae), глицерин (glycerinum), сондай-ақ әдейі майлық негізер: парафин сүртпе майы (Unguentum Paraffini), глицерин сүртпе майы (Unguentum Glycerini), нафталин сүртпе майы (Unguentum Naphtalani) қолданады. Шошқа майының су тартқыштығын және судың оның терісіне терең сіңе алатын қасиеттерін ескеру керек. Шошқа майына қарағанда ланолин теріге аз сіңеді, бірақ ол да суды жақсы тартады. Сондықтан терең әсер ету үшін сүртпе майларды шошқа майына ланолинге немесе олардың қоспасына араластырып жасайды. Вазелин, парафин, сондай-ақ парафин және глицерин сүртпе майлары үстіртін әсер етуі үшін (жұмсарту және қорғау үшін) таза күйінде қолданылады. Қолайсыз иісін жою үшін кейде сүртпе майларға тежеулі мөлшерде – 5,0 майға 1-2 тамшы жұпар иісті эфирлік майлар және бальзамдар қосылады. Сүртпе майларды фарфор, шөлмек немесе саздан жасалған ыдысқа салып, жақсылап жуып құрғақ, салқын жәну қараңғы жерде сақтайды.
2. Пасталарды жазу тәртібі және сипаттамасы. Пасталар дегеніміз құрамына 25 проценттен және одан да көп процент ұнтақ тәрізді заттар кіретін қою сүртпе майлар. Оларды сүртпе майлар сыяқты, сонда көрсетілгендей сonstituens қосып жібереді. Пасталардың сілтілік (pastae causticae) және терілік (pastae dermaticae) түрлері бар. Сілтілік пасталардың құрамына: Kalium causticum, Acidum arsenicosum, Hydrargyrum bichloratum, Zincum chloratum, Calcaria usta т.б. кіреді. Пасталар дәрілік және форма түзгіш заттардан тұрады. Егер пастаның құрамында 25 проценттен ұнтақ заттар аз болса, онда индифференттық заттарды қосады: цинк тотығың (Zincum oxidum), бидай крахмалды, (trictii Amylum) талкті (Tallcum), т.б. ұнтақ заттарды. Пасталарды былай жазады: официналдық пастаның құрамындағы заттарды айтпай-ақ, атын ғана көрсетеді; магистральдық пастаның құрамындаға барлық заттарды тізіп, рецептіні M. f. pasta D.S. формуласымен аяқтайды.
3.Тұндырманы жазу, дайындау технологиясы. Тұндырма- (infusa). Бұл өсімдіктерден алынатын дәрілік заттарды сулы моншада тұндыру арқылы жасалатын сұйық дәрілік форма. Тұнбаларды жапырақтардан, гүлдерден, шөптерден, ал кейде өсімдік тамырлары мен түбіршелерінен жасайды. Тұнбаларды дайындау. Әсер ететін негіздерін шығару үшін өсімдік материалын майда етіп ұнтап, елейді. Керекті мөлшерде өлшеп алып, оны инфундирлік аппаратқа, ал ол жоқ болса – берік жабылған фарфор немесе шөлмек ыдысқа салады, оның үстіне керекті мөлшерде салқын су құйып, ыдысты мықтап жауып, сулы немесе булы моншада 15 минут бойы тұндырады. Сонсоң оны моншадан шығарып, суытады; суыған сұйықты дәкі немесе кенеп арқылы сүзеді; қойыртпақ қалдықты сығып, сығындыны тағы да сүзеді. Тұнбалардың мөлшері көрсетілген мөлшерден кем болған жағдайда, сығылған материалды дестилденген сумен шайып, шайындымен кемістікті жетістіреді. Тұнбаларға оның ішінде еритін басқа заттарды да қосуға болады: бұл жағдайда микстура пайда болады, өйткені оның негізі су емес, настойка болады. Rp.:Carbo Actibatus Natrium sulfatus aa 5.0 M.f. №10 in pulveres subtilisimi S.І шке 3.Rp.Aluni 60.0 Acidum salicylici 10.0 Talci 30.0 M.f pulveres D.S. сыртқа 4. Rp. Amidopyrini Analgini aa 0.25 M.f №6 in pulvis D.S. iшке 2 ұнтақтан 3 тәулікке 5. Rp.Plathyphylini 1.0 Sacchari 5.0 M.f № 10 in pulvis D.S. iшке кунине 2 ұнтақтан 5 тәулікке
26 – билет
Әртүрлі жұмсақ заттарға дайындау үшін қолданылатын көмекші препараттардың технологиясы және сипаттамасы. Ботқалар – electuaria. Бұл қоюлық дәредесі мен құрамдық тегі әртүрлі дәрілік және индиференттік форма құрағыш заттарды араластыру арқылы алынатын қамыр тәрізді форма. Ботқалар жасағанда төмендегі ережелерді басшылыққа алады: 1. Егер негізгі зат өсімдік тектес болса, форма құрағыш зат ретінде: шырыштардың ⅓ - ½ бөлегін, сироп пен балдың ½ - ¾ бөлегін, майлардың 1 бөлегін алады. 2. Егер әсерлік негізі анорганикалық заттар немесе бальзам және жұққыш май болса, форма құрағыш зат ретінде, шырыштардың ½ -⅓ бөлігін, өсімдік сірінділерінің ½ - ¾ бөлегін, сироп және балдың 1 бөлігін алады. Ботқалар тұрақсыз дірілік формаға жатады. Олардың 1-3 күнге ғана даярлайды, глицерин қосып, оларды шіруден сақтайды. Ботқаларды салқын жерде сақтау керек. Ботқа формаларында бір жерге тигізетін тітіркендіргіш және күйдіргіш әсері жоқ өсімдіктер мен минералдардан алынатын дәрілік заттарды тағайындайды. Бұл форманы дәл дозалауға болмайтындықтан ботқа ретінде күшті әсер ететін және улы заттардан тағайындамайды; сондай-ақ жеңіл тотығатын және ажырайтын анорганикалық заттардан да тағайындалмайды. Бұл формада дәрі шошқаларға жиі тағайындалады, ол үшін оны қантты сиропқа, балға, арша шырышына т.б. тәтті заттарға араластырып жасайды. Жылқыларға ботқаларға ас тұзын, ал мүйізді малға- ашқылтым заттар қосып беру керек. Ботқалар дайындау. Алдымен ботқа құрамына кіретін ұнтақтарды араластырып, сонсоң сұйқылтым және сұйық заттарды қосып, оларды біркелкі қойыртпаққа айналдырғанша былғайды. Егер ботқа құрамына қою сірінділер кірсе, оларды сұйық заттармен араластырады, сонсоң бұл қоспаны өсімдік тамырларына қосады. Ботқаның құрамында еритін тұздар болса, оларды суда ерітеді немесе ұнтаққа айналдырады: тұтқыш заттар біртіндеп қана қосылады. Ботқаларды дәріханада немесе іші айналдыра парафиндалған, жылтыр немесе құрғақ қағаз төселген коробкаларға салып жібереді. Ботқаларды жазып бергенде формаға құрағыш заттардың мөлшерін көрсетпей-ақ, қандай ботқа жасау керектігін көрсете салады. Сүртпе майлар – unguenta. Бұл қоюлық дәрежесі шыжғырған майдың, сыйыр майының, вазелиннің қоюлығына ұқсас дәрілік форма. Constitens ретінде: шошқа майы (Adeps suillus s. Axungia porcina), ланолин- қой жүнінің шуашы (оның екі түрі бар: сусыз - Lanolinum anhydricum және сулы ланонин –(Lanolinum hydricum), вазелин (оның да екі түрі бар; ақ - Vaselinum album және сары- Vaselinum flavum), қатты және жұмсақ парафин (Paraffinum solidum et molle), сары және ақ балауыз (Cera flava et alba), сыйыр майы (Butyrum Vaccae), глицерин (glycerinum), сондай-ақ әдейі майлық негізер: парафин сүртпе майы (Unguentum Paraffini), глицерин сүртпе майы (Unguentum Glycerini), нафталин сүртпе майы (Unguentum Naphtalani) қолданады. Шошқа майының су тартқыштығын және судың оның терісіне терең сіңе алатын қасиеттерін ескеру керек. Шошқа майына қарағанда ланолин теріге аз сіңеді, бірақ ол да суды жақсы тартады. Сондықтан терең әсер ету үшін сүртпе майларды шошқа майына ланолинге немесе олардың қоспасына араластырып жасайды. Вазелин, парафин, сондай-ақ парафин және глицерин сүртпе майлары үстіртін әсер етуі үшін (жұмсарту және қорғау үшін) таза күйінде қолданылады. Қолайсыз иісін жою үшін кейде сүртпе майларға тежеулі мөлшерде – 5,0 майға 1-2 тамшы жұпар иісті эфирлік майлар және бальзамдар қосылады. Сүртпе майларды фарфор, шөлмек немесе саздан жасалған ыдысқа салып, жақсылап жуып құрғақ, салқын жәну қараңғы жерде сақтайды.
2.Суппозиторияларды жазу тәртібі және сипаттамасы. Суппозиторийлар - бұл конус, цилиндр немесе сигар тәрізді тікішекке енгізу үшін тағайындалатын және дене ыстығының әсерімен еритін қатты дәрілік форма. Форма түзгіш (Constituens) ретінде: Какао майы (Oleum Cacao s. Dutyrum Cacao), бутироль (Butyrolum) немесе глицеринмен бірлестіріп гидрогенизделген май, желатин – глицерин қойыртпағы (Massa gelatino – glycerinosa), ланолин қосылған парафин, мал майы т.б. алынады. Суппозиториялардың формасында дезинфекциялайтын, жеңіл тітіркендіретін қабынуға қарсы қолданылатын, жансыздандыратын т.б. заттар тағайындалады. Кейбір жағдайларда жалпы әсер ететін заттар тағайындалады. Суппозиториялардың салмағы 2,0 ден 4,0 –ге дейін, конус диаметрі 2,5 нан 4 см-ге дейін. Суппозиторияларды төмендегі тәсілдермен жасайды: 1) дәрілік заттардың керекті мөлшерін constituens пен біркелкі қойыртпақталғанша әбден нығыздайды немесе ерітіп, әдейі форма беретін қалыпқа құяды: 2) жасалған біркелкі қойыртпақты керегінше кесектерге бөліп, оның әрбіреуінен керекті формада шырақ жасайды. Әрбір шырақты парафиндалған немесе жылтыр қағазға орайды. Оларды коробкаға салып береді. Шырақ жазып бергенде олардың диаметрі, салмағы және негіз мөлшері көрсетілмейді, бірақ аптека олардың әрбіреуінің салмағын 3,0 етіп дайындайды. Егер суппозиторияларды бұл салмақ пен мөлшерден артық етіп жасау керек болса, ол туралы рецептіде көрсету керек. Рецептерде бұл дәрілік форма офининалдық және магистралдық, дозаланған жазбалармен жазылады.
3.Қайнатпаны жазу, дайындау технологиясы. Қайнатпалар – decoctа. Бұл настой сыяқты дәрілік форма, олардың айырмашылығы мынада: қайнатындылар жасау үшін өсімдіктердің құрлысы жөнінде ірі бөліктері (тамырлар, түбіршілер, қабық, ағаш сүрегі) алынады. Қайнатынды түрінде қайнағанда ажырамайтын және ұшып кетпейтін заттар алынады. Қайнатынды дайындау үшін өсімдік материалына салқын су қосып, сулы немесе булы моншада 30 минут бойы тұндырып, ыстық күйінде сүзеді. Бұдан әрі жүргізілетін процесс настой жасағандағыдай болады. 1. Rp. Streptocidi 167.0 Synthomysini 55.0 Vazelini 278.0 M. F. unguentum D.S. 2. Rp. Sulfatoni 20.0 Sufazini 100.0 Sulfalini 80.0 M.f unguentum D.S. 3. Rp. Ichthyoli 4.0 Kalii Iodi 0.2 Olei Cacao q.s Ut. F. suppository №8 D.S. 5. Rp. Codeini phosphas 0.1 Farinae secaline et Aqua destillatae q.s Ut. F. electuarium D.S. iшке
27 – билет
1.Куммуляция және оның сипаттамасы. Кумуляция немесе шоғырлану, жиналу дәрілерді тіпті ең аз емдеу дозасымен қайталап енгізгенде байқалады; мұнымен қатар күшті фармакологиялық немесе уытты әсер ету белгілері көрінеді. Кумуляция- материалдық және функционалдық яғни физиологиялық түрлерге бөлінеді. Материалдық кумуляция дәрінің денеден шығуы оның енуінен анағұрлым қалып қойған жағдайда, мысалы, ауыр металл тұздарын, стрихнинді, кейбір ұйықтатын заттарды т.б. қолданған кезде пайда болады. Физиологиялық кумуляция деп белгілі органдардың немесе тканьдердің сезгіштігінің күшеюін айтады. Дегенмен наперстянка, қорғасын тұздарын т.б. қайталап қолданғандағыдай, бұл жағдайда да дәрі организмде жыйналып қорланбайды.
2. Сүртпе майларды жазу тәртібі және сипаттамасы. Сүртпе майлар – жұмсақ консистенциялы, сыртқы ағзаларға қолдануға арналған дәрілік форма. Бұл қоюлық дәрежесі шыжғырған майдың, сиыйыр майының, вазелиннің қоюлығына ұқсас дәрілік форма; ол майларды, жұққыш майларды, ланолин немесе вазелинді әсер ететін затпен араластыру арқылы алынады; оны бір жерге әсер ету мақсатымен сыртқа қолдану үшін ғана тағайындайды. Сүртпе майларды былай жазады: официналдық майлардың құрамындағы заттарды айтпай-ақ, атын ғана көрсетеді; магистральдық майлардың құрамындаға барлық заттарды тізіп, рецептіні M. f. unguentum D.S. формуласымен аяқтайды. Егер магистральдық сүртпе майдың негізгі рецептіде көрсетілмесе, оны вазелинге қосып жасайды.
3.Стерильді ерітінділерді дайындау технологиясы. Ертінділер - solutiones (жекеше, тарау жалғауы - solutio, жекеше ілік жалғауы- solutionis). Ерітінді – мал дәрігерлігінде кең тараған дәрілік форма. Оны қатты немесе сұйық затты су, спирт, эфир хлороформ, тағы басқа сол сияқты еріткіштерде еріту арқылы алады. Ертінділерді дайындау. Спирттік ертінді жасау үшін, егер спирттік концентрациясы көрсетілмесе, еріткіш ретінде 90° спирт алынады. Еріткіш таңдағанда заттың еріткіштік дәрежесін, еріткіштің фармакологиялық қасиеттерін және ертіндінің кімге тағайындалғанын ескеру керек. 1. Rp. Chloroformii Oleum Camphora Oleum Terebinthini aa 120.0 M.f. Linimentum D.S. 2. Rp. Iodoformi 8.0 Talci 2.0 Vazelini ad 40.0 M.f. pastae D.S. Rp. Pastae Iodoformi 40.0-20% D.S. 3.Rp. Sapo medici 61.5 Spiritus Vini 31.0 Camphori 15.0 Oleum Risini 3.0 Oleum Lini 1.5 Spiritus ammonii 38.0 M.f. linimentum D.S. 4. Rp. Pastae Furacilini 15% - 200,0 D.S. сыртка

28 – билет


1.Дәріханалық жапқыш, қақпақтар дайындау үшін қолданылатын құралдар. Дәріханаларда, зертханадағыдай жұқа шыныдан жасалған ыдыстар қолданылады, мұндай шыны температураның өзгерісіне төзімді. Көбірек қолданылатын ыдыстарға шыны пробиркалар, стакандар, колбалар, конус тәрізді және вюрц колбасы жатады. Шыны ыдыстарға кристаллизатор, түрлі сүзгілер, сағат шынысы, аллонж жатады. Фарфор ыдыстан табақшалар, тигельдер қолданылады.
Жұмыс кезінде ыдыстарды бекіту үшін сақиналары және ұстатқышы бар штативтерқолданылады. Шыны ыдыстарды қыздырғанда, оларды асбест жабылған металл торларға қояды. Шыны ыдыстардың алдымен бойын қыздырып алу керек, пробирканың қыздыруы ұзаққа созылмаса, ұстатқышты қолданады. Фарфор тигелде затты күшті қыздыру үшін сымнан жасалған фарфор түтікшелері бар үш бұрыш қолданылады. Қатты заттарды ұсату үшін қалың қабырғалы фарфор ыдыс, келі қолданылады. Сұйықтық көлемін өлшеу үшін өлшеуіш ыдыстар: колба, цилиндр және мензуркалар пайдаланылады. Өлшеуіш колбалардың мойнында белгісі бар, олардың көлемі әр түрлі 2л., 1л., 500мл.,250мл., 200мл., 100мл., 50мл., 25мл. болуы мүмкін. Сұйықтықтың белгілі көлемін өлшеп алу үшін пипеткалар қолданылады.
2.Сүртпе майларды дайындау технологиясының сипаттамасы. Сүртпе майлар дайындау. Затты керекті мөлшерде өлшеп алып, ступкаға салады. Егер бұл ірі кристалдар болса, оларды ұсақ ұнтаққа айналдырғанша түйіп, аз ғана керекті еріткіш қосып, әбден ерігенше былғайды. Сонсоң қағазға керекті мөлшерде майлық негізді өлшеп алады да, оны кіші-гірім порциямен ступкаға салып біркелкі қойыртпақ пайда болғанша араластырады. Қолайсыз иісін жою үшін кейде сүртпе майларға тежеулі мөлшерде – 5,0 майға 1-2 тамшы жұпар иісті эфирлік майлар және бальзамдар қосылады. Сүртпе майларды фарфор, шөлмек немесе саздан жасалған ыдысқа салып, жақсылап жуып құрғақ, салқын жәну қараңғы жерде сақтайды. Сүртпе майларды былай жазады: официналдық майлардың құрамындағы заттарды айтпай-ақ, атын ғана көрсетеді; магистральдық майлардың құрамындаға барлық заттарды тізіп, рецептіні M. f. unguentum формуласымен аяқтайды. Егер магистральдық сүртпе майдың негізгі рецептіде көрсетілмесе, оны вазелинге қосып жасайды.
3.Сұйық дәрілік формалар, олардың жазу ережелері. . Сұйық дәрілердің түрлеріне жатады: ерітінділер, қайнатпалар, эмульсиялар, микстуралар, тұнбалар, тұндырмалар, экстрактілер, кілегейлі заттар жәнегалендік, жаңа галендік препараттар. Ертінділер алу үшін қарапайым және күрделі рецепт жазылады. Бірінші жағдайда заттың қатынасы алынбай, оның пайызы (проценті %) ғана көрсетіледі. Ертінділер официналды және магистралды әдіспен (тәсілмен) жазылады. Микстуралар сулы ертінділерді спиртті тұндырмалар мен сірінділерге араластыру арқылы алынады. Шөгіп тұнатын микстуралар ерімейтін (өсімдіктерден алынған), немесе нашар еритін (минералдық) ұнтақтарды суға араластырғанда пайда болады. Тұнған дәрілерді сұйықпен араластыру үшін оларды қолданар алдында жақсылап шайқау керек. әрине, мұндай микстураларды құрайтын заттарды дәл мөлшерлеу өте қыйын; сондықтан заттардың ең жоғарғы дозалары немесе А мен Б тобына жататын заттар мұндай микстуралық формада әдетте тағайындалмайды. Микстуралар үшін еріткіш ретінде көбінесе су қолданылады. Микстуралар алу үшін әдетте күрделі рецептілер жазылады; оларды M. D.S. формуласымен аяқтайды.

33 Емтихан билеті


1 сұрақ
1.Дәрілік заттарды мөлшерлеу қағидалары
Дәрілік заттарды мөлшерлеу қағидалары оларды өлшеуден (взвешывания) және мөлшерлеуден (отмерывания) тұрады. Дәрілік заттарды өлшеу - таразылардың көмегімен, мөлшерлеу – мензурка, бюретка, пипетка, каплемерлердің көмегімен іске асады.
Дәріханалық практикада көбінесе өлшеу үшін қол таразыларын, тарирлі таразыларды және техникалық квадратты таразыларды қолданады.
Қол таразыларында құрғақ ұнтақ тәрізді заттарды 0,02 ден 100 г –ға дейін өлшейді.
Тарирлі таразыларда (Беранже, Мора таразылары) 200 г, 1 кг және 5 кг –ға дейін өлшеуге болады.
Тарирлі таразылар құрғақ, қою, сұйық дәрілік заттарды 10 г-нан жоғары мөлшерде өлшеуге арналған. Құрғақ, қою заттарды тараға арнайы қағазға салып өлшейді. Сұйықтықтарды –цилиндрлерде, стакандарда өлшейді.
Техникалық квадратты таразыларды ұнтақтарды тез өлшеу үшін пайдаланылады. ±10 артық, кемімен өлшенеді.
Мөлшерлеу үшін мензуркалар, бюретка, пипеткалар, каплемерлер, дистилденген су, қантты сироп, ағызғыш(сливательная) чашка, тарирлі таразы қажет.
1. Шәй қасық (көлемі 5 мл) - 5г су, 4г май, 6г сироп, 1,5 г –ға жуық өсімдік текті ұнтақ, 2,5 г күрделі ұнтақ сыяды.
2. Десерттік қасықта (көлемі 10 мл) – 10 г су, 9 г май, 13 г сироп сыяды.
3. Ас қасық (көлемі 15 мл) – 15 г су, 12 г май, 20 г сироп, 7,5 г –ға жуық күрделі ұнтақтар сыяды.
Дәрілік заттың мөлшері, яғни дозасы, демек, дәрілік заттың клеткаға әсер ететін концентрациясы, қолданылатын жеріне әсер еткенде ертіндінің концентрациясы, жалпы әсер еткенде – қандағы концентрация ескеріледі.
Дозаның екі түрі: бір мезгілдік (pro dosi), яғни малға бір рет берілетін немесе бір рет енгізілетін дәрінің мөлшері; күн тәуліктік (pro die), яғни малға бір күнге, күн тәулік ішіне арналып берілетін дәрінің мөлшері бар.
Енгізілетін заттың мөлшерін оның әсер ету сипатын анықтайды. Өте үлкен дозалар малды өлтіруі мүмкін, сондықтан да оларды өлтіретін дозалар деп атайды; дәрінің малды улайтын дозасын уытты (зәрлі) доза деп, ал емдік нәтиже беретін дозасын емдеу дозасы деп атайды.
1 гр 20 тамшы бар.
1 шай қасықта 5-10мл еріткіш су бар.
Ас қасықта 20-25мл
1 рюмкада 50 мл.
1 стаканда 250 мл.
1 шелекте 10-15 л.
Рецептурада қабылданған салмақ және өлшеуіштер аптекалық істе салмақ мөлшері ретінде- грамм, ал көлем мөлшері ретінде- миллилитр қабылданған. Осы уақытқа дейін сұйық заттардың салмағы ғана көрсетіліп келген еді, мұны ескеру керек, мемлекеттік фармокопеяның сегізінші рет басылуына сәйкес, аптекалар кейбір заттарды көлем өлшеуіштері арқылы жазып береді және жұмсайды.
Салмақ және көлем өлшеуіштерін белгілеу
1 грамм ... ... ... ... ...1,0 1 декаграмм ... ... ... ... 10,0
1 дециграмм ... ... ... ...0,1 1 гектограмм ... ... ... ...100,0
1 сантиграмм ... ... ... .0,01 1 килограмм ... ... ... ... 1001,0
1 миллиграм ... ... ... ..0,001 1 миллилитр ... ... ... ... 1 мл
1000 миллилитр ... ... ... 1 л (L)
Мөлшерленбеген сұйықтар шай, десерттік, асқасықтармен, стақан және құмыралармен тағайындалады. Шай қасыққа 4,0-5,0, десерттік қасыққа- 8,0-10,0, ас қасыққа- 16,0-20,0, стақанға – 200,0-250,0, құмыраға- 650,0, шелекке –10-12 л, 15°-20° жылылығы бар су сыяды деп есептеледі. Суға қарағанда майлардың сыйымдылығы 20-25 пайыз кем, ал концентрацияланған ертінділер 20-40 пайыз екендігін ескеру керек.
Сұйық заттарға қарағанда қатты заттардың көлемін анықтау үшін бұдан да гөрі қыйынырақ, бұл жағдай заттардың табиғи қасиеттеріне және қандай түрде кездесетіндігіне (құрғақтығы немесе ылғалдығы), қасық қалай толтырылғандығы, тағы басқаларға байланысты.
Рецепт тағайындау үшін 1 қабылдауға дозаны білу қажет. Ерітінділерді қасықтармен (шәй, десертке арналған, үлкен қасықтар), тамшылап, градуирленген кіші стакандармен, стакандармен, бутылкалармен дозалайды. Алайда дозалаудың бұл әдістері нақты болмайды. Қасықтардың сыйымдылықтары әр түрлі болады және қасықты қаншалықты толтыруына байланысты да дозалар мөлшері әртүрлі болады. Үлкен қасыққа 15 ... 20 мл су ерітіндісі, десертке арналған қасыққа 10-40, шәй қасыққа – 4...5 мл сияды деп есептеледі. Тамшылап дозалау кезінде тамшының көлемі, осыған орай оның мөлшері ауа температурасына және тамырдың саңылауының формасы мен қалыңдығына байланысты болып келеді. 20 0С 1 мл дистилденген су құрамында 20 тамшы, 95 % этил спиртінде-52 тамшы; 70% спиртте -50 тамшы, әр түрлі майларда 40-50 тамшы, эфирде 60...6 тамшы болатындығы белгілі. Тағайындалатын ерітіндінің мөлшері дәрілік заттың дозасына және жануар түріне тәуелді болады. Ұсақ жануарларға ерітінділерді – аз мөлшерде, ал ірі жануарларға көп мөлшерде тағайындайды. Егер де дәрілік заттың 1 қабылдауға арналған дозасы 1 мл-ден төмен болса, онда ерітіндіні тамшы түрінде, егерде одан көп болса –қасықпен, стаканмен, бөтелкемен, тағайындайды.
Ішке қолдануға арналған ерітінділерді дозаламай, дивизионды әдіспен, қысқа не толық түрде тағайындайды. Рецептті толық түрде жазғанда, дәрілік зат пен еріткіштің мөлшерін көрсетіп, барлық құрамдас бөліктерін тізбектеп жазады. Сигнатурада ерітіндіні немен дозалау керектігі және қанша рет беру қабылдауға арналғандығы көрсетілуі керек.
Малдың жасына қарай дәрі дозасын есептеудің бағыт беруші таблицасы ( Мозгов бойынша)
Жылқыға:
3 – 12 жасқа дейін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
15-20 жасқа дейін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..¾
20 –25 жасқа дейін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .½
2 жасар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ½
1 жасар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 112
6 айға дейінгі құлынға: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .121
Сиыр малына:
3-8 жасар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
10-15 жасар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...¾
15-20 жасар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...½
2 жасар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ½
1 жасар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Бұзау: 4-8 айлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .⅛
1-4 айлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..116
Қой, ешкі: 2 жасар және одан үлкен ... ... ... ... ... ... ... ... .1
1-2 айлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ½
6-12 айлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Шошқа 1 ½ жасар және одан үлкен ... ... ... ... ... ... ... ... 1
9-18 айлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .½
4-9 айлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Қатты, тұтқыр және сұйық заттарды өлшеу үшін, ветеринарлық дәріханаларда қолданылатын өлшеуші құралдар.


Өлшегіш ыдыстарға өлшегіш цилиндрлар, пробиркалар, пипеткалар, колбалар жатады.
Бұл ыдыстардың ішіндегі ең көбірек қолданылатыны әртүрлі пішінді, әртүрлі материалдардан дайындалған пробиркалар. Олар цилиндр тәрізді, түбі доғалданған, әртүрлі көлемді, әртүрлі шынылардан дайындалған түтіктер. Кәдімгі лабораториялық пробиркаларды жеңіл балқитын шынылардан дайындайды. Бірақта жоғарғы температурада қолданылатын пробиркаларды қиын балқитын немесе кварцтан дайындайды. Қарапайым пробиркалардан басқа градуспен белгіленген және цетрифугаға арналған пробиркалар бар. Пробиркалар сапалы реакцияларда, өте терең микро анализдерде пайдаланылады. Пробиркаларда реакция қою үшін реактивтерді аз мөлшерде алған жөн. Оларда аз мөлшерде сұйықты қайнатуға болады. Тек оның жоғарғы жағынан ұстағышпен ұстау керек. Сұйықты қыздыруды жоғарғы жағынан бастайды, төменгі жағынан бастағанда сұйық қатты қайнайды да төгілуі мүмкін. Қайнатқан уақытта пробирканың ашық аузын оператордан қарсы жаққа қаратып ұстайды. Ал аздап жылыту керек болған жағдайда пробирканы сұйықпен ыстық суға салып қою керек.
Пипеткалар сұйықтың белгілі бір дәл мөлшерін анықтау үшін қолданылады. Олар сұйықтың және мөлшерін анықтайтын
пипеткалар болып бөлінеді.
Кәдімгі пипеткалар Мордың пипеткалары\-ортасында кеңейтілген жері бар,диаметрі онша емес түтікше.Оның төменгі ұшы сүйірленген,диаметрі 1мм-ге жуық.
Сыйымдылығы 1-10мл болатын,шлифті тығынды немесе тығынсыз автоматты пипеткалар да қолданылады.Аз мөлшердегі сұйықтарды өлшеу үшін микропипеткалар пайдаланылады.Оларды әрбір бөлігі 0,01 мл-ге тең бөліктерге бөліп белгілейді.Онда микропипеткалар арқылы сұйықтың мөлшерін 0,002-0,005 мл дәлдікпен алуға болады.
Бюреткалар-дәріханаларда сұйықты,газды титірлеу және олардың көлемін дәл өлшеуге арналған арнайы шыны түріктер.
Сұйыққа арналған бюреткалардың диаметрі бірдей, тек үш жағы сүйірленіп барып шыны кранмен немесе Мор қысқышымен жабдықталған резина түтікпен аяқталады. Қысқыштың орнына кейде түтікшенің ішіне еңгізілген шыны шарды пайдалануға болады. Ол үшін шарды екі саусақпен қысып шар мен түтікшенің ішкі қабырғасының арасында саңылау тудырады. Сұйықтың мөлшерін тіпті дәлірек анықтау үшін резина түтікшеге үші сүйірленген шыны түтікше жалғайды.
Бюретканың сиымдылық өлшемін көрсететін бөлшектенген бөлігі 10-25, 50-100 мл болады. Оны толтыру үшін қолданылатын және сұйықтың деңгейін нолге келтіретін арнайы құралдар бар. Сұйықтың мөлшері оның төменгі менискісі арқылы алынады. Тек қатты боялған сұйықтың мөлшері жоғары мениск арқылы алынады (калий марганец тотығы, йод және т.б. ).
Артқы қабырғасында ортасында жіңішке көк сызықты ақ. Жолағы бар бюреткаларда өлшеу нәтижесі дәлірек болады. Сілтілік ертінділердің мөлшерін анықтауға шыны кранды бюреткаларды қолданбаған жөн. Олар кранның шлифін бұзады да, олар оңай ашылып-жабылмайды.
Аз мөлшердегі сұйықтар үшін микробюреткалар қолданылады. Олардың сиымдылығы 1-5 мл, калибрі 0,01 мл. 0,001-0,5 мл көлемдегі сұйыққа анализ жасау үшін сол мөлшердегі микропипеткаларды қолдануға болады.
Газдың көлемін анықтауға арналған бюреткалардың сұйықтың көлемін анықтайтын бюреткалардан айырмашылығы оларда кран бюретканың жоғарғы жағында болады.
Өлшегіш цилиндрлар - қалың қабырғалы, қабырғасының сыртында көлемді мл мөлшерінде көрсететін бөлік белгілері бар ұзынша келген шыны ыдыс. Цилиндрлерді қолдану мақсатында мензуркалар да қолданылады. Олардың пішіні конус тәрізді, қабырғаларында өлшеу көлемінің белгілері бар. Олар ылай сұййықтардан тұнба жинауға қолайлы. Тұнба мензурканың төменгі тарылған бөлігінде жиналады.
Өлшегіш колбалар-көптеген аналитикалық жұмыстарға қажетті ыдыстар. Түбі жадағай, әртүрлі сиымдылықтағы колбалар. Көптеген колбалардың шлифті шыны тығындары болады. Олардың кең және тар ауыздылары бар. Онда оның көлемі цифр арқылы белгіленеді.
Өлшегіш колбалар белгілі бір көлемдегі сұйықтықты сұйылту үшін немесе белгілі көлемдегі еріткіште затты еріту үшін пайдалы.
Әртүрлі заттардың тығыздығын анықтау үшін және шынылармен жұмыс істеу үшін қолданылатын шыны приборлар да бар. Оған жататындар; тығыздықты анықтайтын пикнометррлер (Гей-Люссактың, Райшауердің, Раньенің, Менделеевтің приборлары); қатты заттардың ұнтағының тығыздығын анықтауға арналған волюмометрлер; сұйық заттың тығыздығын анықтау үшін ареометрлер; дәнекер оттығы шыныларды кесетін пышқылар; шыны үрлеуге арналған аспаптар және т.б.

2. Малдәрігерлік дәріхананың құрылысы мен жабдықтары. Әрбір малдәрігерлік емханалар, фельдшерлік пункттер жанында малдәрігерлік аптекалар бар; оларда тиісті емдеу мекемесінің дәрігерлер мен фельдшерлері қызмет істейді. Тек айрықша бағыттағы азын-аулақ клиникалар мен емдеу мекемелерінің ғана фармацевт басқарған аптекалары болады. Осыған сәйкес малдәрігерлік аптекалардың құрылысымен жабдықталуын әрбір емдеу мекемесі өзінің мүмкіндігі мен қызмет бағытына қарай белгілейді. Малдәрігерлік емхана жанындағы аптеканың құрғақ және жарығы жеткілікті үш бөлмесі, шоланы, подвалы немесе мұздақ суық бөлмесі болғаны жөн.


Бірінші бөлме – рецепт қабылдайтын, дайындалған дәріні жіберетін рецептуралық, екінші бөлме – жуып шайып тұратын, үшіншісі – заттар тұратын, дәрі-дәрмектер сақтайтын бөлме болуға тиіс.
Рецептуралық бөлмеде: 1) кеңсе құралдарымен жабдықталған стол, 2) линолеуммен немесе шынымен жабылған және түрегеліп тұрып қызмет істеуге қолайлы дәрілерді жасайтын стол; 3) улы заттар мен оларға керекті ступкаларды, пестиктерді, гирлермен жабдықталған қолтаразыларды, өлшеуіш цилиндр мен мензуркаларды, воронколарды, капсул жасағыштарды, совочкалар мен сүзгіш қағазды сақтайтын шкаф; 4) күшті әсер ететін дәрілер шкафы және 5) басқа заттарды сақтайтын шкафтар болуға тиіс.
Заттар қоятын бөлмеде дәрі-дәрмектер сақтайтын шкафтар болға тиіс. Олардың саны әрбір жеке жағдайға сәйкес белгіленеді. Кір жуатын бөлмеде қазанмен жабдықталған плита, дистилденген су құйылатын алмалы-салмалы қазан және ыдыс жуылатын жабдықтар болады.
Ветфельдшерлік пункт аптекасы үшін жұмыс столмен, үлкенді-кішілі екі шкафпен жабдықталған бір ғана кең бөлме, сондай-ақ дезинфекциялық және оттан қауыпты заттардың қорын сақтайтын шоланың болуы жеткілікті.
Аптека мебелі қарапайым, мықты, ақ бояумен боялуға тиіс. Бөлмелердің қабырғалары майлы немесе эмальді бояумен, мүмкіндігінше ақ бояумен сырланған болғаны жөн.
Аптека жабдығы: 1) тек техникалық таразылардан, 5 кг –дық стол үстіне қойылатын таразылардан, өлшеуіш тастармен жабдықталған түрліше безбендер, 2) металдан жасалған ступка мен пестиктерден, фарфордан жасалған үлкенді-кішілі ступкалар мен пестиктерден, 3)электрлі немесе жай булы моншадан, 4) электр плитасынан, 5) қабықтан тығын жасайтын пресстен, 6) дистилденген су алуға керекті айдамалы кубтен, 7) әртүрлі шөлмек воронкалар мен бір үлкен фарфор воронкадан, 8) шөлмектен жасалған бірнеше өлшеуіш құралдар мен әртүрлі мензуркалардан, 9) пилюля жасайтын машинкадан, 10) бикстер мен жабдықталған инфундир аппаратынан, 11) перкулятор немесе үлкен бөлгіш воронкадан, 12) әртүрлі пипеткалардан, сондай-ақ көз пипеткаларынан, 13) әртүрлі сыйымдылығы бар материалдық банкілерден, совочкалардан, қасықтардан, металл мен мүйізден жасалған немесе пластмассадан жасалған шпательдерден, капсул жасағыштардан, тағы басқа шөлмек ыдыстармен жабдықталған лабораториялық бұйымдардан құрылады. Бұдан басқа, аптекада фармакопеяның соңғы басылып шыққаны, дәрілердің фармацевтикалық мануал жазбасы, рецептуралық журнал, дәрі-дәрмектерді есепке алу және жұмсау журналы, сондай-ақ олардың катологі болуға тиіс.
Дәрі-дәрмектерді өртке, бақытсыздық оқыйғаларға немесе қасақаналықпен істелетін әрекетке қарсы шараларды ескере отырып сақтайды. Дәрі-дәрмектер сақталатын шкафтарда құлып салынуға тиіс. Жұмыс баңткеннен кейін улы заттар сақтайтын шкафтың аузына сургучті мөр немесе басқа мөр басылады.
Дәріні дайындап болғаннан кейін жұмыс столының үстінде ешқандай дәрі-дәрмек, әсіресе А мен Б тобына жататын дәрілерді қалдырмау керек. Дәрі-дәрмектер сақталатын шкафтардың кілттері оларға жауапты адамның қолында болуға тиіс.
Дәрі-дәрмек салынған шөлмектер мен банкілерге анық етіп латынша жазылған этикеткалар жапсырылады, улы заттар үшін қараның үстіне ақпен, күшті әсер ететін заттар үшін – ақтың үстіне қызылмен, ал қалған дәрілер үшін – ақтың үстіне қарамен жазу керек. Улы және күшті әсер ететін заттар салынған әрбір ыдысқа арнаулы этикеткалар жапсырылады (бассүйектің үстінде айқастырып салынған жілік сүйектердің суреті мен у деген жазу болуға тиіс).
Жарықтың ықпалымен ажырайтын заттар салынған ыдыстың сыртына: қараңғыда сақталсын, оттан тұтанғыш заттар үшін – оттан қауыпты, жылу ықпалымен бұзылатын заттар үшін – салқын жерде сақталсын деген этикеткалар жапсырылады.
Дәрі-дәрмектерді төмендегідей етіп сақтау керек:
1. гигроскопиялық (ылғал тартқыш) заттарды құрғақ үйде, мықтап тығындалған шөлмек ыдыста:
2. жарықта ажырайтын заттар – қараңғы үйде немесе күнгірт шөлмектерде;
3. оттан қауыпты заттар (олар аз мөлшерде болуға тиіс) – керосин шамынан, пештерден қашық жерде, ал олардың қоры - өртке қарсы шаралардың ережесіне сәйкес келетін жеке үйде;
4. күйдіргіш сілтілер мен күшті қышқылдар – қолдан келген сақтықпен бірыңғай жерде;
5. жылу ықпалымен бұзылатын дәрілік заттар – құрғақ, салқын жерде сақталады.
Дезинфекциялық заттардың көп мөлшердегі запасы құлып салынған жеке бөлмеде сақталады. Аптека жылылығы 9 градустан төмен болмауы керек, өйтені сұйық формалы заттардың бірқатары салқын әсерінен кристалға айналып кетеді.
Аптекадағы ыдыстарды таза ұстап, олардың дұрыстап жуылуына ерекше көңіл бөлу керек. Шөлмек және фарфор ыдыстарды алғаш рет кәдімгі суда сулап, содан кейін жылы сілтімен немесе жылы сабын ертіндісімен жуады. Оларды қыл немесе сым щеткалардың көмегімен жуып, ал содан соң жылы таза судың немесе кран суының ағынымен әбден шаю керек. Оларды төңкерілген күйінде аша ағашқа іліп кептіреді, ал бұл ыдыстар сілтілер ықпалымен бұзылатын дәрілерге арналса, онда оларды 0,5 процент тұз қышқылымен шаяды.
Бұрын қолданылған және сырттан түске (ауру малдардың инелерінен т.б.) ыдысты алдын ала бір тәулігі ішінде алмас ертіндісімен дезинфекциялайды. Содан кейін оны сілтіге немесе сабын ертіндісіне салып қайнатады, осыдан кейін ғана барып жоғарыда көрсетілген тәсілмен жуады.
Металдан, мүйізден немесе пластмассадан жасалған қалақтарды, совочкаларды, капсул жасағыштарды жылы сабынды суда жуып, содан кейін жылы таза сумен немесе кран суының ағынымен шаяды, содан соң бұларды арнаулы таза орамалмен сүртеді.
Қол таразыларының табақшалары таза орамалмен, ал қажет болса спитрпен жуып сүртіледі.
Сығындыларды жазу, дайындау, қолдану, тағайындау ережелері
Сығындылар-extacta (жекеше атау жалғауы- extactum, жекеше ілік жалғауы- extacti). Сығындылар: сұйық (extacta fluida) ветеринарияда көп қолданылады, жұмсақ (extacta mollіa) ботқа пилюляға қолданылады., қою(extacta spissa) ботқа, теріге жағу үшін және құрғақ(extacta sicca) сығындылар актуальді дәрілік зат; спиртті(extacta Spirituosa), эфирлі (extacta aetherea) және сулы (extacta aguosa) түрлерге бөлінеді.Оларды перколяция әдісімен заводтарда дайындайды; ең алдымен сұйық сығынды алып, содан кейін оны керекті қоюлық дәрежесне жеткенше қайнатады. Сұйық сығындыларды тұндырма ретіне, қою және құрғақ ерітінділерді-ұнтақ және басқа дәрілік формаларда қолданады. Әсері әр түрлі, инновациялық дәрілік заттар, экономикалық эффективті, фармакодинамикасы жоғары. Сәғындылар малдың иммундық қасиетін жоғарылатыды.
Сығындылар офиц. же маг-қ әдіспен қолданылады.
Рецепт үлгілері:
Rp.: Extracti Secalis cornuti 20.0
D.S. Сиырға екі рет қолданылуға.
Жарты құмыра суға араластырып ішкіз
Rp.: Extracti Belladonnae 0.6
Pulveris radicis
Althaeae d.s.
M.f. pilulae №25
D.S. итке күніне 3 рет 1 пилюлден бер.
Официналдық сығындылар:1) Extractum Aloes - сабур сығындысы, 2) Extractum Belladone-беладонна сығындысы, 3) Extractum Gentianae- көкгүл сығындысы, 4) Extractum Glycyrrhizae – қызылмия түбірінің сығындысы, 5) Extractum Granati fluidum- анар ағашының сұйық сығындысы, 6) Extractum Hyoscyami- меңдуана сығындысы, 7) Extractum Opii – апыйын сығындысы, 8) Extractum Rhri- аұрауағаш сығындысы, 9) Extractum Rhei compositum – күрделі ақрауағаш сығындысы, 10) Extractum Secalis cornuti – қастауыш сығындысы, 11) Extractum Secalis cornuti fluidum – қастауыштың сұйық сығындысы, 12) Extractum Strychni – чилибуха сығындысы, 13) Extractum Taraxaci – пия сығындысы, 14) Extractum Valerianae – валериана сығындысы.

34 Емтихан билеті


1 сұрақ
Сұйық дәрілік заттардың концентрациясына байланысты жазу және есеп шығару ерекшелігі. Сұйық дәрілердің түрлеріне жатады: ерітінділер, қайнатпалар, эмульсиялар, микстуралар, тұнбалар, тұндырмалар, экстрактілер, кілегейлі заттар жәнегалендік, жаңа галендік препараттар. Ерітінді-Solutio,solutionis, ерітінді кең тараған дәрілік форма оны қатты және сұйық затты су, спитрт, эфир,хлороформ, т.б. Сол сияқты ерітінділерді еріту арқылы алады. Liguor-сұйықтық дегеніміз арнаулы құрамды және айрықша мақсатта қолданылатын дәрілік сұйық форма. Мысалы: Буров сұйығы, Дакен сұйығы, т.б. Көбінесе еріткіш ретінде кәдімгі су, қарапайым су, , қайнаған су, 2рет дистильденген су , егер еріткіш зат көрсетілмесе оның орнына дистильдеген, ал денеге енгізу үшін 2 рет дистильденген су қолданылады. Ерітінділерді алу үшін қарапайым және күрделі рецепт жазады. Ерітінділер официональдық және магистарльдық әдістер бойынша жазылады. Официанальдық әдіс:
Rp.: Solutio Coffeini natrii benzoatis 10%-20 ml
D.S. Ішке
#
Rp.: Coffeini natrii benzoatis 2,0 Есебі:
Аguae destillatae ad 20ml 10%-100 ml
M.f.solution х-20ml, х-2 гр
D.S. Ішке

Ертінділер - solutio, ( solutionеs, solutio, solutionis) (жекеше, тарау жалғауы - solutio, жекеше ілік жалғауы- solutionis).


Ертінді – мал дәрігерлігінде кең тараған дәрілік форма. Оны қатты немесе сұйық затты су, спирт, эфир хлороформ, тағы басқа сол сияқты еріткіштерде еріту арқылы алады. liquor дегеніміз арнаулы құрамды және айрықша мақсатқа қолданылатын дәрігерлердің сұйық формасы, мысалы, Буров сұйығы, Дакен сұйығы т.б. Көбінесе еріткіш ретінде: кәдімгі (aqua fontana қарапайым (aqua communis),қайнаған (aqua cocta), дестилденген (adua destillata) және екі рет дестилденген (adua destillata немесе adua redestillata) сулар қолданылады. Егер еріткіш көрсетілмесе, оның орнына дестилденген, ал денеге енгізу үшін – екі рет дестилденген су қолданылады деп түсіну керек.
Ертінділер алу үшін қарапайым және күрделі рецепт жазылады. Бірінші жағдайда заттың қатынасы алынбай, оның пайызы (проценті %) ғана көрсетіледі. Ертінділер официналды және магистралды әдіспен (тәсілмен) жазылады. Рецепт официналды тәсілмен жазылса, оны Rp.: -алыныз деген сөзден кейін дәрілік формасын жазу керек:
Мысалы- Rp.: Solutionis –аланыз ертіндіні.
Стерилденбеген ертінділер төмендегі тәсілмен жазылады:
Официналды тәсілі: Магистралды тәсілі:
Rp.: Solutionis Coffeini natrio- Rp.: Coffeini natrio- benzoici 2.0
benzoici 10%-20,0 Aquae destillatae ad 20,0
D.S. М.f. solutio
D.S.
Стерилденген ерітінді төмендегі варианттармен жазылады:
Официналды тәсілі: Магистралды тәсілі:
Rp.: Solutionis Coffeini natrio- Rp.: Coffeini natrio- benzoici 2.0
benzoici sterilisatae 10%-20,0 Aquae destillatae ad 20,0
D.S. M.f. solutio. Sterilisetur!
D.S.
Санауы:
1) 10%,г---100 мл
Хг. ------20мл
х= 10х20 : 100
х= 200: 100, х=2 г.
Бірінші жағдайда дәрігер фармацевтіге стерилденген натрий – бензоатының 10 процент ертіндісінің 20,0 алу керек екенін көрсетсе, екінші жағдайда ол фармацевтіге бұйрық беріп – стерилдеңіз деп жазады, төртінші жағдайда- араластыр және стерилденген ертінді жаса деп нұсқау береді.
Күрделі рецепт M. D. S. формуласымен, ал қарапайым рецепт- D.S формуласымен аяқталады.
Спирттік, эфирлік немесе глицериндік ертінділер жасау қажет болса, сулы ертіндегідей, күрделі рецептіде ертетін зат пен керекті еріткіш көрсетіледі; қарапайым рецептіде қандай ертінді алу туралы нұсқау беріледі, мысалы:
Официналды тәсілі: Официналды тәсілі:
Rp.: Solutionis Veratini Rp.: Solutionis Veratini in
Spirituosae 0.5%- 10,0 spiritus vini 0.5%- 10,0
D.S. D.S.
# #
Официналды тәсілі: Магистралды тәсілі:
Rp.: Solutionis Lodogormii Rp.: Veratini 0,05
Aethereae 10%-20,0 Spiritus vini ad 10,0
D.S. M.D.S.
Санауы: 0,5(%) г.----100мл
х г. -----10 мл
х= 0,5х10 : 100
х= 5 : 100, х= 0,05г.
Спирттік және эфирлік ертінділер стерилденбейді. Егер олар жіберуге енгізуге тағайындалса, оларды құятын ыдыс пен тығынды стерилденсе де жеткілікті.
Әсер тигізетін негізнің өзі ертінді болып келген ертінділерді (мысалы, пергидрол, яғни су тегінің асқын тотығының 30 процент ертіндісі; формалин, яғни формальдегидтің судағы 40 процент ертіндісі), қате кетпес үшін, күрделі рецептімен жазып, рецепт құрамына кіретін барлық заттарды тізіп көрсету керек. Мысалы:
Официналды тәсіл:
Rp.: Solutionis Formalini 10%- 200,0
D.S
#
Магистралды тәсіл: санауы: 10(%)г. ----100ml
Rp.: Formalini 20,0 x г ---------200ml
Aquae destillatae 180,0 x г = 10x200 : 100
M.f. solutio x г = 20 г
D.S.
Егер формалиннің 10 проценттік ертіндісі қарапайым рецепт күйінде ғана жазылса, онда қате болып саналады: Мысалы:
Бірінші жағдайда оны 20,0 формалин мен 180,0 судан, ал екінші жағдайда – 2,4 формалин мен 197,6 судан дайындауы мүмкін.
Денеге жіберу үшін ампулаға құйылған ертінділерді алған жөн: өйткені олардың барлығы стерилденген, әрі официаналдық дәрілерге жатады; әрбір ампулдың дозасы және керегіне сай қанша ампул жіберу қажеттігі көрсетіліп, олар тек қарапайым рецептімен ғана жазылады; Мысалы:
Жылқыға: Официналды тәсілі
Rp.: Solutionis Atropini немесе Rp.: Solutionis Arecolini hydro-
Sulfurici 1%-5,0 bromici 10% - 5,0
D.t.d. № 3 in ampullis D.t.d. № 2 in ampullis
S. үш рет жылқы S.2.рет жылқы терісінің астына
терісінің астына
Енгізу мақсатымен медициналық ампулаға құйылған препараттарды пайдалануға болады: ол үшін 1 рет енгізу мақсатымен бірнеше ампула жазу керек.
Мысалы: Глюкозаның дозасы сиырға 40 г. Бір ампулада 20% -10 ml глюкоза бар. Венаға бір инъекцияға рецепті жаз.
Rp.: Solutinis Glucosi – 20% -10 ml
D. t. d. № 20 in ampullis
S. Венаға бір инъекцияға 200мл
Санауы:
1. әдісі. 1) 20(%)г- 100 мл 2) 1 ампулада- 2 г
х г- 10 мл х ампула - 40г
х = 20х10 : 100 х = 1х40: 2
х = 2 г х =20 ампулы

2 әдісі 1) 20г – 100 мл 2) 1 ампулада – 10 мл


40г- х мл х ампула - 200 мл
х = 40х100: 20 х =1х200: 10
х =200 мл х = 20 ампула

Микстуралар – mixtura. ( Mixtura, mixturae )


Еріткіште екі және одан да көп заттарды еріту арқылы немесе бірнеше сұйық препараттарды араластыру арқылы алынады.
Микстуралар алу үшін әдетте күрделі рецептілер жазылады; оларды M. D.S. формуласымен аяқтайды. Рецепт үлгісі:
Rp.: Cocaini hydrochlorici 0,1
Solutionis Adrenalini hydrochlorici
1 : 1 000 gtts X
Zinci sulfurici 0,05
Acidi borici 0,3
Aquae destillatae 10,0
M. D. S. 2-4 тамшыдан жылқының көзіне
Эмульсиялар – emulsa. Бұл май және шырыш (коллоид) бөлшектері біркелкі езінді ретінде жүзіп жүретін сүт тәрізді сұйық дәрілік форма.
Ұрықтық және майлық эмульсиялар бар. Әдетте ұрықтық эмульсияларды ұрықтың 1 бөлегін 10 бөлек суға қосып жасайды. Әсіресе, зығыр, қызғалдақ, тәтті миндаль, кендір т.б. ұрықтардан жасалған эмульсиялар көп тараған. Оларды сумен қандай мөлшерлік қатынаста алынғанын көрсетпей-ақ жазады.
Эмульсия алу үшін жазылған күрделі рецепт M.f.emulsum формуласымен аяқталады. Рецепт үлгілері:
Итке:
Rp.: Seminis Lini 40,0 Rp.: Emulsi ex seminis Lini 400,0
Aduae destillatae ad 400,0 D. S.
M. f. emulsum #
D. S. Rp.: Emulsi semminis Lini 400,0
D. S.
Майлық (жалған эмульсия еmulsum oleosum) негізгі 3 компоненттен: майдан, коллоидтан (шырыштан) және судан тұрады. Майды сумен біркелкі араластыру үшін эмульгатур ретінде гуммиарбик (аравия ағаш шайыры), желатоза немесе жұмыртқа сарысын пайдаланады. Алынған материалдардың қарым-қатынасы мынадай болуға тиіс: эмульгатор 1 белок, май 2 бөлек және су 17 бөлек, яғни 5 процент эмульгатор, 10 процент май және 85 процент су. Демек 200,0 эмульсия жасағанда аптека 10б0 эмульгатор, 20,0 май және 170,0 су алады.
Қандай эмульсия қанша мөлшерде керек екендігі көрсетіліп, майлық эмульсиялар көбінесе қарапайым рецепт ретінде жазылады, мысалы:
Қойға:
Rp.: Emulsi ilei Ricni 200,0
D. S.
Бұл эмульсияға 20,0 касторка кіреді. Егер эмульсияның кейбір компоненттерінің қатынасын өзгерту қажет болса, онда оның құрамына кіретін заттар түгелдей тізіліп жазылады. Ең тұрақты эмульсия 2 бөлек май мен 1 бөлек эмульгатордан жасалады:
Сиырға:
Rp.: Olei Ricini 20,0
Gelatosae 10,0
Aquae destillatae ad 200,0
D. S.
Эмульсия құрамына бұдан басқа заттар кіретін жағдайда, фармакологиялық әсеріне қарап, оларды яки рецептінің басына яки аяғына жазу керек.
Қойға:
Rp.: Emulsi olei Ricini 100,0
Olei Crotonis gut. 1.
M. D. S.
Егер майлық эмульсия жазбасында оны қандай майдан жасау керек екені көрсетілмесе, онда аптека миндаль немесе шапталы майын алады: бұл жағдайда рецепт былай жазады:
Шошқаға:
Rp.: Emulsi oleosi 200,0
D. S.
Тұнбалар- (infusa). ( Infusa, infusum, infusi)
Фармакопея бойынша тұмбалардың үш түрлі концентрациясы бар: күшті әсер ететін заттар үшін 1: 400 (наперстянка жапырағы, ипекакуан тамыры); сенага тамыры, валериана түбіршесі, қастауыш, теңіз жуасы үшін – 1:30; ал бұдан басқа, күшті әсер ететін материалдар үшін – 1:10 концентрацияларын алу белгіленген.
Рецептіде қанша заттан қанша мөлшерде тұнбалар алу қажеттігін көрсету керек. Тұнбаларды проценттік қатнаста жазуға болмайды, өйткені тұнбаларды дайындағанда ол ерімейді, ал тек заттың көрсетілген мөлшерінен әсер етерлік негіздері ғана шығарылады. Рецепт үлгілері:
Сиырға:
Rp.: Infusi herbae Adonidis Rp.: Infusi radicis Ipecacuanhae
Vernalis ex 6,0 : 180,0 0,5 – 180,0
D. S. Codeini 0,2
Rp.: Infusi folii Digitalis Natrii hydrocarbonici 2,0
0,5 – 200,0 M. D.S.
Rp.: Infusi radicis Valerianae Rp.: Infusi floris Chamomillae
6,0 – 180,0 ex 20,0- 200,0
Tincturae Convallariae D. S.
maialis 3,0
M. D.S.
Қайнатпалар – decoctа. (Decocta, Decoctum, Decocti)
Бұл настой сыяқты дәрілік форма, олардың айырмашылығы мынада: қайнатындылар жасау үшін өсімдіктердің құрлысы жөнінде ірі бөліктері (тамырлар, түбіршілер, қабық, ағаш сүрегі) алынады. Егер рецептіде қайнатынды жасау үшін қанша материал алу керектігі көрсетілмесе, оны 1: 10 концентрацияда жасайды, ал теңіз жуасының ұрықтары, валериана түбіршесі, қастауыштар, сенага түбірі үшін 1:30; күшті әсер ететін заттар үшін 1: 400 концентрациясында дайындайды. Қайнатынды жазбалары настойка жазбасымен бірдей.
Рецепт үлгілері:
Rp.: Decocti corticis Quercus 50,0 – 500,0
Creolini 5,0
M. D. S. жылқыға 2 рет қабылдау үшін

2. Рецептің жазу ережелері. Рецепт және оның бөлімдері. Рецепт- дәрігердің дәрі жасап беру туралы дәріханаға немесе фармацевке жазбаша түрдегі өтініші. Рецепт – қандай заттарды қанша мөлшерде алу қажеттігін, дәріні қандай формада дайындау керек екенін, дәрі кімге арналғандығын және оны қалай қабылдау керек екенін көрсетіп, дәрігердің немесе фельдшердің аптекаға жазған қолжазбасы.


Рецепті жазу тәсілінің негізгі ережелері.
1. Әрбір ресми документ сыяқты, рецепті анық және таза етіліп, ешқандай жөндеусіз, бір рет қағаздың 116 бөлегіне тең 8 х 16 см-лік көлемі бар бланкіге сыямен жазылады. Кейбір айрықша жағдайда рецепті сыялы карандашпен де жазуға болады. 2. Әрбір дәрілік зат латын әріпімен, Жана жолдан басталып ілік септігінде жазылады. Керекті заттың аты бір жолға сыймаса, оның жалғасы келесі жолдың оң жағынан сәл аттап түсіп барып жазылады.3. Дәрілік заттын салмағы граммен көрсетіліп, ондық бөлшек түрінде жазылады. Бүтін сандар үтір арқылы нолмен аяқталады, ал бөлшек сандар бір бірінен үтір арқылы ажыратылады. Мысалы: 0,5; 2,5; 5,0; 20,0. Заттың дозасы араб цифрларымен жолдың оң жағына жазылады. Егер заттың дозасы туралы нұсқау бір жолға сыймаса, оны келесі жолдың оң жағына үстіңгі жолдағы зат дозасының астына дәл келетіндей жазу керек. Кейде керекті заттың мөлшері қарасөзбен жазылады.Жекеленген жағдайларда дәрілік заттардың мөошері миллилитрмен (мл), литрмен (л), килограммен (кг) немесе әсерлік бірлігі (Ә.Б.) түрінде беріледі.4. Бірнеше затты тең мөлшерде жазуы жиі-жиі кездесіп тұрады, бұл жағдайда соңғы заттың жанына āā яғни ana –тепе-тең (бірдей мөлшерде) деген сөз жазылады, егер ертінді құйылса, онда ad ( мөлшерге дейін) деген сөз жазылады. 5. Сонымен, рецепт recipe деген сөзден signetur дейін латын тілінде жазылады. Содан кейін дәрінің қолдану тәсілі (signatura) мен оның кімге тағайындалғандығы (nomen aegroti) орыс тілінде немесе жергілікті халық тілінде жазылады.9. Рецептінің аяғына дәрігердің немесе фельдшердің қолы қойылады (nomen medici), егер улы немесе күшті әсер ететін зат жазу керек болса, рецептіге дәрігердің немесе емдеу мекемесінің мөрі басылады.6. Рецепт кейде бланкінің бір жағына сыймайды, мұндай жағдайда бланкінің төменгі жағына verte – аударып қара деген сөз жазылады да, рецептіні екінші бетінен жалғастырып жаза береді. 7. Дәріні тез алу керек болған жағдайда бланкінің оң жақ бұрышының жоғарға жағына cito (тез) немесе statim (дереу), немесе citissime (мүмкінділігінше тезірек) деген сөздер жазып, олардың асты сызылып, леп белгісі қойылады (Cito !). Кейде дәріханаға бір рецепт бойынша дәріні екі-үш рет босату туралы нұсқау беруге тура келеді, ондай жағдайда бланкінің бос жеріне repetatur (қайталаңыз) немесе bis repetatur (екі рет қайталаңыз) деген сөз жазып, леп белгісін қойып, күнін көрсетіп, қол қойылады, ал улы немесе күшті әсер ететін зат жазылса, мөр басылады, егер уға қарсы рецепт жазылса, онда (Antidotum!) деген сөз жазылады. Кейде рецепте дәрінің тәуліктік немесе бір мезгілдік дозасын фармакопеяда қаралған белгілі мал түріне немесе оның жасына сәйкес дозадан артық көрсетуге тура келеді, ондай жағдайда заттың мөлшерін қарасөзбен немесе санмен жазады, соңына леп белгісін қойып, астын сызады. Егер мұндай нұсқау көрсетілмесе, дәріхана фармакопеяда қаралған дозаның жартысын жібереді. 8. Кейбір заттар жарық, ылғал, ауа тағы басқалардың ықпалымен өзгереді, ондай жағдайда аптекаға дәріні қандай затқа орап жіберу туралы рецептіде нұсқау көрсеткен жөн. Егер дәріні күңгірт шөлмекке салып жіберу керек болса, detur деген сөзден кейін in vitro nigro, немесе парфиндалған қағазға in charta paraffinata, яғни ad chartam paraffinatam т.с. сыяқты сөздер жазылады. 9. Бір рецепт бланкесіне бірнеше рецепт жазу жиі кездесіп тұрады, ондай жағдайда олардың арасына айыру белгісі қойылады#.10. Бір рецептік бланкіде бір ғана улы дәрілік зат немесе 2-3 жай әсер ететін дәрілік заттар жазылады. Әрбір рецепт жаңа жолдан Rp: деген сөзден басталып сигнатурамен аяқталады. 11. Жоғарыдағы аталған ережелерге сай емес, немесе құрамында керегер әсер етуші заттары бар рецептер жарамсыз деп табылады.
Рецептін жазу сызбалары. Схемалары.Рецепт құрамына қанша дәрілік заттар кіреді және олардың жалпы салмақтық немесе жеке дозалармен көрсетілуіне байланысты рецепт жазудың бес схемасы бар:
І – схема: қарапайым дозаланбаған рецепт.Rp.: lodoformii 150,0 D.S. Жараға себу үшін. ІІ- схема: қарапайым дозаланған рецепт. Rp.: Streptocidi 0,5 D.t.d.N 10 S. Күніне 2 рет 5 тәулікке. ІІІ- сxема: күрделі дозаланбаған рецепт. Rp.: lodoformii 50,0 Xeroformii 10,0M.f. pulvis D.S. Жараға себу үшін. IV- схема: күрделі дозаланған диспензациялық (бөлінген) әдіс:Rp.: Natrii bromidi 1,0 Kalii bromidii 0,5 M.f. pulvis D.t.d.N 5 S. Күніне бір рет 5 тәулікке 1 ұнтақтан ішкізілсін. V – схема: күрделі дозаланған дивизиялық (бөлінбеген) әдіс:Rp.: Natrii bromidi 5,0 Kalii bromidii 2,5M.f. pulveres N 5 D. S. Күніне бір рет 5 тәулікке 1 ұнтақтан ішкізілсін. Дәрілік формалардың І -ші схема бойынша: ұнтақтар, сүртпе майлар, ертінділер, эмульсиялар, түнбалар, қайнатпалар және кейбір басқа формалар жазылады. ІІ- схема бойынша – ұнтақтар, таблеткалар, ампулдағы ертінділер жазылады.ІІІ – схема бойынша – ұнтақтар, дәрілік жиынтық заттар, ботқалар, сүртпе майлар, пасталар, линименттер, ерінділер, микстуралар, эмульсиялар жазылады.ІV және V схемалар бойынша ұнтақтар, пилюлалар, болюстер, суппозиторийлер жазылады.
3.Аэрозольдер олардың алынуы және пайдаланылуы. Аэрозольдер – сұйықтықтың өте ұсақ тамшылары не газ тәріздес ортада ұшып тұратын қатты бөлшектері. Қатты бөлшектерден тұратын аэрозольдер улану, уатылу арқылы алынса, шаң деп аталады. Ал конденсация нәтижесінде алынғандарын түтін да. Оларды уатқыштарды не конденсаттарды қолданып, зауыттарда дайындайды. Оларды, сифонды трубкасы бар және ішіндегі заттарды жойып жіберуге арналған құрылғысы бар, герметикалық жабылған металл баллондарда шығарады. Аэрозольдерді жәндіктерді жоюға, жарақаттарды өңдеуге, тыныс алу жолдары зақымданған жануарларды емдеуге, бөлмелерді дезинфекциялауға, иммунизацияға же т.б. қолданады.
35 емтихан билеті
1-сұрақ
1.Мемлекеттік фармакопеяның мақсаты мен міндеттері.
Фармакопея (гр. pharmakon — дәрі және poieo — жасаймын), дәрілік заттардың сапасына деген талаптарды көрсететін стандарттар мен нормативті құжаттар жиынтығы. Бұл мемлекеттік кітап; онда аптекада міндетті түрде болуға тиісті дәрілік заттардың тізімі; олардың тазалығын тексеру тәсілдері туралы нұсқаулар, олардың физикалық – химиялық қасиеттері туралы қысқаша мәліметтер, улы және күшті әсер ететін заттардың бір мезгілдік, тәуліктік және ең жоғарғы дозалары туралы мәліметтер, оларды сақтау тәсілдері, кейбір дәрі түрлерін дайындау ережелері және басқа нұсқаулар бар. Сонымен, фармакопея фармоцевт пен дәрігер үшін міндетті заңдардың жыйнағы сыяқты болып келеді. Фармакопеялық комиссия тарабынан фармакоея мезгіл-мезгіл қайта қаралып отырылады. Медицина мен ветеринарияда тараған, бірақ фармакопеяға кірмеген дәрі қоспалары мануалдар деп аталатын арнаулы тізбеге енгізілген. Мұндай дәрі қоспаларын мануалдық дәрілік қоспалар деп атайды. Оларды аптекадан, немесе атын немесе олардың құрамына кірген жеке заттарды тізіп көрсетіп жаздырып алуға болады.
Мемлекеттік фармакопея - уәкілетті федералды органдар арқылы мемлекеттік бюджет есебінен құрылып, 5 жылда бір рет өңдеуден өтеді.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының фармацефтикалық нарығында жеті мыңға жуық дәрілік заттардың аталуы бар. Олардың сапасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Фармакопеясының стандарттары мен нормалары бойынша регламенттелуі керек.

2.Галендік және жаңа галендік препараттарға не жатады? Жалпы сипаттамасын бер. Тұнба- настойка - (tincturae). Тұнбашалар деп өсімдіктер мен жануалардан алынатын дәрілік заттардың спирттік, эфирлік және сулық сығындыларын атайды. Бұл форм заводтарда дайындалатын тұрақты, боялған, тұнық сұйықтар. Оларды былаай дайындайды: материалды ұсатып бакке салады, сонсоң сорып алатын сұйықты құйып араластырады: бакті жауып 16-20° температурада 7-10 күнбойы тұндырады. Содан сұйығын құйып алып, қоюын пресспен сығады: алынған тұндырманы тұндырып сүзеді. Күшті әсер етпейтін заттардан алынған тұнбашаларды 1:5 концентрацияда, ягни материалдың салмағының 1 бөлегіне сұйықтың 5 бөлегін қосып жасайды.Күшті әсер ететін тұнбашаларды перколяция әдісімен 1:10 пропорцияда дайындайды. Бұл әдістің мәнісі мынадай өсімдік материалын турап перкуляторға немесе, ол жоқ болса, өлшеуіш воронкаға салады. Оның үстіне материалдан 1 см жоғары етіп сорып алатын сұйық құяды. Содан кейін үйдің температурасындай жылылықта 24-48 сағат бойы тұндырады. Бұдан кейін сұйықтың ағым жылдамдығы минутіне 20 тамшыға тең болатындай етіп перколятордың немесе өлшеуіш воронканың кранын ашады.Сұйық перколятор мен воронкаға да осындай жылдамдықпен құйылуға тиіс. Тұндырылатын сұйықтың екі порциясы алынады. Бірінші порция алынған өсімдік материалының салмағының 85%-не тең болуға тиіс, екінші порциясын сұйықтың бояулы түсі кеткенше жыйнайды; екінші порциядағы сорып шығаратын сұйық алынған материал салмағының 15 %-і қалғанша қайнатылады. Содан кейін екі порцияны бір бірімен араластырады, сөйтіп дайын настойка алады.Егер рецептіде сорып шығаратын сұйық көрсетілмесе, онда спиртті настойка жіберіледі (70° спиртте), бұл тұндырманы кейде tinctura simplex деп атайды.Тұнбашаларды жалғыз заттан жасалған қарапайым (tincturae simplices) және бірнеше тұнбашалардан тұратын немесе басқа дәрілік формалар, препараттар, заттар кіретін күрделі (tincturae compositae) түрлері бар.Тұнбашаларды жақсылап жабылған ыдыста әдеттегі үй температурасында сақтайды. Тұнбашаларды таза күйінде (per se) немесе түрліше дәрілік формаларда сыртқы және ішке тамшылап мөлшерлейді, сондай-ақ, олардың атын атап жазады. Сірінділер-extacta (жекеше атау жалғауы- extactum, жекеше ілік жалғауы- extacti).Сірінділер: сұйық (extacta fluida), жұмсақ (extacta molla), қою(extacta spissa), және құрғақ(extacta sicca); спиртті(extacta Spirituosa), эфирлі (extacta aetherea) және сулы (extacta aguosa) түрлерге бөлінеді.Оларды перколяция әдісімен заводтарда дайындайды; ең алдымен сұйық сірінді алып, содан кейін оны керекті қоюлық дәрежесне жеткенше қайнатады.Сұйық сірінділерді тұндырма ретіне, қою және құрғақ ерітінділерді-ұнтақ және басқа дәрілік формаларда қолданады.


3.Ботқалар. Кемшіліктеріне және ерекшеліктеріне түсініктеме бер: Ботқалар-Electuarum, дегеніміз бұл қою немесе қамыр тәріздесконсистенциялы ішке қолдануға арналған жұмсақ дәрілік форма. Олар тұрады негізгі заттан, құрамына қосады дәмін жақсартатын және әсерін күшейтетін заттардан. Форма беретін заттарға қолданады қызыл мия тамырының ұнтағы, зығыр ұны- farina lini,қара бидай ұны, жалбыз тікентамырының ұнтағы, бал-mel, сироп- sirupus, ақсаз, су, майлар-oleum және т.б. заттар. Форма беретін заттың мөлшері көрсетілмейді қажетінше алынады. Ботқа консистенциясы рецепте көрсетілуі тиіс. Консистенциясы көрсетілмеген жағдайда қою ботқа (spissum) дайындалады. Ботқаларды жиі шошқаларлға , мысықтарға ,итке тағайындайды. Сондықтан құрамына тәтті заттарды қосады. Жылқыларға ботқаларды ас тұзымен қосып жасайды. Ал мүйізді ірі қаларға ашты қыщқыл заттарды қосады. Ботқаларды магистарльдық әдіспен жазады. 3- ші схема бойынша жазады. (күрделі дозаланбаған рецепт). Ботқаларды дайындау технологиясы: Қажетті дәрілік заттарды алдын ала дайындап алып, массасын өлшейміз қажетінше;
Дәмін жақсартатын және де форма беретін заттарды аламыз;
Араластырып жасаймыз қажетті ботқаны;
Алдын ала дайындалған консервілерге престеу арқылы саламыз;
Маркировка және қаптау.
Сақтау

36 емтихан билеті


1.Рецептураның даму тарихы және басқа пәндермен байланысы. Фармакология туралы ұғым. Фармакология – (pharmacon – дәрі; logos – ғылым немесе сөз) – сау және ауру организмге немесе оның жеке органдарына дәрі-дірмек заттардың қандай әсер ететіндігін зерттейтін ғылым.
Фармакологияның ең дәл анықтамасы – фармакодинамика, немесе химиялық қоспалардың әсерінен органдар мен тканьдер қызметінің өзгеруін зерттеу.
Фармакологияның даму тарихы. Фармакология, соның ішінде малдәрігерлік фармакология өте ерте заманда пайда болған. Түрлі заттардың адам мен жануарға тигізетін әсерін бақылаудың нәтижесінде бұл салада толып жатқан білімдер жиналады, ал бұл заттардың өздерін адам организміне қолданып сынауға да жиі негіз болды. Ертедегі Греция дәрігері Гиппократ (б.з. д. 460-377 жыл) оларды жүйеге келтіруге тұңғыш рет әрекет жасады, Гиппократтың ілімін рим дәрігері Гален (б.з. 131-201 ж.ж.) және араб оқымыстылары, әсіресе тәжік ұлтынан шыққан Авицена (Абу Али ибн Сина) дамытты. Орта ғасырларда Парацельс фармакологияда негізінен өзгерістер туғызды. Алайда XVIII ғасырға дейін бұл ғылым эмпиризмге, яғни ғылыми дәлелденбеген бақылауға ғана сүйеніп келді. Тек XVIII ғасырдың аяғында ғана эксперименттік фармакологияның дәуірі басталды.
Біздің елімізде эксперименттік фармакологияның негізін салушылар Андриевский, Кайданов, Лукин, Нелюбин, Забелин, Соколовский, Дыбковский, ал олардың ісін алға апарушылар – Е. Пеликан, И. Догель, Богославский, И.Павлов, Кравков т.б. болды. Н.П. Кравковтың ерекше еңбектері оны отандық эксперименттік фармакологияның негізін қалаушы деп есептеуге мүмкіндік береді.
Зоофармакологиялық (малдәрігерлік фармакология) нұсқау құралды тұңғыш рет Ликин жазған еді.
Ғылымның бұл саласында біздің отандастарымыз Сошественский мен Савичтың және олардың шәкірттерінің зор еңбегі бар. Проф. Н.А. Сошественский шын мәнінде кәзіргі отандық малдәрігерлік фармакологияның негізін салушы болып саналады.
Фармакологияның басқа ғылымдармен байланысы. Фармакология мәнінің анықтамасы – ол басқа ғылымдармен: өсімдіктер шикізатын зерттейтін фармакогнозиямен, дәрілік заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеумен шұғылданатын фармацевтикалық химиямен, фармацияман немесе дәрілер дайындау және аптекалық істі ұйымдастыру туралы ғылымдармен тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Аталған ғылымдардың әрқайсысы дербес, бірақ фармакологияға қатысы жөнінде оған бағынышты болып келеді.
Малдәрігерлік техникумдарда бұл пәндер өз алдына оқылмайды; фармакология курсына олардың кейбір тармақтары, негізінен рецептуралары ғана енгізіледі.
Мұның үстіне, фармакология физиологиямен және жалпы патологиямен тығыз байланысты, өйткені органдардың, тканбдердің нормадағы және патологиядағы әрекеттерін білмей, дәрілердің тигізетін әсерін түсіну мүмкін емес.
Фармакологияның бактериология және паразитологиямен байланысы дезинфекциялайтын және паразиттарға қарсы қолданылатын заттарды оқып үйренгенде өте көзге түседі.
Фармакологияға ішкі секреция бездерінің қызметі туралы ғылым – эндокринология (физиологияның бір бұтағы) өте жақын тұрады; емдік заттардың ішінде органдардан жасалған препараттар айтылады; бұларды қолдану үшін осы органдар жасаған дарығыш негіздерді және олардың организмге тигізетін ықпалын білу талап етіледі.
Дәрілік заттар көбінесе таза лабораториялық және ауылшаруашылық малдарына тигізетін әсері арқылы зерттеледі. Бұл зерттеудің негізгі мақсаттары:
1. қандай да болса қолданылатын зат малдың организміне және жеке органдарына қалай және неліктен әсер ететіндігін анықтау;
2. көтере алатын (емдеу), улайтын (уытты) және өлтіретін (летальді) дозаларды табу.
Фармакология қандай затты болса да осындай зерттеулерден кейін ғана клиникадағы ауру малдарға қолданып сынауға ұсынады. Міне сондықтан да фармакология клиникамен, сондай-ақ фармакологиялық емдеу өте маңызды орын алатын дәрігерлік практикамен тығыз байланысты деп есептеледі.
Фармакопея (pharmacon- дәрі және poieo – жасаймын деген грек сөздерінен шыққан). Бұл мемлекеттік кітап; онда аптекада міндетті түрде болуға тиісті дәрілік заттардың тізімі; олардың тазалығын тексеру тәсілдері туралы нұсқаулар, олардың физикалық – химиялық қасиеттері туралы қысқаша мәліметтер, улы және күшті әсер ететін заттардың бір мезгілдік, тәуліктік және ең жоғарғы дозалары туралы мәліметтер, оларды сақтау тәсілдері, кейбір дәрі түрлерін дайындау ережелері және басқа нұсқаулар бар. Сонымен, фармакопея фармоцевт пен дәрігер үшін міндетті заңдардың жыйнағы сыяқты болып келеді. Фармакопеялық комиссия тарабынан фармакоея мезгіл-мезгіл қайта қаралып отырылады.
Медицина мен ветеринарияда тараған, бірақ фармакопеяға кірмеген дәрі қоспалары мануалдар деп аталатын арнаулы тізбеге енгізілген. Мұндай дәрі қоспаларын мануалдық дәрілік қоспалар деп атайды. Оларды аптекадан, немесе атын немесе олардың құрамына кірген жеке заттарды тізіп көрсетіп жаздырып алуға болады.
Дәрі туралы ұғым. Дәрілік затқа берілген қолайлы форманы дәрі деп атайды. Сонымен, дәрі және дәрілік форма – тең мағыналы ұғым. Дәрілік заттар деп белгілі бір әдіспен дәрі жасауға болатын әр түрлі тектес заттарды айтады.
Заводтар мен ірі дәріханаларда жасалынатын және фармакопеяға енгізілген дәрілік заттарды ресми официналдық (officina – дәрігерлік), ал дәрігерлердің өтініш – ңұсқаулары (рецепті) негізінде дайындалатың дәрілік формалар магистралдық (Magister - оқытушы, жетекші) формалар деп аталынады, яғни аптекалық (Apateca) заттар дейді.
Рецепт- дәрігердің дәрі жасап беру туралы дәріханаға немесе фармацевке жазбаша түрдегі өтініші. Рецепт – қандай заттарды қанша мөлшерде алу қажеттігін, дәріні қандай формада дайындау керек екенін, дәрі кімге арналғандығын және оны қалай қабылдау керек екенін көрсетіп, дәрігердің немесе фельдшердің аптекаға жазған қолжазбасы.
2.Сұйық дәрілік формалардың кемшіліктерін және ерекшеліктерін атаңыз.
Сұйық дәрілік формалар. Ертінділердін сипаттамасы. Сұйық дәрілердің түрлеріне жатады: ерітінділер, қайнатпалар, эмульсиялар, микстуралар, тұнбалар, тұндырмалар, экстрактілер, кілегейлі заттар жәнегалендік, жаңа галендік препараттар. Ерітінді-Solutio,solutionis, ерітінді кең тараған дәрілік форма оны қаттаы және сұйық затты су, спитрт, эфир,хлороформ, т.б. Сол сияқты ерітінділерді еріту арқылы алады. Liguor-сұйықтық дегеніміз арнаулы құрамды және айрықша мақсатта қолданылатын дәрілік сұйық форма. Мысалы: Буров сұйығы, Дакен сұйығы, т.б. Көбінесе еріткіш ретінде кәдімгі су, қарапайым су, , қайнаған су, 2рет дистильденген су , егер еріткіш зат көрсетілмесе оның орнына дистильдеген, ал денеге енгізу үшін 2 рет дистильденген су қолданылады. Ерітінділерді алу үшін қарапайым жәнекүрделі рецепт жазады. Ерітінділер официональдық және магистарльдық әдістер бойынша жазылады.
3. Спирттердің жазылуы, дайындалуы, қолданылуы, тағайындалуының ережелері. Анықтама бер? Спирттер - spiritus. Бұл заттарды этил спиртінде еріту арқылы немесе спиртті эфирлі майларға қосып айдау арқылы алынатын спирттік препараттар. Құрамындағы затқа қарай спирттерді сыртқа және ішке қолданылады. Оларды официналдық препарат ретінде жібереді. Мұның қатарына: 1) Spiritus camphoratus – камфорлы спирт, 2) Spiritus saponatus – сабынды спирт, 3) Spiritus Sinapis- қыша спирті т.б. кіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет