Ақын Сапарғали Бегалин - 110 жаста
Әдеби кеш
Әдеби кеш өткізілер алдында кітапханашы оқырман залына «Ақын Сапарғали Бегалин - 110 жаста» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, С.Бегалиннің үлкейтілген суретін көрнекті жерге безендіріп қою керек. Әдеби кешті өткізер мезгілінде жергілікті жерден әдебиет пәнінің мұғалімін, немесе жазушының шығармашылығын жақсы білетін ақын, жазушылардың бірін кешке шақыру керек. Келген қонақ өз сөзінде ақын-жазушының шығармашылығына, оның ішінде ақындығына тоқталып, оқырмандар сұрағына жауап бергені жөн.
Әдеби кештің жобасы:
Кітапханашының кіріспе сөзі.
(Кітапханашы оқырмандарға С.Бегалиннің өмірбаяны мен шығармашылығына шолу жасап, кешке келген қонаққа сөз береді).
Кешке келген қонақтың сөзі.
Әдеби бөлім. (Бұл бөлімде оқырмандар ақын-жазушының өлеңдерінен, поэмаларынан үзінді оқиды.
Кешті қорытындылау ( Кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу өткізу).
Сапарғали Бегалинді ақын ретінде танытқан тамаша поэмаларымен қатар, өлеңдері де бар. Өкінішке орай ақынның өлеңдері кейінгі кезде шыққан шығармалар жинағына енбей қалған. Ақынның өлеңдер мен поэмаларының толық жинағы 1966 жылы шыққан. Сондықтан, қаламгердің бұл саладағы еңбектері көптеген кітапханалардың қорынан табылмауы мүмкін. Ақын-С.Бегалиннің көпшілік көңілінен шыққан, таңдаулы өлеңдерінің толық нұсқасы мен поэмаларынан үзінділер беріп отырмыз.
Ана
Күйбеңдеп қоңыр үйінде,
Жөргекте ұлан өсірдің.
Талпынып ұлан күлгенде,
Масайрап сен де есілдің.
Ер жетті ұлан есейіп,
Тыным көрмей күйбеңдеп,
Қабыдың шапан, тері илеп,
Он саусағын сүйреңдеп.
Аттанды ұлан жорыққа,
Азығын жолға сайладың.
«Шаруаны ойлап, қамықпа»,-
Дедің де белді байладың.
Жолын күттің ұланның,
Келеді қашан ұлым деп.
Оралды аман шырағың,
Алдынан шықтың күлімдеп.
«Колхоз сахнасы»
Шаншылған зәулім жартас сайға төніп,
Бұраңдап жас шыбықтар желмен өріп.
Құлпырған көкшіл аспан көк шатырдай,
Жұлдыздар бірде жанып, бірде сөніп.
Жайқалып жасыл шалғын самал ырғап,
Жас қайың айдан бейне көлеңке ұрлап.
Әдеппен бұраңдаса жібек шашақ,
Шашындай сұлу қыздың қағар бұлғақ.
Сай-сахна, аспан-шатыр, шалғын-кілем,
Шақырады Арқа әншісін қолын бұлғап...
Тау сыры
(поэмадан үзінді)
...Көк мұнар, кешкі тұрым, тау етегі,
Жібек жел қырдың гүлін тербетеді.
Жайқалып жапырағы, жасыл тоғай,
Сыбдырлап күбірлейді әндетеді.
Жар теуіп, тасты үйірген, мұздақ бұлақ,
Меруерт су, бұлттан сарқып, құзды қуалап,
Сылдырлап көк майсаға, көбік бөлеп,
Секіріп тастан тасқа жатыр тулап...
...Не күш бар аспайтұғын, мұз басында
Не сыр бар жан баспайтын құз тасында.
Жол салып, сырын алып қайтпақ керіп.
Ойын сап қарлы, құздың қырқасында.
Сынамақ қайраттарын қамал аттап,
Шырқау құз асқар таудың, жолын жаттап,
Керекті сағатында дайын тұрмақ,
Отанға созса қолын жау жалақтап. (1938ж.)
Жаз лебі
Жаздың лебі бір ессе,
Жүректі тербеп оятар,
Алдыңнан үміт елестеп,
Келер күн бейне тіл қатар.
Жел мамықтай үлбіреп,
Ызыңдамай есілер.
Жайдары жаз келді деп,
Жер шандуы шешілер.
Жаз лебінен жаным да
Қанаттана ұшардай,
Жаным сүйген жарым да
Елестейді құшардай. (1926 ж.)
Сары жайлау
Сарыны жүйткіп сары жайлау
Құлазып Арқа желіндей,
Күйінген бір үн бай-байлау
Күңіренген күйзеу еліндей.
Сары жұрт болған жайлауда,
Құлазып жалғыз күй толғап,
Ызалы тісін қайрауда,
Күйзелткен жанын шер толғақ.
Домбыра шегін сарнатып,
Сонымен демін күйші алған.
Сол үннен жанға сыз батып,
Тыңдаушыда шер қалған.
Көңілін күймен толғантып,
Күйші есінен танғандай,
Дөңбекшіп тұрып,бір жатып,
Болады жалғыз қалғандай.
Сарыны сазды күй тілі,
Тыңдасаң жанды тербеткен,
Нақысы назды үн зілі
Қиялды көкке серметкен.
Әдеби кешке арналған әдебиеттер:
Бегалин С. Сүйікті өлкем туралы сөз. – Кітапта: Бегалин С. Өлеңдер мен поэмалар. Алматы, 1962. – 8б.
Бегалин С. Ерлік – Даңқ еңбекте. Кітапта: Бегалин С. Өлеңдер мен поэмалар – Алматы, 1962. – 22б.
Бегалин С. Келешекті ал ойыңа. Кітапта: Бегалин С. Өлеңдер мен поэмалар – Алматы, 1962. – 53б.
Бегалин С. Сырлы қайнар : Өлеңдер мен поэмалар – Алматы, ҚМӘКБ, 1963. – 6б.
Жазушы С.Бегалиннің шығармаларындағы бас кейіпкерлер
Тақырыптық диспут
Сұрақтар жобасы:
Автордың қандай шығармасы саған ерекше ұнады, ұнаса несіменен?
Жазушы әңгімесіндегі бас кейіпкерлердің ұқсастығы неде?
Автор шығармаларындағы қай бас кейіпкерге ұқсағың келеді? Қандай кейіпкермен дос болар едің?
«Сымбатты Сима» әңгімесіндегі Симаның істері шынымен сымбатты ма?
Автор шығармалырында табиғат және аңшылық, саятшылық қалай суреттелген?
Уаш аңшылық өнерді кімнен үйренді, өзінің аңшылық өнерімен шопандарға қандай көмек көрсетті?
Бала Шоқанның адамгершілік қасиеттерін дәлелдейтін мысалдар келтір.
Автор шығармасындағы мына жолдар қай шығармадан және қандай кейіпкерге айтылған? (…Әй…Әй, Жаңғалағым-ай өстіп жүріп мертігесің-ау…).
Көксегеннің достарына сипаттама бер.
Қалай ойлайсың Сәтжан өскенде қандай мамандық иесі болады? Ол мақсатына жете ме? Неліктен?
Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың немересі туралы әңгіме қалай аталады? Оның аты кім?
Әдебиеттер:
Бегалин С. Ана қайраты: Повесть.-Алматы:ҚМҚӘБ, 1960.-181 б.
Бегалин С. Уақыт тынысы: Повестер мен әңгімелер – Алматы: Жазушы, 1968. – 280 б.
Бегалин С. Мектеп түлектері: Әңгімелер – Алматы: ҚМӘКБ, 1961. – 111б.
Бегалин С. Бала Шоқан: Повесть. – Алматы:ҚМӘКБ, 1964. – 115 б.
Бегалин С. Повесть пен әңгімелер: 2 томдық шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1979. – 280 б.
Балалар оқуын басқарушыларға арналған әдебиеттер:
Бегалин С. Біз осылай өстік.-Кітапта: Сөзстан /Құраст. Қ.Ергөбеков.-Алматы:Жалын, 1983.-32-38б.
Жәмішев Ә. Балалар жанының бағбаны.-Кітапта: Жәмішев Ә. Кезең кестелері.-Алматы, 1984.-216б.
Қирабаев С. Ақсақал.-Кітапта: Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы: Сын мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1976. – 260-271 б.
Сәрсенбаев Ә. Азамат ақын.-Кітапта: Сәрсенбаев Ә. Ұстаздар мен тұстастар.-Алматы:Жазушы, 1986.- 97-110б.
Талжанов С. Сапар аға туралы. Кітапта: Талжанов С. Өткен күндер сөйлейді.-Алматы: Жазушы, 1979.-198 –210 б.
Қазақ Совет балалар әдебиеті: Алматы: Қазақстан, 1965. – 284 б.
************
Гумеров М. Жаны жомарт жан еді// Ұлан.-1995.-24 қазан
Ғабдуллин Н. Елін ерекше сүйген //Егемен Қазақстан.-1995.-17 қазан
Ергөбек Қ. Замана шежірешісі// Жас алаш.-1995.-17 қараша
Қашқынов Ж. Ұмытпайды өсер ұрпақ тектісін// Халық кеңесі.-1995.-
18 қазан
Молдағалиев Т. Ұмытылмайтын ұстаз//Қазақ әдебиеті.-1995.-10 қазан
Нұрғалиев Р. Дегелеңге біткен шынар// Қазақ әдебиеті.- 1995.-10 қазан
Нысаналин А.Бала жанының бағбаны//2005.-13 қыркүйек.-4б.
Өмірбек Ж. Өнебойы-үлгі-өнеге//Қазақ әдебиеті.-1995.-10 қазан
Сапарғали Бегалин: Әдістемелік ұсыныс/ ҚМРБК. Құраст. Еженова
Н.Н.-Алматы, 1984.-14б.
Жазушы Сапарғали Бегалиннің жарыққа шыққан шығармаларының библиографиялық тізімі:
(Шығармалар хронология бойынша топтасқан)
Шығарманың аты |
Шығарған баспа
|
Жылы
|
Тиражы
|
1. Көксегеннің көргендері. Әңгіме
|
ҚМКӘБ
|
1943
|
25000
|
2.Қыран кегі (Ертегіден алынған поэма)
|
Қазбірмембас
|
1944
|
10000
|
3.Жамбыл. Өмірбаяны туралы очерк. Авт.:С.Бегалин, Ә.Тәжібаев, М.Ритман-Фетисов
|
Қазбірмембас
|
1946
|
15000
|
4.Төлбасылар. (Очерк. Әңгімелер жинағы)
|
Қазбірмембас
|
1948
|
10000
|
5.Саяхатшылар.(Өлең, орта мектеп оқушыларына арналған)
|
КМКӘБ
|
1948
|
30000
|
6.Ермектің алмасы. (Балалар үшін әңгімелер)
|
ҚМКӘБ
|
1951
|
15000
|
7.Сатжан. Тағы басқа әңгімелер
|
Жаңа өмір
|
1953
|
2100
|
8.Цимлян теңізі. (Өлең.Балалар үшін)
|
ҚМКӘБ
|
1953
|
30000
|
9.Жас бұтақ. Әңгімелер жинағы
|
ҚМКӘБ
|
1953
|
20000
|
10.Жеткіншіктер (Әңгімелер)
|
ҚМКӘБ
|
1953
|
15000
|
11.Саяхатшылар. (Өлең. Балалар үшін)
|
ҚМКӘБ
|
1954
|
30000
|
12.Бақыт. (Әңгімелер жинағы. Балалар үшін)
|
ҚМКӘБ
|
1956
|
10000
|
13. Таңдамалы өлеңдері мен поэмалары. Алғы сөзі Ә.Сәрсенбаевтікі
|
ҚМӘКБ
|
1956
|
10000
|
14.Көгалды көтергендер. Кіші жастағы балалар үшін әңгімелер
|
ҚМКӘБ
|
1957
|
20000
|
15.Тың. (Әңгімелер) (Орта мектеп оқушыларына арналған)
|
ҚМКӘБ
|
1957
|
20000
|
16.Әңгімелер. Алматы ҚМКӘБ,1
|
ҚМКӘБ
|
1958
|
150000
|
17.Ана қайраты. Ана туралы әңгімелер
|
ҚМКӘБ
|
1960
|
10000
|
18.Жеткіншік. Таңдамалы әңгімелер. 2-ші басылуы
|
ҚМКӘБ
|
1960
|
13000
|
19.Мектеп түлектері. Әңгімелер.
|
ҚМКӘБ
|
1961
|
9000
|
20.Өлеңдер мен поэмалар
|
ҚМКӘБ
|
1962
|
4200
|
21.Сырлы қайнар. (Балаларға арн. өлең-поэмалар)
|
ҚМКӘБ
|
1963
|
9500
|
22.Бала Шоқан. Повесть (Жоғарғы кл. оқушыларына арн.)
|
Жазушы
|
1964
|
24000
|
23.Шығармалары. Өлеңдер мен поэмалар
|
Жазушы
|
1966
|
10000
|
24.Мұстафа қарттың әңгімесі. Әңгімелер
|
Жазушы
|
1966
|
18000
|
25.Қыран туралы хикая
|
Қайнар
|
1967
|
8000
|
26.Уақыт тынысы. Повестер мен әңгімелер
|
Жазушы
|
1968
|
45000
|
27.Шоқан асулары
|
Жазушы
|
1971
|
43000
|
28.Сәтжан. Повестер мен әңгімелер
|
Жазушы
|
1973
|
44000
|
29.Замана белестері. Роман
|
Жазушы
|
1975
|
60000
|
30. Қыран туралы аңыз. (Повесть және әңгімелер)
|
Жалын
|
1976
|
49000
|
31.Сахара сандуғаштары (Естеліктер мен әңгімелер)
|
Қазақстан
|
1976
|
15000
|
32.Есеннің кірпісі. (Әңгіме. Мектепке дейінгі балаларға арналған)
|
Жалын
|
1977
|
25000
|
33.Екі томдық шығармалар т.1 Замана белестері. Роман
|
Жазушы
|
1979
|
47000
|
34. Т.2. Повесть пен әңгімелер
|
Жазушы
|
1979
|
47000
|
35. Ермектің алмасы. Әңгімелер (Мектепке дейінгі балаларға арналған: Қайта басылып шыққан)
|
Жалын
|
1985
|
28000
|
36. Жамбыл: Өмірбаяндық хикаят.
|
Жалын
|
1996
|
3000
|
37. Шоқан асулары. Повесть
|
Балауса
|
1996
|
2000
|
Достарыңызбен бөлісу: |