Сүйіндік жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Алипова Валентина Куангалиевна Математика 6 сынып



Дата03.03.2020
өлшемі167,25 Kb.
#59471
түріСабақ
Байланысты:
Алипова Валентина ықшамсабақ


Сүйіндік жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Алипова Валентина Куангалиевна

Математика 6 сынып

6.1В. Рационал сандар және оларға амалдар қолдану.

Рационал сандарды қосу

Мақсаты

Оқу мақсаты: 6.1.2.13. Рационал сандарды қосуды орындау.

Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санның қосындысын табу ережесін біледі және есептер шығаруда қолдана алады.



Кейбір оқушылар: Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санның қосындысын табу ережесін біледі және күрделі есептер шығарғанда қолдана алады.

Ойлау дағдылары: Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері: -Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санның қосу ережесін біледі.

-Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санның қосындысын табу ережесін біледі және есептер шығаруда қолдана алады.

-Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санның қосындысын табу ережесін біледі және күрделі есептер шығарғанда қолдана алады.

Тілдік мақсаты:

Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санның қосындысын табу ережесін айтады және түсіндіре алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: Теріс сан, оң сан, санның модулі, рационал сан, қарама-қарсы сан.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санды қосу үшін...

S – Нақты – Қойылған сұрақтарға нақты жауап береді, дескрипторлар арқылы есептер шығарады, бағалау нақты жүргізіледі.

М – Өлшемді – Нәтижеге жету үшін бағалау критерийлері құрылған, тапсырмалар дайындалған, сәйкес дескрипторлар құрылып, қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

А – Қолжетімді – Білім деңгейлеріне және жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар, қосымша ресурстар қарастырылған.

R – Шынайы – Тапсырмалардың орындалу реті айқын, дағдыларын дамытуға, шығармашылыққа баулуға арналған тапсырмалар бар.

Т – Уақытпен шектелген – Әрбір мақсаттар үшін оған жетудің уақытша жиегі анықталған және сабақтың ұзақтығы 40 минут

Белсенді оқыту әдістері
  • Сабақ басында «Ыстық тілектер» шаттық шеңбері арқылы сыныпта жағымды ахуал қалыптастырылады.
  • Оқушылар сабақ тақырыбының терминдеріне байланысты топтарға бөлінеді.
  • Өтілген материалды еске түсіру мақсатында «Сиқырлы қобдиша» стратегиясы қолданылады.
  • Саралап оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын шыңдауға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, сабақтың тиімді, сапалы әрі қызықты өтуіне жағдай жасау үшін белсенді оқыту әдістері Сәйкестендір»_,_«Шығармашылық_тапсырма»_-_“Пазл,_домино,_ребус”'>«Графикалық органайзер» , «Ойлан, жұптас», «Сәйкестендір» , «Шығармашылық тапсырма» - “Пазл, домино, ребус” құрастыру әдістері пайдаланылады.
  • “Гүл отырғызу” рефлексиясы арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Графикалық органайзер

+2 +5 +7 -9

-4 -15

-15


-5

1)-0,2+(-2)= 4)-4,3+1,2=

2)-1,2+(-1,5)= 5)-4-(-6)=

3)9,5-(-0,9)= 6)-0,7+0,3=


Ойлан, жұптас.

1

-127+8

6

2

-800+150

-2,09

3

9+(-3)

-119

4

-3+0,91

-67,31

5

6,03+(-2,17)

-650

6

-21,61+(-45,7)

3,86

«Сәйкестендір»

Жұптық жұмыстар

Бағалау

критерийі



Дескриптор

Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санның қосындысын табу ережесін біледі және есептер шығаруда қолдана алады.

- Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санның қосындысын табу ережесін біледі

-Таңбалары әр түрлі сандарды ережеге сәйкес қосады

-Дұрыс жауабын жазады


Саралау әдістері





















Сабақ соңында оқушылармен ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасалып, қолдау көрсетіліп, ынталандырылады. Саралап оқыту барысында оқушылар өздерінің танымдық қажеттігін, қабілетін және қызығушылығын танытады.



“Тапсырма” әдісі – түрлі деңгейдегі және түрлі сипаттағы тапсырмаларды беру арқылы оқушылар бір – бірін алға қарай жетелейді, барлық оқушылар бірден өздігінен жұмыс істеуге кіріседі.

“Диалог және қолдау көрсету” әдісі – тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға ауызша қолдау, көмек көрсетіледі.

“Қарқын” әдісі – дарынды оқушылар үлгерімі төмен оқушыларды алға жетелейді, қолдау көрсетеді.

Критериалды бағалау

Өткен тақырыпта алған білімдерін саралау үшін “Басбармақ” әдісі қолданылады. Мұғалім ауызша мадақтайды.

Жұптық жұмыстарда слайдта көрсетілген дұрыс жауаптарға сәйкес тексеріліп, “Бағдаршам” әдісі арқылы кері байланыс жүргізіледі.

Шығармашылық жұмыстарда оқушылар топпен жұмыс орындап, “Алмастыру” әдісі арқылы тексеріп, “Екі жұлдыз, бір тілек” стратегиясы арқылы кері байланыс жүргізеді және смайликтер береді.

“Деңгейлік тапсырмаларда” оқушылар оқулықпен жеке жұмыс орындайды, мұғалім жазбаша кері байланыс береді.

Бағалау критерийлері: -Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санның қосу ережесін біледі.

-Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санның қосындысын табу ережесін біледі және есептер шығаруда қолдана алады.

-Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санның қосындысын табу ережесін біледі және күрделі есептер шығарғанда қолдана алады.

Қалыптастырушы бағалау



НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет