Сүйіспеншілік жүректе



Дата08.02.2022
өлшемі313,16 Kb.
#98492
Байланысты:
Презентация Сүйіспеншілік


Сүйіспеншілік жүректе
СҮЙІСПЕНШІЛІК ТУРАЛЫ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕР:
Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.
Б. Момышұлы
Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.
Л. Толстой
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н. Назарбаев
Етікші туралы аңыз
Бір ауылда жүрегі таза, адамгершілігі мол ,иманды етікші тұрушы еді .
Елдің бәрі мерекеге дайындалып жатқанда етікші сырқаттанып , төсек тартып жатып қалады . Сөйтіп, ол мерекені жалғыз, көңілсіз қарсы алатынына қапаланды . Мерекені тойлайтын уақыт таянып қалғанда, ол
түсінде данышпан қартты көрді. Ол ақырын дауысымен:
«Сен маған келе алмасаң, мен саған өзім барамын»- деді. Ұйқысынан оянған ол қуанып кетті. Таңертең ерте оянып, үй — ішін жинастырып, мерекелік тағамдарды әзірлеп,
құрметті қонағын күтуге дайындалды .
Осы сәтте ол терезенің алдында жылап тұрған баланы көрді . Ол баланы үйге кіргізіп оған былай деді:
— Сен неге жылап тұрсың ?
— Бүгін менің жалғыз бәтеңкем жыртылып қалды,одан басқа аяқ киімім жоқ. Жаңасын алуға жағдайымыз келмейді .
Сонда етікші баланы жұбатып былай деді : «Келе ғой мен бәтеңкеңді тігіп берейін!».
Аз ғана уақыттан соң жөнделген бәтеңкесін көрген бала қуаныштан жүзі бал –бұл жайнап кетіп, аяғына киіп алды. Оны шығарып салған етікші өз жұмысын жалғастыра берді .
Кеш болды. Етікшіге жұпыны киінген
бір әйел келіп былай деді :
-Кешіріңізші мені ,өтінемін ! Мен сізге аяқ киімімді жөндеуге берген едім , бірақ, төлейтін ақшам болмай тұр . Келмейін десем, күн суытып барады .
Етікші оған күлімсірей жымиып :
-Сіздің етігіңіз дайын тұр .Киіп алыңыз , аяғыңызда тоздырыңыз – деп одан ештеңе сұрамастан етігін бере салды .
Түн болды. Өз ісін аяқтаған етікші өзіне уәде берген қонағын күтуде. Ұйықтайтын уақыт та таянып қалды. Осы кезде есік қағылды . Есікті ашқанда бейтаныс жолаушыны көрді . Ол былай деді :
-Мені үйіңізге кіргізіңізші ? Мен күн ұзағына жол жүріп келемін . Қонатын жерім болмай тұр, түн жарымында ешкім есік ашар емес …
Етікші оны үйіне кіргізіп, тамақтандырды,өзінің төсегіне жатқызды . Ал өзі еденге жатты . Ұйықтар алдында ол іштей өзіне :
-Мүмкін, мен бүгінгі күткен қонағыма лайық емес шығармын, өйткені ол келмеді ғой» - деп ойлады да ұйықтап кетті .
Түсінде сол баяғы данышпан ата ақырын дауысымен былай деді : -Мен бүгін саған үш рет қонаққа келдім, әр келгенімде сен мені құшақ жая қарсы алдың .
Сенің ақ пейілің, жаныңдағыларға деген риясыз сүйіспеншілікке толы жүрегің – баға жетпес сый. Сүйіспеншілік бастан немесе ауыздан шықпайды, ол жүректен шығады. Өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң «Адам! » деген ұлы атқа лайықты жансың, ұлым!
Сол күннен бастап етікшінің ісі оңға басыпты.
Тіршіліктің негізгі тірегі – сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі-кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, сезімі сел боп аққан ізгі жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп-білгендерін, рухани дүниесіне жиған-терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып-ұшып тұрады. Осы мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы сүйіспеншілік сөзі болмақ.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Дайындағандар:
Жұмат Дастан
Ізбасханұлы Болат

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет