Сұйықтардағы және газдардығы қысым. Паскаль заңы Тепе-теңдік күйде жатқан сұйық не газға әсер етілген қысым сол сұйық не газдың кез келген нүктесіне барлық бағыттарға бірдей таралады. Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.Төмендегі сурет сұйық пен газда барлық бағытта бірдей таралатынын көрсетеді.
Газдағы қысым. Газдың ыдыс қабырғасына (немесе газдың ішіндегі денеге) түсіретін қысымы газ молеккулаларының соқтығысуынан пайда болады.
Сұйықтардағы қысым. Ыдыстың ішіндегі сұйықты ойша бірнеше қабатқа бөлеміз де (төмендегі сурет), мынадай қорытынды жасаймыз: жоғарғы d қабаты оны екінші қабатқа қысып басатын, сөйтіп оған белгілі бір қысым түсіретін ауырлық күші әрекет етеді. Екінші с қабаты бұл қысымды Паскаль заңы бойынша төмен қарай және барлық жаққа бірдей таратады; оның үстіне бұл қабатқа оны үшінші b қабатқа қысып басатын ауырлық күші әрекет етеді. Олай болса, үшінші қабатқа түсетін қысым алдыңғы екі қыбаттағы қысымдардың қосындысына тең. Сондықтан ең үлкен қысым h тереңдіктегі a қабатқа түседі.
Сөйтіп, сұйық қабаты қаншалықты төмен (тереңде) орналасқан болса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соншалықты үлкен болады деген қорытындыға келеміз.
Жаттығу есептер А - тобы Керосин құйылған бактің бүйірінде ауданы 8 см2 тесік бар. Осы тесіктің центрінен керосиннің еркін бетіне дейінгі биіктік 1,8 м. Тесікті тығынмен жабатын болсақ оған әсер ететін қысым күші қандай болар еді? к800 кг/м3.
Сыйымдылығы 2 л тіктөртбұрышты ыдысқа жартылай су, жартылай керосин құйылған. Ыдыстың түбінің пішіні қабырғалары 10 см болып келген квадрат деп алып, сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымын анықта.
Керосиннің ішінде, оның деңгейінен 400мм тереңдікте тығын тұр. Егер тығынның ауданы 16см2 болса, осы тығынға керосин қандай қысым күшін түсіреді? к800 кг/м3.
Беті ашық ыдыстың ішіндегі сұйықтың 15 см тереңдіктегі қысымы 1200 Па. Осы сұйықтың тығыздығы неге тең?
Мұнай толтырылған ыдыстың 4 м тереңдігінде, ауданы 30см2 шүмек бекітілген. Мұнай шүмекті қандай күшпен қысады? м800 кг/м3.
Табандарының аудандары бірдей екі цилиндрдің біреуі мыстан, екіншісі биіктігі 6 см-ге тең темірден жасалған. Олар горизонталь жазықтыққа бірдей қысым түсіреді. Мыс цилиндрдің биіктігі қандай? м8900 кг/м3, т7800 кг/м3.
12 см сұйық бағанасының қысымы 852 Па. Сұйықтықтың тығыздығын анықтаңыз.
Суды 60 м биіктікке көтеру үшін насос қандай қысым туғызуы қажет?
Егер су бассейіннің түбіне 80 кПа қысым түсіретін болса, бассейннің тереңдігі қандай?
Аквариумның ұзындығы 40 см, ені 20 см, биіктігі 30 см. Су аквариумның түбіне қандай қысыммен әсер етеді?
Мензурканың ішінде әрқайсысының қалыңдығы 10 см болатын үш сұйықтық құйылған (су, машина майы, сынап). Түбіне қандай қысым түсіреді?
Бірінші қабатта суқұбырының ішіндегі судың қысымы 330 кПа. Алтыншы қабаттағы қысым қандай болады? Әр қабаттың биіктігі 3 м және барлық шүмектер жабық.
Батискаф иллюминаторының ауданы 2 дм2. 11 км тереңдікке батырғанда су иллюминаторға қандай күшпен әсер етеді?