127
Мақсаты: әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды
оқушылардың әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау. Ерекшелігі:
Мықтылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер өзін-өзі сынап
қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады. Күшті топтарда оқуға деген ынта
артады, білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында оқу жеңілдейді. [4]
« Серпілту сұрағы» әдісі.
Мұғалім әр топқа топ атауына байланысты серпілту сұрағын береді. Топтағы
оқушылар жұптасып осы сұраққа 1 минут ішінде жауап береді.
Жауаптарын сабақ тақырыбымен байланыстырып, жұпта ой бөліседі. Өзара
бағалайды.
«Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы»
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: Мәтінді әр оқушыға жеке оқу. 2-қадам: Оқу үрдісінде қаңқаның басына мәтін
қарастырылатын проблема белгіленеді. 3- қадам: Жоғарғы «қосымша бұтақтарында»
проблеманың себебі белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті
нақтылайтын дәйектер жазылады. 4- қадам: Балықтың «құйрығына» қорытынды жазылады. 5-
қадам: Жұпта, топта жұмысты талқылау.6-қадам: Топ жұмысын аудиторияда презентациялау.
Достарыңызбен бөлісу: