Исатаева А.Т.,
*
Исмаилова А.Г., Наурызбаев М.К.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
*
Е-mail:Akmaral.Ismailova@kaznu.kz
Кіріспе
Бүгінгі таңда скандий және оның қосылыстарының ғылым
мен техника саласындағы қолдану аясы кеңейген. Себебі,
скандий қосылған қоспалар жоғары төзімділікке ие және
дәнекерлікке, коррозияға, вибрацияға төзімді, сонымен қатар,
радиациялық cәулеленуге тұрақты болып келеді. Скандий
мен алюминийден алынған құйманың төзімділігі басқа си
-
рек жер металдарымен салыстырғанда үш есе жоғары. Тағы
бір артықшылығы алюминий құймасына скандийді қосқанда
оның формасы өзгеріп, жартылай фабрикалы, пайдалы
және төзімді бұйым шығады және олардың дәнекерленген
қосылыстары мен криcталданбаған тең өлшемді құрылысы,
өнімнің құрамындағы пайдалану төзімділігін анықтап береді.
Сәулелік техникада және арнайы керамика өндіруде де скан
-
дий кеңінен қолданылады.Қазіргі таңдағы скандий өндірудің
заманауи технологиялары күрделі және көп сатылы.Бүгінгі
таңда скандийді экспортқа шығаратын негізгі елдерге Ресей,
Қытай, Қазақстан және Украина жатады. Қазақстан басты экс
-
порттаушы мемлекеттің қатарында бола алады, себебі, елімізде
скандийдің шикізат көздері көптеп табылған. Зерттеушілердің
басты мақсаты скандийдің құнын төмендету және оны өндіру
масштабын барынша кеңейту болып табылады [1].
Осы мақсатта қоспа құрамындағы металды анықтаудың
сезімталдығын арттыру үшін алдын-ала концентрлеу әдісі
жүргізіледі. Скaндийді концентрлеуде және бaсқaдa сирек жер
метaлдaрдaн бөлу үшін, иондық орынбaсу, хромaтогрaфиялық
экстрaкция, экстрaкциялық бөлу, тұндыру әдістері қолдaнылaды
[2]. Осы әдістердің ішінде қоспa құрaмынaн скaндийді aнықтaу
және тaзaлaуда және сұйылтылғaн ерітінділерден бөліп aлуда
экстракция әдісі тиімді әдіс болып саналады.
Aйтылғaн әдістің
ерекшелігі, біріншіден, жоғaры дәрежелі тaзa қосылысты aлу
үшін бірнеше әдісті комбинирлеу мүмкіндігі мол, екіншіден,
әдістің қолдaнылуын зертхaнaлық мaсштaбтa жүргізуге болaды.
Себебі, әдіс қолданылатын құрaлдaр жaғынaн қaрaпaйым, тиім-
Достарыңызбен бөлісу: |