Слайд 1
Сәлеметсіздерме, құрметті оқушылар!
Мен тарих пәні мұғалімі Нұрбек Ғайса.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті?
Слайд 2
Бүгінгі сабақта: адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеру себептерін анықтаймыз;
Және де тақырыпқа қатысты «реформация», «протестантизм», «лютерандық» және басқа да жаңа терминдермен танысамыз;
Слайд 3
Балалар, Сабағымыздың басында бүгінгі тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді есімізге сақтап алайық.
Реформация – католик шіркеуінің озбырлығына қарсы қозғалыс.
Тезис – тұжырымдама, пайымдаулар деген мағынада.
Рим папасы – тұтас католиктік шіркеу басшысы.
Достарыңызбен бөлісу: |