Галий кристалы Кристаллография (гр. krіstallos – мұз, гр. grafo– жазу) – кристалдар мен кристалл заттар туралы ғылым. Ол кристалл заттардың құрамы мен құрылысын, пішінін, қасиеттерін, олардың өзара және сыртқы ортамен байланысын және кристалдық күйін зерттейді. Геометриялық Кристаллография кристалл заттардың симметриясын, пішінін, кеңістік құрылысының геометриялық заңдылықтарын зерттейді. Физикалық Кристаллография кристалдардың қасиеттерін зерттейді. Химиялық кристаллография кристалл заттарды құрамымен байланысты қарастырады. Қазіргі кезде химия және физика ғылымдары аралығындағы кристаллографияның салалары жеке ілім – кристаллохимия, кристаллофизика ретінде қарқынды дамуда.
Кристаллография тәсілдерін белоктар мен нуклеин қышқылдарын зерттеуде қолдану молекулалық биологияның дамуына күшті әсер етті. Кристалдардың пайда болуы және олардың өсу ерекшеліктерін зерттеу Кристаллографияның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Мұнда кристалдардың өзін қоршаған ортамен өзара әсерін, атом-молекулалық құрылымы мен қасиеттерінің анизотроптығын ескере отырып, беттік құбылыстардың, фазалық өзгерулердің заңдылықтарын және термодинамикалық жалпы принциптері пайдаланылады.
Кристалдардың механикалық және акустикалық әсерлерді, температураның өзгеруін, электр тоғын, электрмагнит өзгерісін, түрлі сәулелердің әсерін сезгіштігі сияқты қасиеттері Кристаллографиялық зерттеудің радиотехникаға, электроникаға, оптикаға, акустикаға, материал өндеуге, аспап жасау ісіне кеңінен енуіне мүмкіндік берді. Осыған байланысты жасанды кристалдар алу өндірісі қарқынды дамуда. Кристаллография сұйық кристаллдар мен полимерлердің құрылымы мен қасиеттерін зерттеуде де қолданылады.
Кристаллографиядағы бағыттар(Кристаллографическое направление) — берілген крисаталлографиялық жүйенің басы арқылы бұрышпен өтетін сызық.
Кристаллографиялық бағдар (Кристаллографическая ориентировка) — тордағы ұқсас жазықтықтардың және бағытгардың бағдары.
Кристаллографиялық бағыт(Направление кристаллографическое) — координатгы жүйенің басы арқылы берілген кристаллографиялық жазықтыққа бұрышпен өтетін сызық.