Жезқазғаннантабылған кристалл Техникада қолданылуы Кристалдық тор атомдарының орнын басатын аз мөлшерде қоспа атомдарын өндіру тәсілі кристалдың қасиеттерін өзгерту үшін техникада кең қолданылады. Мысалы, Al2O3 кристалына 0,05% хром қосып кванттық электроникада пайдаланылатын лағыл (рубин) алынады. Кристалдың негізгі қасиеттерінің бірі олардың анизотроптығы, яғни кейбір қасиеттерінің әр түрлі бағытта түрліше болуы. Ал изотропты (сұйықтар мен аморфты қатты денелер) не псевдоизотропты (поликристалдар) заттардың қасиеті барлық бағытта бірдей болады. Кристалдың барлық қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты, әрі олар кристалдың құрылымына сәйкес анықталады. Ал кристалдың құрылымы атомдардың орналасу тәртібіне және олардың арасындағы байланыс күштеріне тәуелді болады.
Атомдардың аралық күштері кристалдық тор құрайтын атомдар мен молекулалардың электрондық құрылысына байланысты өзгереді. Кристалдың бірқатар қасиеттері (жылулық, серпімділік) атомдардың өзара әсеріне байланысты анықталады. Мысалы, графитте атомдар жеке қабаттар түрінде орналасады. Оның көршілес екі қабаты арасындағы қашықтық бір қабаттағы атомдар арасындағы қашықтықтан үлкен болады. Сондықтан, деформация кезінде графит жеке қабаттар бойынша біртіндеп ыдырайды. Бұл құбылыс графитті қарындаш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Қар кристалы Кристалэлектроника Диффузия құбылысы кристалдағы вакансия санына, заттың беріктілігі мен майысқыштығы дислокацияға, шала өткізгіштердің кедергісі мен өткізгіштігі қоспа атомдарының мөлшері мен атомдық санға тікелей байланысты. Пьезо- және сегнетоэлектрлік кристал радиотехникада қолданылады
Кристалэлектроникада, оның ішінде, кванттық электроникада ерекше орын алады. Температураның аздаған өзгерістерін өлшеу үшін пироэлектрлік кристал, механикалық және акустикалық әсерлерді реттеу үшін пьезоэлектриктер, пьезомагнетиктер, пьезорезисторлар қолданылады. Аса қатты кристал материалдарды өңдеуде және бұрғылау ісінде пайдаланылады. Лағыл, сапфир, кристал сағат және басқа да дәл аспаптардың негізгі элементі болып есептеледі. Зергерлік істе қымбат асыл тастар (табиғи және синтет) пайдаланылады. Қазіргі кезде кристалдар кеңінен қолданылуда.