География сабақтарында қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар
Геграфиялық ұғымдар екі топқа бөлінеді – жалпы және жеке. Жалпы деп бөлек бір заттар мен көріністер емес, біртекті заттар мен көріністердің толық бір класын елестетін, бір сөзбен аталатын (өзен, климат, табиғи аумақ, экономикалық аудан және т.с.с.) ұғымдар аталады. Жалпы ұғымдардың анықтамасы аталған ұғымға қатысты барлық объектілерге жалпы болып табылатын, маңызды деген белгілерін қамтиды.
Жеке ұғым деп, жеке географиялық атауы («Кавказ таулары», «Тобыл өзені», «Қазақстан Республикасы», «Солтүстік Қазақстан аумағы» және т.б.) бар, нақты бір объект пен көріністер туралы түсініктерді айтамыз. Аталған жеке (аумақтық) ұғымдардың мазмұнында қарастырылып отырған объектіге қатысты, заттар мен көріністерге жалпы белгілер және тап осы зат пен көрініске ғана тән, оның өзіндігі, ерекше қайталанбас «келбеті» бейнеленеді.
Жеке (аумақтық) ұғымдар өзіндік жинақтаушы ұғым болып табылады, мысалы, «Қазақстан» атты жеке ұғым «Қазақстанның жер бедері», «Қазақстанның климаты», «Қазақстанның өзендері» және т.б. көптеген жеке ұғымдардан құралады. Әр жинақтаушы ұғым оның құрамындағы барлық жеке ұғымдарға емес, тек олардың бірлестігіне қатысты болады.
Жеке ұғымдардың мазмұны географиялық сипаттамада немесе мінездемеде ашылады.
Елестер – өткен шақта қабылданған заттар мен көріністердің бейнелері. Жады мен қиял елестері болып бөлінеді.
Жады елестері объектіні (өзенді, көлді, сайды) тікелей қабылдау негізінде пайда болады.
Қиял елестері объектіні тікелей қабылдаудан пайда болмайды, бірақ олардың негізінде шындық жатады. Мұндай елестер заттардың сипаттамасын оқу немесе тыңдау барысында пайда болады. Мысалы, қайталап қиялдаудың көмегімен оқушы, даланың сипаттамасы мен өзінің жазықтық, өсімдік, ыстық жазғы күн туралы елестеріне негізделе отырып, жазғы ыстық күнгі даланы көз алдына елестете алады.
Географиялық елестер, географиялық ұғымдар сияқты екі топқа бөлінеді: 1) жеке елестер (нақты бір географиялық объект туралы елес, мысалы, Тобыл өзені туралы, немесе Сырдария өзені туралы); бұл елестер жеке ұғымдармен байланысты; 2) заттардың маңызды белгілері алдыңғы қатарда, ал маңызды емес белгілері екінші қатарда тұратын жалпылама елестер; жалпылама елестер соларға сәйкес жалпы ұғымдармен байланысады да соларға негіз болып табылады.
Жалпы географиялық түсініктер мағынасы бойынша өте мардымсыз, ал көлемі бойынша бай болады. «Арал», «ел», «қала», «астана» деген ұғымдар да жалпы географиялық ұғымдар санатына жатады. Бұл ұғымдар жалпы болып саналады, өйткені аралдардың, елдердің, қалалар мен астаналардың толық бір кластарының белгілерін бейнелейді. Олар жеке ұғым ретінде де қабылданады егер олардың көлемінде сынақталушылардың ойларына тек Куба аралы, Қазақстан, Астана, Қостанай нақты қала ретінде келсе.
Бейнеленетін заттарға байланысты ұғымдар арасында түрлі қарым-қатынастар болады. Ұғымдар арасындағы ең маңызды қатынастар болып олардың тектік-түрлік бағыныстары табылады.
Біз қарастырып отырған ұғымдар арасында қала-астана ұғымдарына қатысты олардың тектік-түрлік бағыныстары байқалады.
Оқушылардың географиялық ұғымдарын қалыптастыруының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу бойынша біз қарастырған әдебиетте қисынды қатынасқа аса назар аударылмайды. Сондықтан да осы мәселеге тоқталып кетуді жөн көрдік.
Ол үшін математика мен қисынды зерттеу барысында қолданылатын Эйлер шеңберлерін қамтитын модельді әдісті қолданайық.
Ұғымдарды Эйлер шеңберлері арқылы бейнелейміз, ал олардың арасында пайда болатын қарым-қатынастарды сол шеңберлердің түрлі үйлесімдерімен көрсетеміз. «Ел» және «арал» ұғымдары арасында көлемдердің бөлшекті үйлесімі байқалады. Мысалы, көптеген елдерге қатысты ел құрамында аралдар болады, ал Куба еліне қатысты ел мен арал бір ұғымға айналады (№1 сұлба).
С-елге
О-аралға
Штрихталған бөлігі- аралдағы мемлекеттер
Енді ұғымдардың «қала», «астана» екінші жұбына келетін болсақ, олардың арасындағы түр мен тек қисынды қатынасы айқын байқалады. Эйлер шеңберлері арқылы келесідей бейнеленеді (№2 сұлба).
Г-«қала» ұғымы аймағы
С´- «астана» ұғымы аймағы
Берілген пікірлерге қосарымыз: таңдалған «арал», «ел», «қала», «астана» деген ұғымдар негізгі географиялық терминдер болып қана қоймай, сонымен қатар қисынды қарым-қатынастар арқылы өзара тығыз байланысты ұғымдар болып табылады, сондықтан мұндай ұғымдардың мағынасы туралы білімдерді қалыптастыруға аса назар аударылады.
Географиялық ұғымдарды оқушылардың игеруін келесі тапсырмалар арқылы зерттеуге болады.
Өз беттерінше «арал», «ел», «қала», «астана» деген ұғымдардың анықтамасын беріңіз.
Берілген анықтамаларға қосып оған сәйкес ұғымды жазыңыз. Ол үшін тапсырмаға зерттелген ұғымдармен қатар анықтамалары жақын ұғымдар да енгізілген болатын.
Осылай алынған деректерді сан және сапа жағынан талдай келіп оқушылардың зерттелген ұғымдардың анықтамаларын өз беттеріне құру және тану үйлесімділіктері туралы қорытынды жасау мүмкіндігіне ие боламыз.[22.23]