Зерттеу жұмысының мақсаты: Орта сынып оқушыларының географиялық ұғымдарын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу, оны жүзеге асырудың әдістемесін беру.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Ғылыми жұмысты зерттеу барысында алға қойылған мақсатты негізге ала отырып, тақырып мазмұнын нәтижелі ашу үшін бірнеше міндеттер қойылды. Олар:
Географияны оқыту мақсаты, географияны оқытудың негізгі құралдары, зерттеу әдістері мен негізгі міндеттерін айқындау;
Географиялық білім берудің негізгі формасы саналатын географиялық сабақтың маңыздылығын ашып көрсету, негізгі түрлері мен көрсеткіштеріне сипаттама беру;
География сабақтарында оқушылардың географиялық ұғымдарды игеруді қалыптастырудың теориялық негіздерін саралау;
Географиялық ұғымдарды игерудің педагогикалық және психологиялық негіздеріне тоқталу;
Географиялық ұғымдарды қалыптастыруда географиялық картамен жұмыс түрлеріне сипаттама беру.
Зерттеу жұмысының объектісі: Географиялық ұғымдар.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, орта сыныптарда дүниетану пәнін оқытуда оқушыларда географиялық ұғымдарды қалыптастырудың теориялық моделі берілсе географиялық ұғымдарды қалыптастырудың әдістемелік жүйесі жасалса, географиялық ұғымдардың мазмұны мен көлемі анықталса, онда оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі артып, сабақ барысында оқушылардың ұғымын қалыптастыруға көмектесетін дидактикалық құралдар кеңінен қолданылып, білімді саналы түрде меңгеріп, географиялық ғылыми ұғымдары қалыптасады.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі:Тақырыптың мазмұнын ашу үшін бірнеше авторлық ғылыми жұмыстар, баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалар, сонымен қатар интернет желілеріндегі берілген мәліметтер қолданылды.
Атап айтқанда, И.В.Душина, В.Б.Пятунин, Е.А.Таможняя «Методика и технология обучения географии», Душина И.В., Понурова Г.А. «Методика преподавания географии», Кушимова Г.А. «Методика преподавания географии в средней школе», Матрусова И.С. «Методика обучения географии в средней школе» сияқты ресейлік және отандық ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.