Смагулова асемкул дуйсеевна



бет8/23
Дата30.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#166854
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
01-География

Күнделікті сабақ дидактикалық мақсатымен ерекшеленсе, ал қазіргі сабақ – оны ұйымдастыру формасымен сипатталады. Ол ойын, конференция, дәріс, саяхат, пікірсайыс, сынақ түрінде өтуі мүмкін.
Сабақтың типтері әр түрлі. Әрбір сабақ белгілі объективті элементтерден құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан. Дидактикада оларды әр түрлі ерекшеліктері бойынша классификациялайды: дидактикалық мәселелер бойынша, оқытуды ұйымдастыру бойынша.
Географияны оқыту барысында сабақтың мынадай түрлері таралған: қиыстырылған, жаңа материалды қарастыру, білімдерді қалыптастыру және бекіту сабағы, білімді және іскерлікті жалпылау сабағы, білімді тексеру сабағы. Бұдан басқа сабақтар да кіреді: кіріспе сабақтары, оқу материалын қайталау сабағы, іскерлікті және білімді қолдану сабағы.
Қиыстырылған сабақ көлемді мектептердің практикалық жұмыстарында көбірек таралған. Ол бірнеше дидактикалық мақсаттардан тұрады: жаңа материалды ұғыну, сабақтың мәнін түсіну және талдау, бекіту, есте қалдыру және қолдану. Ереже бойынша мұндай сабақтарда мақсаттар қалыптасады: жаңа сабақты оқу, географиялық іскерліктің қалыптасуы, білімдерді тексеру және т.б.
Қиыстырылған сабақ мынадай құрылымдық бөліктерден тұрады: сабақтың түсіндіру мәселесін қосатын кіріспе сабағы; өткен және жаңа материалдар арасында қатынасты орнату; үй тапсырмасының орындалуын тексеру; сабақта жұмыс нәтижелерін тексеру және бекіту, үй жұмысын беру.
Жаңа материалды қарастыру сабағы. Сабақ толығымен жаңа материалды қарастыруға арналады. Мақсаты - оқушыларға жаңа білім беру. Мұғалім оқушыларға жаңа оқу материалын түсіндіріп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, білімдерін тәжірибеде қолдануға үйретеді. Жаңа ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерін жақсы меңгеру үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істеу керек.
Жаңа материалды көбірек беру үшін ірі блоктың тәсілдер қолданылады. Бір сабақта бірнеше, мысалы, 4 сабақтың материалы оқылады, қалған 3 сабақ іскерлік пен дағдыға машықтануға арналып, тақырыптар терең оқылады. Жаңа материалды оқу түрлі әдістер арқылы жүзеге асады. Оқушылардың оқу жұмысына қызығушылығын ояту үшін енжар іс-әрекет түрлері (мұғалімнің әңгімесін тыңдау, сыныптасының жауабын тыңдау) және белсенді жұмыс түрлері (тәжірибе және зерттеу түріндегі өздік жұмыстар) орындалады.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді ету үшін проблемалық әдіс, қызықты мысалдар, фактілер қолданылады, талқы ұйымдастырылады, кейбір теориялық ережелерге оқушылар өз мысалдарын келтіреді, көрнекі және техникалық құралдар пайдаланылып, меңгерілген білімдер ретке келтіріледі және бекітіледі. Кейбір жаңа оқу материалын өткен оқу материалын білмей меңгеру мүмкін емес. "Таза" күйдегі жаңа оқу материалын оқу орта және жоғары сыныптарда қолданылады. Себебі жаңа материал көп, оқушылар белгісіз оқу материалдарымен ұзақ жұмыс істей алады. Бастауыш мектепте тек жаңа материалды оқыту қиын, себебі оқушылар әлі күрделі оқу жұмыстарына әзір емес.
Оқылатын материалды бекіту сабағы жекелеген тақырыптарды, бөлімдерді өткен соң, материалды терең түсіну және меңгеру мақсатында өткізіледі. Оқушылардың сабақтың өтетін уақытын және оның негізгі міндеттерін білгені жақсы. Мұғалім бекітетін негізгі сұрақтарды бөліп, білім тексеруді ауызша, жазбаша, тәжірибелік жұмыстармен, өздік жұмыстармен ұштастырады. Осы жұмыстар бекіту сабақтарының құрылымына кіреді. Ол өткен оқу материалын әрбір оқушыдан немесе бәрінен сұраудан басталады. Содан кейін білім тексеру тақырыптың күрделі жерлерін бекіту үшін жаттығулар жүргізумен ұштасады. Сабақ соңында шағын өздік жұмыс өткізіледі.
Әдісі: ауызша, жазбаша жаттығу, білім тексеру, бағалау.
Тәсілдер: перфокарта, карточкалармен жұмыс, кесте жасау.
Жаңа материалды оқу сабағының құрылымы:

  • оқу материалын бірінші рет түсіндіргенде, таным процесінің, заңдылықтарына сәйкес оқушылардың ақыл-ой белсенді арттыруға баса назар аудару;

  • есте сақтау керек мәліметтерді оқушыларға айту;

  • есте сақтауға және ұзақ уақыт есте сақтауға ықпал ететін жағдайларды жасау;

  • оқушыларға есте сақтаудың техникасын хабарлау. Мәліметтерді еске түсіруге тірек болатын сызбалармен жұмыс, оларды мағыналарына қарай топтастыру;

  • мұғалімнің басшылығымен қайталау, бірінші рет бекіту;

  • есте сақталған мәліметтерді анықтау;

  • қайталау, жеке тапсырмалар беру іштей қайталау, алған білімді, үйренген іс-әрекетті түрлі тапсырмаларды орындағанда қолдану;

  • білім, іскерлік, дағдыларды оқушылардың есінде қалдыруға көмектесетін тірек мәліметтерді жиі қолдану.

Мұндай сабақ көлемі бойынша үлкен және қиын, сабақ мұғаліммен тереңдетіліп, толық ашылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет