Кіріспе сабақтары жаңа оқу жылының басында өткізіледі. Сабақтың бұл түрі бағдарламаның үлкен тарауын оқи бастаған кезде қолданылады. Кіріспе сабақтары оқушылар психологиясына жақсы әсер етеді.
Іскерлікті қалыптастыру сабақтары. Бұл сабақтың негізгі мақсаты – теориялық білімдермен тығыз байланыста болған географиялық іскерліктің арнайы қалыптасуы. Оқыту барысында оқушылардың теориялық және практикалық іс - әрекеті жаңа материалды ұғыну мен тығыз байланысты.
Іскерлікті қалыптастыру сабағының құрылымы:
• сабақтың мақсатын қою;
• жаңа іскерлік, дағдыларға керекті бұрынғы іскерлік, дағдыларды қайталау;
• бұрынғы іскерлік, дағдыларды тексеру үшін оқушыларға тапсырма беру;
• жаңа іскерлікпен таныстыру, жасап көрсету;
• жаңа іскерлікті меңгеру үшін оқушыларға түрлі жаттығулар жасату;
• іскерлікті шыңдап, бекіту үшін жаттықтыру жұмыстарын жүргізу;
• үлгі, нұсқау бойынша машықтану;
• іскерлік пен дағдыны ұқсас жағдайларда қолдануға жаттығу;
• шығармашылық жаттығулары;
• сабақтың қорытындысы;
• үйге тапсырма.
Білім, іскерлік және дағдылары дамыту сабақтарының құрылымы.
оқу жұмысының мақсатын оқушыларға хабарлау;
оқушылардың тапсырманы орындауға керекті білім, іскерлік, дағдыларын естеріне түсіріп қолдануы;
оқушылардың түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауы;
олардың орындаған жұмыстарын тексеру;
қателерді талдау және оларды түзету;
қажет жағдайда үйге тапсырма беру;
қайталау сабағының құрылымы;
ұйымдастыру бөлімі;
білімдік, тәрбиелік, дамыту міндеттерін қою;
негізгі ұғымдарды, онымен байланысты біліктілік, дағдыларды (тәжірибелік және ақыл-ой) қайталау үшін үйге берілген тапсырманы тексеру. Келесі сабақтарда қайталанатын материалдарды анықтау, оларды үйге беру;
тексерудің нәтижесін шығару, сабақ үстіндегі оқу жұмысының нәтижелерін тексеру;
үйге тапсырма.
Оқушылардың білімдерін тексеру сабағы бірнеше сабақ өткеннен кейін ғана өткізіледі. Жоғары сыныптарда (8-9) мұндай сабақтар сынып – сабақ түрінде өткізіледі. Олардың құрылымы мынадай: сабақ міндеттерін қалыптастыру, жауаптарға талаптар, бағалар мөлшері, тапсырмалардың ұйымдастырылуы және орындалуы.
Бақылау сабақтары оқушылардың теориялық материалдарды, оқылып отырған курстың негізгі ұғымдарын меңгеру деңгейін, іскерлік, дағдылардың, оқу-танымдық іс-әрекет тәжірибесінің қалыптасқандығын анықтап, оқыту технологиясына қандайда бір өзгеріс, оқушылардың білімдеріне сәйкес оқу процесіне түзету енгізу мақсатында өткізіледі.
Бақылау және түзету сабақтарының түрлері: ауызша сұрау (жаппай, мазмұндама, есептер және мысалдар шығару, т.б.) сынақ, тәжірибелік (зертханалық), сынақ, практикумдар, өздік бақылау жұмыстары, емтихандар, т.б. Осы сабақ түрлері пәннің тұтас бөлімдерін, ірі тақырыптарды өткен соң өткізіледі. Оқушылардың білімін тексеру және бағалаудың соңғы, жоғары түрі - емтихан. Бақылау сабақтарында оқушылардың өз білім, іскерлік, дағдыларын танымдық-тәжірибелік іс-әрекетте, әр түрлі оқу жағдаяттарында қолдануға дайындығы айқынырақ көрінеді.
Бақылау сабақтарын өткізгеннен кейін оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларындағы, оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруындағы кемшіліктер анықталып, оларды талдап, жоятын арнайы сабақ өтеді, оқушылардың және мұғалімдердің іс-әрекеттеріне керек болса түзетулер енгізіледі.
Әдістері: түсіндіру, әңгіме, салыстыру, дәлелдеу, бағалау.
Тәсілдері: бақылау жұмысын жаздыру, қорыту.
Қайталау сабағы. Бұл сабақтардың мақсаты - оқушылардың білімдерін еске түсіру және кеңейту. Негізгі бөлімде оқушылардың өз күшіне сенуіне және бірқалыпты жұмыс істеуіне мұғалім кеңес береді. Соңғы бөлімде өткелі отырған жаңа бөлім, курс тақырыптарын оқу қай бағытта жүретіні айтылады.
Кейде сабақтың осы типінің мынадай элементтері болады:
• мұғалімнің тапсырманы түсіндіруі;
• оқушылардың сұрақтарына жауап;
• оқушыларға тапсырма беру;
• тапсырманы тексеру;
• үйге тапсырма, сабақтың аяқталуы.
Мұндай сабақтар географияны оқыту процесіне арнайы өте сирек өткізіледі. Бірақ үлкен тарауды меңгеру үшін қайталау сабақтарының өткізілуі оқушылар білімдерінің терең болуына әкеледі. Практикада географияны оқыту барысында қайталау сабақтары мұғалімнің қалауымен өткізіледі.
Білімдерді жалпылау сабақтары географияны оқыту процесіне көбірек қолданыла бастады. Олар мектеп географиясының бүкіл бөлімдерінде қарастырылған. Білімдерді жалпылау сабақтарының негізі – жүйелеу және жалпылау негізінде оқушылардың білімді және іскерлікті қабылдауы. Жалпылау түрінде әрбір сабақ үш бөліктен тұрады: сабақтың басы, негізгі бөлігі, сабақтың қорытынды бөлігі.
География сабағының әрбір типі өзінің анық құрылымымен ерекшеленеді.[9]
Сабаққа мұғалімнің дайындығы түрлі жоспарларды құраудан басталады. Олар : күнтізбелік, тақырыптық, сабақтық.
Бұл жоспарларды мұғалім арнаулы мектеп бағдарламасына, оқулыққа, методикалық құралдарға, мектеп оқулықтарының, географиялық әдебиеттердің талаптарына сай етіп, арнаулы стандарт бойынша ұйымдастырады.
Бірінші сатыда күнтізбелік және тақырыптық жоспарлар жасалынады.
Тақырыптық жоспар – оқу процесінің жүру сценарийі болып табылады. Ол сабақтың өзара байланысын, оқушының өзіндік оқу қызметін ұйымдастырады, жоспарлайды.
Мұғалім тақырыптық жоспарды жасағанда мынадай пункттерді орындайды:
сабақ тақырыбы, типі, түрі, уақыты;
сабақтың мақсаты мен міндеттері;
сабақтың негізгі мазмұны (ұғымы, байланысы, принциптері, заңдылықтары);
тірек білімі және пәнаралық байланыстар;
оқыту құралдары (үлестірмелік және демонстрациялық);
сабақтағы оқушыларды оқыту әдістері;
практикалық, өзіндік жұмыстар;
оқылатын материалды бекіту сұрақтары мен тапсырмалары;
сабақ нәтижелері;
үй тапсырмасының нұсқалары.
Ал, сабақ жоспары тақырыптық жоспар негізінде құрастырылады.
Сабақ жоспары – мұғалімнің шығармашылық қызметі, яғни мұнда оның шеберлігі, тапқырлығы, оқыту процесіндегі идеялары, жаңа ғылыми және методикалық жұмыстары және т.б. көрінеді.
Сабақ жоспарының түрлері өте көп.
Сабақ жоспарының үлгі формасы:
Білімділік тәрбиелік мақсат
|
Білім және оқыту әдістерінің көздері
|
Қызмет
|
Оқушылардың танымдық қызметінің деңгейі
|
мұғалім
|
оқушы
|
|
|
|
|
|
Сабақ жоспарын құруда оның моделін таңдауға көп көңіл бөлінеді.
Практикалық жұмыстарда сабақтың мақсаты түрліше болады. Егер сабақтың мақсаты нақты анықталса, онда оқыту әдісіне оқушының оқу қызметінде формалар мен әдістерді ұйымдастырудың маңызы зор.
Сабақтың сапасы мен нәтижесін екі көрсеткішпен анықтайды:
сабақ қалай дайындалады?
сабақ қалай өткізіледі?
Сабақтың бағасы ең соңғы нәтижеде көрсетіледі. Нәтиже көрсеткіштері – сабақ мақсатының жетістіктерінің дәрежесі болып табылады.
Географияны оқыту жүйесінің басты құраушыларының бірі оқушылардың оқыту үдерісіне белсене араласуы болып табылады. Мұғалім оқушылардың оқу іс–әрекеттерін ұйымдастырушы рөлін атқарады.
География сабағын әртүрлі көрнекі құралдарды – оқулықта берілген сурет, сұлба, кесте, әсіресе географиялық карталарды пайдаланып оқып - үйренудің маңызы зор. Себебі көзбен көру арқылы алған білім ұзақ уақыт есте сақталады.
Сонымен, географиялық сабақтың типологиясы әр түрлі болғанымен мақсат бір, ол оқушыларда географиялық білім мен біліктілікті қалыптастыру. Себебі, география - ел мен жер танудың негізгі көзі. Географияның заманға сай міндеті «адам, табиғат, шаруашылық, қоршаған орта» жүйесінде пайда болған қарама-қайшылықтарды шешу. Демек, географиялық білім әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді түсіну үшін үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан, мектептегі географиялық білімнің құрылымы мен мазмұны адамзат өркениеті мен мәдениетінің деңгейіне сай болуы тиісті.[10]
Достарыңызбен бөлісу: |