2 География сабақтарында географиялық ұғымдарды игеру және жеке ұғымдарды оқып-үйрену ерекшеліктері
География сабақтарында географиялық ұғымдарды қалыптастырудың теориялық моделі
Қазіргі қоғамдағы өзгерістер, адамның жаңа әлеуметтік рөлге ие болуы жан-жақты білімді, эстетикалық мәдениеті жоғары, қоғамға еркін араласуға дайын, қабілетті тұлғаны тәрбиелеуді талап етіп отыр. Сондықтан да орта сынып оқушыларына білім берудің негізгі мақсаттарының бірі - олардың өзін қоршаған ортадан берілетін білімді өмір тәжірибесімен байланыстыру арқылы ғылымдар бастамасынан ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыруды, оқушының мәдени мұраларды меңгеруіне және оның жеке тұлға ретінде дамуына көмектесу.
Соңғы уақытта білімді сапалы меңгерту жолында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде оқушыларға ғылыми ұғым беру арқылы олардың танымын кеңейту, ғылыми деректерді меңгертудің бірізділігі мен логикалық жүйелілікпен тиімді әдістер негізінде ұйымдастыруды жүзеге асыру мәселелері қарастырылуда.
Ұғым беру кезінде мұғалім мен оқушының оқу және оқыту әрекеттері үндестік тауып, бір мақсатқа орай бірін бірі толықтырып, сол мақсатты жүзеге асыруға бағытталады. Осы үндестіктер болғанда ғана кез келген ұғымды саналы, нәтижелі меңгерту ісі қамтамасыз етіледі.
Біз зерттеу барысында қоршаған дүние туралы оқушылардың дұрыс ұғымдарын қалыптастырудың жолдары мен оны жүзеге асыруды қарастырамыз.
Ұғымдардың қалыптасуы – сезімдік таным мен логикалық ойлау өзара байланыста қаралатын және алынған білімдерді практикада қолдану арқылы жүзеге асатын біртұтас үрдіс.
Зерттеу мәселелерін мазмұндық жағынан ашуға тырыса отырып, алдымен орта сыныптарға географиялық білімдер шеңберін анықтап алу көзделді. Осы тұста қосындысы ретінде беріліп отырған және жеке нысан ретінде қаралатын су, ауа, топырақ және пайдалы қазбалардың басты және негізгі қасиеттері жайындағы элементарлық ұғымдарды қалыптастыруға көмектесетін білімдер жиынтығы біртұтастықта қарастырылады. Олардың өзара бір-бірімен байланысы, әрекеттесуі, әр түрлі жер бетінде таралуы, оның заңдылықтары география пәнінің зерттеу көзі. Бұл ғылым өзіне ауа райы, климат, топырақ, өсімдік, жануарлар, адамдар мен өндіріс орындары және олардың арасындағы қарым-қатынастар туралы білімдерді біріктіріп, бізді қоршаған дүниені біртұтас жүйе ретінде қарастырады.
Дүниеге деген кең де жүйелі көзқарас географияны Жер туралы басқа да ғылымдардан ерекшелендіріп, көптеген пәндер арасында жоғалып кетпеуіне жол бермейді. Сондықтан да, адамның ойлау әрекетінің жемісі ретінде пайда болатын ұғымдар орта сыныптарда оқытылатын дүниетану пәнінің білім мазмұнына енген. Мысалы, географиялық карта туралы ұғым географиялық білімнің құрамдас бөлігіне айналып отыр. Өйткені белгілі бір аумақты арнайы таңбалар көмегімен бейнелеп көрсету осы географиялық ұғымның негізгі бір бөлігі.
Орта сыныпта географиялық ұғымдар жүйесін топтау кейбір ұғымдарды меңгертуде теориялық білімге негіздеп, оны сөз арқылы талдау, жинақтау, түсіндіру, баяндау басым болса, кейбір ұғымдарды қалыптастыруда сарамандық, жаттығу, тәжірибе жасау және бақылау әдістері басым болатыны белгілі.
( кесте №1)
Географиялық ұғымдар:
-табиғат туралы;
|
-көкжиек тұстарын бағдарлауға байланысты;
|
-жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне байланысты;
|
-табиғат құбылыстары жайындағы;
|
-табиғаттың жеке заттарына байланысты;
|
-тірі табиғат пен өлі табиғаттың байланысы;
|
-пайдалы қазбаларға байланысты;
|
-план мен масштабқа байланысты ұғымдар
|
-географиялық карта туралы;
|
-қазақстанның географиялық картадағы орынына байланысты;
|
-табиғат құбылыстарын зерделеуге байланысты;
|
-табиғатты зерделеуде қолданылатын құралдарға байланысты;
|
-табиғаттағы су айналымына байланысты;
|
-су қоймаларының түрлеріне байланысты;
|
-ауа райы туралы;
|
-климатқа байланысты;
|
Зерттеу жұмысымызда орта сыныптарда берілетін географиялық білім мазмұны сараланып, негізгі ұғымдардың көлемі нақтыланды (1 кесте).
Орта сыныпқа арналған географиялық білімдердің ұсынылып отырған жүйесінің мазмұнының жаңалығы логикалық-мазмұндық жайына сәйкес төменгі сынып оқушыларын пропедевтикалық даярлауда географиялық нысандарды, заттарды, құбылыстарды оқуда практикалық біліктіліктері мен білімдерін күшейтуде білім мен біліктіліктердің жетілдірілген мазмұнын меңгеруге бағытталып қана қоймай, сонымен қатар, осы танымның адам өміріндегі рөлін көре білуге бағытталады.
Орта сыныптарда берілетін географиялық білім мен білік оқушылардың білімді пайдалану шеберліктерін жетілдіруге арналған жүйесі мына мәселелерді шешеді:
оқушыларға географиялық білімдер мен оны іс жүзіне қолдану шеберліктерін жетілдіру;
оқушының қоршаған дүниеде болатын құбылыстар мен нысандар туралы алғашқы ұғымдарын қалыптастыру;
білімнің көрнекті қайталанбас көзі ретіндегі географиялық картаның түрлері мен түрлі табиғи заттардың қасиетін анықтау әдістерін меңгерту;
оқушыларды географиялық терминдер мен атаулар тілін қолдануға жаттықтыру;
сарамандық жұмыстар атқаруға дағдыландыру;
қоршаған ортаға бақылаулар жүргізу, оның нәтижесін іс-әрекетте пайдалануға үйрету;
географиялық ұғымдарын қалыптастыру арқылы ғылыми білім беру;
танымдық, қарым-қатынастық, ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Біздің зерттеуіміздің негізгі бағыты ұғымдарды қалыптастыру болғандықтан, оның төмендегідей анықтамасына көңіл қоюымыз қажет.
Ұғым қалыптастыруды дұрыс жүзеге асыру үшін мұғалімнің қалыптасу кезеңін және дамытудың барысын біліп отыруы негізгі шарттардың бірі.
Ұғым – шындықтағы заттар мен құбылыстарды олардың жалпы және ерекше белгілерінің жиынтығы бойынша қорытындылайтын ой немесе ойлар желісі. Ұғымның белгісі ретінде заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен олардың арасындағы қарым-қатынастар алынады. Зерттеу барысында географиялық ұғымдардың пайда болуы мен қалыптасуы және дамуы туралы мәселелерді қарастыру көзделіп отыр. [11]
Ғылыми әдебиеттерге шолу жасай отырып, орта сынып оқушыларының географиялық ұғымдарын қалыптастыру мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттердің тұтастығында құрылды.
Мотивациялық компонент орта сынып оқушыларының географиялық білімге қызығушылығымен сипатталады.
Мазмұндық компонент географиялық алғашқы білімдер көлемімен анықталады.
Іс-әрекеттік компонент табиғат заттары мен құбылыстарын танып-білу бағытындағы құзыреттіліктер жиынтығын құрайды. Көрсетілген компоненттердің өзара байланыстылығы мен тұтастығын ескере отырып, орта сынып оқушыларының географиялық ұғымдарын қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды.
№2кесте Географиялық ұғымдарын қалыптастыру компоненттері
Достарыңызбен бөлісу: |