Оқыту құралдарының негізгі міндеті – оқушылардың құралдармен, приборлармен жұмыс істей білу біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Географияны оқытудың материалдық базасын – мектепте оқытудың материалдық жағдайының жиынтығы (мектеп ғимараты, мектептің оқу бөлімдері, шеберханалар, материалдық жабдықтандыру,т.б.) құрайды.
Географияны оқытудың материалдық базасының деңгейі қазіргі дидактикасының, методикасының, оқылатын ғылымның, техниканың жағдайына байланысты болады. Қазіргі уақытта географияны оқытудың материалдық базасы – кабинеттерден, политехникалық білім мен еңбекке (оқыту) баулу базасы, мектептегі оқушылардың сыныптан жұмысы, тамақтандыру блогы, педагогикалық үрдістер мен жекелеген мектептер – техникалық орталықтары.
Географиялық объектілер мен құбылыстарды бейнелеу тәсілі жағынан оқыту құралдарын былай жүйелейді:
География кабинетін жабдықтауда – география сабақтарында мұғалім мен оқушылардың қызметінің ерекшелігі ескерілуі керек, жалпы және арнаулы құралдармен толық жабдықтау керек; пайдаланылатын құралдар қарапайым болуы, эстетикалық талғамға сай болуы керек.
География кабинетінің орны гигиеналық талаптар мен нормаға сай болуы керек. Қазіргі заманғы мектептерде география кабинеті жеке зертханалық бөлмесімен жабдықталады. Сонымен қатар, география кабинетіне түсетін жарық мөлшерінің өзі мұғалім мен оқушылардың жұмыс істеу қабілетіне де өзінің әсерін тигізеді.
Кабинеттің жабдықталуы оқушы мен мұғалім еңбегінің ерекшелігіне қарай сәйкес келуі керек. Кабинеттің жиһаздарының орналасуы да санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы керек.
География кабинетінде мұғалімнің жұмыс зонасын, оқушыларды жұмыс зонасын, көрнекілікті көрсету зонасын және оқыту құралдарының сақталу зонасын бөліп қарау керек. Әрбір зонаның өзіндік ерекшеліктері болады.
Мектеп географиясында карталардың рөлі өте зор. Оқу үрдісінде ол тәрбиелік және білімділік қызмет түрлерін орындайды. Оқушылар картамен алғашқы сыныптарда танысады.
География ғылымының қазіргі жетістіктерінің бәрі карталардың үлесінде. Зерттеу әдісінде ең көп тарағаны- картографиялық әдіс.Картографиялық материалдар, оны түрлі дидактикалық мақсатта қолданады. Картаны кез келген территорияны оқып-білу үшін оның көмегімен әр түрлі картографиялық білімдер, карта білімінің ерекшеліктері, картаның математикалық негізі, оның мазмұнының бейнеленуінің ерекшеліктері туралы мәліметтерді білу керек.
Карта – белгілі бір топографиялық проекциялар көмегімен Жер бетінің үлкен өлшем бірліктерінде анықталатын аудандардың нақты жазықтықта кішірейтілген кескіні. Карталар әртүрлі белгілеріне: бейнеленуіне, территориясына, масштабына, мазмұны мен мақсатына байланысты жіктеледі.
Оқу үрдісінде карта екі түрлі қызмет атқарады: бірінші-бұл, оқыту объектісі, пәні, екінші-географиялық ақпараттың маңызды көздерінің бірі.
Географиялық картаны оқу географиясының алғашқы курсы 6-сыныпта басталады. Бұнда жергілікті жердің бейнеленуінің негізгі түрлері және олардың белгілері, градустық тор және оның элементтері, «масштаб», «азимут», «географиялық координаттар» ұғымдары қалыптасады. Осыдан бастап олар ең маңызды біліктіліктер мен дағдыларды үйренеді. Қалған сыныптарда картографиялық білімдері одан әрі дамып, оқушылар картографиялық басқа түрлермен, экономикалық карталардың түрлерімен танысады.
Оқушыларды картографиялық бейнелеуде, олардың географиялық білімді алуда – картаны оқудың маңызы зор.
Картаны оқу – бұл картографиялық әдістердің элементтерінің бірі.
Картаны оқу – берілген территорияларды танып –білуде шартты белгілер арқылы белгіленіп, сол территория туралы мәліметтерді тану болып табылады.
Әдістемелік әдебиеттерде карталарды оқуды жай және күрделі деп екі топқа бөледі. Біздің осы кезге дейін айтқанымыз жай топқа жатады. Ал, күрделі топта, оқушы картада бейнеленбеген құбылыстарды ажыратады. Олар ол үшін карталарды, атластарды пайдаланып, тапсырмалар орындайды.
Картаны білу- (Г.Ю. Грюнсберг идеясы бойынша) бұл, географиялық объектінің көлемі мен формасына қатысты, объектінің орналасуын есте ұстау.
Географиялық номенклатура-эмпирикалық білімнің компоненттерінің бірі. Номенклатураны білу-бұл оқушының теориялық білімінің қалыптасуын жеңілдетеді. Географиялық номенклатураны тексеру үшін кескін карталарды қолданады. Кескін карталармен жұмыстардың екі түрі кең тараған:
номенклатурадағы белгілеулер;
кескін картадағы белгіленген объектілерді анықтау.
Кейбір мұғалімдер номенклатураны тексеру үшін сөз тізбектер мен бейне сөз (ребус) пайдаланады. Оқыту құралдары жүйесінде оқулықтың маңызы өте зор.
Оқулық- белгілі бір бағдарламаға сәйкес, оқыту мақсатын орындауға арналған кітап. Оқулықта барлық материалдар бағдарламаға сәйкес беріледі. Оқулықтың мазмұнын қосымша құралдар толықтырып, оның тақырыптары мен бөлімдерін кеңейтіп, тереңдетеді.
Қазіргі кезде мектептің, оқулықтардың, оның оқу жоспарында да көптеген өзгерістер болып жатыр. Пән оқулығының мазмұны да оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуда үлкен рөл атқарады.
Қазіргі даму сатысында білім беруде оқулықтың қызметінің маңызы күрделене түседі. Оқулықтың қызметі алуан түрлі. Оны мына сызбадан көруге болады:
Оқулықтың барлық қызметтерінің ішінде – ең негізгісіне – ақпараттық және оқытушының қызметінің маңызы үлкен. Қазіргі жаңа оқулықтар оқушының өзіндік оқу қызметін ұйымдастыру құралы болып табылады. Оқулықтың көмегімен оқушы өзі мұғалімге айналады. География оқулығын екі құрылымдық блокқа бөлуге болады: оқулық мәтіні және мәтіннен тыс компонент – дидактикалық, оқытушылық блок. Оқулықтың әрбір компоненті бірнеше элементтен тұрады.
География оқулығының негізгі мәтіні- ұғымдарының анықтамасы, принциптер, теориялар, заңдылықтар, сипаттамалардан тұрады. Негізгі мәтін түсіндірмелі, инструктивті, ақпаратты-суреттемелі болып бөлінеді.
Қазіргі география оқулықтарында мазмұны мен суреттеу формасына қарай алуан түрлі болады. Олардың көп бөлігін картографиялық суреттер, тақырыптық және кешенді карталар, картосхемалар, картограммалар, орографиялық схемалар құрайды. Оқушылар карталармен, статистикалық көрсеткіштермен (графиктер, диаграммалар, қосымша кестелер) жұмыс жасай отырып, географиялық зерттеу әдістерімен танысады, ал мұғалім осы жұмыстарды ұйымдастыра отырып, оқу материалын игеруге ұмтылады.
Қазіргі заманға сай географияны оқытудың ғылыми-дүниетанымдық міндеттері.
Географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерін зерделеу.
Табиғат пен қоғам арасындағы байланысты түсіну.
Ғаламдық, аймақтық және жергілікті құбылыстардың мәнін түсіну.
Қазіргі дүниедегі саяси-экономикалық, әлеуметтік қарым-қатынастады түсіну және болжау.
Қолданбалы міндеттері:
Әр түрлі географиялық білім көздерінен мағлұмат бере алу.
Географиялық картамен жан-жақты жұмыс істей білуге үйрету.
Ақпараттық технологиялармен жұмыс істей білу, географиялық модельдеу және болжаудың бастапқы дағдыларын үйрету.
Табиғи техногендік және әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды географиялық әдістерді пайдаланып зерттеу жұмысын жүргізуді үйрету.
Географиялық білімді күнделікті өмірде пайдалана білу.
Сонымен, географиядан білім берудің мақсаты - «географиялық орта-адамның мекендейтін орны» деп білетін көзқарастар мен ұстанымдар жүйесін қалыптастыру. Себебі, географияны оқытуда оқушыларға география ғылымы, жер ғаламшары, оның табиғаты және халқы, географиялық карта туралы бастапқы түсініктерді және алғашқы географиялық білім мен біліктері үйретіледі.[6.7.8]