Смагулова асемкул дуйсеевна


Географиялық ұғымдарды қалыптастыруда географиялық картамен жұмыс түрлері



бет16/23
Дата30.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#166854
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
01-География

2.4 Географиялық ұғымдарды қалыптастыруда географиялық картамен жұмыс түрлері

Географиялық карта мынадай іс- әрекеттерді ұйымдастыруға және ғылыми ұғымдарды қалыптастыруға ықпал етеді: атауларды меңгеріп, оны картадан көрсету, керекті құбылысты бейнелеу, салыстыру, түсіндіру, сипаттап айту. Бұл әрекеттер барысында оқушыларда картаны оқу шеберлігі ғана қалыптасып қоймай, әрбір ұғымды ойда сақтау деңгейі мен зейінінің тұрақтылығы қалыптасады.


Сонымен, пән аралық және сынып аралық сабақтастықты жүзеге асырудың шарты географияны оқытудың алғашқы қадамдарынан-ақ басталып, оны аяқтағанға дейін қолданылатын оқушыларда карта туралы білім мен онымен жұмыс істей білу шеберлігін қалыптастыру болып табылады.
Бастауыш мектепте географиялық білімдерді оқытудағы картаның маңызы көптеген географтардың еңбектерінде нақты аталып өтіледі. Профессор А.А.Борзовтың пікірі бойынша: «Географияны оқытудың негізі жергілікті табиғат пен карта болу керек. Ол бойынша оқушылар өздері күнделікті көріп танып жүрген нысандарын картадан таба білуді және оны табиғат көрінісімен салыстыруды үйренуі керек. Ал, одан ары жүргізілетін жаттығулар барысында берілген құбылыстарды картаға схемалық түрде өздері белгілеулеуге тиіс.
Географиялық мәліметтерді оқытудың алғашқы кезінен бастап жергілікті планмен және картамен жұмыс атқару оқушыларға оқу әрекетінің басқа түрлерін ұйымдаструмен қатар жүруі керек. Берілетін барлық мәліметтер тұстарды анықтау, планды пайдалану, ауа райын бақылау, жыл мезгілдеріне бақылау жүргізу осының бәрі біртіндеп географиялық картаны пайдалануға жаттықтыруға әкеледі.
Карта бойынша жас ерекшеліктеріне қарай берілетін түсініктердің мазмұны да лайықты тәуелділік пен заңдылықтарға негізделеді. Сондықтан да, географияны оқытудың негізгі мақсаттарының бірі ретінде картаны оқи білу шеберлігі мен оның көмегі арқылы одан қажетті жауаптарды таба білуді қарастыру керек»-дейді.
А.А.Поповинкиннің айтуы бойынша, карта кітапқа немесе басқа да ақпарат көздеріне қарағанда «тезірек, нақтылы, көрнекті және ықшамды түрде айтып, көрсетеді». Сөйтіп, географиялық карта бастауыш мектеп оқушыларында дүниенің біртұтас бейнесін қалыптастыру мақсатында мазмұнды дидактикалық өңдеуді көздейтін сабақтастықтың логикалық-мазмұндық жайын жүзеге асыруға ықпал етеді.
«Бейне» дегеніміз – «адам санасында сыртқы дүниені бейнелеуді сипаттау үшін қолданылатын» термин. Бұл жағдайда, Жер туралы білім – қоршаған шындық объектісі ретіндегі планета туралы мазмұндық ақпараттары бар сыртқы дүние туралы білімдердің арнайы элементі. Бұл шындықты тану және оған деген арнайы қарым-қатынасты қалыптастыру – белсенді де мақсатты бағытталған үрдіс.
Біздің планетамыздың бейнесі туралы оқушылар ойында білім қалыптастыру өзара байланысқан бір үрдістің екі жақтарынан тұрады: объектінің рационалды (түсінерлік) және сезімді-көрнекі бейнесін қалыптастыру. Рационалдық бейне Жер туралы білімдер жинағынан тұрады (түсініктер, ұғымдар, фактілер, себеп-салдар байланыстары, заңдылықтар).
Оқушыларда Жердің бейнесі туралы ұғымды қалыптастыру планета туралы ұғымды алуға ықпал ететін оның картографиялық бейнесісіз мүмкін емес. А.М.Берлянттың анықтамасы бойынша, картографиялық бейне - оқушымен қабылданатын картографиялық белгілерді кеңістікте қиыстыру (құрастыру). Ол үш дәрежеде қабылдануы мүмкін: жеке картографиялық бейнелеуді қабылдау, бүкіл картографиялық бейнелеуді қабылдау, әр түрлі картографиялық бейнелерді салыстыру мен қатар қою. [24]
Дүние бейнесін қалыптастырудың міндетіне екінші деңгей сәйкес келеді, яғни бастауыш және негізгі мектепте нысан туралы толық кеңістіктік ұғым орнату. Алайда бұл нысанның жеке бөліктерін қабылдамай, ұғым толық болуы мүмкін емес. Сондықтан экспериментте бастауыш мектепте дүние жүзілік карталармен бірге (дүние жүзінің саяси картасы, дүние жүзінің физикалық картасы) жеке аумақтар картасы (Ресейдің физикалық картасы, қаланың карта-сызбасы, тағы басқалары) қолданылады.
Бастауыш сыныптарда психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде мен зерттеулерде негізінде 3-4 сынып оқушыларында кеңістіктік туралы және географиялық ұғымдарын қалыптастыру олардың осы кезеңінің ең қолайлы екені байқалды. Себебі, бұл кезеңде оқушыда көрнекті-бейнелік есте сақтау, қоршаған дүниеге деген үлкен ықылас, сан-салалы дүниені елестете білу, географиялық материалдарды жеңіл меңгеру қабілеттілігі тән.
Сызба бойынша 1-4 сыныптардың географиялық мазмұнына: жер беті формалары туралы, табиғат құбылыстары мен табиғи заттар қасиеттері туралы ғылыми ұғымдар мен олардың қарапайым себеп-салдар байланыстары енген. Сөйтіп, 1-4 сыныптардың географиялық білімдерінің бар жүйесі мазмұны эмпирикалық білімдермен, яғни кеңістіктік ұғымдарымен, географиялық деректермен және атаулармен байытылған. Ал, 1-4 сыныптарда географиялық нысандар туралы берілетін қарапайым ұғымдары олардың бейнелері әрбір бөлімді оқыту барысында байланыстырылады.
Материалдың бұлайша берілуі географиялық нысандар мен құбылыстар туралы түсініктерге көшіп, негізгі мектептегі географияның бастауыш курсында бұл білімдердің онан әрі дамунын жалғастыру арқылы қалыптасатын ұғымдардың толықтығы мен біртұтастығын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезінде негізгі және бастауыш мектептер арасындағы географиялық білімдер сабақтастығын сақтауға көмектеседі.
Бастауыш сыныптардағы географиялық біліктілік мына деңгейден байқалады: картадан оқып өткен географиялық нысандарды таба білу шеберлігінен, әр түрлі басылымдардан географиялық ақпараттарды ала білу, географиялық нысандарды бейнелеу, географиялық үрдістер мен құбылыстардың себебін түсіндіру. Мұндай білім көлемі бастауыш сыныптарға арналған бағдарламаларда берілген мазмұнмен тығыз байланысты.
Оқушылардың географиялық картаның түрлерімен жұмыс істеу біліктілігі мына төмендегі қалыптасқан құзыреттілігімен өлшенеді:

  • өздері тұрған қалалары не ауылдарының планын қолданып, жұмыс істей білу;

  • өзінің туған қалаларының не ауылының карта-сызбасын қолдану шеберлігі (ауыл планымен, жақын қаланың карта-сызбасымен);

  • физикалық картаны оқи білу;

  • атластағы климаттық картаны тану, оны оқу;

  • табиғи зоналар картасын танып, оны қолдану арқылы табиғат ерекшелігін сипаттау;

  • жер бедерлерінің ерекшелігін картаның бояуы бойынша ажырата білуі;

  • физикалық картадан тапқан нысандарды кескін картаға түсіру .

Бастауыш сыныпта оқушылар карталардың әр түрімен танысқанмен, олардың әрқайсысын жете меңгеруді тек сарамандық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Мысалы, жергілікті жердің сызбасы және туған қаланың карта-сызбасын оқу арқылы оқушыларда ұғымдарды қалыптастыру мақсаты көздейледі. Кез-келген картаны қолданып, ол бойынша бағдар алу үшін ең алдымен картаның атауымен және оның нысандарымен таныстырылады.
Берілген ғылыми ұғымдардың көлемі оқушылардың материалды оқып меңгеру барысында, географиялық атласпен және карталарымен жұмыс істеу нәтижесінде кеңейтіліп отырады. Оқушылар жергілікті жердің карта-сызбасымен жұмыс істеу барысында бір нүктеден екінші нүктеге дейінгі қолайлы және қысқа жолды табу, маршруттың қажетті нүктесіне жету үшін көліктің қандай түрін қолдану керектігін таңдай білу сияқты логикалық ойларды шешуге үйретіледі.
Бастауыш сыныпта берілетін пропедевтикалық курсқа жергілікті жердің сызбасымен жұмыс істеуді енгізу оқушыларға бірқатар түсініктерді меңгертуді талап етеді. Мәселен, туған жерде (поселок, село) бағдар алуға байланысты пропедевтикалық материалдардың берілуі кездейсоқ емес, бұл тақырып сынып аралық және тақырыптық сабақтасытқтың құндылық-мәндік жайын жүзеге асыруға қызмет етеді. Өйткені мектеп жасындағы балалардың көбі қоғамдық автокөлікпен жүреді, туған қалаларының көшелерінде саяхат жасайды, сондықтан да олардың көкжиек тұстарын бағдарлау біліктілігін қалыптастыру көзделеді.
Оқушылар өз жерінің, ауыл мен қаланың карта-сызбасын оқып, көшелердің, жолдардың орналасу бағытын, ара-қашықтығын, алыс-жақындығын түсініп, қағаздағы белгілерге қарап, оларды салыстыруға, қолайлы жолды анықтауға, көліктің тиімді түрін пайдалануға мүмкіндік алады. Осы арқылы олар кейде ойша саяхат жасап, картаның шартты белгілері туралы ұғымды меңгеріп қана қоймай, шартты белгіге қарап, кез келген нысанды анықтай алады. Бұл олардың географиялық ұғымдарын жетілдіре түсуге көмектеседі. Сонымен қатар, олар географиялық картаның бетінде нақты нысандардың бейнеленетіндігін көрнекті түрде қабылдайды.
Географиялық ұғым қалыптастыруда сабақта және сабақтан тыс кездерде қолданылатын әр түрлі танымдық географиялық видеофильмдер («Жер планетасы», «Табиғаттағы су айналымы» т.б.), түрлі ақпараттық материалдар, географиялық журналдар, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын күшейтіп қана қоймай, олардың ғылыми ұғым алуына жағдай жасайды.
Бастауыш сыныптарда берілетін географиялық білім мен қалыптасатын біліктілік жүйесінде географиялық картаның түрімен жұмыс істеу қарастырыла отырып, негізінен физикалық географиялық карта пайдаланылады.
Мұның мәні мынады: біріншіден, физикалық географиялық картаның бастауыш сыныпқа арналған ірі масштабты түрін пайдаланудың оқушыларға жеңіл соғатындығы. Екіншіден, физикалық географиялық картаның бояуы арқылы оқушылардың оны оқуы олардың жас ерекшеліктеріне сай келетіндігі, үшіншіден, бұл картада ірі-ірі нысандардың қамтылатындығы.
Сонымен, пропедевтикалық блок оқушыларда танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың негізін қалайтын болғандықтан, пәнді оқытуды және ғылыми ұғым қалыптастыруды қамтамасыз ететін басты құрал – географиялық карта болып есептеледі. Әр түрлі масштабты және әртүрлі мазмұндағы географиялық карталармен жұмыс істей білу бастауыш сыныптар мен негізгі мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге ықпалын тигізетін өзек болып табылады.[25]
Көптеген әдістемелік құралдарда оқушыларды картамен жұмыс істеуге жаттықтыру дәрежесі үш жолмен анықталады: картаны түсіну, картаны оқу мен картаны білу.
М.В.Студеникин картамен жұмыс істеудің мынадай мақсаттарын атап өтеді: картаны түсіну картографиялық білімнің болуы, атап айтқанда, картаның не екенін, оның ерекшеліктерін, мазмұнын, мақсатын, ондағы әр шартты белгінің нені білдіретінін, картаны қалай қолдануды және оның қандай пайдасы бар екендігін білу. Картаны түсіну география пәнін, анығырақ айтсақ, оның ең басты бөлімі картатануды құрайды - дейді.
«Картаны оқу» – географиялық шындықты оның картографиялық бейнеленуі арқылы анықтай білу шеберлігі, яғни шартты белгілер бойынша елдің географиялық ерекшеліктері туралы қорытынды жасай білу, іс жүзінде арнайы бір жердің табиғи ерекшелігін көру, картаның көмегімен адамдардың іс әрекеттері мен әр түрлі табиғат құбылыстарын, сол жердің табиғи жағдайына, байланысты өзгеретіндігін және олардың өзара байланысын таба білу. Кейде картада көрсетілмеген құбылыстың өзін ондағы көрсетілген құбылыстар негізінде түсініп, оқи білу шеберлігіне жету арқылы географиялық ұғым қалыптастыруға жағдай туады.
Географиялық картаны оқи білу алған түсінікті есте сақтау деген сөз, ақыл-естің көмегі арқылы картадағы арнайы берілген географиялық жағдайы мен оның атауын көз алдына елестету. Картаны оқи білу мектеп географиясының, оның ішінде бастауыш сынып оқушыларының ұғымын қалыптастырудағы маңызды мақсат болып табылады.
Географиялық картаны оқи білу біліктілігі адамның географиялық мәдениетінің бөлігі болатын картографиялық сауаттылыққа жатады. Картаны оқи білу бастауыш оқытудың мазмұнына және бүгінгі таңда оқытуға қойылып отырған мақсаттарға сәйкес келеді. Себебі, ол бастауыш пен орта мектеп географиясының сабақтастығын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Географиялық ұғым қалыптастыруда атауларды (номенклатураны), көптеген географиялық фактілерді пайдалана отырып, ұғымдарды тиянақты меңгеру мақсаты көзделеді.
Карта –географиялық материалдарды оқытудың бөлінбейтін біртұтас бөлігі десек те болады. Сонымен қатар, ол логикалық жүйелі ойлаудың, жекебасты дамытудың, білім, дағды мен біліктілікті қалыптастырудың алғы шарты болатын, кеңістіктік жайындағы ұғымдарды қалыптастырудың басты құралы болып есептеледі.
Сабақ барысында әрбір заттың қасиетін анықтауда қолданатын тәсілдерге жаттыққан оқушылар сол біліктіліктерін жаңа жағдайда қолдану үшін оны өздері ұсынып, өздіктерінен жұмыс орындайды.
Бұл тәсілдерді қолданып жаттығу үшін үш түрлі сатыдан өтуі керек. Бірінші сатыда мұғалім оқушыларды тәсіл қолдануға үйретеді; екінші деңгейде сол тәсілдерін ісжүзінде өздігінен қолдануға жаттықтырады. Үшінші деңгейде оқушылар кез келген географиялық ұғымдарды меңгеруде тәсілдерді сабақ барысында да, сабақтан тыс кезде де қолдану мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін мұғалім оқушыларға күрделі тапсырма беріп, сұрақ қояды: бұл тапсырманы қандай тәсілмен шешуге болады? Бұл тәсілді неге тиімді деп ойлайсыңдар? деген сияқты.
Сонымен қатар, мұғалім тәсілді бұрынғы қалпында көшіріп қана қоймай, басқа да әртүрлі жолдарын іздестіруге және олардың орнын ауыстыруға үйретеді. Жаңа тәсіл табуға үйрету үшін проблемалық тапсырмалар беріледі.
Тәсілдердің меңгерілу деңгейі оны оқушылардың жаңа тапсырмаларды орындауға көшіруімен сипатталады. Мысалы, жоғарыда көрсетілген бағдар анықтауға байланысты қолданған тәсілдері көкжиек тұстарын жердің сұлбасы бойынша да, географиялық карта бойынша да анықтауда және тұрған өлкесінің бағыттарын анықтауда да (солтүстігін, оңтүстігін) қолдана алуы олардың бұл тәсілдерді қолдануға жаттықдандығын көрсетеді.
Ұғымды меңгерудің бастапқы сатысында оқушылар оқу әрекетінің тиісті тәсілдерін қолдануды үйренеді. Бірақ бұл әлі дағдыға айнала қоймайды. Себебі, оқушылар білім алу кезінде әртүрлі әрекеттерді қолдануға алаңдайды да бірақ оның өзіне ұнаған бір түріне машықтануды әлі де әдетке айналдыра алмайды. Ал мұнан әрі олар өзіне қолайлы біреуіне ерекше көңіл аударады. Сол әрекетті жиі орындау барысында ол дағдыға айналады. Меңгерілген тәсілдер, шеберліктер мен дағдылардың көрсеткіштері оларды көшіру, яғни жаңа тапсырмаларды шешуде қолдану арқылы көзге түседі.
Төменгі мектеп жасына интеллектуалдық әрекеттің көрнекі-әрекетті, сөздік-бейнелік, формалары нақты нысандарды танып білумен қатар шығармашылығын арттырады және күрделі ойға көшу жолдары айқындала түседі. Баланың ақыл-ойы дамуының қозғалысы – интеграция мен дифференция үрдістерінің әртүрлі сәйкестігімен сипатталады.
Дифференция ақыл-ой (әрекеттер, операциялар мен олардың танымдық нәтижелері) элементтерінің көбеюіне, ал интеграция оларды реттеуге, құрылымдық және иерархиялық бірігуіне әкеледі.
Егер оқыту мақсатты түрде дамыту үрдісіне әсер етсе онда, оған қажетті сыртқы және ішкі жағдайларды (оқушыларды қабылданатын объектілерден алған үлкен әсерді талдауға, өз әрекеттері мен олардың қасиеттерін түсінуге, объектілердің маңызды белгілерін дерексіздендіруге, жеке параметрлерді бағалау өлшемдерін меңгеруге, объектілерді топтастыру, бөлу тәсілдерін үйренуге, нақтылау мен қорытындылауды жасауға, оқу тапсырмаларының әртүрлерін шешкенде өз әрекеттеріндегі ортақты түсіне білуге, т.б. итермелейді) жасаса, онда оқыту дамытуды табысты түрде жүргізеді.
Кез–келген географиялық ұғым мен түсініктер арнайы картографиялық ұғымдармен байланыстырылуы керек. Оқушылар алатын географиялық мәліметтер мұндайда «картаға бекітіледі». Бұл оқушылардың бұрын алған білімдері оқытудың келесі сатысында материалды саналы түрде меңгеруге ықпал етіп, географиялық білімдерді меңгеруге нақтылық пен жүйелілік береді.
Географиялық карта оқытылатын ғылыми мәлімет пен танымдық іс-әрекеттер арасындағы делдал қызметін атқарады. Көптеген географиялық нысандар өздерінің көлемімен оқушылар түсінігіне ауыр соғатындықтан, картаны пайдалану арқылы оның түсініктілік деңгейін көтеруге және оқушылардың қызығушылығын арттыруға, ғылыми ұғымдарды меңгертуге жағдай туады.
Карта зерттеу нысанын алмастыруға әсер етіп, географиялық нысандарын бір-бірімен салыстыруға, олардың ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.
Дүниенің сезімді-көрнекті бейнесі туралы мазмұнды гуманизациялау арқылы географиялық құбылыстар мен үрдістерді көрсету адам әрекетіне байланысты қаралады, ал бұл мазмұндық сабақтастықтың логикалық-психикалық және құндылық-мәнділік жайларына сәйкес келеді.
Әрбір сыныпта оқылатын географиялық материалдардың мазмұнында оқушылардың көңіл-күйіне, сезіміне әсер ететін материал енген. Сезім – оқушы үшін осы материалдың маңызын көтеріп, оның оқу әрекетіне және оқытылатын материалға деген қарым-қатынасын анықтайтын психолгиялық фактор болып табылады. Бұрын атап көрсетілгендей, бастауыш мектептегі географиялық білім мен білік пропедевтикалық мазмұны жағынан сабақтастықтың үш түрін есепке ала отырылып, құрылды.
Пропедевтикалық блокта қамтылған мазмұнның сабақтастықты логикалық-психологиялық жағынан сай келуін дәлелдеу толығымен қарастырылады. Географиялық карталармен жұмыс істеу тәсілдері үйрету оқушының жеке тұлғасын дамытуға ықпал етеді, ал бұл өз кезегінде сабақтастықтың логикалық-психологиялық жайымен сәйкес келеді.
Біз қорытындылай келе байқағанымыз географиялық ұғымдар әр уақытта да нақты нысандар, дүниеде бар заттар, көзбен көруге, бақылау жүргізуге мүмкіндік бар құбылыстар төңірегінде болғандықтан, жоғарыдағы көрсетілген модуль бойынша жұмыс істеу қолайлы болып табылады.
Себебі, карта – географиялық материалдарды оқытудың бөлінбейтін біртұтас бөлігі десек те болады. Сонымен қатар, ол логикалық жүйелі ойлаудың, жекебасты дамытудың, білім, дағды мен біліктілікті қалыптастырудың алғы шарты болатын, кеңістіктік жайындағы ұғымдарды қалыптастырудың басты құралы болып есептеледі.
Географиялық ұғым қалыптастыруда атауларды (номенклатураны), көптеген географиялық фактілерді пайдалана отырып, ұғымдарды тиянақты меңгеру мақсаты көзделеді. Ал сол мақсатқа жетудің бірден-бір құралы карта болып табылады.[26.27]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет