Жоспар
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Басы
|
Психологиялық ахуал. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау. Келген қонақтармен 3 тілде амандасу.
Оқушыға парақшадағы суреттер үлестіру арқылы топқа бөлу.
|
Оқушыға жыл мезгілдерінің белгісін көрсететін суреттер тарату арқылы топқа бөлу.
Төрт топқа бөлінеді, «Аққала», «Қар», «Шана», «Шаңғы» топтары
|
Ортасы
|
Экранға назар аударту. «Қыс қызығы» деп аталатын бейнеролик көрсету.
Тыңдалым.
Экраннан не көрінеді?
«Табиғат» дегеніміз не?
Табиғатқа тағы не жатады?
«Бізді қоршаған әлем» туралы балаларда бар білімді анықтау.
|
Бейнеролик «Қыс қызығы»
|
Жұмбақ жасыру:
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.
Электронды оқулық арқылы «Ә» дыбысы және әрпімен таныстыру. «Ә» әрпі неге ұқсайды? Ұқсайтын заттарды атау.
Оқылым.
Ә әрпіне берілген сөздерді оқу.
Жұптық жұмыс.
Оқыған сөздердің бірін параққа жазу және дыбыстық талдау жасау. Бір-бірінің жұмысын тексеру және бағалау.
«Таңда да таста» әдісі арқылы берілген сөздермен жұмыс жасау. Жазылған сөзі оқу және неше буын барын анықтау.
Кері байланыс: «Басбармақ»
|
Электронды оқулық
А4 форматы
Оқулық
|
Жазылым
Дәптермен жұмыс.
Ә әріпін таңбалауды үйрену.
Сергіту сәті.
Оқылым.
Оқулықта берілген «Аққала» мәтінін оқытып, мәтіннің түрін ажырату. (Оқыған мәтінің өлең бе, әлде әңгіме ме?)
Сұрақтар бойынша жұмыс жасау. Сұрақтар:
Мәтінде автордың не туралы айтқысы келеді?
Кім туралы айтқысы келеді?
Оқиға қай кезде болды?
|
«Сауат ашу» дәптері
№3
Электронды оқулық
|
Топтық жұмыс.
1 – топ. Ә әріпінен басталатын сөздерді теріп жаз.
2 – топ. Мәтінде неше сөйлем барын анықта.
3 – топ. Аққала сөзін буынға бөл және дыбыстық талдау жаса.
4 – топ. Аққала сөзін қатыстырып сөйлем құра.
Кері байланыс: «Басбармақ»
|
А3 форматында жұмысты орындап топтар өз жұмыстарын қорғайды.
|
Соңы
|
«Білім» баспалдағы.
Кері байланыс «Білім» баспалдағына оқушылар аққала бейнесін жапсырады. «Жоғарғы баспалдақ» - түсіндім, «Ортаңғы баспалдақ» - түсіндім, бірақ сұрақтарым бар, «Төменгі баспалдақ» - түсінбедім.
Сабақты қорытындылау:
Бүгінгі сабақта біз қай дыбыспен таныстық?
Ә дыбысы сөздердің қай жерінде кездеседі?
Ә дыбысы бар сөздерді атау.
|
«Білім» баспалдағы hhtps://www.youtube.com/ watch?v =OPm-sMVfZSg
|
Қосымша мәліметтер
|
|
|
|