Смакова Айжан Бекбосыновна Осы сабақ



бет1/2
Дата04.10.2020
өлшемі17,31 Kb.
#63973
түріСабақ
  1   2

Сабақ: Әә дыбысы мен әрпі

Қапшағай қаласы, Заречный ауылы № 12 орта мектеп

Сынып: 1 «А»

Мұғалім: Смакова Айжан Бекбосыновна

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну

1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою



Бағалау критерийлері

Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді.

Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады

Мәтінде автордың не айтқысы келгенін біледі.

Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңынына тыныс белгілерін қояды.



Дескрипторлар

Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіре алады.

Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдана алады.

Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңынына тыныс белгілерін қоя алады.

Тілдік мақсат

Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату

Мәтінде не туралы айтылғанын айту

Каллиграфиялық графикалық нормаларды сақтау



Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: табиғат

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Қыс-зима-winter



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. «Табиғат» дегеніміз не?

  2. Табиғатқа тағы не жатады?

  3. Неше мезгіл бар?

  4. Қазір қандай мезгіл?

Не себепті «Табиғат» деп ойлайсыз?

Неліктен «Бізді қоршаған әлем» деп айтасың?



Ишара: «Басбармақ» әдісі

Алдынғы оқу:

Табиғатқа саяхат. З з дыбысы мен әрпі

Айтылым.


Балалар, алдыңғы сабақты еске алайықшы. Ол үшін мен сендерге «Кір жаю» деген ойын ойнауды ұсынамын. Ойнаймыз ба? Ендеше бастайық. Қандай дыбыс өткен едік?

Дыбыс дегеніміз не?

Дыбыс нешеге бөлінеді?

Дыбыс түрлерін ата.

Дауысты дыбыс қалай айтылады?

Дауыссыз дыбыс ше?

Қандай түстермен белгілейміз?

Дыбыстан не құралады?

Буыннан не құралады?

Сөйлем неден құралады?

Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

Кері байланыс «Басбармақ»





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет