Смж 3 дәрежелі құжаты поәҚ поәҚ 042-18-36. 1



бет42/47
Дата01.05.2018
өлшемі22,12 Mb.
#40376
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47

Сабағының биіктігі 10-15 см, мықты тамырсабақты және жер асты өркендері бар өсімдік. Бул тұқымдастың ең ірі туыстарының қатарына қияқөлең (Сагех) туысы жатады. Жер бетінде 1000-нан астам түрлері белгілі, оның ішінде Қазақстанның флорасында 94 тұрі кездеседі. Жабын қабыршақтардың қойнауларында орналасқан дара жынысты, гүлсеріктері жоқ гүлдері масак гүлшоғырын құрайды. Басым көпшілігінің гүлшоғырлары кос жынысты: гүлшогырының жоғарғы бөлігінде аталық, төменгі бөлігінде аналық гүлдер орналасады, кейбір түрлерінде керісінше. Кейбір түрлерінің гүлшоғырлары дара жынысты жэне бұлардың көпшілігі басым бір үйлі өсімдіктер: аталық гүлшоғырлары аналық гүлшоғырларынан жоғары орналасады. Кейбір түрлері қос үйлі өсімдікгер болып табылады.Қияқөлеңдердің аталық масақтарынын кұрылысы қарапайым. Олардың 2 не 3 аталықтан түратын аталық гүлдері жабын қабыршақтардың қойнауларында орналасқан. Жабын қабыршағы, оның осі жэне аталық гүлі қияқөлеңнің аталық масақшасын қүрайды. Күрделі аналық гүлшоғырларының эрқайсысы жеке гүлдерге үқсас қарапайым гүлшоғырларынан қүралады.Күрделі гүлшоғырының эрбір жабын қабыршағының қойнауында күрделі гүлшоғырының осіне карай бағытталған жалғыз жапырағы бар редукцияланған бұтақ (екінші реттік өркен) түзіледі. Жалғыз жабын жапырақтың жиектері кірігіп, қапшық немесе утрикулус деп аталатын іші қуыс орган түзеді. Утрикулустың ішінде дамитын жалғыз аналықтан тұратын аналык гүл үшінші реггік өркен болып табылады. Қапшықтың сыртқы пішіні тар мойынды күмыра тэрізді болып келеді. Аналық гүлдің түкті ауыздары қапшықтың сыртына шығып түрады. Қапшықтың биологиялық маңызы – жемісті сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғап, олардың алыс қашықтықтарға таралуын камтамасыз етеді. Аналық гүлдер аталық гүлдерден ертерек жетіледі (протерогиния). Жемістері жаңғақша. Қияқөлеңдердің көбі сулы немесе суды жерлерде өскендіктен, үрыктанғаннан кейін серіліп өскен ауаға толы қапшықтары (утрикулустері) сумен оңай таралады. Ал, шөлейтті аймақтардағы үрмежеміс қияқөлеінің жеңіл қапшықты жемістері жел арқылы , ал саусақты қияқөлең қапшықтың етженді төменгі бөлігімен қоректенетін қүмырсқалар арқылы таралады. 2-сурет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет