Оқушылардың сабақтағы өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Оқушылардың сабақтағы өзіндік әрекетін ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарға тоқталайық. Бұларды төменде тізіп көрсетпекшіміз. Кез-келген өзіндік жұмыс кез-келген дербестіктің деңгейінде өзінің нақта мақсатын қояды. Әрбір оқушы жұмысты орындау тәртібін және тәсілдерін біледі.
Өзіндік жұмыс оқушының оқи алу мүмкіндіктеріне сәйкес, ал олардың кұрделілігінің дәрежесі дербестіктің бір деңгейінен екінші деңгейіне біртіндеп көшу ұстанымын толық сақтайды. Оқу үрдісінде өзіндік жұмыстың, оның ішінде үй жұмысының нәтижелері, тұжырымдары пайдаланады. Өзіндік жұмыстың түрлері үйлеседі және жұмыстың барысы басқарылуы қамтиды. Өзіндік жұмыстың мақсаты - танымдық қабілеттерді, шешім қабылдау белсенділігін, шығармашылық ойлаудыдамыту. Сондықтан, тапсырмаларды іріктей отырып, оның тек үлгі бойынша орындалатын түрін мейлінше азайту керек.
Жұмыс мазмұны оны формасы оқушылардың қызығушылығынан, жұмысты орындаудағына дейін жекізуге жұмылдыруы керек.
Өзіндік жұмыстар оқушыларды еңбек дағдыларды қалыптастыруды ойластыратындай етіп ұйымдастырылады.
Өткізу формасына қарай өзіндік жұмыстар жеке, жаппай және толық деп бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |