Өзіндік жұмыстардың типтері.
Оқушылардыңөзіндік оқу танымдық әрекетінің деңгейлеріне сәйкес өзіндік жұмыстың төрт типін бөліп көрсетуге болады: үлгіні қайталайтын өзіндік жұмыстар, қайта құрастырушы - жылжымалы, эвристикалық және шығармашылық. Төрт типтің әрқайсысының дидактикалық мақсаттары бар. Үлгіні қайталайтын өзіндік жұмыстар нақты жағдайларды қимылдар тәсілдерін есте сақтау (түсініктер, фактілер мен анықтамалыр белгілерін), дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру, бекіту үшін қажет. Бұл типтегі өзіндік жұмысты орындау үшін әрекеті мүлдем өзіндік емес, өйткені олардың дербестігі өзіндік емес өйткені олардың дербестігі әрекетті қайталаумен, еста сақтауымен шектеледі. Бірақ мұндай жұмыстардың рөлі өте үлкен. Олар оқушының өзіндік жұмысының негізін қалайды. Мұғалімнің әрбір оқушыға жұмыстың көлемін оңтайлысын анықтайды. Басқа типтердегі өзіндік жұмыстарға асығыс түрле көшу оқушыға қажет білімдердің, іскеліктер мен дағдылардың қажет басасын жоюы мүмкін. Үлгі бойынша жұмыста көп уақыт жіберу, оқушыларды оқуға және пәнге қызығу төмендейді, олардың дамуы тежелейді.
Қайта құрушы - жылжымалы типтегі өзіндік жұмыстар бұрын алынған білімдер және мұғалім берген идеялар негізінде берілген жағдайда тапсырмаларды орындауға мүмкіндік табылады. Бұл типтегі өзіндік жұмыстар білімдерді типтік жағдайларға көшіре
алады, оқиғаларды, құбылысты, фактілерді талдуға үйренеді, танымға ұмтылады, ойлау белсендігін дамытады. Бұл типтегі өзіндік жұмыстар оқушының шығармашылық әрекетін одан әрі дамытуға негіз құрайды. Эвристикалық өзіндік жұмыстар белгілі үлгіден тыс жауап іздеу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырады. Оқушы шығару жолдарын іздестіреді және табады. Міндеттерді шешуге оқушының білімі жеткенмен оларды ойша іріктеу оңай емес. Продуктивті әрекеттің осы деңгейінде оқушының шығармашылық әрекеті қалыптасады. Жаңа шешімдерді үнемі іздеу, алынған білімдерді қорыту және жүйелеу, оларды дәстүрден тыс жағдаятқа көшіру оқушыларды дағдылар, іскерліктер мен өзбетінше білім алу қажеттігін қалыптастырады. Эвристикалық өзіндік жұмыстардың түрлері көп болуы мүмкін.
Мектеп практикасында ең көп тараған эвристикалық өзіндік жұмыстарының түрлері өзіндік түсіндіру, көрсетілімді құбылыстыталдау, дэлдемелер, тепе-теңдіктер, есептеулер арқылы тұжырымдарды негіздеу болып табылады.
Мысал ретінде 6-шы сыныптағы физика сабағының үзіндісін қарастырамыз. Алдыңғы сабақтарда оқушылар сұйықтың оған түскен деген әсерін, дененің түзу шартын оқып үйренген, бекіткен. Енді міне мұғалім қарапайым тәжірибе көрсетеді. Мойны жіңішке бөтелке толтырып су кұйылады, пластилинге оттықты орналастырып суға түсіреді. Бөтелкенің аузын саусақпен басып, суды итереді. Оттың суға жаймен орналасады. Сосын ол жоғары көтеріледі, кез-келген тереңдікке тоқтайды, тағы төмен түседі. Сыныптың басым көпшілігі бұған таң қалады. Мұғалім бұл құбылысты түсіндіруді ұсынады. Бұл эвристикалық тапсырма. Бұл шешімнің саусақпен жасалған сұйықтың ішіндегі қысыммен байланысты екеніне бәріне мәлім. Бірақ, бір жағынан бұл қысымның өзгеруі оттыққа тіке қарсы орналасқан, басқа жағынан оның жүзуі өзгеріп тұр ғой. Оқылған формулаға мына қысым симай тұр. Осы сұраққа жауап алтыншы сыныптағыларға көп қуаныш әкелмек. Шығармашылық өзіндік жұмыстар оқушылардың өзіндік жұмыстарының деңгейі болып табылады. Бұл әрекет оқушыға жаңа білім алуға мүмкіндік жасайды, білімдерді өз бетінше іздеу дағдыларын бекітеді. Психологтрдың пікірінше, оқушылардың мәселелік, шығармапіылық міндеттерді шешу барысындағы ақыл- ой әрекеті шығармашылық және ғылыми қызметкерлер әрекетіне ұқсайды. Осы типтегі міндеттер- шығармашыл тұлғаны қалыптастырудың тиімді құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |