Смотреть Тақырып Дидактика –педагогикалық оқу теориясы


Жаңа материалды түсіндіру сабағы



бет28/68
Дата06.05.2020
өлшемі169,65 Kb.
#66136
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68
Байланысты:
О ытуды йымдастыру формалары

^ Жаңа материалды түсіндіру сабағы

Тақырып бойынша өтетін алғашқы сабақты, жаңа материалды түсіндіру сабағы деп атау жөн болар. Орташа сыныптарда ол айтып түсіндіру тәсілі арқылы жүргізіліп, оқу құралын көрсетіп талқылаумен сәйкес келеді. Жоғарғы сыныптарда әңгіме элементтері, тақырыпта мәселелік баяндаумен сипатталатын ол лекция түрінде өткізіледі.

Бұл сабақтың өзіндік ерекшеліктері бар. ^ Сабақтың мақсаты - таңырыпты толығымен талқылау. Мұндай сабақтарда оқытушы әдетте материалды үш рет түсіндіреді. Алғашында ол оқушыларды тақырып мазмұнының қысқаша жоспарымен, басты сұрақтарымен таныстырады. Оқушыларға қалай конспект жасау жөнінде ақыл айтады. Нәтижесінде оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығы артады. Содан кейін тереңдетілген түсіндіру басталады. Ол әдетте көрнекті материалдармен қоса, тәжірибені көрсетумен, эксперимент қоюмен қатар жүреді. Нәтижесінде оқушылар естігенді дәлелдеу үшін мысал келтіріп, оларды талдау жөніндегі әңгімеге қатысады. Өзінің талқылауына

мәселелелік мінез қосып, оқытушы оқушыларды оқу әдебиетіне тартады.Жаңа білгенді ескімен байланыстырып, яғни алдында менгергенді өзекті етеді.

Сабақтың бұл бөліміне көп уақыт бөлінгендіктен, оқытушыга ең басты қиындық болып негізгіні іріктеу, материал мазмұнының басты бөлігін оқушыларға жеткізу болып табылады.

Сабақтың аяғында мұғалім 7-10 минут тағы да айтылғанның мазмұның қысқа түрде қайталап, сонымен қатар оқушылардың нені дәптерлеріне жазып алулары керектігін айтып кетеді; оқушыларға семинар сабағына дайындалу үшін әдебиет тізімін береді.

Сонымен лекция сабағында оқушылардың жалпы тақырыппен танысуы ғана өтеді. Алда бұл материал оқушылардың басты назар аударатын мәселеге айналады. Яғни семинар сабағында толығымен талқыланады. Бұл лекция сабағының сабақ жүйесіне тән алғашқы мәселесі. Ал екінші мәселесі ол, оқушылардың бүкіл сабақ бойында сабаққа белсенді қатысуы. Сабақ бойы сынып белсенді жұмыс жасайды да, үй тапсырмасын тексеруге уақыт кетпейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет