Смотреть Тақырып Дидактика –педагогикалық оқу теориясы


Оқушылардың сабақтан тыс кезде жасайтын жұмыс формалары



бет36/68
Дата06.05.2020
өлшемі169,65 Kb.
#66136
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68
Байланысты:
О ытуды йымдастыру формалары

Оқушылардың сабақтан тыс кезде жасайтын жұмыс формалары.

Оқушылардың сабақтан немесе сыныптан тыс жұмыс түрлері айрықша мәнге ие. Бұл кез-келген пәндік үйірмелер, ғылыми қоғам, өре бәйгелер, конкурстар және т.б. Оқушылардың барлығы да бұған өз қалауымен қатысады оқушылар құралы, және оқу сыныбы жағынан біркелкі емес. Оларға басшылықты пән мұғалімдері, білімнің түрлі салаларынан шақырылған мамандары ісін асырады.

Пәндік үйірмелердің мазмұны бағдарламалардың жекелеген мәселелерін бағдарламадан тыс материалды, ғылым даму тарихындағы жеке қайраткерлер үлестері, техника саласындағы моделдеу, биология, ботаникадан тәжірибелік жұмыстар, ғылымдармен кездесу және тағы басқалары тереңдетіп оқытумен байлаыысты.

Жекелеген мектептерде тіпті оқушыларды жазушылар, мәдениет қайраткерлерімеи кездестіруді ұйымдастыратын ғылыми қоғамдар да құрылады.

Осындай ұйымдасқан жұмыстардың арқасында мектеп оқушылары өздерінің танымдық және шығармашылық талап-тілектерін қанағаттандырады, шығармашылық әлеуметін дамытады, мектептегі олимпиада, конкурс, көркемдік және техникалық көрмелерге қатысуға, қысқасын айтқанда, дарынды, қабілетті балалардың шығуына ықпал етеді. Сабақтан тыс оқыту дәрістердің оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні бар. Олар әр түрлі және оқытушыдан кең ой-өріс, шығармашылық шеберлікті талап етеді. Мысалы, Мәскеу қаласының № 825 мектебінде белгілі бір (Даниель Дефо, Ломоносов) секілді ұлы адамдардың мерейтойына орай танымдық шығармашылық жұмыстар өткізіліп тұрады. «Робинзонада - 86» 4-7 сынып. Сынып жердің халық аз орналасқан ауданына барып тұрып, өмір сүріп, сол жайында сабақта айту үшін экспедицияға шығады. Экспедицияны өткізу үшін оқушылар аталған аудан туралы деректермен танысады, құжаттар жинайды, күнделіктер жүргізеді. Экскурсиядан қайтқан соң пресс-конференция өткізеді.

Ломоносовтың мерейтойына орай тақырыптық кеш - бұл төменгі сынып оқушыларына арналған экскурсия. «Не? Қайда? Қашан?» - орташа сыныптар. Жоғарғы сынып оқушылары - «Мәскеу - Архангельск - Холмогоры – Мәскеу» тақырыптарында экспедиция ұйымдастырды, нәтижесінде көрме, есеп беру, конференция өткізіледі. Ай бойы дидактикалық театр, яғни кез-келген білім саласы бойынша алынған қойылым құрып, көрсетеді.

Ұйымдастырудың бұл түрлері мектеп оқушыларына өмірді терең тануына, шығармашылық қабілетін дамытуына, рухани баюына, қосымша мәлімет ала отырып өзін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет