Смотреть Тақырып Дидактика –педагогикалық оқу теориясы


Оқытуды ұйымдастырудың басқа да формалары



бет34/68
Дата06.05.2020
өлшемі169,65 Kb.
#66136
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68
Байланысты:
О ытуды йымдастыру формалары

8.6 Оқытуды ұйымдастырудың басқа да формалары.

Жоғарыда айтылып өткен оқытулар жүйесі, шынайы педагогикалық практикада (тәжірибеде) оқыту үлгілерінің көптеген түрлерімен толықтырылады. Оған сәйкес оқыту (формалары) экскурсия, зерттеу топтары, зертханалар, экспедициялар, үйірмелер, клубтар, олимпиада, конкурстар, көрмелер, еңбек ұйымдары, өнер тапқыштар секциясы, юнаттар, конструкторлық бюро, үлгі дайындау цехтары т.б. жатқызуға болады. Енді солардың бірнешеуіне сипаттама беріп, олардың сабақ жүйесімен байланысын көрсетіп берейік. Экскурсия

Экскурсия - мектептегі оқу үрдісі мен шынайы өмірді біріктіретін, оқушылардың әлі қалыптаспаған дүниетанымына қоршаған табиғи ортаның құбылыстарын танытатын оқытуды ұйымдастырудың бір формасы. Экскурсия сабағы жүйесінде маңызды дидактикалық қызметтер қатары бар.

  • оқытудың көрнекілендіру ұстанымы жүзеге асады.


  • оқытудың ғылымилығы жоғарылайды және оның өмірмен байланысы нығаяды;


  • Оқушының технологиялық ой-өрісі кеңейеді. Оларға ғылыми білімін өнеркәсіп және ауылшаруашылық өндірісте қолдануды бақылап, танысуға мүмкіндік туады.


• Мектептегі кәсіпке бағдарлау жұмысында маңызды рөл ойнайды.


Дидактикалық мақсатына байланысты экскурсиялар: жаңа материалды игеруге

кіріспе,оның игерілуін қамтамасыз ететін,игерілген материалды бекітетін қорытынды болып 3-ке бөлінеді. Өзінің пәндік мазмұнына қарай олар: өндірістік, табиғи-ғылыми, тарихи-әдеби, өлкетану болып бөлінеді.

Кей жағдайда бір ғана экскурсия бір уақытта, бірнеше оқу пәндерін қамтиды. Мұндай экскурсиялар кешенді (комплексті) экскурсиялар деп аталады. Бұндай экскурсия кезінде оқушы объектіні толығымен танып, меңгеру мүмкіндігіне ие болады. Мысалы, химия, физика, математикамен байланысты экскурсияны әйнек зауытында біруақытта өткізуге болады. Бұл экскурсия кезінде физик оқушыларды әйнек өндірудегі электроэнергияның қолданылуымен таныстырса, химик- химиялық қоспалар мен заттарды алу әдістерімен, ал математик- кәсіпорындарда өзінің ғылыми білімін пайдалануды түсіндіреді.

Өткізілетін экскурсиялардың көп бөлігі материалды бағдарламалық оқытуды меңгертумен байланысты, олар барлық оқу жылына жоспарланады және мектептегі сабақтан тыс, белгілі бір бөлінген уақытта өткізіледі. Олардың бірқатар оқушыларға жаңа материалды меңгертуге багытталса, тағы бірқатары ертеректе яғни бұрын өткізілген материалды қайталап, білімін нығайтуға бағдарланған.

Қорытынды экскурсиялар оқушының белгілі бір тақырып немесе белгілі бір бағдарламаның бөлімі бойынша алған білім қорытындылайды. Экскурсия өткізу әдістемесінде 3 блокты бөліп қарастырады:

1. экскурсияны дайында; оқушыларды таныстырылатын объектіге алып шығу және сабақ тақырыбындағы материалды бекіту, нығайту; экскурсия материалдарын қайта қарап тексеру және оның қорытындыларын шығару;

Кез келген экскурсияның сәтті болуы оның мұқият ұқыпты дайындалуына байланысты (егер экскурсия кешенді болып табылса). Дайындықтың құрамына (мазмұны) мұғалімнің экскурсия өтетін объектіні мұқият меңгертуі мен оны өткізуі жатады экскурсияға дайындыққа белгілі бір мақсаттары мен міндеттерін және экскурсияның мазмұнын анықтау; әсіресе мамандар дайындауға айрықша көңіл бөлу керек. Оларға ерте

бастан экскурсияның қай қырына мән беру керектігі туралы нұсқаулар мен ұсыныстар

беріледі.

Экскурсияны өткізу барысында оқушылардың да дайындықтарына үлкен мән беріледі.

Экскурсияның жоспары оқушының қызығушылығын арттыратындай деңгейде

жасалынады.

Жоспармен жұмыс жасау барысында оқушыларға бақылау жасау міндеттері бөліп беріледі

де экскурсияға жиналғандарға (блокнот, карандаш, өлшеу құралдары, фотоаппарат,

кинокамералар) секілді заттарды таңдату анықталады.

Экскурсияға шығар алдында өзара әңгімелесу, пікір алысу болады, тапсырмалар

нақтыланады, экскурсияның формасы, өткізілу тәртібі, мерзімі, экскурсияға бөлінген

уақыт, есеп беру құжаттары мен материалдар анықталады, төменгі сынып оқушылары

үшін экскурсия уақытындағы тәртіп мәселесі қарастырылады. Бұл кезде техника

қауіпсіздігін сақтау ережелеріне ерекше мән беріледі. Экскурсияға бөлінген уақыт жүрген

жолды есептемегенде 40-45 минуттан 2-2 жарым сағатқа дейін созылады. Ол

экскурсияның объектісінің сипатымен, мақсатымен, мазмұнымен анықталады және оның

сапасы мұғалімнің іскерлігіне, оқушылардың белсенділігін арттырудағы шеберлігіне,

оқушылардың ізденістік-танымдық қырынан ашылуына, олардың алдына мәселелік

мәселелерді қоя білуіне, экскурсияға деген қызығушылығын оята білуіне байланысты

болады. Экскурсия уақытында оқушылар үнтаспалар, сызбалар, фотосуреттер жасайды.

Экскурсия мұғалімнің оқушылармен біріге отырып көрген-білген, естігендерін ортаға салып, пікірлесуімен аяқталады. Игерілген тақырыпты жүйелеп, бөлімдерге бөліп, оқушының алған әсерлерін анықтап, оларға шығарма жазу, баяндамалар дайындау, альбом құрастыру, газетке арнайы мақалалар беру, гербарий және коллекция жасау, мектеп көрмелеріне, музейлерге материалдар дайындау секілді шығармашылық тапсырмалар беріледі. Тарихи-әдеби экскурсиялар оқушыларды көрме ұйымдастыруға, конференциялар өткізуге талаптандыруға шақырумен аяқталады.

Өткізілген экскурсияларды ретке келтіру мақсатында мектепте экскурсия жоспары кұрылады. Оған сынып жетекшісінің жоспары бойынша дайындалған оқу, сонымен қатар сабақтан тыс экскурсиялар жатады. Алайда, қандай да бір экскурсия өткізілгенмен де, егер оның өткізілуі қажетті педагогикалық сұраныстарды қанағаттандырса, онда бұл экскурсия оқушының білім жинақтауына, мұқияттылық, ұқыптылық, мәдениет, эстетика секілді адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруіне ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет