Смотреть Тақырып Дидактика –педагогикалық оқу теориясы


Зертханалық-практикалық сабақтар



бет30/68
Дата06.05.2020
өлшемі169,65 Kb.
#66136
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68
Байланысты:
О ытуды йымдастыру формалары

^ Зертханалық-практикалық сабақтар

Семинар сабақтары сияқты зертханалық-тәжірибелі сабақтар да алуан түрлі болады: есеп шығару сабағы, әр түрлі жаттығуларды орындау сабағы, практикумдар, сахналық сабақтар, кішкене қойылымдарды қою сабақтары және т.б. Осы сабақтардың басты белгісі, оқушылардың білімін олардың тәжірибелі және қоғамға пайдалы іскерлігін біріктіру болып табылады. Яғни оқушыларды өз білімдерін өмірде қолдануға үйрету.

Біз білетіндей, мектепте бұл мәселені шешуді мұғалімдер оқушыларға міндетті түрде оқу керектігі жөнінде айту арқылы шешеді. Болашақ өмірдегі бұл білімдердің көмегі аса керек екендігі жөнінде айтады. Бірақ бұл мақсат оқушыларды аса қызықтырмайды. Сондықтан оқушының жаңа материалды өмірде қолдануға үйрететін жол керек. Бұл жолды көптеген жақсы мамандар тапқан. Материалмен танысқаннан кейін олар оқушыларға осы тақырып бойынша тапсырмалар береді. Бұл тапсырмалар сабақтан тыс орындалып, дәстүрлі тақырып бойынша берілген үй жұмысын айырбастайды.

Бұл тапсырмалардың маңыздылығы, практикалық мәселені жаңа теориялық білімдерді қолдану арқылы шешуінде. Мысалы, белгілі бір жер бөлігіндегі өнімді арттыру үшін, химиялық тыңайтқыштарды қолданудың тиімді жолын табу кепілдемесін құру деген тапсырма болуы мүмкін. Мұндай тапсырмаларды экологтарға ұсынуға болады.

Химия пәнінің дарынды ұстазы, зерттеуші Н.П.Гузиктің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, тақырып бойынша берілген тапсырмалар пәнаралық сипатқа ие. Олар оқушыларды тапсырманы орындау кезінде химиядан, орыс тілінен және т.б. пәндерден алған білімдерін ғана емес, сонымен қатар биология, экономикалық география, сызу сабақтарынан алған білімдерін қолдануға ынталандырады.

Ұйымдастыру жағынан бұл тапсырмаларды орындау үшін оқушылар топтарға бөлінеді және қатар жүреді. Топтар оқушылардың өз таңдауларымен құрылады. Құрамында 4-6 адам болады. Оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес олардың міндеттемелері бөлінеді. Ең алдымен ең белсенді баланы топтың басшысы етіп таңдайды. Сонымен қатар тапсырманың мазмұнына сәйкес топта, айталық, агроном, технолог, экономист, кейде суретші тағайындалады. Топтардың тапсырмалары бірдей не әртүрлі болуы мүмкін.

Бұл ұжымдық іскерлік, жұмысты бөлісіп істеуге және бәсекелестіктің рухының тууына алып келеді. Сонымен қатар әрбір оқушының жұмыс нәтижесі оның топтастарының жұмысына байланысты болады, бұл жерден тәрбиелеу әсері туындай, нәтижесінде оқушыларды бірігіп жұмыс істеуге дағдыландырады. Топтар мұғалімнен кеңес сұрап, жүйелі түрде жиналып, жұмыс барысы жөнінде әңгімелеседі. Оқушылар бір- біріне есеп беріп, тәжірибелерімен бөліседі.

Тақырыптық тапсырмалармен жұмыс істеу сабақтан тыс өтеді. Бұл жұмыстағы ең басты мәселе, бар білімді жаңа мәселені шешу үшін қолданып, оларға жаңа білімді қосу. Тақырыптық тапсырмаларды орындау жұмысы оқушылардың есеп шығару жұмысымен қатар, кейде қиылысып өтеді. Бұл тақырыптық тапсырмалармен жұмыс істеудің одан әрі дамуына түрткі болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет