^ Оқытудағы өзіндік жұмыстар түрлері. Оқыту практикасында өзіндік жұмыстың әрбір типтегі жұмыстардың мұғалімдердің сабақта және сабақтан тыс дәрігерде өте көп түрін қамтиды. Олардың ең көп тарағандары мен тиімділерін атайық.
Кітаппен жұмыс. Бұл оқулықтағы мәтінмен және графикалық материамен жұмыс; мәтіннің бөлігін негізгі мазмұнын баяндау; Оқылған мәтін бойынша жауаптың жоспарын құру; мәтіннің қысқаша конспектісі; мәтінге алдын-ала қойылған сұрақтарға жауап; бірнеше тармақтардың материалын талдау, салыстыру, қорыту және жүйелеу. Білім көздерінен. Анықтағыштармен және ғылыми көпшілік әдебиетпен жұмыс, оқылғанды конспектілеу, мазмұндау.
Жаттығулар: үлгі бойынша орындалатын жаттықтырушы; қайта құрастыру жаттығулары; көптеген есептер мен сұрақтарды құру; оқушылардың жауаптарына пікір жазу, олардың сабақтағы әрекетін бағалау; практикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыратын жаттығулар.
Түрлі есептерді шешу және практикалық, зертханалық, жұмыстарды орындау.
Түрлі тексерістік өзіндік жұмыстар, бақылау жұмыстары, диктанттар, шығармалар.
Баяндамалар мен рефераттар даярлау.
Табиғатқа экскурсиялар мен оны бақылауларға байланысты жеке және топтық тапсырмаларды орындау.
Үйдегі зертханалық тәжірибелер мен байқаулар.
Техникалық модельдеу және құрыстыру.
Тізімен өзіндік жұмыстардың қөпшілігі оқушылардың өзіндік әрекетінің әр түрлі деңгейлеріне құрылуы мүмкін, яғни жоғарыдан төрт типтің біреуіне жатуы ықтимал. Әртүрлі дидактикалық мақсаттағы өзіндік жұмыстар шығармашылық мұғалімнің иелігінде болып отыр. Өзіндік жұмыстардың көптурлілігі олардың өткізудің реті туралы нұсқауларды жоққа шығармайды. Бірақ кез-келген жұмыс оқушылардың әрекет мақсаты мен тәсілін сезінуден басталуы керек. Бүкіл жұмыстың тиімділігі осыған байланысты. Озат мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, олардың шеберлік деңгейінің негізі белгілерінің бірі жұмыста оқушылардың білім ару мүмкіндіктерін есепке алатын, бірін-бірі толықтыратын өзінідік жұмыстардың көп түрлерін пайдалану болып табылады.
Бүгінгі нашар сабақта оқушылардың уақытты бос өткізіп, жұмыс істеуімен сипатталады. Үлкен шеберлік иелерінің сабақтарында оқушылардың сабақтың көп бөлігінде түрлі езіндік жұмысты атқарады.
Өзіндік жұмыста ұйымдастыру практикасын байқау және оқушылардың сондай жұмыстардың орындау нәтижелерін талдау бұларды ұйымдастырудағы кездесетін кемшіліктерді бөліп көрсетуге мүмкіндік жасайды:
жұмыстарды ұйымдастыруда жүйе жоқ, олар мазмұны саны, формасы жағынан кездейсоқ;
ұсынылған дербестік деңгейі оқушының білім алу мүмкіндіктеріне сәйкеспейді; тапсырмаларды іріктеуде жеке тапсырмаларды іріктеуде жеке тәсіл көмескі көрінеді;
өзіндік жұмыстар біркелкі, олардың өткізілу уақытының ұзақтығы осы сынып үшін қолайсыз;
Тапсырма орындағанда оқу есептерін шешкенде және барлық қимылдарды дұрыс орындауда оқушылар обьекті немесе құбылысты өз бетінше түсіндіріп жазып бере алуы үшін мыналар керек;
тапсырманы оның яғни толық немесе жинақталған сипаттама деп дәл көрсетілуі керек;
байқау обьектісін модель, сызба, сурет, үлгі ретінде немесе өзін көрсету; егер құбылыс оқып-үйрететін құбылыс болса, оның дамуын сөзбен карталар, суреттер, сызбалар арқылы сөзбен сипаттау керек;
барлық бұрынғы түсініктерді беру керек-обьектінің және оның кұрасдастар бөліктерінің аттары, оның ішінде терминдер, шартты белгілер, кодтар беріледі;
оқушылардың обьектінің ұқсастықтар мен айырмашылықтарын ажырата білетін бағдарларды анықтау керек; керек болса қандай белгілер ді қайдан іздеу керек екенін айтып көмектесу қажет. Кейбір мысалдар келтірейік. Мысалы, оқушылар тарих сабағында "соғыс" деген түсінікпен танысқан соң, оқушылар кұл иеленушілік дәуіріндегі соғыстың толық сипттамасы беруі керек делік. Бұндай да мұғалім оқушылар алдына міндеттерді қоя отырып, төмендегілерді баяндауы керек:
соғыстың болған жылын, оған қатымушыларды, күштерін, негізгі кезеңдерді, шайқастарды, нәтижелерін;
тарихи құжаттардан, көркем әдебиеттен үзінділер оқиды, мүмкін болса, оқу және көркем фильмдер үзінділерін көрсетеді;
негізгі түсініктер тізімін, тарихи қайраткерлер, әскери басшылардың, қалалардың, шайқас болған жерлердің аттарын береді;
осы соғыстың бұрын оқып үйретілген соғыстарға ұқсас белігілерін, сондай-ақ мәнде ерекше белгілерін - соғыстың сипаты, көлемін, уақтысын, шайқастардың ерекшелігін іздестіру жолдарын көрсетеді. Осы сияқты география сабақтарында да оқушыларды географиялық аймақтың табиғаты туралы әңгіме құрастыруға даярлау қажет; биология сабағында - өсімдік немесе жануар өмірін сиппаттауға; физика немесе химия сабақтарында - приборларды, техникалық немесе химиялық құралдарды сипаттуға дайындауы керек. Оқушыларды бұрын сипаттаған обьектіні немесе кұбылысты түсіндіруге арналған тапсырманы орындауға даярлаумынадай кезеңдерден тұрады. Мұғалім: - обьекті немесе құбылыстың құрамдас бөліктері мен жақтары арасында тұрақты байланыстар мен
қатынастарды танып білуге бағдарлар береді; бұл байланыстардың себеп-салдарлық, қызметтік, байланыстарының сипаттарын, олардың әрекет ету шектерін көрсетеді.
Байланыстардың немесе қатынастардың тұрақты сипатын көрсету мақсатында (дәл ғылымдарда-есептеулер, өлшеулер, құрылымдар), осы обьекті моделін немесе құбылысты бұрынғы оқылғандарға өлшеп тізіп көрсету;
Осы байланыстарды логикалық түрде сөйлемдерде жазудың мүмкін тәсілдерін -сөйлемнің логикалық сызбаларын, олардың баламаларын, кодтау тәсілдерін көрсетеді.
құрастырылған сөйлемдерді негіздеудің типтік тәсілдерін, қажет болса дәлелдеудің, оның логикалық сызбасының типтік тәсілдерін көрсетеді;
дәлелдеуге керек түсініктердің және аксиомалық қағидалардың тізімін береді. Оқушыларды құлиелену дәуіріндегі соғысты тарих сабағында түсіндіру тапсырмасын орындағанда, ол былай өткізіледі. Мұғалім соғыстың сипатын және себептерін, сондай-ақ соғысушы жақтардың жеңілу немесе жеңу себептерінтүсіндіру міндетін қояды;
соғысушы елдердің қоғамдық құрылыстары мен соғыстар сипаты арасындағы байланысты соғыстың себептерін, жеңіс немесе жеңіліс себептерін тануға бағыт береді;
қандай белгілері бойынша әділетті немесе әділетсіз соғыс екенін ажырату белгілерін естеріне түсіреді, осы белгілерді жаңа оқып-үйреніп отырған соғысқа қолданып көру тапсырмасын береді; соғыстардың типтік себептерін көрсетеді, осы себептердің казіргі оқылып отырған соғысқа тән себептерін анықтауды ұсынады.
Табылған заңдалықтарды көрсететін сөйлемдердің логикалық сызбасын береді:" соғыс(әділетті, әділетсіз... сипат алады", " соғыстың негізгі мақсаты-... (бөтен жерді , құралдарды, байлықты басып алу, саудадағы бәсекелесін құрту және т.б., "жеңстің негізгі себептері(қарсыластар әлсіздігі және бытыраңқылығы)"; саяси, әскери, экономикалық. "жеңілістің себептері...
Дәлелдемеге қажет түсініктер мен аксиомалық қағидалар береді. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қатысты сұрақтар тек қана оқушылар танымдық дербестіктің жоғары деңгейін меңгергенде ғана мүмкін болады. Сонымен, қазіргі мектептің оқу үрдістеріндегі оқушылардың өзіндік жұмысын ескере отырып, мұғалім өзіндік жұмыстың тиімділігін арттыруға қажет барлық жағдайды жасауы керек. Олардың ең маңыздылары:
өзіндік жұмыстың түрлерінің күрделілік дәрежесіне және ақыл-ой белсенділігін ынталандырылуына қарай біртіндеп ендірілуі;
тапсырмаларды орындауға оқушылардың даярлығының міндеттілігі.
әрбір оқу пәнін оқытқанда өзіндік жұмыстың көптүрлілігі;
өзіндік жұмысты белгілі бір қиындық деңгейінде орындауға оқушылардың қызығушылығын ояту;
тапсырмаға қажет ақпаратты алу көздерімен оқушыларды таныстыру;
қажет болғанда мұғалімнің оқушыға көмек көрсетуі;
жұмысты орындағанда оқушының өзін өзі бақылауына үйрету;
мұғалімнің оқушылардың өзіндік жұмысын тексеруінің міндеттілігі.
1. Өзіндік жұмыс туралы толығырақ ақпаратты мына жұмыстардын аласыз. Қараңыз: Есипов Б.П. Самостоятельная работа учащихся на уроке. М: учпедиц, 1961; Пидкасистый П.И. Самостоятельная познавательная деятельность школьников в обучении. М: Педагогика, 1980.
Достарыңызбен бөлісу: |