8.7 Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: сабақ жүйесін тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарды әрбір сабаққа нақтылап ойластыру, басқа да жеке сабақтардың жоспарын құру.
^ Тақырыптық жоспарлау. Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір бөлімінде, оқу-тәрбие үрдісінің сабақ жүйесінде білім жетілдіруді анықтаудың ең қолайлы тәсілі. Бұл жүйеге дидактикалық негізгі мақсатқа байланысты, әр түрлі сабақтар, сонымен қатар оқушылармен сабақта және сабақтан тыс жұмыс жасауды ұйымдастыру кіре алады. Тақырыптық жоспарлаудың сәтті болуы мұғалімнің оқушыға берілетін білім қаншалықты дәрежеде, олар не меңгеріп, үйренуі керектігін нақты анықтауына байланысты. Сол себепті де тақырыптық жоспарлау мұғалімнің белгілі бір тақырыпты қамтып, мұқият дайындалуынан басталады. «Оқушылардың тәрбиесі, дамуының нәтижесі сабақта бірден байқалмаса, бұл мәселелерді ұзағырақ уақытқа жоспарлау қажет» (Ильина Т.Н. Педагогика М, 1984 с. 363-364).Тек осындай алдын-ала жұмыстың нәтижесінде тақырыптың жоспардағы "пайда болған " сабақты көруге болады.
Тақырыптық жоспарлау жүйесін барынша сәтті, ғылыми тұрғыда ұсынған отандық педагог М.И. Махмутов болды. Бұл жүйенің мазмұны төмендегідей: Тақырыптық жоспарлаудың сызбасы.
Сабақ нөмірлері
|
1 -ші сабақ
|
2-ші сабақ және келесі сабақтар
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |