9.2. Оқушылар білімін әділ тексеру мен бағалауға әсер ететін факторлар
Мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің оқушылар білімін ауызша және жазбаша жауаптарын тексеруде бағалауда. Білімдерін жүйелеу, тексеру барысында және қателерін тексеру барысында едәуір сәйкеспеушіліктер байқалады байқалады. Бір мұғалім қатені аса
үлкен қатаң десе, екіншісі - қанағаттандыратын десе, үшшшісі - тшті қате деп те санамайды. Сөйтіп, дқрыс, әрі толық жауап берілген жазбаша жұмысты, мысалы биология пәнінен, оқытушы беске деп бағаласа, екіншісі - төртке, ал басқалары тіпті үшке де бағалауы мүмкін. Кейбір мұғалімдер оқушы берген жауапта орфографиялық қателерге, биологиялық терминдер болса да, аса көп көңіл бөлмейді. Ал кей мұғалімдер тура осы қателер үшін оқушы бағасын төмендетуі де мүмкін. Мұндай бағалау түрі гуманитарлық пәндерге және математикалық жаратылыстану пәндеріне тән болып табылады.
Білімді тексеру барысында нақты жалпыға бірдей мақсаттардың қатып қалған ережелердің орындауы міндетті емес. Себебі, оқытудың басты мақсаты: ғылым негіздерінен берік білім беру, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, оқушылардың танып - білу белсенділігін дамыту, әлемге көзқарасын және т.б. дамыту болып табылады. Тек, белгісіз бір жайт, оқушылардың осы қабілеттерді қандай тапсырмалар, сұрақтар, жаттығуларды орындауы көрсету үшін керек.
Бағалауға әсер ететін тағы бір фактор - бұл әр түрлі тексеру обьектілердің болуы жолдары. Бір мұғалімдерге бағалау обьектісі - оқушылар қабылдаған негізгі фактілік материал болса, екіншілерге - сол алған білімді тәжірибеде қолдану қабілеті болса, үшінші мұғалімге - жаңа міндеті шешуге қабілеті және т.б. маңызды болып келеді. Әрине, жауапты беруді бағалаудың түрлі жақтары бар және тексеру жұмыстарын жүргізудің жүйесі жасалуда.
Білімді тексеру мен бағалау білім жүйесін дәрежесін тексерудің әдістерінің жеткіліксіздігіне байланысты. Тақырыпты, курсты немесе оның қандайда бір бөлімдерін бағалау, не болмаса тексеру жаңа тақырыпты толығымен өтпей — ақ іске аса алады. Жауаптың сапасы мен реттілігі әрбір мұғалімнің қалауы бойынша тағайындалып, тіпті дұрыс болмауы мүмкін. Бүкіл тақырыпты қамту үшін қанша сұрақ қойылуы тиіс, тапсырмалардың диагностикалық бағалығымен салыстыру болып келетіні белгісіз жайт. Осы тексеру әдістері өзіндік тиімді және тиімсіз жақтарына ие.
^ Ауызша тексеру барысында оқушы жауабын нақты білу мүмкін емес. Сондықтан мұндай жауабының сапасын беруді бағалау оңайға тимейді. Мұғалім оқушының жауабына тез көңіл бөліп, керек болса сұрақ қойып, жауабын толықтыруды талап етіп, оқушымен ылғи да қарым — қатынас жасап отыруы тиіс. Мұның барлығын сабақ үстінде істеу өте қиын және де бұл ауызша сұрау кезінде де оңай емес.
^ Жазбаша тексеру ауызшаға қарағанда жеңілдірек болғанымен өзінің қиындықтары да бар. Мұғалім оқушының жауабын тура бақылай алмайды. Осыған байланысты оқушының жауабын бағалау қиынға түседі. Жазбаша жауап өзіндік ережелермен реттелетін, бұл оның сапасына ықпал етеді. Ойды жазба түрде жеткізу оқушыдан тек тақырыпты жетік білуді ғана емес, басқа да нәрселерді талап етеді. Ал кей кездерде оқушы бұны білмеуі де мүмкін, бұл да бағалауда өз орнын табады.
Сонымен қатар, білімді тексеру мен бағалаудың тәжірибеде жеткілікті орында болмауы, сабақ түсіндіру тәсілдерінің дұрыс жүргізілмеуі, мұғалімнің пэнге деген және сыныптағы жұмысқа жетік көңіл бөлмеуіне байланысты болуы мүмкін.
Оқушылардың бағалары мен білім деңгейінің айырмашылығы жоғарғы оқу орындарына түсу алдындағы емтихандарда байқалады. Осы кезде мектеп білімі мен оқуға түсудегі білім талаптары айқын көрінеді. Оқуға түсу үшін тапсырылатын емтихан мен тексеру емтихандары оқушылардың белгілі уақыт ішіндегі білімін тексеріп, олардың болашақтағы жетістіктеріне ықпал етпейді. Көп уақытта болжам жасау әлде - қайда маңызды, себебі нәтиже қандай уақытта болмасын лезде өзгеруі мүмкін. Бірқатар елдерде оқушылардың болашақ табымтарын арнайы интелектуалдық текстер арқылы болжау мақсатында олардың жалпы дамуы тексерілінеді. Зерттеушілердің пікірінше, мұндай тапсырмалар емтихандардың дәстүрлі жүйесіне қарағанда оқушының болашақ жетістіктерін сенімді түрде болжауға мүмкіндік береді.
Психологиялық құбылыстар, мұғалімнің толық және әдейі дайындығы, әсіресе оның жеке басының жауапкершілігі туралы айтпай кетуге болмайды. Осының барлығы
білімді тексеру мен бағалаудың нәтижесіне тікелей әсер етеді. Мұғалімдердің бағаларды санау нәтижесінде бір мұғалімде оқушылардың көбі жақсы баға алса, екінші мұғалімде -қанағаттандырмайтын бағалар көп болса, үшіншісінде - бағалар саны әр түрлі, әрі тепе -тең болып келеді. Оқытушының жеке басының сапасы білім беру кезінде ықпал тигізсе? Тексеру мен бағалауда да ықпалын тигізеді.
Мұғалімнің бағасы мен оқушы келіскен жағдайда ғана байланысты жақсы тәрбиелік нәтижеге әкеледі. Шын мәнісінде, оқушылар өз білімдерін бағалауда мұғаліммен ылғи келісе бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |