9.6 Оқушының төмен үлгермеушілігі
Оқушының үлгермеуі - бұл оқушының оқу жүйесінде, білімді оқыту бағдарламасы мен білім стандарттарындағы білім беру мазмұнының меңгеру деңгейін қала беруі арқасында дұрыс білім ала алмаған және соның салдарыыан ары қарай толық оқу мүмкіндігі болмай қалу үлгерімі нашар оқушылар мектеп бағдарламасындағы тақырыпты қабылдай алмайды сынып және үй тапсырмасын орындай алмайды, сабаққа деген қызығушылығын жоғалтады. Дер кезіыде көмекті көре алмаған баланың жеке өмірі өзгеріске түседі. Мектеп оқушысында осыдан оқуға, оқытушыға деген бұрыс қарым - қатынас пайда болады. Ақырында, олар өздерін жаман ұстап, сыныпты ыдыратып отырады, кей уақытта мектепті тастап, қиын жас балалар қатарын толтырады.
Оқушының төмен үлгермеушілігі белгілі бір ішкі және сыртқы себебтерінен пайда болады, оған өмірдің әлеуметтік -экономикалық жағдайының дұрыс еместігі, оқушының
біліктілігінің жетіспеушілігі, оқыту – тәрбиелік жүйенің дұрыс ұйымдастырылмағандығы, бала жүрегіне жеке жол таба алмауы, оқушыға басқа күштердің салмағы түсуі себеп болады.
Мектеп оқушысының үлгеріміне кейбір әлеуметтік себептер : әр түрлі қызметтердің бұзылуынан (есту, көру, сөйлеу қабілеттері) және тұқым қуалау, туғаннан пайда болған, жүре пайда болған, аурулар тұлғалық және ақылдың өсуінің қалып отыруы әсер етеді.
Оқушылар оқытудың мақсаты мен міндеттеріне тапсырма мен мақсатқа жету үшін, жоғары үлгерім алу үшін оқытушы не істеу керек ?
Бәрінен бұрын оқушылардың үлгеріміне әсер етіп тұрған теріс себептер мен жағдайларды анықтап, сол себептерді жою мүмкіндігін анықтау керек
Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың үлгерімінің төмендеу факторлары, негізінде оқыту тәрбиелеу жүйесінің оқытушының біліктігінің жеткіліксіз ұйымдыстырылуы, оқушының оқуға деген оң көзқарасының, білім алу қызығушылығының, өткен материалдарды қабылдаудағы мүмкіндіктердің жоқтығына байланысты болады.
Үлгерімді төмендетпеуді үшін тезірек дидактикалық шаралар жүйесін кұру. Әр оқушының жекешелеу артықшылығы туралы тізім жасау керек. Оқыту тәрбие үрдісін ұйымдастыру туралы әңгіме бола бастағанда, төмен үлгерімді жеңу формасында әр-түрлі оқу әдістерін ұсынуға болады, баланың қабілетіне, қызығуына, ерекшілігіне және де басқа белгілеріне қарай сыныптық дайындау деңгейін бірыңғай топтау керек.
Зерделік және барлық танымдық іс-әрекет ,мидың қызметімен, сенсорлық қызметімен, адам денсаулығымен тығыз байланысты.
Ми қызметін қозғайтын, генетикалық ішкі құрылыс баланың зердесінің өсуіне, барлық танымдық қызметіне әсер ететін аурулар, баланың қабілетінің кешігуіне әкеп соғады. Ондай балалар арнайы оқытуды қажет етеді.
Сенсорлық дамудың (есту, көру) физикалық өсудің бұзылуы баланың танымдық қызметінің өсуіне қолайсыз жағдай туғызады. Оқыту мен тәрбиені дұрыс жолға қоя білсе де, кемшіліктің жиынтығына бағытталған, ондай балалар оқытудың үлкен нәтижесін беруі мүмкін, бірақ оларға өте көп күш жұмсауға тура келеді. Күнделікті жай балалармен жұмыс істеуге қарағанда, қозғалыс саласында ауру тапқандар үшін оқу мекемелері және сыныптар, көптеген кемшіліктері бар балалар үшін интернаттер, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін сыныптар, ой қабілетінің өсуі кем және де басқа балалар үшін көптеген сыныптар ашылады. Әр-түрлі мөлшерден ауытқу болып тұратын балалар үшін арнайы мектептердің әр уақытта саны арта түсуде. Мұндай жағдай 10-12 пайызға жетеді, кейбір елдерде өз жасына сәйкес, мектеп оқушыларының жалпы мөшеріне қарай, соның ішінде дарынды балаларды қосқанда 3 % пайыздық құрайды.
Кейбір әлеуметтік факторалар мен қатар оқушының үлгерімінің төмендігіне әсіресе физикалық және мінез- құлқының өсу ерекшелігі де әсер етеді, үлгерімі толық оқушы бесінші, алтыншы, тоғызыншы сыныптарда аз мөлшерде болатыны белгілі. Бұндай жағдай көптеген мемлекеттерге тән және ол жалпы заңдылықты көрсетеді. Мектеп оқушылары жас және жасөспірім уақытындагы үлгерімнің төмендеу себептеріне өсу ерекшеліктерінің әсер ететінін, дәрігерлік биологиялық және мінез-құлықтарды зертегенде байқады. Көбінде, осы мерзімде баланың өсу қарқыны,ақыл-ой қарқынының өсу сапасы баяулайды, жүйке жүйесі қозып, тез шаршайды. Мектепте, осы ерекшеліктердің күшейюі мүмкін, болмаса немес көмескіленеді дейді Ю.Бабанский.
Мінез-құлық қалыптасу үрдісі уақытында, жүйке жүйесі типологиялық қасиет баланың үлгеріміне әсерін тигізеді. Жеке оқыту, психикофизиологиялық реакциясына және оқыту қызметінің жағдайы баланың жалпы жүйке жүйесі мен қызбалығына байланысты. Әлсіз қоздырғыш процесінде оқушылар ақырын жұмыс істейді, жылдам шаршайды, дұрыс тыңдай алмағандығынан қателер жібереді. Бақылау жұмыстарында төмен корсеткіш көрсетеді, ақырында жүйкеге мінез құлқына күш түсірудің әсеріне жаман баға алған баланың ұзақ уақыт оңала алмауына әкеп соғады. Сол уақытта олардың сөздері бейнелі және қызулы, әрі уайымшыл болады.
Оқушының үлгерімі және тәртібіегер де мұғалім әр- түрлі әдіспен жұмыс істесе оның жүйке жүйесі мен қызушылығына байланысты емес. Темперамент ерекшелігіне қарай оқуды оқи алмайтын бала жоқ. Бірақ та оң нәтиже алу үшін әр оқушының жеке ерекшелігіне сәйкес оқыту және тәрбиелеу әдісін пайдалану керек. Педагогтар мен психологтардың зерттеулері бойынша оқушыларды олардың мүмкіндігіне, жұмыс істеу қаблетіне, денсаулығына, жеке ерекшелігіне қарай топқа бөле отырып, білімді бағалаумен жеке тексерісті ұйымдастыру кезінде, үлгерімеушілікті жеңу үшін осы ерекшеліктерге қарау керек. Осы талапты сақтамаған уақытта, тіпті жақсы оқитын баланың өзі де, оқу бағдарламасынан қалып қалуы мүмкін. Олар оқуда жоғары талаптылық, өз құрбыларының қасында ақыл-ой, білім алу қабілетін (немесе белгілі бір музыкаға,суретке,тағы басқалар) көрсетеді.
Дарынды балалармен жұмыс. Дарындылық- баланың белгілі бір саласында, болмаса жалпы ақыл-ой қабілетінде көрінеді. Дарынды балалар жақсы есте сақтау қасиетімен, білімді алу, үлкен сөз байлығымен, әр нәрсені білуге құштарлығымен, өмірде белсенділік көрсетеді. Олар мектеп бағдарламасын өз құрбыларынан гөрі жылдамырақ және өте жоғары деңгейде меңгереді. Филадельфияда Ресейдің жеті жасөспірімі дүние жүзілік ғылымдық және инженерлік шығармашылықта ғылым жаңашылығын көрсетті. 1999 жылы Ұлыбритания мен Италияны қосқанда конкурсанттары қаншалықты марапат алса, соншалықты марапат Ресейдің жеті жасөспірімі алды. Конкурсқа қатысушы Сергей Тищенко бірден үш награданы әр түрлі номинациядан алды. Оның венгер оқымыстысы Пауль Эрдешенің бір есебінің шешімін ұсынғанда, дүние жүзінің барлық математиктері басын қатырды, бірақ еш нәтиже бермеді.
Дарынды оқушылардың арасында үлгерімі төмен балалар да болады. Бұның басты себептері педагогтардың өздерінің соларға уақытын аз бөлінгеніне болды, ақырында дарынды оқушылар оқуға деген қызығушылығын жояды, күнделікті дайындықты тоқтатады, осындай жағдай олардың ары қарай үлгеріміне және жүріс тұрысына әсерін тигізеді, бұл педагогтардың басты кемшілігі. Дарынды балалар жоғарғы таным белсенділігін баппен талап етеді. Бұндай жағдайға көптеген жай мектептердің қол жеткізуі қиын. Дүние жүзінің көптеген елдерінде дарынды балаларға көмек ретінде арнайы мектептер ашылуда. Мысалы физика-математикалық, биологиялық, химиялық және де басқа түрлері. Әр түрлі факультативтер, кафедра, секция және үйірмелер ұйымдастырылуда, осындай шешімдер баланың дарынын аша түседі. Лицей және гимназияда оқытушылардың басшылығымен немесе ғылым қызметкерлердің қатысуымен, ғылыми -зерттеу міндеттерінің жэне шешімін табуда. Әсіресе дарынды балаларға қосымша білім беру жұмысы жақсы жолға қойылған. Ресей білім министрлігі жас натуралистермен және техниктер станциясымен, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық сарайымен, бірқатар лицей және гимназиялар оқушыларының зерттеу қызметінің ұзақ жылдық бағдарламасы бойынша бірнеше жылдардан бері бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Ғылыми әдістемелік семинар « Оқушылардың зертеушілік әрекеиі -жалпы және қосымша білім беру бағдарламаларын интеграциялау құралы» атты семинарға қатысқан жасөспірімдердің зерттеу жұмысы В.И. Вернадский атындағы "зерттеу жұмыстары" атты конкурсына аудандық, қалалық, бүкіл Ресейлік олимпиада өткізіледі. Оған мемлекеттің әр бұрышынан көптеген балалар қатысады. Конкурста техникалық, гуманитарлық, жаратылыстану саласындағы ғылыми жұмыстар қаралады. Қорытындысы "Юность","Наука" ,"Культура" атты конференцияда жарияланады. Жыл сайын Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университіде бірінші, екінші курс студенттерінің "Болашаққа қадам", Долгопрудный қаласында Мәскеу физика техникалық институтының "Ғылымға қадамы" зерттеу жұмыстарының конкурсы, және де Мәскеу облысының Шерноголовка поселкесінде Мәскеу мектеп түлектері өткізетін "Ойшыл" және америка мектептері өткізетін Perry L. Dreu(Hightstown №7) интернет арқылы эвристикалық олимпиадалар өткізіліп тұрады.
Осындай жетістіктер барысында мұғалімдердің әдістемесі толық қамтамасыз етіледі. Ол бақылау сұрақтардың көптеген мөлшерін біледі, өткен тақырыптардың баланың қаншалықты меңгергенін тексеру үшін диагностикалық кесте жасай алады, сол арқылы қателерді тауып отырады. Жалпы мектеп нормативін, оқушылардың нақтылы стандартқа қаншалықты жеткенін мөлшерлеуге мүмкіндік береді, мұғалімдердің субьективтік бағасы да азая түседі. Бақылау
қызметінен босатылған, мұғалім көп уақытын өзінің негізгі міндетіне –мәңгі ақылға, парасатқа, ізгілікке арнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |