Смотреть Тақырып Дидактика –педагогикалық оқу теориясы


Оқытудың бағалау жүйесінің дамуы



бет52/68
Дата06.05.2020
өлшемі169,65 Kb.
#66136
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68
Байланысты:
О ытуды йымдастыру формалары

9.5 Оқытудың бағалау жүйесінің дамуы

Бірінші үш деңгейлік балл жүйесі орта ғасырда Германия мектептерінде қалыптасты. Әрбір балл оқушының үлгерімі бойынша сыныптағы басқа оқушылардың арасындағы орнын(1ші -жақсы, 2ші-орташа, Зші-нашар)белгіледі.3-ші реттегі оқушылар саны көп болған соң, олар сыныптарға бөлінді. Пайда болған 5 баллды шкаланы Ресей пайдаланды. Баллдарға басқалай мән бере бастады: солардың көмегімен оқушылардың білімін бағалауға тырысты. Баллға деген мұндай көзқарас Базедованың 12-і деңгейлі жүйе бағасының әсерінен орнады.


Базедов Иоганн -Бернгард( 1724-1790)- неміс педагогы, филантропиумдік педагогикалық ағымның негізін қалаушы. 1774 жылы Дессауда «филантропия» үлгілі тәрбие мекемесін ашты. Бұл мекемеде тәрбиленушілерді мадақтаудың өзіндік жүйесі қолданылды. Ерекше тақтағы марапат ретінде оқушының әкесінің атының қарсы тұсына оның табыстары мен жеңілдіктерін көрсететін нүктелер қойды; нүктелердің белгігі бір санына ие болған оқушыны айрықша белгіленген немесе дәмді тағаммен марапаттады. Нүктелер саны он екіден аспау керек болды. Кейінірек нүктелер жеке жауаптың сапалы болуына байланысты да қойыла бастады. ( см. Пискунов.А. И.Трудовое обучение и воспитание немецкой педагогике ХУШ-начало XX в. М., 1976).

Мектеп практикасына баллдарды енгізген уақыттан бастап олардың құқықтары, ерекшеліктері және кемшіліктері туралы сұрақтар туа бастады. Әр түрлі мемлекеттердегі мектептердің тәжиербесіне енген баллдар әлеуметтік мәнге ие болып, мектепте де және одан тыс оқушыларға қысым құралы болды. Оқытудағы баға жүйесінің, яғни, оқуға ынталылық беретін бағалардың кемшіліктері XIX ғасырдың ортасына қарай айқындалды. Баллдық жүйеге мұғалімдердің көбі карсы болды, олардың ойынша баллмен адамның адамгершілік сапасын, оның жұмсалған еңбек күшін бағалауға болмайды. Мұғалім әрбір оқушының білім деңгейін, шеберлігін, дағдысын анықтап қана қоймай, және де әрбір оқушыға және оның ата-анасына барлық жағдайды, яғни оқушының окуына мүмкіндік беретін және қарсы келетін жағдайлардың себебін анықтап көрсету керек.

  1. жылдан кейін Ресейде бағасыз оқытудың идеясы әрі қарай дамуына мүмкіндік алды. Ол кеңестік еңбек мектебінің тұжырымдамасына сай келді, ондағы оқу әрекеті ойлаудың негізі оқушының қызығушылығына, еркін шығармашылық білімге бағыт алуға, бастаманы өз еркімен шешуге ынтасын қалыптастырады. Баға арқылы оқушыларды тәртіпке келтіретін бұрынғы әдістер жарамсыз болып есептелді.


  2. ж. 31(18) мамырда РСФСР-дың халық Ағарту Комиссариаты Қаулысы бойынша білімдегі баллдық жүйе жойылды.( Народное Оброзовательное школа Сборник докуметтов по народному образованию. 1917-1973. м, 1974. сІЗЗ. Сыныптан сыныпқа көшу, оқу жұмыстарының жүргізілгені туралы куәліктің берілуі педагогикалық кеңесі пікірімен жасалды. Мектепке қабылдау, сыныптан сыныпқа көшіру, мектепті бітіруге арналған емтиханның барлық түрлеріне тиым салынды. Сабақтағы оқушылардың сабақтағы жеке тексерістері тоқтатылды. Жаппай, ауызша тексеріс, сынақты жазбаша жұмыстар тек соңғы шара ретінде рұқсат етілді. Қажетті амал ретінде: өткен тақырыпқа байланысты оқушымен әңгіме өткізу, ауызша және жазбаша (баяндамалар, оқушының өзі таңдап алған, оқыған тақырыбына сай жүргізілген күнделік жұмыстарымен танысу, оқыған мақалаларының есебін алу сияқты), ұсыныстар берілді.


Дәстүрлі бақылау жүйесінің негізгі формасы, оқушының емес, мектеп ұжымының жетістігін айқындау, және өзін өзі бақылау болды. Тек, тестік тапсырмалар кең жайылды, олар өзіндік тексеру формаларының ішіндегі ең жарамдысы болып есептелді.

Жағымды кезеңдермен қатар (кейбір балалардың дербестігінің дамуы) бағасыз оқытудың басқа да кемшіліктері табыла бастады. Барлық жерлерде білімнің сапасының оқытудың деңгейінің, тәртіптің темендеуі байқалды. Оқушылар сыныпта, үйде күнделікті дайындалуды қойды. Сондықтан да көптеген халық ағарту ісінің бөлімдері әр түрлі бақылау формаларын енгізуге мәжбүр болды; 1932 жылы қайтадан әр бір оқушының білім білімдерінің жүйелі есепке алу тәртібі қалпына келтірілді. Оның негізі дара әдіс амалында жасалды, 1935 жылы-баллдағы дифференциалды 5 деңгейлік жүйесі ауызша бағамен ауыстырылды (өте жақсы, жақсы, қанағаттандырады, жаман, өте жаман), 1944 жылы 5 баллдық жүйе, цифрлы болды.

Кейінгі жылдары тәжиербенің көрсетуі бойынша, әр бір оушының білімін есептеу, күнделікті есептеуі өзін ақтады, оқушылардың сабаққа деген дайындығы және тәртібі жоғарылады.

Дәстүрлі жүйедегі баллдар ретінде бағалар өзінің кемшіліктеріне қарамастан, қазіргіге дейін өзіне сай биік жүйе таппаған. Сонымен қатар, біздің көз-қарасымыз бойынша, оның әліде көп қоры бар және де барлық мүмкіндіні қолданылмаған.

Отандық педагогтар ішінде бірінші болып С.Т Шацкий бағаның шынайы ізгілік бастамалармен шешпекші болды. Бағаға, емтиханға қарсы шығып, ол баланың даралығын бағалау емес, оның жұмысының қалай орындалғанын олардың оқу жұмысының орындалғаны туралы ата-ана алдында есеп беру, көрме жұмыстарын жүргізіп алға шығып есеп беру арқылы бағалау керек деген. Бірақ та кеңес мектептерінің қалыптасуы және білім мазмұнын өзгерту жағдайында, бағаның жаңа жүйесін енгізу мүмкін болмады, себебі ол бүкіл оқу- тәрбие үрдісін қайта құруды талап еткен.

Қазіргі кездегі көптеген мұғалімдер бақылаудың сондай формаларын қолданады, кейбіреулері дәстүрлі баға жүйесінің жақсы жақтарын сақтап, олардың кемшіліктерін азайтты. Солай, атақты педагог В.Ф. Шаталов білімінің бақылауына "Білімнің ашық есебі парағы " енгізген. ашық Білімді есептейтін ашық парақтардың басты мәні - сабақта, не сабақтан тыс уақытта алынған бағалар арнайы бланкаға жазылады да, хабарламаларға ілініп қояды.(қараңыз: Шаталов В.Ф. Куда и как исчезли троики. М., 1979 с. 119-125.) Оның ерекшілігі сынып журналына қойылған бағалар сыныпқа белгісіз болады, ал жаңа әдістің зор тәрбие мәнісі бар. Баға бүкіл сыныпқа ғана емес, мектепке де белгілі болады. Ашық білімді есептейтін парақтар, әрбір оқушының қызметтік тізіміне ұқсас болған. Сонымен қатар, дәстүрлі әдіспен салыстырсақ, яғни жаман баға оқудың кейінгі кезеңдеріне ғана емес тоқсандық баллдардың жоғары болуына кері әсер беруі мүмкін. Ал жаңа әдісте мұндай кемшіліктер жоқ. Әрбір оқушы қалған уақытында бағасын өзгертіп, өзінің қабілеттілігін көрсете алады.

В.Ф. Шаталов қарама-қайшылықты алып тастады немесе оларды азайтты. Оның әдісімен оқушының ынталы жұмысының жақсы болашағын сақтай отырып, жинақты бола аласың, формальды жүйеден құтыласың, білімді дұрыс бағалайсың және жаман бағаның мінез-құлық және тәрбие нәтижесін аласың.

Білімдегі дәстүрлі баға жүйесінің қорларын сақтай отырып, білімнің бағасын тек баллдардың (баға) көмегімен шешу мүмкін емес. Ол жаңа әдіс-амалдармен толықтырылуы мүмкін, басқа варианттар үлкен сапалық деңгейде өткізіледі.

Бүған зор қызығушылықты Ш.Амонашвилидың эксперимен-тальды дидактикасының зертханалық тәжірибесі көрсетті. Көптеген жылдар бойы кіші сыныптағы балаларға баға қойылмаған, оқушылар ата-аналарының және мұғалімдердің алдында өздерінің жетістіктерін өздерінің еңбектері арқылы көрсете білген, өздерінің көрмемелерімен, суреттерімен, көшірмелерімен, өзіндік шешкен тапсырмаларымен және мысалдарымен. Жарты жылдықта бастауыш сынып оқушыларына олардың сол кезеңдегі жетістіктері мен кемшіліктері жазылған мінездеме беріледі. Сонымен қатар арнайы "ата-анаға пакеттер" дайындалған. Сол пакетте ата-аналарының балаларының жұмыстарының үлгілері болған. Оқу үрдісін ұйымдастыру кезіндегі негізгі тірек, балалардың оқу ісінің және белсенділігінің себептерін қалыптастыру. Тәжірибелі оқуда бағалау жүйесі арқылы дайындалды. Онда мазмұнды баға оқушының оқу ісіне реттеуші ретінде қосылады. Тәжірибелі оқытудың нәтижесінде, балаларда белсенділік, дербестік, ал ең бастысы - оларда оқуға деген қызығушылықтар, ынталар пайда болды.

Сонымен оқушының білімдерінің бағасы, не осы, не басқа формада оқыту жүйесінің қажетті бөлігі болып табылды. Бірақ та, оның формасы мен әдістері бұрынғы болғанмен шектелмей өзгеруі мүмкін. Қазіргі білімдегі баға жүйесінің қоры өте үлкен, және де оларды қолдануға мүмкіндіктер көп. Оны - жаңашыл педагогтар тәжірибесінен көре аласыз. Бағалау әдістері мен формаларын мұғалімдер оқудың бағытына, тақырыбына, сабағына, жасына және оқушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты анықтайды. Сонымен, оқыту жүйесінде бағалар саралау әдісі әртүрлі дидактикалық және тәрбиелік қызметтерді қажет етеді.

Егер мұғалім өзінің алдына мақсат етіп, сыныптың немесе белгілі бір оқушының білім деңгейін бағалағысы келсе, онда ол сол деңгейді белгіленген этолонмен салыстырады. Дәл осы кезде, біріншіден, бағаның дұрыс койылуында. Қолайлы және жай түрінде оны балл ретінде көсету. Басқа мақсаты - оқушының біліміндегі жетіспеушілікті табу. Бұл жағдайда, бастысы оқушының жаман қабылдаған сұрақтарын анықтау, белгіленген кемшіліктерді жоюға қажетті шаралар жүйесін белгілеп қою. Осы жерде оқушының жауабына сапалы сипттама беру жеткілікті, оның жақсы және жаман жақтарын көрсету; Жауаптың бағасы балл түрінде берілуі


қажет емес. Барлық жағдайда мұғалім жақсы психолог болу керек, бағаның барлық жақсы және жаман жақтарын, оның тәрбиелік мәнінің алдын алу керек. Баға, оқушының әрі-қарай жұмыс істеуіне кедергі болса, онда ол өзінің барлық құндылығынан айырылып және мағынасыз өлшемге айналады.

Мұғалімнің бағасы оқушының жан-жақты және үйлесімді дамуына, олардың білім және тәрбиелік деңгейінің жоғарлауына мүмкіндік жасау керек. Оқу себептерін қалыптастыру керек.Егер де баллды (бағаны) басқа баға формасымен ауыстыру туралы айтатын болсақ, онда ол мүмкін бола алады. Бірақ та ол бүкіл оқу – тәрбие жүйесінің едәуір қайта құрылуын қажет етеді. Мұғалімдердің, ата-аналардың, оқушылардың психологиясының өзгеруін, педагогикалық .ұйымдардың реформаларын талап етеді.

Ресей Федерациясының «Білім туралы» үздіксіз мекемелерінде аттестациялау жүргізуді қарастырады. Аттестацияның мақсаты мен мазмұны түлектердің дайындықтарының деңгейі, сапасы және мазмұны мемлекеттің білім стандарттарына сай болу керек. Білім мекемесінің аттестациясының шарты аттестациядан жақсы нәтиже алған түлектердің жартысынан көбі, 3 жыл бойы жақсы нәтиже көрсету керек.

Мектеп бітірушілердің деңгейінің сапасын дұрыс бақылауды мемлекеттік білім стандартына сәйкес, мемлекеттік аттестациялық қызмет білім басқармасымен ғылыми -әдістемелік қамтамасыз етеді.

Жалпы білім беретін мекемелердің 9-шы, 11-шы сыныптарының түлектері, қорытынды аттестацияны ауызша және жазбаша емтихан ретінде өтеді. Егер, 9-шы, 11-шы сынып оқушыларының жылдық бағаларының барлығы жақсы болса, онда олар қорытынды аттестациядан босатылады. Олар денсаулығына, басқа жерге көшуіне, халықаралық олимпиадаға қатысуына байланысты болады. Пәндерді терең оқылатын лицейлерде, гимназияларда, колледждерде және басқада жалпы білім мекемелерінде міндетті пәндерден басқа бейне пәндерден қорытынды аттестация жүргізіледі.

Ел аймақтарында тәжірибе ретінде бірыңғай емтихан өткізіледі, соның нәтижесінде абитуриенттер жоғарғы оқу орнына түсе алады. Мұндай емтихандар дұрыс тексеріс пен бағаны қамтамасыз етеді, оқушылардың жетістіктері бірыңғай әдістемемен, арнайы коммисия көмегімен өткізіледі, және де оқушылардың тапсыратын орнына барлық шығынын, барлық ақшасы мен жолын үнемдейді.

Соңғы уақытта, біздің елде білім мазмұнының жаңаруына жан-жақты тұғырымен біліктілік келетін болдық. Оның нәтижесі жан жақты ақпаратты және азаматтық - құқықтық тағы басқа салалардан білікті бөлу керек. Мектепті бітірген жастар тек өздерінің аман-есендіктеріне ғана емес, өмір сүріп жүрген қоғамның да дене сұлулығына өзіндік жауапкершікпен дайын болу керек. Сонымен қатар, оқушылардың әлеуметтік дағды мен тәжірбиелік іскерлікті меңгеруін болжайды, олардың әлеуметтік үйрену икемділігін қамтамасыз ету керек.Олардың негізіне пәндек « міндетті минимум» емес, тұлғалық- бағдарлық біліктілік сияқты түсініктен байланысты жоспарланған түпкі мақсаттан туындайтын талаптар салынған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет