Смотреть Тақырып Дидактика –педагогикалық оқу теориясы


ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ҮРДІСІ



бет46/68
Дата06.05.2020
өлшемі169,65 Kb.
#66136
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68
Байланысты:
О ытуды йымдастыру формалары
140616, ТАРИХ СРСП ОРЫНБЕКОВА БОТАКОЗ, кесте тарих, 55 сабақ Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру 2
^ 9.3 ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ҮРДІСІ

Оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау -оқытудың осы немесе басқа кезеңдегі оқушылардың оқу әрекетінің нәтижелерін оқу бағдарламарындағы талаптармен, оқыту мақсаттарымен, мемлекеттік білім стандарттарымен салыстыра отырып анықтау. Ол баға түрінде ( бал бойынша) немесе мұғалімнің ауызша баға беруімен көрсетіледі.

Ресей -Федерациясының" Білім беру туралы " заңына (1992) сәйкес мектеп бітірушілердің білім және мамандық алу деңгейін обьективті бағалаудың негізі білім алудың формасына тәуелсіз мемлекеттік білім стандрттары болып табылады.

Тексеру мен бағалау - білім берудің мақсатынан тұрады, білім алудың әр кезеңіндегі нәтижелерінен; бақылау жұмыстарын таңдауда; мысалдар мен тексерудің нәтижелерін көрсете білуден тұрады. Тексеру мен бағалау бөлімдері өте тығыз байланысты және бірлікте қаралуы керек.

Тексеру мен бағаныңбастапқы көп оқыту мақсаты мен міндеттерінен, оқушылар қол жеткізуге тиісті оқытудың қорытынды және аралық нәтижелерінен тұрады. Білімді тексеру мен бағалаудың мақсаттар мен талаптары. Әр бір оқытылатын пән белгілі бір мақсаттардан басқа өзіндік арнайы мақсаттары бар.

Оқытудың мақсаты мен міндеттері келе жатқан білімдеріне қойылған талаптар, оқушылардың іскерліктеріне, дағдыларына әр түрлі беріліп және сиптталуы мүмкін. Олар мазмұны бойынша әр түрлі болып келуі мүмкін. Мұның барлығы білім сапасына байланысты қамтылып (толықтылығы, тереңділігі және т.б.), білім алу дәрежесіне (білу, ұғу, пайдалану және т.б.) сәйкес болуы керек. Педагогикалық көзқарас бойынша білім беру мақсаты мыналарға байланысты қандай да бір мағынаға ие болады: егер тексеру мүмкін болса, накты ұғыну, бағаға қандай сапа сәйкес болса, белгілі тапсырмалар бойынша осы сапалардың жүйеленуін бағалап, ерекшелеу. Көптеген кездерде мақсат дүниеге көзқараспен байланысты, қоршаған орта мен табиғатқа қатынасына қарай, жеке түлғаның өзіндік таңдауын құрылымдық құрамға бөлу қиынға түседі, сондықтан оларды бақылау өте қиын болып келеді. Педагогикалық мақсаттар - оқушы мен мұғалім арасындағы арақатынаста іске асады. Сонымен қатар, жоспарлаған мақсат пен кол жеткізген нәтижелер сәйкес келе бермейді. Педагог кей кезде өзіне белгісіз нәтижелерге жетеді. Ал кейде қарама - қарсы жайттарға кезігеді. Осындай әдістемелерге байланысты мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын жоғалтып алады, бұл әрі қарай кері әрекеттерге әкеліп соғады. Сонымен, мақсат қою оның өз ойлаған дәрежесіне жетуінің айғақтығын құптауы керек. Көп жағдайда таңдалған мақсат жағдайлар жасалмағандыктан орындалмауы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет